II «Б?йге»-деген тапсырма. Алдымда?ы с?ра??а жылдам жауап бері?дер.
Топта?ы бір о?ушы о?иды, ?ал?аны жауап береді.
ІІІ Келесі тапсырма -жазбаша.
10 с?з жазу. Ойлары?а келген с?здерді, нені ойлап отырсы?дар?
Болмаса жа?сы керек затты. Сосын 3 с?з сыз ,та?ы ?ш с?з сыз . Енді ойланып онша керек емес 3 с?з сыз, ?андай с?з ?алды? ?ал?ан 1 с?з ?андай? Осы ?ал?ан с?з сендерді? ойлары?да не бар екенін, кім бол?ылары? келетінін аны?тайды. ?ркім о?ып шы?сын ?андай с?з ?алды.Маманды? біреуде ?алды ма? Кім ?андай маманды? та?дады? Кім бол?ысы келеді?
с?рап шы?у.
Венн диаграммасын маманды? та?ырыбы бойынша толтыру?а ?сыну.
Біз лексика деген саланы ?амтып ?ттік.
Енді морфологияны? с?з таптарына к?шсек.
Суретпен ж?мыс орындау?а ?сынамын,
1 топ-« Отбасы жайлауда» деген суретке етістікті? т?рлерін паидаланып с?йлем ??растырады. (4- с?йлемнен)
Осы салалардан бір т?сінік алып, соны бір зат?а те?еп к?рейік. Мысалы: адамны? сауса?тары бесеу: с?йлем м?шелері де бесеу. болады ма ? біра? олар т?рлаулы ж?не т?рлаусыз. Сонды?тан б?ны бас?а бір зат?а те?естірсе?дер болады. ?р топ бір ??ым алып сурет салады. 1 топ 1 сурет. Морфологиямен синтаксисті пысы?таймыз, суреттерін к?ріп ба?алау.
Морфология саласына та?ы то?таса?: с?з ??рамы: дара с?з, туынды с?з, біріккен с?з, ?ыс?ар?ан с?з, тіркескен с?з, болып келеді екен.
?зімізді? с?здік нормамызды бай?ау?а тапсырма. ?р топ?а 1 с?зден беріледі. Сол с?зге м??ият ?арап, тек осы с?зді? ішіндегі ?ріптерден т?ратын бас?а с?здерді тауып жазу.
1-?арлы?аш, 2- бозтор?ай, 3-шаштараз.
2-3 минут беріледі.?ай топта неше с?з шы?ты? О?имыз.
Просмотр содержимого документа
«"?аза? тілі д?кеніне саяхат" атты ашы? саба?ы »
МАҚСАТТЫ АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Сынып :11 Б
Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілі» дүкеніне саяхат.
Сабақтың мақсаттары: Қазақ тілі білімінің салаларын меңгеруге,салыстыру,ажырату,толықтыру,ойлау,қиялдау қабілеттерін арттыру.Өз ойларын дұрыс жеткізуге,тапсырмаларды жылдам орындауға дағдыландыру.
ҰБТ-ға дайындықтың жауапкершілігін сезіндіру.
Қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтуға,Отанымызды қастерлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі : суреттер,қиықшалар,Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,сызба.
Сабақтың түрі: Бекіту,қорыту сабақ
Ұйымдастыру түрі: Топтық түрде
Сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдер : ВЕНН диаграммасын толтыру,ажырату тәсілі «Перфокарта»,суретпен жұмыс,сұрақ-жауап тәсілі,мәнерлеп оқу.
II Үй жұмысын тексеру сабақтың барсында ережелерді сұрау.
III Жаңа сабақты жүргізу:
1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
Бүгүнгі сабақтың тақырыбына көңіл аударатын болсақ тақырыбы өзгеше.
Дүкен деген сөзді оқығанда ойымызға не келеді?
Әрине, бұл сөздің қазақ тіліне қандай байланысы бар екенін қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен оқып көрейік :
Дүкен сөзінің 1 мағынасы-кездеме, дайын киім, азық –түлік, т/б заттар сататын сауда орны.
2 мағынасы –ұстаның жұмыс істейтін орны, іс соғатын жер.
3 ауыспалы мағынасын Жамбыл атамыздың мына өлеңінен байқасақ болады.
Бақытты өмір кезінде,
Бар әлемде теңі жоқ ,
Бақытты бала туады,
Жақсы жыр дүкен құрады.
Дүкен құрды дегені ойын- сауық , тамашаны қыздыру, мәжіліс құру деген екен.
Сонымен бүгінгі сабағымыз қазақ тілінің әр саласынан түрлі тапсырмаларды орындауға арналады . Сіздер қазір ҰБТ-ға дайындалып жүрсіздер,тестердің әр нұсқасында буынға сұрақ келеді, сондықтан мен келесі тапсырманы ұсынамын.
I. Буынның түрін ажырат.
Дәптерді үшке бөліп АШЫҚ, ТҰЙЫҚ, БІТЕУ деп жазыңдар. Мен айтқан сөздерді өздерің ажыратып жазасыңдар.
Қол, ұлт, әже, ер, жеті, кілт , іні, өрт, төрт,
Үлгі –эталон тақтада ілініп тұр. Дәптермен ауысып бір -біріміздің тапсырмаларымызды тексереміз.
II «Бәйге»-деген тапсырма. Алдымдағы сұраққа жылдам жауап беріңдер.
Топтағы бір оқушы оқиды, қалғаны жауап береді.
ІІІ Келесі тапсырма -жазбаша.
10 сөз жазу. Ойларыңа келген сөздерді, нені ойлап отырсыңдар?
Болмаса жақсы керек затты. Сосын 3 сөз сыз ,тағы үш сөз сыз . Енді ойланып онша керек емес 3 сөз сыз, қандай сөз қалды? қалған 1 сөз қандай? Осы қалған сөз сендердің ойларыңда не бар екенін, кім болғыларың келетінін анықтайды. Әркім оқып шықсын қандай сөз қалды.Мамандық біреуде қалды ма? Кім қандай мамандық таңдады? Кім болғысы келеді?
сұрап шығу.
Венн диаграммасын мамандық тақырыбы бойынша толтыруға ұсыну.
Біз лексика деген саланы қамтып өттік.
Енді морфологияның сөз таптарына көшсек.
Суретпен жұмыс орындауға ұсынамын,
1 топ-« Отбасы жайлауда» деген суретке етістіктің түрлерін паидаланып сөйлем құрастырады. (4- сөйлемнен)
2 топ-« Дүкенде»-–сан есімнің әр түрінен пайдаланып,сөйлем құрастырады.
Осы салалардан бір түсінік алып, соны бір затқа теңеп көрейік. Мысалы: адамның саусақтары бесеу: сөйлем мүшелері де бесеу. болады ма ? бірақ олар тұрлаулы және тұрлаусыз. Сондықтан бұны басқа бір затқа теңестірсеңдер болады. Әр топ бір ұғым алып сурет салады. 1 топ 1 сурет. Морфологиямен синтаксисті пысықтаймыз, суреттерін көріп бағалау.
Морфология саласына тағы тоқтасақ: сөз құрамы: дара сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз, болып келеді екен.
Өзіміздің сөздік нормамызды байқауға тапсырма. Әр топқа 1 сөзден беріледі. Сол сөзге мұқият қарап, тек осы сөздің ішіндегі әріптерден тұратын басқа сөздерді тауып жазу.
1-Қарлығаш, 2- бозторғай, 3-шаштараз.
2-3 минут беріледі.Қай топта неше сөз шықты? Оқимыз.
Өнер алды-қызыл тіл,
Анаңдай оны құрметте!
Қажымай,талмай,үйрен, біл
Асылын сөздің өрнекте!
Ана тіл- асыл қазына,
Байлығың білсең ,ол сенің.
Жеткізер өмір жазына
Сонымен өсер өркенің
-деп ақын ағаларымыз жырлағандай тілдің тазалығын сезінетін
кезекті мәнерлеп өлең оқуға береміз.
Оқушылар өлең оқиды
-Сабақты қорытындылау
-Қазақ тілінің қандай салаларына біз көңіл аударып, тапсырма орындадық .?