Просмотр содержимого документа
«Ерте?гілік: "Біз мектепке барамыз" »
«Сам орта мектебі» ММ
Ертеңгілік
«Біз мектепке барамыз»
Дайындаған даялық «А»тобының
мұғалімі:Ихласова Гүлжамал
2014 – 2015 оқу жылы
Ертеңгілік: Біз мектепке барамыз
Сабақтың мақсаты: мектепалды даярлық тобына келгеннен бергі
дағдыларын, қызығушылығын, жеке тұлға болып өсіп келе жатқанын көрсету; тіл байлығын, сөздік қарым – қатынастарын дамыту; үлкенді сыйлауға, сөздерін тыңдау білуге тәрбиелеу.
Ертеңгіліктің жүрісі:
Тәрбиеші: Құрметті ата – аналар, ұстаздар және балалар! Мінекей, кешегі бүлдіршін – бүгінгі мектепалды даярлық тобының түлегі.Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз елімізде, көзіңіздің нұры болған балаларыңыз тәп – тәтті, сүйкімді қылықтарымен үйренген әндерін, билерін, тақпақтарын, әрі қарай шыңдай түсіп, бүгінгі «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді өткізгелі отырмыз. Олай болса сіздердің қошеметтеріңізбен мектепалды даярлық сыныбының түлектерін ортаға шақырамыз.
Тәрбиеші: Айналайын, балалар,
Сендерде ой – санабар.
Өздеріңнен өседі,
Өнершілер, даналар.
Өсті, міне, бойларың
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар! Ең алғаш балаларыңызды мектепалды даярлық сыныбына әкелген күндеріңіз есте болар. Сол кездерді еске түсірейік.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Тәрбиеші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Шексіздік көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүректен шырқайтұғын,
Әнұран мемлекеттің халық әні.
Әнұран орындалады.
Тәрбиеші: Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Әнменен күй көңіл сырын ашады.
Той деп келген қонақтарға мың алғыс,
Ақ жаулықты аналар той шашуын шашады.
Құбылтай: Шашу, шашу, шашайық,
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Батыр: Уа,халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Бүлдіршіннің ортада,
Тілашарын алайық.
Ақылбек: Риза әжей, атай да,
Риза апай, ағай да.
«Рахмет» деп айтамыз,
Тәрбиеші апайға!
Нұрбол: Ойыншықтармен ойнадық,
Қызығына тоймадық.
Тақпақты да жаттадық,
Сурет салдық, ән салдық.
Ерсұлтан: Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын, кең аспан!
Нұрдәулет:Үлкендердей тап – таза,
Жазамыз бормен тақтаға.
Үлгілі бала боламыз,
Жүретіндей мақтана.
Абзал: Мен оқушы боламын,
Болам жігіт зор әлі.
Қазақстан жалауын.
Көтеремін жоғары.
Жандос: Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын.
Туған елге тазамын,
Мен мектепке барамын.
Би: «Вальс» би
Тәрбиеші: Көк туды асқақ етем мен,
Терезесі тең, сыйлас,
Алыс, жақын шетелмен.
Көлі – інжу, жері – гүл!
Қарты сыйлы, ері – дүр,
Дәстүрі ортақ, салты озық,
Қазақстан елі бұл!
Ән: «Отан» Орындайды Тайтуров Жұмаберген.
( Е с і к қ а ғ ы л ы п, б е с т і к к і р е д і ).
Бестік: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен – Бестікпін. Мен жақсы оқитын
балалармен дос боламын. Мені мектепте өте жақсы көреді.
Менімен дос болғыларың келе ме? Қане, бір ойын ойнап
жіберейікші.
Ойын: «Жалғасын тап»
1.Оқусыз білім жоқ,
(Білімсіз күнің жоқ)
2. Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
3. Еңбек етсең ерінбей,
(Тояды қарның тіленбей)
Бестік: Рахмет, балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді
мектепте күтемін. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Бишілерді би – билеуге шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерді ырғалтып, би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық – дей отырып, ұлдар мен қыздар тобының биін тамашалайық.
Би: «Балапандар» Қыздар тобы билейді.
Би: «Достар» биі. Ұлдар тобы билейді.
Жүргізуші: Балалар, бүгін біздің мерекемізге Әліппе келіпті. Мектепке
барған кезде ең бірінші оқитындарың «Әліппе» болады.