kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?ажайып сурет ?лемінде" сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ажайып сурет ?леміне саяхат жасау. О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын ояту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?ажайып сурет ?лемінде" сайысы»

Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып сурет әлемінде» сайысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  топтық сайыс, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Өнер жайлы нақыл сөздер, слайдтар, құрастырма суреттер, суреттер.

Сабақтың құрал-жабдықтары: плакат, қарындаштар, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Армысыздар құрметті ұстаздар, сайысымызға қатысушы жас өркен!

Бүгінгі бейнелеу өнері сабағынан 3-сынып оқушылары арасындағы «Ғажайып сурет әлемі» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер.

  1. Негізгі кезең:

Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасымен танысайық.

1. _______________________________________________________________

2. _______________________________________________________________

3. ________________________________________________________________

4. ________________________________________________________________

Ортамызда екі топ сайысқа түспекші.

І топ «Бояулар»

ІІ топ «Қарындаш»

Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерден қанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кез келді өзін-өзі таныстырар, — дей келе сайысқа түспекші екі топпен танысайық.

«Бояулар» тобы:

Көрікті ашық бояумыз.

Өнерге ғашық баламыз.

Бәрінің өңін келтірер

Сурет болмас бояусыз.

«Қарындаш» тобы:

Біздің есім «Қарындаш»,

Өнерсіз бала қарны аш.

Сайысқа келген достарым,

Сурет сал, міне қарындаш.



Өнерпазды жарау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын, — деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейін.

Сайыс кезеңдері:

1. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру.

2. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

3. «Айырмашылығын тап»

4. Сөздерден түс аттарын шығару.

5. Сурет салу сайысы (топпен жұмыс)

6. Жұмбақ шешу.

Кезеңдермен таныс болсақ сайысымызды бастайық.

І кезең. «Сан сұраққа саяхат» сұраққа жауап беру

Әр топқа бес сұрақтан қойылады. Соған жауап берейік.

І топқа:

  1. Бейнелеу өнері дегеніміз не? (Айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі)

  2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма. (Пейзаж)

  3. Суға тез еритін бояу. (Акварель)

  4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

  5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

  6. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

ІІ топқа:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата. (кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, қолданбалы сәндік өнер)

  2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

  3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

  4. Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма. (анималистік жанр)

  5. Қалам, тушьпен салынған өнер не деп аталады? (графика)

  6. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)

II кезең. «Кім шапшаң, кім жылдам?»

Кім жылдам табады,

Заттардың бейнесін.

Бір-бірімен суреттер,

Табу керек үйлесім.

Быт-шыт болып шашылған

Құрайды екен кім жылдам? – деп сайысымыздың «Кім шапшаң, кім жылдам?» кезеңіне берейік. Қиылған суреттерді құрастырып, ненің бейнесі екенін табу.

III кезең. «Айырмашылығын тап».

Топбасшыларына тапсырма. «Айырмашылығын тап»

Екі топбасшыға сурет беріледі. Олар суреттегі айырмашылықтарды тез тауып, қазылар алқасына көрсетуі қажет.

IV кезең. Сөздерден түс аттарын шығару.

Сөздерден түс аттарын шығару.

І топқа:

ЛЫЗЫҚ (ҚЫЗЫЛ), АҚРА (ҚАРА), ДІРГІЛКӨ (КӨГІЛДІР), ЫРҚОҢ (ҚОҢЫР), РҰС (СҰР)

ІІ топқа:

ЛЫСАЖ (ЖАСЫЛ), ЫРСА (САРЫ), КӨКСИЯ (СИЯКӨК), ГІНКҮЛ (КҮЛГІН), ҒЫШҚЫЗ (ҚЫЗҒЫШ)


V кезең. Сурет сайысы (топпен жұмыс).

Екі топқа өлең жолдары беріледі. Мағынасына қарап өлең жолдарын суреттеп қағаз бетіне түсіреді. Топ басшылары шығып түсіндіреді.


VI кезең. Жұмбақ шешу.

Екі топқа жұмбақтар айтылады. Шешуін қағаз бетіне сурет арқылы түсіреді.



Мен арамын, арамын,

Қара орманға барамын.

Қимастан бір бұтағын,

Қара орманды тарадым. (шаш пен тарақ)


Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)


Күні-түні сөйлеймін,

Өлең айтам, билеймін.

Бәрін-бәрін көрсетем,

Бірақ ойлай білмеймін. (теледидар)


Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш)


Сан ойлантады, сан мұңайтады,

Үндемей-ақ әңгіме айтады. (кітап)

III. Қорытынды:

Әділқазылар алқасының шешімі.

- сайысты қорытындылау.

- сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"?ажайып сурет ?лемінде" сайысы

Автор: Берікова Еркежан Берік?ызы

Дата: 30.05.2016

Номер свидетельства: 331461

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Ғажайып сурет әлемінде""
    ["seo_title"] => string(22) "gazhaiyp_suret_leminde"
    ["file_id"] => string(6) "532702"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1576702141"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) ""Сурет салам шаттана" сайыс саба? 5 сынып "
    ["seo_title"] => string(41) "suriet-salam-shattana-saiys-sabak-5-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "185217"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426160360"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "Қызықты математика әлемінде"
    ["seo_title"] => string(31) "k_yzyk_ty_matiematika_liemindie"
    ["file_id"] => string(6) "370175"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1481824462"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "мероприятие по ИЗО"
    ["seo_title"] => string(21) "mieropriiatiie-po-izo"
    ["file_id"] => string(6) "271994"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883821"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "№136 жалпы орта мектебі"
    ["seo_title"] => string(25) "136_zhalpy_orta_miektiebi"
    ["file_id"] => string(6) "393859"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487588517"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства