Кітап - е? жа?ын дос. Кітап жа?сылы??а ?йретеді, жаманды?тан жирендіреді. Кітапты? бір бетін аш?ан сайын с?йлейді. Оны? ?р беті т?нып т?р?ан а?ыл. Кітапты о?ы?анда сен б?кіл д?ниені ?мытып кетесі?. Кітаптан естімегенді білесі?, к?рмегенді к?ресі?, к?лесі?, жылайсы?, ?уанасы?. Кітап - а?ылшы, серік дос.
Кітапты о?ып, біліп ?ана ?оймай, бас?а?а да сол кітапты? жа?сылы?ын ?йрете білсе?, шын досты?ты ?тегені?. Кітап - адамзатты? асыл ?азынасы, сар?ылмас білім б?ла?ы.
Просмотр содержимого документа
«Біз мектепке барамыз (Тіл дамыту)»
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты:
Мектеп,мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру.
Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру.
Білімпаз болуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мектеп, сызғыш, қоңырау.
Көрнекіліктері: «Біз мектепке барамыз» атты сюжетті сурет, оқу құралдары.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Кіріспе әңгіме.
Балалар, сендерге мектепке баратын уақыт та таяп қалды. Мектепке барғыларың келе ме?
Мектепте оқитын балаларды кім деп атайды?
Мектепке қажетті құралдарды атаңдар. Мына суретке ат қойыңдар. Балалар мектепке не үшін барады?
Балалар қалай киінген? Қолдарыңда не ұстаған?
Жылдың қай мезгілінде оқиды?
Балаларды мектепте кім қарсы алады?
Негізгі бөлім.
а) Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.
ә) Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың бәрін оқу құралдары деп атайды.
б) Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
(Аяқтың ұшымен тұру).
Сағаттың жүрісін көрсетейік.
(Сағаттың жүрісін жасау: «тик-так, тик-так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру).
Тыныс аламыз.
(Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару).
в) Сабақ, үзіліс, қоңырау сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту. Мысалы:
Сабақ басталды. Үзіліс болады. Қоңырау соғылады.
Сөздікпен жұмыс.
Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Отанын сүюге тәрбиелеу.
3. Оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Кітап
Кітап - ең жақын дос. Кітап жақсылыққа үйретеді, жамандықтан жирендіреді. Кітаптың бір бетін ашқан сайын сөйлейді. Оның әр беті тұнып тұрған ақыл. Кітапты оқығанда сен бүкіл дүниені ұмытып кетесің. Кітаптан естімегенді білесің, көрмегенді көресің, күлесің, жылайсың, қуанасың. Кітап - ақылшы, серік дос.
Кітапты оңып, біліп қана қоймай, басқаға да сол кітаптың жақсылығын үйрете білсең, шын достықты өтегенің. Кітап - адамзаттың асыл қазынасы, сарқылмас білім бұлағы.
(«Балдырған» журналынан)
Оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.