Үй жұмысын тексеремін, оқушылардың жазып келген жұмыстарын тыңдаймын, оқушылармен бірге бағалаймын.
Оқушылар жұлдызшалармен бағалайды
5 минут
Топқа бөлемін. Сандар арқылы3топ құрылады.
Білім
Деңгейі
1 минут
Плакаттағы үй жануарлары суреттерінің ішінен түйе мен ботаның суретін сұраймын.
«Ой тастау» стратегиясы бойыншасуреттерден үй жануарларын табады
Топтық жұмыс
10минут
Топтық жұмыс арқылы түйе туралы ақпаратпен танысайық.
Түйе, оның төлі не? Ол не жейді? Сұрақтарына жауап беріп, бір бірінен туралы ақпарат жинайды.
Түсіну
Құрылған топтарға 1-тапсырмадағы суретке қарап, сөйлемдер құруға тапсырамын.
Берілген тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасайды. Қорғайды.
Қолдану
3 минут
аудиодискіден «Бота» мәтінін тыңдатамын.
Оқушылар не түсінгенін айтады.
Талдау
3 минут
4-тапсырманы жазып, аударайық.
Жазады, оқиды, аударады.
Сергіту сәті
1 минут
Үй жануарлары қалай дыбыстайды? сұрағына жауап беруге шақырамын.
«Кім қалай дыбыстайды?»Лақтар, марғаулар, күшіктер, бұзаулар, қозылар тобы болып бөлінеді. Қай төлдің аты аталады сол топ дауысын келтіреді.Сонымен балалар, олардың дауыстауын былай дейді екен.Жылқы – кісінейді, сиыр – мөңірейді,Қой, ешкі – маңырайды, түйе — боздайды.
Мысық – мияулайды, ит — үреді
Жинақтау
5 минут
Үй жануарлары мен аңдарды қалай ажыратамыз?
Венндиаграммасы арқылы салыстырады
Бағалау
2 минут
«Бота» мәтініне қайта оралып, ондағы кейіпкерлердің қандай жануар екендігін сұраймын.
Мәтіндегі кейіпкерлердің қайсысы аңдар, қайсысы үй жануарлары екенін түсіндіреді.
Үй жұмысын беру
3 минут
5-тапсырманы орындауға тапсырамын.
суреттерге қарап, үй жануарларының төлдерін табады.