Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Ю.А. гагарин орта мектебінің
І-санатты мұғалімі Байдаева Алтынай
Пәні: Ана тілі
Тақырыбы: Сағи Жиенбаев «Әлия»
Мақсаты
Білімділігі: Әлия Молдағұлованың өмірбаянымен танытыру.Өлеңнің
мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным
мүмкіндіктерін анықтау.Өлеңді мәнерлеп,қатесіз дұрыс оқуға
дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып,өздігінен
жұмыс жасауға,өй-өрісін дамыта отырып,қорытынды
шығаруға машықтандыру.Тіл байлығын,шығармашылық
қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты елін,жерін,халқын қорғай білуге азаматтық пен
адамгершілікке,Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Әлия
Молдағұлованың ерлігіне сүйіспеншіліктерін арттыру.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Әңгімелеу,сұрақжауап,түсіндіру,топпенжұмыс,көрнекілік,баяндау,
шығармашылық, ой толғау,блум технологиясы.
Пәнаралық байланыс: Тарих,қазақ тілі, математика.
Көрнекілігі: Ә.Молдағулованың Кеңес Одағының батырларының
буклеті,сызбалар, интерабелсенді тақта.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық.
1) «Мәншүк» өлеңін жатқа сұрау
2) «Ер Мәншүк» тақырыбына эссе жазу.
3) Ұлы Отан соғысының батырларын еске түсіру.
Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Мәншүк Мәметова,
Талғат Бигелдинов
ІІ. Мағынаны тану
1) «Сиқырлы сандар» ойыны
30 + 5 = (Я)
40 + 10 = (Ә)
55 + 5 = (И)
90 + 10 = (Л)
2) Автормен танысу.
1934 жылы туылған
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Оймауыт ауылында дүниеге келген.
«Көктем самалы», «Ақ толқын», «Сырлы теңіз», «Қыр гүлі», «Әлия»
Сағи Жиенбаев
1994 жылы дүниеден өткен.
Жинақтары шет тілдеріне аударылған
3) Әлия туралы мағлұмат беру.
1924 жылы Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Қазақтың қаһарман қызы.
Кеңес Одағының батыры
Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған.
1942 жылы өз еркімен Қызыл әскер қатарына алынып, мергендер мектебін үздік бітіріп шықты.
Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті.
1944 жылы 14 қаңтар Новосокольники темір жол станциясында болған ұрыста қаһармандықпен қаза тапты.
4) Картамен жұмыс
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
5) Оқулықпен жұмыс.
1. Мәнерлеп оқып беру.
2. Іштей оқу.
3. Тізбектей оқыту.
4. Өлең мағынасын ашу.
- Бірінші шумақта не жөнінде айтылған?
- Әлияны ақын неге теңейді?
- Екінші шумақта не делінген?
- Үшінші шумақта ше?
6) Дәптермен жұмыс
Әлия Молдағұлова – Ұлы Отан соғысына қатысқан мерген қыз.
7) Сөздікпен жұмыс.
Мәрмәр – сәнді құрылысқа пайдаланатын жылтыр тас.
Балауса гүл - жаңа өскен жас гүл.
8) Проблемалық сұрақ
- Не үшін Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді?
9) Сергіту сәті.
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Ерліктің қос қанаты деп білеміз
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
10) Мақал – мәтел.
Ел елдігін істейді.
11) Шығармашылық тапсырма
Отан
............ сүйемін.
............ күйемін.
............ қорғаған.
............ иемін.
12) Ой толғау: «Өлең кестесін» толтыру.
Өлеңнің аты | Әлия |
Өлеңнің авторлары | |
Негізгі ой | |
Өлең немен аяқталды? | |
Не үйретті? | |
13) Топтастыру.
Қайсар
Батыр
Қазақ қызы
Әлия
Ержүрек
Жауынгер
Өжет
ІІІ. Ой толғаныс:
«Инсерт» әдісі бойынша не білгенімізді , не білгіміз келетінін айту.
Білемін | Білдім | Білгім келеді? |
| | |
ІV. Үйге тапсырма.
1) Өлеңді мәнерлеп оқу
V. Бағалау.