Просмотр содержимого документа
«?дептілік - ?демілік»
Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: Оқушыларға әдептілік сөзінің мағынасын жете түсіндіру. Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдепттілікке өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Әдептілікке сыпайылыққа жақсы мен жаманды айыра білуге, үлкендерді сыпайылыққа жақсы мен жаманды айыра білуге, үлкендерді сыйлауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбиелелік мәні: Әдептілік тәрбиесін бала бойына сіңіру, ақыл-ой, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, сөзжұмбақ, суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мақсат қою кезеңі. Оқушыларды бүгінгі сабақтың мазмұнымен таныстыру.
Кіріспе бөлімі:
Әдептілік – адамгершілік. Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, үлкенді, ата – анаңды сыйласаң Отаныңның мақтанышы боласың. Адамның әр күнгі іс – қимылы соны айтып көремін. Таңертеңгі күнің сәлеммен, қошеметпен басталса, ол – нағыз адамгершілік.
Ендеше әдептілікті қалай түсінеміз айтып көрелік.(Оқушылардың жаттаған тақпақтары).
– оқушы.Ата – ананың тілегі,
Адам болып өскенің.
Адалдықтың белгісі
Адал болып өскенің.
– оқушы. Әдептілік дегенің
Әрқашанда керегің
Әсемпаздық дегенің
Әуре сарсаң әлегің.
– оқушы. Тәртіпті бала сүйеніш
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала күйініш
Төмендеп басың кетеді.
Сахналық көрініс.
Балалар, бізге бірнеше хаттар келіпті. Енді сол хаттарды оқып сұрағына жауап беріп көрелік.
Көшеде біреу жөн сұраса не істейсің? Асықпай түсіндіріп беру.
Үлкен кісімен қашанда қалай сөйлесу керек? Үлкен кісіге сіз деп сөйлеу керек.
Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек? Үлкендердің сөзін бұзып, сөзге араласпайды.
Алдыңнан үлкен кісі шыққанда не істеу керек?
Жол беремін амандасамын.
– оқушы.Атам маған әманда
Әдепті жан бол деген
Ата сөзі қашанда
Жасы үлкенге жол берем.
– оқушы. Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең.
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем. 6 – оқушы. Көршілерді көргенде.
Сыйлап сәлем беремін. Әдепсіз деп сөкпесін.
Анама айтып өкпесін.
Сәлемдесу түрлерін атау.
Сәлемесіз бе? Армысыз әже?
Ассалаумағалейкум ата. Амансыз ба?
Әдепті бала қандай болу керек?
7– оқушы. Сырттан келген мейманға
Сәлем беріп қол алса,
Бірінші еткен құрметің.
8 – оқушы. «Үйге кіріңіз»деп төр беріп –
Жылы қабақ танытса-
Екінші еткен құрметің.
9 – оқушы: Есік ашып, енгізіп,
Төрге отырғызып, қол алса
Үшінші еткен құрметің.
Сабақты қорыту.
Балалар осымен «Әдептілік - әдемілік» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Бұл сабақтан көп нәрсені ойларыңа түйген боларсыңдар деген ойдамын.