Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Фонетиканы, морфологияны бекітуге арналған тапсырмалар»
Фонетиканы, морфологияны бекітуге арналған тапсырмалар
Тіл дамытуға арналған тапсырмалар.
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз .
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
Жуан дауыстылар:а, о, ұ, ы, у
Жіңішке дауыстылар:ә, е, ө, ү, і, и.
Ашық дауыстылар:а, ә, о, ө, е.
Қысаң дауыстылар:ұ, ү, ы, і, и.
Еріндік дауыстылар:о, ө, ұ, ү, у.
Езулік дауыстылар:а, ә, е, ы, і, и
Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді.
1. Қатаң дауыссыздар:к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.