kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Г г дыбысы мен ?рпі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Умбетова Гулнар Камбар?ызы 1989 жылы А?т?бе облысы, Ыр?ыз ауданы, ?арасай ауылында д?ниеге келдім. 2006 жылы А?т?бе гуманитарлы? колледжіне о?у?а т?стім. 2009 жылы Бастауыш білім беру маманды?ы бойынша диплом алдым. 2009 жылдан бастап Ыр?ыз ауданы ?арасай негізгі мектебінде ж?мыс жасадым. 2015 жылдан бастап Хлебодаровка орта мектебінде  Бастауыш класс м??алімі болып ж?мыс жасап жатырмын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Г г дыбысы мен ?рпі»»

Сабақтың тақырыбы: «Г г дыбысы мен әрпі» 
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік 
Оқушыларға Г гдыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол 
берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету. 
2.Дамытушылық Балалардың сөйлеу мәнерін,байланыстыра сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын 
дамыту. 
3.Тәрбиелік. 
Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ. 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап. 
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп, оқулық
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Оқушылармен амандасу ,түгендеу 

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз
2. Психологиялық дайындық. 
Сыныбымыз тап -таза 
Борда дайын тақтада 
Денемізді жинақтап 
Отырайық партаға 
ІІ. Өткен сабақты қайталау 
Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік? 
Оқушылар: -оқуды жазуды. 
Мұғалім: -дыбыс дегеніміз не? 
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. 
Мұғалім: -әріп дегеніміз не? 
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз. 
Мұғалім: -дыбыстар нешеге бөлінеді? 
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс. 
Мұғалім: - әріптерден не құралады? 
Оқушы: -сөз. 
Мұғалім: -сөзден не құралады ? 
Оқушы: -Сөйлем. 
Мұғалім: -сөйлем қандай әріппен жазылады? 
Оқушы: -бас әріппен. 
Мұғалім: -сөйлемдерден не құралады. 
Оқушы: -мәтін. Өте жақсы. 
Мұғалім: -өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс? Оқушы: дауысты жіңішке. Үкі, Үйрек суреттерін іліп ,дыбыстық талдау жасау. 
Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау,рольге бөліп оқыту. 
-Кім сызды мына партаны?-деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: -Мен емес. Үміт айтты: -Мен емес. Күміс айтты: -Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі-Елемес үнсіз тұр әлі. 

III. Жаңа сабақ

-Балалар, мынау Гг дыбысының баспа түрі. Бұл газет- журналдарда жазылады. Ал, жазба түрі дәптерге қаламмен жазамыз. Гг дыбысы тіл ортасының таңдай тию арқылы айтылатын дауыссыз дыбыс. Гг дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. Ал, сөздің аяғында кездеспейді.Ол өз алдына жеке буын құрай алмайды. Неліктен?

-Дауыссыз дыбыс болғандықтан.

-Гг дыбысына ұқсайтын қандай әріп бар?

-Ғғ әрпі.

-Гг мен Ғғ әріптерінің қандай айырмашылығы бар?

-Ғғ дыбысының белінде сызығы бар, ал Гг дыбысының белінде сызығы болмайды. Екеуіде дауыссыз дыбыс.

-Балалар, сендер Гг дыбысынан келетін сөздерді білесіңдер ме?

-Балалар, дыбыс деген не? Әріп деген не?

-Дыбысты біз естиміз, айтамыз. Ал, әріпті біз көреміз, жазамыз.

-Тақтаға Гг дыбысының жазба түрін түсіндіре отырып балаларға жазғызу.

-Солға қарай иілген қармақша. Сол жағы тұйықталған түзу сызық.

-Балалармен ауада жазу.

Оқулықпен жұмыс.

-Гг дыбысына байланысты берілген 10 сөзді 10 оқушыға оқыту. Әр сөзге тоқталу.

Суретін көрсету. Әр сөзде Гг дыбысы қай жерде кездесіп тұрғанын айту.

