- Балалар бәрімізде «Бауырсақ» ертегісін жақсы білеміз ғой. Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бауырсақ бізге бүгін көмек сұрай келіпті . Бауырсаққа көмектесейік пе? - Ендеше әрбір аңның тапсырмаларын орындау арқылы бауырсаққа көмектесейік. - Атасынан, әжесінен қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның тапсырмасын орындасақ, ол Бауырсақты босатады. 1) Қоянның тапсырмасы: Өткенді қайталау. -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? — Қане дыбыстайық — Кім айтады қ дыбысы қандай дыбыс? — қ дыбысына қатысты сөздер айтайықшы — өте жақсы Қ дыбысы сөз басында, ортасында, аяғында да кездеседі екен. - Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан қасқыр кездесті. Қасқыр бауырсақты босату үшін біз қасқырдың тапсырмасын орындайық. 2.Қасқырдың тапсырмасы: Жаңа сабақ.(Электронды оқулық арқылы түсіндіру) Электронды оқулықтан күй тыңдату Домбыра әуені орындалады. Балалар бұл қай аспаптың үні? Домбыра сөзі қай дыбыстан басталады? Қане бәріміз д дыбысын дыбыстайық ? Д дыбысы дауысты ма , дауыссыз ба? Д дыбысы созылмайды, кедергіге ұшырап шығады ол дауыссыз дыбыс. Оны біз көк түспен белгілейміз. Д дыбысына байланысты сөздер айтылады, д дыбысының орнын анықтау керек. Жарайсыңдар, балалар, қасқыр бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Сергіту сәті: «Бір оңға, бір солға» музыкамен Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю шықты. 3.Аюдың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс Бағандағы сөздерді оқыту: а)хормен оқу б) Дыбыстық талдау жасау Дәптермен жұмыс - тақтада көрсету - ауада бірлесе жазу Д –әрпін жазу, топты аралау, көмек қажет еткен балаларға көмектесу. -Сызба бойынша сөйлем құрау - Балалар, аюда бізге риза болып бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Балалар біз тапсырмаларды орындау арқылы бауырсаққа түлкіден құтылып кетуіне көмектесейік пе? Онда түлкінің тапсырмасын орындайық. |