Сабақтың мақсаты | Оқушыларға С дыбысы мен әрпін таныстыру, ол арқылы сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөле білдіру.Әр сөзге дыбыстық талдау жасап, дауысты, дауыссыз дыбысты ажырата білуге үйрету.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға жаңа сөз үйрету арқылы білімі мен тілін есте сақтау қабілеттерін дамыту, |
Күтілетін нәтижелер | С дыбысы мен әрпін танып, ол арқылы сөздерді түсініп, дұрыс буынға бөлуді меңгереді. Қатесіз, әдемі жазуға үйренеді. Ой ұшқырлығын, сөйлеу тілі дамиды . |
Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер | Түсіндіру, сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс, |
Керекті жабдықтар | Ұ. Ботабаева, К.А. Ерешева, Б.К. Игенбаева Әліппе, 1 сынып, 2012 «Алматыкітап» , сюжетті суреттер, Оқу құралдары туралы тірек сызба, постер, , қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті бояулар, суреттер. |
Кіріспе | Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шеңберге тұрып, қол ұстасып, «Дос болайық бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айту. Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз. Атсын күліп таңымыз. «Көңіл күй» тренингі. Бүгін біздің сабаққа келген уақытта көңіл-күйіміз қандай болды? 2. Сыныпты топтарға бөлу: | Жұмыс істеуге дайындалады, топ ішінде өзара ыңтымақтастық қарым-қатынас орнығады. |
Тұсаукесер | Үй тапсырмасын диалогтік әдіс арқылы тексеру. Қане балалар, ойнайық, Ойнайық та ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық. Жұмбақ шешу 1.Тілі бетінде, Көзі шетінде. (сағат) 2.Жер бетінде шашы бар, Жер астында басы бар. (сәбіз) 3.Жұқа тақтай бөлшегі, Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш) 4.С-дан егер бастасаң, Сыныптағы дәріссің.(сабақ) -Сабақ сөзі қай әріптен басталып тұр? -С дыбысын айтып көрейік. -С дыбысы қандай дыбыс? -С дыбысынан басталатын жер,су, қала, адам аттарын білеміз бе? -С дыбысы мен әріпін еске түсіру. С дыбысына берілген сөздерді шапшаң, тез оқыту. - қандай әріп өттік? -ол қандай дыбыс? -сөз неден құралды? -сөйлем неден тұрады? | Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау. Жұмбақтың шешуін табады. Сұрақтарға жауап береді, топ басшылары оқушылардың жауабын бағалап, талдау жұмысын жүргізеді. |
Негізгі бөлім Қорытынды | Жаңа сабаққа кіру .ІІ. Мағынаны тану ас ша шо ра со ал ро ос ар ор са 2.Суреттерді пайдалана отырып аттарын атату. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. 3.Сызба арқылы жұмыс. Суретке қарап отырып сөйлем құрату. Шара. Ораш. -Шара, ас ал. Олар ас _____ . Ас _____ ____. 4.Сергіту сәті: Көжегім , тұршы, Бетіңді жушы. Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы, Киіміңді киші, Мектепке қарай жүрші, Орныңа отыршы, Сабағыңды оқышы. 5.Тапсырма С әрпін құрастыр. СА буыны бар балалардың аттарын атауға арналған жаттығу. Салтанат, Саят, Сағи, Сандуғаш, Сара, Самғат т.с.с. 6.Сөздік диктант: сағат, маса, сәби,сабақ, сақа. 7. Дәптермен жұмыс «Баспалдақ» С ___ С ___ ___ С ___ ___ ___ С ___ ___ ___ ___ С ___ ___ ___ ___ ___ Жауаптары: су, саз, сақа, сәбіз, саусақ «Буынұйқас» І.Са-са-са, Ызыңдайды маса. ІІ.Із-із-із, Бақшадағы сәбіз. ІІІ. Ет-ет-ет, Алма, алмұрт салатын себет. VI. Мадақтау. Сабаққа белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау V Үйге тапсырма Сурет бойынша әңгіме құрау, буындарды, сөздерді оқу. | Буындардан сөз құрайды. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды. Сөйлем құрайды. Қимылмен жасап көрсетеді Әріп элементерін құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеп жазады. |