Егін,егеу,егіз,сегіз,кереге,бетеге,шеге,шеңгел,мезгіл осы сөздердің суреттері.

Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е - гіз - бірге туған екі адам.
Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).
Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»
Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не - ге - сұрақ.
Шең - гел - тікенді өсімдік.
Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

-Қане, балалар «Жоғалған әріпті табу» ойынын ойнайық.

Тақтаға 3-4  оқушы шығады.

Ш  Е  ?  Е,    Е  ?  І  Н,     Е  ?  Е  У

-Сонымен, балалар біз, қандай әріпті таптық?

-Гг әріптерін.

-Балалар, сендер қандай құстардың аттарын білесіңдер?

-Ал, сендер көгершін құсын білесіңдер ме?

-Ол қандай құс?

Ақ көгершін туралы түсінік:

"Көк құрақ – көлдің  сәулеті, құс пен аң – ердің дәулеті" дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең жақсы көретіні - құстар. Пайдасы болмаса, зияны жоқ осы бір тіршілік иелерін құрметтеген адамзат баласы бағзы замандардан-ақ құстарды жақсылықтың нышанына балаған. Мәселен, дана қазақ аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қараған. Осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы - көгершін құсы.

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Бүгін біз сіздерге көгершіннің «бейбітшілік құсы» деген атаққа қалай ие болғандығы жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Көгершіннің суреті.

«Көгершін» сөзін буынға бөлу.

- Кө-гер-шін

-Балалар, оқулықта «Ақ көгершін» өлеңі берілген.

-«Ақ көгершін» өлеңін естідіңдер ме?

- Ендеше әуенин тындап көрейік

-Ендеше, осы өлеңді әуендетіп айтайық. (хормен айту)

Сергіту сәті:

Қане, қанат жазайық,

Көгершінге ұқсайық

Ұшып- ұшып алайық,

Орнымызды табайық

Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс:

-Балалар арнайы дәптерлеріне Гг әрпінің үлкен және кіші таңбасын жазады. Дәптерімізді көлбеу қойып, әдемілеп жазамыз.

1 - қатар «Жоқ буынды тап» ойыны Ше., өшір., іл., ір., бәй.

2 - қатар «Сөздерде неше буын бар» ойыны Шегіртке, бәйге, Құлагер, ілгіш, гүл.
3 - қатар «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө.

-Сонымен, біз бүгін қандай дыбыспен танысып үйрендік?

-Гг дыбысы дауыссыз.

- Дауыссыз дыбыстың ішінде қандай?

- Г дыбысы сөздердің қай буынында кездеседі?

-Г дыбысы қай дыбысқа ұқсайды?

Гүлдермен марапаттаймын

-Бүгін сабаққа «өте жақсы» қатысқан оқушыға «қызыл гүл», «жақсы» қатысқан оқушыға «көк гүлмен» мадақтаймын.

Үйге тапсырма беру:

-Гг дыбысын оқу. Төмендегі жазба түрімен берілген сөздерді қосымша дәптерлеріңе жазу.

-Сабақ аяқталды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
«Г г дыбысы мен ?рпі»

Автор: Умбетова Гулнар Камбар?ызы

Дата: 22.01.2016

Номер свидетельства: 280839

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(32) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "271995"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883898"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? жоспары: ? дыбысы мен ?рпі"
    ["seo_title"] => string(34) "sabak-zhospary-g-dybysy-mien-rpi-1"
    ["file_id"] => string(6) "271996"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451883906"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "О о дыбысы мен әрпі"
    ["seo_title"] => string(19) "o_o_dybysy_mien_rpi"
    ["file_id"] => string(6) "390809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1486889542"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "?? дыбысы мен ?рпі."
    ["seo_title"] => string(15) "oodybysymienrpi"
    ["file_id"] => string(6) "260776"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449001364"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) ""?? дыбысы мен ?рпі""
    ["seo_title"] => string(18) "uu-dybysy-mien-rpi"
    ["file_id"] => string(6) "307134"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458275934"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства