Жалпы мақсаты | Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру. Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін, галактика неден тұратынын, ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру; Сөздік қорын байыту, танымдық ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту, қорытынды жасауға үйрету. Ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту. Татулыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке, шығармашылыққа баулу. |
| І. Үй тапсырмасын тексеру Тест орындау, 10 сұрақ Әр оқушы дәптерде жауап беріп, барлық оқушылар орындап болған соң, мұғалім: Жұмбақ жасыру Жылт-жылт етіп төбемде, Түсе алмай тұр төменге (Жұлдыз) 2.Үлкен алтын табақтан Әлемге нұр таратқан (Күн) 3.Орақ болып туады, Табақ болып тынады (Ай) 4.Алып кілем – Гүлге толы Үсті кілең (Жер) ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау. бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын ғарыш туралы түсінік беру. | Оқушылар үй тапсырмасында сұрақтартарға жауап береді. Оқушылар сөздер арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды. | Суреттер, сұрақтар Қима сөздер |
Ортасы Қорытынды | Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. -
Ендеше, балалар, біз қазір «Күн жүйесінің планеталары» атты бейнероликті тамашалайық -
Ал енді, балалар, біз тамашалаған әрбір ғаламшардың тапсырмаларын орындай отырып сабағымызды өткіземіз. Меркурий: Арайлы 92-93 беттерді оқиды Ескендір 94 бетті оқиды Жансауле 95 бетті оқиды Маран 96-97 беттерді оқиды Әрбір оқушының жеке-жеке оқуы Лайка –Стрелка, Н.Терешкова. Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. Ракета. Костмонавтың суреттері бойынша түсіндіремін. Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады. Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин. Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру. Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері ғаламшарлар (планеталар) айналып жүреді. (планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз) Ғаламшарлар —өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.. Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады. Глобуста Жер шары ондаған млн.есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады. Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады. Күн , Ай, Жер –ғарыштық денелер. Шолпан: Оқығандарын жұпта талқылау Бір – біріне оқыған бөлімдері бойынша баяндау Жер Сергіту сәті Юпитер: Ғаламшарлардың аттарын екі тілде сәйкестендіру Марс Дәптермен жұмыс. Ғаламшарлардың аттарын екі тілде дәптерге жазу Сатурн Жұлдыздар жарқырайды! Жұлдызшалардағы сұрақтарға жауап беріп, оларды тақтаға жабыстырады. -
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? -
Жерге ең жақын жұлдыз? -
Күн жүйесіне нелер кіреді? -
Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата. -
Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер? -
Ғарышкерлер күнін ата... -
Қазақстандағы ғарыш айлағы қайда орналасқан? | Бір-біріне сәттілік тілейді. Оқулықпен жұмыстанады. Музыкамен сергіту сәтін жасайды. Ғаламшар атауларын екі тілде дәптерге жазып алады. Оқушылар жауаптарын, өз ойларын айтып шығады. Сұрақтарға жауап алынады. | «Ғарыш туралы түсінік» тақырыбында слайд Ғарышкер-лердің суреттері қима карточка-лар, тірек сызба |
| -Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық. | Ғарыш туралы түсініктерін қорындылайды. | |