Просмотр содержимого документа
«Дүниетану.1 сынып.Аңдардың қысқы тіршілігі»
№2 орта мектеп
Дүниетану 1 сынып
Тақырыбы: «Аңдардың қысқы тіршілігі»
Бастауыш сынып мұғалімі: Кыдырбаева Э.С.
Сабақтың тақырыбы: Аңдардың қысқы тіршілігі.
Сабақтың мақсаты:
а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып,негізгі ойды,идеяны ұғындыру.Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.Топпен жұмыс жасай білуге,өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
ә) тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып,оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
б) дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын,сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдіс – тәсілдер: Ой қозғау,сұрақ қою,әңгімелесу,салыстыру.
Көрнекіліктер:Жануарлар бейнеленген слайдттар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа психологиялық дайындығын қалыптастыру.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Оқушылар бір – біріне тілек тілейді:
Құстардың дауысына құлақ сал!
Табиғаттың сұлулығын сезіне біл!
Табиғатты қорғай біл!
Оқушыларды үш топқа бөліп отырғызу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Өсімдіктердің қысқы тіршілігі» мәтіні бойынша өсімдіктердің қалай қыстайтынын айтқызу.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
Қысқы табиғат ерекшелігін байқату үшін мәтіннен үзінді айту.