Балалар біз өткен сабақта «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары»
бөлімін аяқтағанбыз. Енді сол бөлім бойынша өткенді пысықтау мақсатында тесттік тапсырмаларды орындайық.
1.«Жер бетінің өкпесі» деп нені айтады? (орманды)
2.Орман не береді? (дәрі-дәрмек, жиһаз)
3. Еліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты қайда орналасқан? (Алматыда)
4. Ылғалы мол, батпақты бөгетті қарасуды не деп атайды? (Су қоймасы)
5. Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік? (суаршын)
6. Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, епті, батыл аң (барыс)
7. Қай аңды будандастырудан арқар-меринос қойы алынды? (арқар)
8. Биік құзды мекендейтін қай құс? (ұлар)
9. Таулы жер қорығы қайсы? (Катонқарағай)
10. Торкөзді үлкен қанаттары бар өте әдемі жәндік (инелік)
IV Жаңа сабақты меңгерту
Пікір айт
Балалар, біз қайда өмір сүреміз? (Жер ғаламшарында немесе Жерде)
Астрономдар: «Жұлдызды аспан – табиғаттың ұлы кітабы. Оны оқи
алған адам, бізді қоршаған ғарыштың есепсіз байлығының сырын ашады» дейді. Ал, сендер аспан әлемін қалай елестетесіңдер.
Слайдпен түсіндіру.
- Жерге ең жақын жұлдыз – КҮН. Күн – балқыған ыстық газды жарқырап тұрған өте үлкен шар. Күн мен жердің ара қашықтығы 150 млн. шақырым. Күннің бетіндегі температура +6000 мың градусқа тең
Күннің төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Планета – грекше адасушы жұлдыз деген сөз.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Күн және 8 планета күн жүесіне кіреді. Олар Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун. Күн – күн жүесінің орталығы. Бұрын күн жүесінің құрамында 9 планета енеді деп саналған қазір 8 планета еніп отыр.
Қызығушылығын ояту.
Балалар, бізді өзге планеталықтар алып кетіпті, біздің тұрып жатқан
Жер планетамызды да ұрлап кетіпті. Дәл қазір біз Меркурий планетасында тұрмыз. Бізге өзге планеталықтар хат қалдырып кетіпті, хатта «Өз планеталарыңды қайтарғыларың келсе, біздің тапсырмаларымызды орындаңдар!» делінген екен. Қайтарайық па, Жерді?
Оқулықпен жұмыс.
Бұлтсыз ашық айлы түнде аспан әлемінде сансыз жарқырап тұрған
жұлдызды көресің. Олардың кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді біреулері бірде күшейіп, бірде әлсіреген алыстағы отты елестетеді. Жұлдыздар жерден өте алыс орналасқан.Сондықтан олар біздің көзімізге кішкене жылтыраған ноқат сияқты болып көрінеді. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінен 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманғы ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене мүйісі
ғана. Ол Галактика деп аталатын жүлдыздар жүйесіне кіреді
1961 ж 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Юрий
Алексеевич Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол ғарышта 108 минут болды.
Түртіп ал!
Планета -адасушы жұлдыз. Күн жүйесі -Күн және оны айналып жүретін планеталар және оның серіктері. Әлем немесе Ғарыш -Жерді қоршаған бүкіл дүние. Галактика -миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.
V. Бекіту
1. Ребусты шеш!
Жауабы: галактика
Кім біледі?
Қазақстан ғарышкерлері: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев
Метеорит - ғарыштық дене, үлкендігі 5-10 км, оның жылдамдығы өте қатты
Тексеріп көр!
1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады? – Адасушы жұлдыз
2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер? - Планеталар
3. Жердің серігін ата.- Ай
4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады? – 300000км/с
5. Бұл ғаламшар-алыптардың алыбы, ол ғаламшарлардың барлығын біріктіріп, қарағанмөлшерден де үлкен. - Юпитер
6. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар? - Жер
7. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды? – 1957 ж 4 қазанда
8. Қазақ ғарышкерлерін ата.- Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев
9. Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады? – Әлем немесе Ғарыш
Жұмбақты шеш!
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
Қонақтап түнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (ай)
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін
Ұлпа мақта перделер. (күн)
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдында алып кеткен? (жұлдыз)
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам. (күн)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады? (күн)
Бірі түкті кілем, бірі түксіз кілем. (жер, аспан)
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын. (ай)
Алтын бәкі, күміс сәкі,
Қырық шырақ, бір сәуірік. (күн, шолпан, жұлдыз, ай)
Жабықта жарты нан. (ай)
Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды. (күн)
Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік.
Бір тақтайға жиналдық,
Таң атқанда жоқ болдық. (жұлдыздар)
Тең-тең киіз,
Екі ортасы кең киіз. (аспан, жер).
Атасы мен анасы
Миллионнан көп баласы. (жұлдыздар).
Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар. (күн).
VI. Қорытындылау
Сонымен, балалар, бүгін біз сабақта не білдік?
Сабақ ұнады ма?
VII. Үйге тапсырма
114-117 беттегі мәтінді оқу, шығармашылық тапсырма №7