Просмотр содержимого документа
«І і дыбысы мен ?рпі »
Тақырыбы: І дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: І дыбысы және әрпімен таныстыру. Дыбыстарды ажыратып, сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге уйрету, сөздік қорын молайту, көркем жазуға машықтандыру.
Дамытушылық: шығармашылық қабілетін дамыту, өзіндік көзқарасын жетілдіру, қиялын шарықтатып, ойын ұшқырлау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Өз сөзімен әңгімелеуге, ой тұжырымын жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: балалардың бойындағы рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: слайд, текшелер, дауысты және дауыссыз дыбысты анықтайтын жетон, І дыбысы және әрпіне байланысты суреттер, буындар мен тірек схемалар.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ Жаңа сабақ
IV Жаңа сабақты бекіту
V Қорытындылау
VI Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
К дыбысы мен әрпіне байланысты «Кеме», «Спорт алаңы» мәтіндерін оқыту. Отыр, жатыр сөздеріне ой тұжырымын жасау.
Сергіту сәті. «Қуан, шаттан»
ІІІ Жаңа сабақ
Кірпіде бар, құста жоқ,
Түлкіде бар, мысықта жоқ.
Бұл қай дыбыс?
І дыбысы мен әріп – таңбасымен оқушыларды таныстыру.
1 – слайд. Із кесуші түлкі.
2- слайд. І дыбысына байланысты сөздерді оқыту. Ін, іні, іс, ісі, тіс, тісі, кіші, кісі, тіл, кілт, білім, бірлік.