Просмотр содержимого документа
«Елім менің жүрегім!»
Тақырыбы: Елім менің-жүрегім!
Мақсаты: 1.Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 2.Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; 3.Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар,бағдаршам макеті,слайд
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Күлімдеп күн бүгін, (қолын көтеріп, күнді нұсқайды)
Қарады маған да. (қолын кеудесіне қояды)
Күлімдеп күн бүгін, (қолын көтеріп, күнді нұсқайды)
Қарайды саған да. (қасындағы оқушыны нұсқайды)
Сәлем деймін достарға,
Сәлем барша қонаққа!
Тату болып халықтар,
Тыныш болсын заманда!
Оқушыларды дөңгелете тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.Біз ,бүгін «Елім менің – жүрегім!» атты тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отанға арналған тақпақтар мен мақал –мәтелдерді ,әндерді тыңдаймыз.Өз елімізді қаншалықты жақсы көретіндігімізді,жүрекпен сүйетінімізді дәлелдеп көрсетеміз. -Балалар,Алаштың бес арысын білесіңдер ме?
Әр топбасшы көрші топты «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалап отырады.
Мұғалім «Түймедақ» әдісі арқылы бағалайды.
Ал, онда 1-тапсырма әр топ өз тобын қорғайды. (Мәлімет береді)
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде шілденің 11-де дүниеге келген. Қызметі: ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді Еңбектері: «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырлары бар.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938жж.) Туған жері: Бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Плуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,Булаев ауданының «Молодежный» совхозы орналасқан жер). Қызметі: қазақ өлеңінің дүлдүлі, лирик, эпик ақын.
Еңбектері: 1. «Шолпан»өлеңдер кітабы (Қазан,1915ж.) 2. «Өлеңдер жинағы»кітабы (Ташкент,1923ж.) 3. «Педагогика» (1923ж.) 4. «Батыр Баян » поэмасы («Шолпан» журналы,Қазан,1922ж.) 5. «Қойлыбайдың қобызы »поэмасы («Еңбекші қазақ »газеті,1927ж.) 6. «Қорқыт » поэмасы.
Жүсіпбек Аймаутов (1890-1931ж.ж.)
Туған жері: Павлодар облысының,Баянауыл ауданына қарасты қазіргі Жүсіпбек Аймаутов ауылы (бұрынғы Семей губерниясы,Кереку уезі,Қызылтау болв\ысының бірінші ауылы). Қызметі: қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі,прозашы, ақын, драматург, аудармашы, ғалым, журналист, педагог-ұстаз, жазушы, сыншы, әнші, музыкант. Еңбектері:
1. «Қартқожа» орманы (Қызылорда,1926ж.) 2. «Ақбілек» романы («Әйел тендігі» журнал,1-саны,1928ж.) 3. «Күнікейдің жазығы»повесі ( «Жаңа әдебиет » журналы, 1-саны,1928ж.) 4. «Комплекспен оқуту жолдары»(мұғалімдерге арналған көмекші құрал) (Қызылорда,1929ж.) 5.«Тәрбиеге жетекші» кітабы (Орынбор,1924ж.) 6. «Психология » оқулығы (Қызылорда,1926ж.) 7. «Жан жүйесі және өнер таңдау» зерттеу еңбнгі (Москва,1926ж.) 8. «Рабиға» пьесасы (Орынбор,1922ж.) 9. «Сылаң қыз» пьесасы (Орынбор,1922ж.) 10. «Мансапқорлық» пьесасы (Москва, 1925ж.) 11. «Ел қорғаны » пьесасы (Ташкент,1925ж.)
Бағалау.
2-тапсырма:
1-топ: Шәкәрім ата ауылы- Отан туралы ән айтады
2-топ:Мағжан ата ауылы-Мақал-мәтелдер.
3-топ:Жүсіпбек ата ауылы-Отан,ел туралы тақпақтар.
Бағалау.
3-тапсырма:
1-топ: Шәкәрім ата ауылы.Постермен жұмыс
2 -топ:Мағжан ата ауылы. «Елім менің –жүрегім !» эссе жазу
3-топ:Жүсіпбек ата ауылы.Сөзжұмбақ шешу
Бағалау.Бір-бірін «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Қорытындылау.
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан Отанымызды,өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді.Сендер елін ,жерін сүйетін нағыз патриот болатындарыңа мен сенемін!
Кері байланыс: Білім ағашына (стикерге «БББ»кестесін толтырып жапсырады)
Осымен «Елім менің –жүрегім!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Балалар,құрметпен қонақтарды шығарып салайық.