Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын
құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан
айырмашылығын түсіндіру
2.Дамытушылық: И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік
қорларын дамыту
3.Тәрбиелік: Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру: - Оқушылармен амандасу
Біз бақытты баламыз,
Ойнап, күліп аламыз.
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру:
Ә дыбысы мен әрпі. Әліппе жатқа сұрау.
Сөздерді жекеше, көпше түрде оқыту.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
III. Мағынаны тану:
Жаңа сабақ: Өлеңмен таныстыру.
Инелік-ау инелік,
Қаша берме именіп
Түспей-ақ қой торыма
1) Жұмбақ жасыру
- Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды.
(инелік)
- Тұмсығына жібін байлап
Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр
- И дыбысын айтып көрейік
- И - и - и
- Қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен.
- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?
- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
- Й әрпімен таныстық
- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.
2) Оқулықпен жұмыс:
Сөздерді буын жігімен оқу, тұтас оқу, сөздерге дыбыстық талдау жасау.
- И дыбысына байланысты сөздерді оқыту
2. Ойын: «Буын құра»
Тәу-лік, әс-кер, тәр-тіп, Сәу—ле.
3) Топтау
И
4) Мәтінмен жұмыс: Жұмбақ шешу.
Адамға серік,
Күзетке берік (Ит)
Ит туралы оқушылардан сұрау.
- «Ит» мәтінін оқыт
- Мәтін не туралы?
- Ит туралы
- Ит не істейді?
- Ит мал бағады, аң аулайды
- Мәтінде неше сөйлем бар?
- Мәтінде 6 сөйлем бар
3. Ойын:
«Сөз ойла, тез ойла» (өткен әріптерді қайталау)
А**, О., л.., ш..,у.,
5) Тақтамен жұмыс : Сөздерді тақтадан оқу.
ит, ине, иек, киік, тиын, кит, инелік, жиек,
- «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру
- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату
- Екінші сөйлемді жаздырту
- Сөздерді буынға бөлдіру
И дыбысын айту, Электрондық кітаптан
И дыбысына байланысты сөздер айту.
Суретке қарап атауында и дыбысы бар суретті көрсету.
6) Дәптермен жұмыс
- И әрпін ауада жазып көрсету
- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету
- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру
IV. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстық
Оқушылардың білімдерін бағалау.