Ширату тапсырмалары. (МКӨ)1.а)Біздің сыныптың оқушылары шахматпен және бимен айналысады.Сұрақтарға жауап бер: *Қанша бала шахматпен айналысады? *Қанша бала бимен айналысады? Қанша бала шахметпен де,бимен де айналысады? *Болаттың шахматпен де,бимен де айналысатыны рас па? *Сырымның шахматпенде,бимен де айналысатыны рас па? Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар ойластырады. Сурет бойынша сұрақтар қояды. (МКӨ)2.Біздің сыныптың кейбір оқушылары сүйікті пәні ретінде математиканы және жаратылыстануды атады.Сызбаға берілген сұрақтарға жауап береді. *Неше оқушы математиканы сүйікті пәні ретінде атады? *Неше оқушы жаратылыстануды сүйікті пәні ретінде атады? *Неше оқушы математиканы да,жаратылыстануды да сүйікті пәні ретінде атады? *Санжардың математиканы да,жаратылыстануды да жақсы көретіні рас па? *Диастың математиканы жақсы көретіні рас па? Сергіту сәті: 3.Суреттегі жиындардың қиылысқан бөлігіндегі элеменнерді ата.Жиындардың қиылысуына атау бер. 5-ке бөлінетін сандар. 4-ке бөлінетін сандар. Шығармашылық жұмыс. 4.3-сынып оқушылары көрмеге және музейге экскурсияға барды.Көрмеге 12 оқушы,а музейге 18 оқушы барды.4 оқушы көрмеге де,музейге де барды.Экскурсияға барлығы неше оқушы барды? 5.а)20-ға дейінгі екі таңбалы жұп сандар жиынының барлық элементтерін жаз.20-ға дейінгі екі таңбалы тақ сандар жиынының барлық элементтерін жаз. 10 20... 11 13... Дескриптор: Жұп сандар жиынының барлық элементтерін жазады. Тақ сандар жиынының барлық элементтерін жазады. ТЖ.6.Есептерді шығар.«Кім жүйрік» ойыны А)Маржан дүкеннен 8 теңгеден бетбелгі және 7 теңгеден күнтізбе сатып алды.Ол осындай 5бетбелгі мен 4 күнтізбеге барлығы қанша тенге төлейді? 8х5+7х4=68 Ә) Санжар бумадағы бір рет қолданылатын стақандарды 345 теңгеге және 5 теңгеден 9 түтікше сатып алды. Ал Маржан 8 теңгеден 5 қасық, 250 теңгеге 1 бума майлық қағаз сатып алды. Олар екеуі бірге барлығы қанша теңге төлейді? Дескриптор: Есептерді шығарады. Есептің орындалу ретін анықтайды. 8-тапсырма.Дұрыс пікірді тап. А)Дөңгелектің ортақ бөлігінде көк немесе кішкентай кеселер орналасқан. Ә)Дөңгелектің ортақ бөлігінде көк және кішкентай кеселер орналасқан. Б)Дөңгелектің ортақ бөлігінде кішкентай көк кеселер орналасқан. |