-Сен ж?гіріп келе жатып біреуге со?ып кетті?. Не деу керек?
-Та?ерте? м??алімді к?ргенде не деу керек? «К?рші?ді, досы?ды, танысы?ды т.б.»
-Бір кісі автобус?а міне алмай жатыр екен. Не істейсі??
5. ?р топ сыпайылы?, ізгілік, инабаттылы??а байланысты «алтын» с?здер жазады.Оны о?ып береді. Мысалы:ра?мет, кешірі?із, р??сат па? т.б.
3. Ой тол?аныс
?р бала т?рбие са?атында не ?йренгенін, саба?тан не т?сінгенін ?з тобында жолдастарына айтып береді
Просмотр содержимого документа
«?дептілік – ?демілік »
Тақырыбы. Әдептілік – әдемілік.
Мақсаты:1) оқушылар ережесін сақтауға, әрдайым үлкендерді сыйлауға
үйрету;
2)танымдық қабілеттерін, ой-өрістерін, жан-жақты білімдерін
дамыту;
3) адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер,мақал-мәтелдер, кеспе әріптер.
Барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Қызығушылығын ояту.
Мазмұнды суреттер бойынша оқушылардың әңгімесін тыңдау. (Үлкенге жол беру, орын беру, сәлемдесу.
2.Мағынаны тану.
1. «Әдептілік - әдемілік».Тақырыппен таныстыру
2.Топтарға бөлу.
1-топ «Сыпайылық» тобы
2-топ «Ізгілік» тобы
3-топ «Инабаттылық» тобы
3. Әр топқа мазмұнды сурет беріледі . Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып , айтып береді.
1-топ. Автобуста үлкенге орын берген бала туралы сурет.
2-топ. Ата-анасына үйде көмектесіп жатқан балалар туралы сурет.
3-топ. Әжеге көмектескен бала туралы сурет.
Әр топ өз әңгімесін ауызша айтады.
4.Сұрақтарға жауап:
-Сен жүгіріп келе жатып біреуге соғып кеттің. Не деу керек?
-Таңертең мұғалімді көргенде не деу керек? «Көршіңді, досыңды, танысыңды т.б.»
-Бір кісі автобусқа міне алмай жатыр екен. Не істейсің?
5. Әр топ сыпайылық, ізгілік, инабаттылыққа байланысты «алтын» сөздер жазады.Оны оқып береді. Мысалы:рақмет, кешіріңіз, рұқсат па? т.б.
3. Ой толғаныс
Әр бала тәрбие сағатында не үйренгенін, сабақтан не түсінгенін өз тобында жолдастарына айтып береді
IV. Қорыту.
Әдептілік туралы мақал – мәтелдер.
1.Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
2.Әдептілік, ар – ұят - адамдықтың белгісі.
3.Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
4.Үлкенге құрмет – кішіден ізет.
5.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.
6. «Сіз» деген – әдеп,
«Біз» деген – көмек.
Әрқашан әдептілікті сақтап, әдемі болып жүрейік!