Б?гінгі к?ні дидактика саласында?ы фундаментальды м?селелерді? бірі-білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Ойын ?мірде ?те ерте жастан ?зінен ?зі бастала отырып, адамны? к?сіпті толы? ме?геренінше жал?асады ж?не ойын о?ытуда алды??ы технологияларды? ма?ызды б?лігі болып табылады.
Адамны? ойын ?рекеті негізгі ?ш т?рлі даму де?гейлерінен т?рады:к?сіптік ойындар,?уестену ойындары, о?у- жатты?у ойындары.
?азіргі кезде о?ытуды? ойын формасын зерттеуді? м?ні мен міндеті оны? т?рлерін:иммитациялы?, символды? ж?не о?у зерттеу деп б?ле отырып, осы о?у ойындарыны? технологиясын талдау болып отыр.
Егер адамдар?а ?андай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар к?біне «білмеймін», «ойнай алмаймын»- дейді. Б?л жа?дай тіпті е? ?арапайым ойындарды ойнауды? ?зі о?удан,білімнен басталатынын к?рсетеді.
О?ытуды? ойын формасын ?олдануда екі жа?ты дидактика бай?алады:біріншіден, ойнау ?шін білу, ?йренуді? ?ажеттілігі, екіншіден адамны? ойнай отырып ?зіндік білім алуы, ?мір т?жірибесін жина?тауды? ?ажеттілігі.
Саба?та тиімді ?олданыл?ан ойын элементтері - м??алімні? т?сіндіріп отыр?ан материалын о?ушыларды? аса зор ілтипатпен ты?дап, жемісті, сапалы ме?геруіне сенімді к?мекші бола алады. ?йткені, кіші жаста?ы о?ушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойын?а ?те ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, д?л орындайтын болады.
Бастауыш сынып о?ушыларыны? білуге деген ынтасы мен м?мкіндіктерін толы? пайдалану ж?не оларды о?у процесінде ?здіксіз дамытып отыру, саба? барысында ал?ан білімдерін т?жірибеде ?олдану да?дыларын ?алыптастыру ?шін саба?тарда ойын элементтерін пайдалануды? орны ерекше.
Саба?та тиімді ?олданыл?ан ойын элементтері - м??алімні? т?сіндіріп отыр?ан материалын о?ушыларды? аса зор ілтипатпен ты?дап, жемісті, сапалы ме?геруіне сенімді к?мекші бола алады. ?йткені, кіші жаста?ы о?ушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойын?а ?те ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, д?л орындайтын болады.
Ойын о?ушыларды? грамматиканы толы? ме?геріп, жазу тілін дамытуларына мол м?мкіндік береді. ?з беттерімен ж?мыс істей білуге да?дыландырады. Ойлан?ышты?, ізденімпазды? ?абілеттерін арттырады, с?з ?орларын молайтуларына к?мектеседі.
Просмотр содержимого документа
«Грамматика еліне саяхат »
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
Грамматика әлеміне саяхат
оқу-әдістемелік кешенінің
бағдарламасы
Қостанай – 2014
Рецензенттер:Беркенова Г.С., , МБОТТ кафедрасының
аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының
кандидаты;
Альшанова Б.Х., БҮППҚ кафедрасының
аға оқытушысы, философия ғылымдарының
кандидаты.
Құрастырғандар: Маманова Кулайм Керімбекқызы,
«Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Молоканов негізгі мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі және
Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы, Әулиекөл ауданы №2 Аманқарағай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бекмаганбетова Г.К., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» МБОТТК аға оқытушысы
Ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі.
Ойын элементтерін 3 сыныпта әр мұғалім күнделікті жұмысында дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Түсініктеме хат
Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі-білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық меңгеренінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады:кәсіптік ойындар,әуестену ойындары, оқу- жаттығу ойындары.
Қазіргі кезде оқытудың ойын формасын зерттеудің мәні мен міндеті оның түрлерін:иммитациялық, символдық және оқу зерттеу деп бөле отырып, осы оқу ойындарының технологиясын талдау болып отыр.
Егер адамдарға қандай да бір ойындарды ойнау тапсырылса, онда олар көбіне «білмеймін», «ойнай алмаймын»- дейді. Бұл жағдай тіпті ең қарапайым ойындарды ойнаудың өзі оқудан,білімнен басталатынын көрсетеді.
Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше.
Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ондай ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайтын болады.
Ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөз қорларын молайтуларына көмектеседі.
Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуіне мүмкіндік туғызады.
Ойын элементтерін 3 сыныпта әр мұғалім күнделікті жұмысында дидактикалық “деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа” деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады.
Грамматикалық ойынға бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабақтарының қайсысына болса да аз-кем өзгеріс енгізуге болады. Ал ойын элементтерін сабаққа орынды пайдалану 3 сынып оқушыларының бағдарламалық материалды терең меңгеруіне көп себін тигізеді.
Қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойын элементтерін орынды, оқылып отырылған тақырыпқа лайықты баланың білімін ұштай түсуіне пайда келтірерліктей етіп жүргізе алу мұғалімның шеберлігіне байланысты.
Ойындарды сабақтан тыс уақытта күрделірек етіп өткізуге де болады.
Алғашқы кездерде ойынды мұғалім не тәрбиеші өткізеді. Кейін ойынға жаттыққан соң, оқушылардың өздері де жүргізетін болады.
Грамматикалық ойынға қажетті кесте, үлестірме қағаз, сурет тағы басқа көрнекі құралдарды қол еңбегі сабағында балалардың өздері жасауына болады.
Бағдарламаның мақсаты:
- ойын арқылы оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуға мүмкіндіктер туғызу арқылы дүниетанымын, қызығушылықтарын арттырып білімдерін толықтыру;
Міндеті:
- ойын элементтерін сабаққа орынды пайдалану арқылы 3 сынып оқушыларының бағдарламалық материалды терең меңгерту;
- қазақ тілі сабақтарында грамматикалық ойын элементтерін орындау;
- қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
- танымдылық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың тұлғалық-бағдарлық негізінде білім жетіліп, білім қоры молайып, көбейеді.Танымдық қызығушылығын канағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, тіл туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларың қалыптасуы. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге, айналадағы дүниемен сауатты қарым-қатынас, яғни (әлуметтену, рефлексия, өзін-өзі бақылау, бағалау) жасай білу көзделеді.
Өзектілігі:
Бұл құрал оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына және тілге деген қызығушылығын арттырады.Мұғалімнің шығармашылық ізденістерін тежемей, керісінше жандандыруға бағыт береді. Берілген кешенде бағдарламасы, сабақтар топтамасы, суретті көрнекіліктер жүйелі түрде берілген. Курс тарауларына, әр сабақ үлгілеріне көрнекіліктер көрнекті, анық эстетика тұрғыда жинақталған.Сабақ барысында мұғалімге құнды көмекші құрал – жабдықтар болып табылады.
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны қазақ тілінен дыбыс пен әріп: дауысты, дауыссыз дыбыстар, жуан және жіңішке дауыстар және а, ә, и, й, у, ү, ұ, о, ө әріптері бар сөздер, жуан және жіңішке дауыстылар: ы, і, у, и, й, я, әріптерінің жазылуы, дауысты дыбыстар и, й, я, ю әріптерінің емлесі, сондай-ақ ә, е, в, х, һ, ч, щ, ц әріптері бар сөздерді қайталау кезінде пайдаланылады.
«Қай буынды жоғалттым?» ойыны 3 сыныпта сөздерді буынға дұрыс бөле білуге төселдіру үшін қолданылады. «Қай буынды жоғалттым?» ойынына бір буыны қалдырылып кеткен сөз карточкалары жасалады.
«Қай сөзді жоғалттым ?» ойыны сынып оқушылары партадағы отырған орындарына қарай екі топқа бөлінеді. Сөйлем ішіндегі жоғалған сөздерді қай топ көп әрі дұрыс тапса, сол топ көп ұпай алады.
«Көмекші сурет» ойыны. Мысалы, Ш әрпін үйрену сабағында мұғалім: «Балалар, бүгін біз үйренетін әріп пен дыбысты таныстыруға Шара деген бала келеді» -дейді де шана сүйреткен қыздың суретін тақтаға іліп қояды. Сонан кейін сурет мазмұны бойынша оқушыларға «Шара шана алды» деген сөйлем құратып, ондағы Шара, шана сөздерінің бірінші буындарындағы жаңадан үйренетін Шдыбысын тапқызып, онымен таныстырады.
«Керісінше ойыны» үшінші сынып оқушыларын әдемі, қатесіз жазуға дағдыландыру үшін жаттығу жұмыстарын жүргізіп отыру пайдалы. Бұл ойын оқушылардың үйренген әріптерін қайталап, дұрыс жазуға төселулеріне көмектеседі. Жазу сабағында «Керісінше» ойынын ойнау үшін бас әріптер мен кіші әріптер жазылған карточкалар жасалады.
«Бұл қай әріп?» ойыны күнделікті сабақта қолдануға болады. Ойын оқушыларды дыбыс пен әріпті ерекшеліктеріне сәйкес сапалы түрде айыра білуге жаттықтырады. Ойын тәртібі мұғалім оқушыларға керекті әріпті, оның ерекше белгісін немесе сөз ішіндегі орналасқан ретіне қарай, бір шумақ өлең ішіне келтіріп айтады.
«Бос торды толтыр» ойыны тор көздердің ішіне керекті әріптерді қойып,сөздер құрау ойыны оқушыларды тапқырлыққа, ойлай білуге, өз беттерімен жұмыс жасай алуға баулиды.
