Іздену – ұйымдас-тырушылық | -Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Алдармен бірге «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз. Алдар немен жүреді? – «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен? Ат қалай жүреді? Аттың жүрісін тілімізбен көрсетейік. – Балалар, мен ол баққа Алдармен бірге «Білім көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма? – Онда біз өткен әріптерді қайталайық. Тасбақа, орындық, нан, робот, ғарыш, піл, аққу, шағала, қауын, лақ, ай, алма деген сөздер қандай дыбыстан басталады? – Әріптер неше дыбысқа бөлінеді? -Жарайсыңдар! Дұрыс айтасыңдар! – Онда қарап отырмайық. Ал, балалар, ойнайық. Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да Шешпей оны қоймайық. Мен сендерге жұмбақ жасырайын. Дауылда бар, боранда жоқ. Дәуірде бар, заманда жоқ. (Д) қандай дыбыс. Бүгін бізд дыбысы әрпімен танысамыз. – Д дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы? – Дұрыс айтасыңдар доп д дыбысынан басталады. – Д дыбысы дауысты ма? әлде дауыссыз ба? – Қандай текшемен белгілейміз? – Дұрыс көкпен белгілейміз дауыссыз дыбысты. – Неге? Не үшін? Ол дауыссыз дыбыс. – Қәне, д дыбысын барлығымыз айтайық. – Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? – Дұрыс айтасыңдар дауысымыз еркін шықпайды, созылып шықпайды, бөгет болады. Қәне, альфавит ішіндеД дыбысын табайық. (тақтадағы әріптердің ішінен 1 оқушы көрсетеді) Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық. Әліппе-дәптермен жұмыс: -Д дыбысына мысалдар келтіріңдер. Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отырып буынға бөлейік. Дұрыс, өте жақсы. -Ал, енді буындарды оқиық. -Қәне, дәптердегі д әрпін үлгіге қарап жазайық. Жазу жолдың ортасында сергіту сәтін орындайды. Бала, бала, балақан, Қәне қайсы алақан. Саусақтарың әйбәт, Былай, былай, ойнап. Топ – топ басайық Жалаудан күн жасайық Жаса – жаса жарқын күн Жаса – жаса алтын күн. Жазуымызды жалғастырайық. | -Атқа мініп жүреді. -Атпен -Ия, дайынбыз. -Т әрпі, – О әрпі, – Н әрпі, – Р әрпі, – Ғ әрпі, – П әрпі, – У әрпі, – Ш әрпі, – Қ әрпі, – Л әрпі, – Й әрпі, – А әрпі -Екі дыбысқа бөлінеді, дауысты, дауыссыз. – Д дыбысы – Доп, Домбыра. – Дауыссыз – Көк. – Барлығы хормен айтады. – Өйткені ол созылмайды Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. -Доп, домбыра дәптер. -Доп, дом-бы-ра, дәп-тер. – Д-а, да. Д-о, до. Д-у, ду. Да-ла. Да-на. Дәптердегі Д әрпін үлгіге қарап жазады. Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді. Жазуларын жалғастырады. |
Рефлексиф-тік- қорытын-дылау | Қорытындылау: Тақтадағы сөзжұмбақты шешейік. -Жел толтырылған, резеңке, ойыншық (доп) -Күй ойнайтын аспап. (домбыра) -Оқу құралының бірі, жазу жазамыз. (дәптер) – Жазық жер, алаңқай. -Осы шешілген сөздер қай дыбыстан басталады? Ал, енді біз жаңылтпаш жаттайық. Доп деп, Дөп теп. (2-3 рет қайталайды) – Ал, балалар Алдаркөсеге айтыңдаршы қандай әріппен таныстыңдар? -Д дыбысы қандай дыбыс? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? | – Доп. – Домбыра. – Дәптер. – Дала. – Д дыбысынан. Хормен қайталайды. – Д әрпімен таныстық. – Дауыссыз. – Дыбыстар екіге бөлінеді. |