«Қызықты тор көз» ойыны оқушыларды ізденімпаздығын, тапқырлығын қалыптастырады. Ойынды барлық сыныптарда жүргізуге болады. Бұл ойынға жоғарыдағы тәріздес тор көзді карточкалар жасалады.
«Жазып бер» ойыны оқушыларды қатесіз жазуға жаттықтыруға қажетті әріп, сөздері бар бірнеше карточкалар жасалады.
«Іздеген әріп бар ма?» ойыны оқушылардың үйренген әріптерді толық меңгеруіне, ыждаһатты болуына ықпал етеді.
«Бұл қалай өзгерген?» ойыны «Сөз таптары» тақырыптарын өткенде ойналады.
«Үндемес» ойыны сөйлем тақырыбын, сөйлем және сөздердің байланысын, жай сөйлем тақырыптарын өткен кездерде пайдаланылады.
«Сөйлем қуаласпақ» ойыны мақсаты берілген суреттердің мазмұнына қарай жүйелі ойды білдіретін сөйлемдер, шағын шығарма, әңгіме құрап айтуға немесе жазуға жаттықтыру.
«Тыныс белгісін тап» ойынын хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді өтіп болғаннан кейін қайталау сабағында ұйымдастырған тиімді. Ойын нәтижесінде оқушылар сөйлем түрлерін өз беттерімен ажырата білуге, оларды дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс оқуға жаттығады.
«Не қажет?» ойыны сөз және оның құрамы, түбір және қосымша, сөйлемдердегі сөздердің байланысы жай сөйлем тақырыптарын өткен кезде жүргілізіледі.
«Өз орныңды тап» ойыны сөйлем мүшелері тақырыбын өткенде, сөйлем ішіндегі сөздердің белгілі бір сұраққа жауап берсе ғана сөйлем мүшесі бола алатынын оқушылар берік түсінуі үшін жүргізіледі.
«Синтаксистік касса» ойыны бастауыштың қандай сөз табынан жасалатынын, қандай сұраққа жауап беретінін түсіндіріп, оны сөйлем ішінен тез табуға жаттықтыруға «Синтаксистік касса» ойыны пайдалы.
«Баяндауышым қайда?» сөйлемнің баяндауышын, оның қай сөз табынан болғанын және баяндауышқа қойылатын сұрауларды табуға жаттықтыру мақсатында қолданылады.
«Тордан шық» ойыны 3-ші сыныпта зат есімнің септелуі тақырыбын өткен кезде ойналады.
«Керегін тап» ойыны оқушылардың тілін дамытуға және қиын сөздерді дұрыс жаза білулерін қалыптастырады.
«Қайда менің өз жағым?» 3-ші сыныпта зат есімнің тәуелдеулі түрін жаттықтыру кезінде жүргізіледі.
«Гүлдер» ойыны септік жалғауларды қайталап, жаттықтыру мақсатында жүргізіледі.
«Парашюттен түсіру» ойыны 3-сыныпта зат есімнің жіктелу тақырыбын өткенде пайдаланылады.
«Құрастыру» ойыны оқушыларды жеке сөздерден сөйлемдер және сол сөйлемдерден әңгіме құруға дағдыландыру мақсатымен жүргізіледі.
«Жұмбақтарды шеш» ойыны бастауыш сыныптың бәрінде жүргізіледі. Ойын оқушыларды тапқырлыққа, жан - жақтылыққа дағдыландырады. Ойлай білуге үйретеді, сөздерді дұрыс жаза білуге қалыптастырады.
«Ізде, тап» ойыны кісі аттарының бас әріппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады. Ойынға кісі аттарына сай бас әріппен және кіші әріппен жазылған бірнеше буындар дайындалады.
«Ойлан, тап» ойыны ы-і әріптерінің жазылуы тақырыбын өткен кезде пайдаланылады.
«Ұқсасы қайда!» ойыны түбір мен қосымша тақырыбын өткенде, өткенді кайталау кездерінде пайдаланылады.
«Талап ету» ойыны 3-ші сыныпта, жыл аяғында өткендерді қайталау кездерінде пайдаланылады.
«Топтай біл» ойыны 3 - сыныпта заттың атын білдіретін сөздер, зат есім тақырыптарын өткен кезде ойналады. Ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп заттарды топтай білуге, сондай-ақ олардың неге керектігін ажыратуға, заттардың аттарын қатесіз жазуға дағдыландырады.
«Кім жылдам!» ойыны 3-сыныпта сөз таптарын өткен кездерде пайдаланылады. Ойын оқушылардың қатесіз және әдемі жазып дағдылануына көмектеседі. Сондай-ақ оларды сөз қорларын молайтуға, ойлампаздыққа тәрбиелейді
«Алфавит реті қайда!» ойыны алфавитті қайталау ретінде ойналады.
«Екі-екіден ірікте» ойыны окушыларын сөйлемдегі сөздердің байланыстарын жақсы меңгеруге, дұрыс және тез ойлай білуге үйретеді.