I.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуы, оқу-құралдарының дайындығы, сынып тазалығы, оқушылардың партада дұрыс отыруы, сыртқы келбеттеріне назар аудару. Қызығушылықты ояту. «Б» әріпі басында, ортасында кездесетін сөздерді айту. -Балалар біз бүгін саяхатқа барамыз, немен барғымыз келеді? Қандай көлік түрлерін білесіңдер ? (машина , ұшақ, кеме) -Ендеше мына тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз? Балалар мына сандарды санайықшы Балалар бұл не? (кеме) Не үшін керек деп ойлайсыңдар? Суда жүзу үшін. Ал кеме қайда жүреді? Суда . Оның жүргізушісі кім? Ендеше ол сіздерге шақыру билетін берді. Осы кемемен аралдарға барып ,сол аралмен танысамыз. 1- арал. Қайталау Сиқырлы жазу. «Б» әріпі (бейнетаспадан көрсету). 2- арал. Балалар суда жақсы көрінетін мынау не? (балық) Балық сөзінің бірінші әріпі қандай дыбыс ? (Б) Айтып көрейікші (Б). Дауысты ма, әлде дауыссызба? - Осы сөзді буынға бөліп көрейікші? - 2 буын бар.Ендеше дауысты дыбыс нешеу ? (2) Жақсы балалар екінші аралдан да өттік еді. 3- арал. «Мына сиқырлы қаламшамен сіздер б – әріпінен басталатын сөздер жазып беріңдерші» - дейді. Балық, бор, бала. 6 (слайд). ІІ. Мағынаны тану. - Б – Б – Б (хормен айтқызу) - Б – қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? - Б – дауыссыз дыбыс (б әрпін көк үйшікке салу). - Бақа сөзіне дыбыстық талдау жасау. (Оқушы назарын суретке аудару). Б – дыбысы сөздің тек басы мен ортасында кездеседі. (Бейнетаспа көрсету). 4- арал. Суретпен жұмыс. Суретті тауып, астына атын жазу. Оқулықпен жұмыс. (76 – бет) 1. Хормен оқыту. Берілген сызба арқылы сөздерді оқытып, жаттықтыру. Ба-қа, бо-та, бө-рік Ба-лық, Бо-лат, кө-рік 2. Берілген мәтінмен талдау – жинақтау жұмысын жүргізу. 3. Бақшада (суретпен жұмыс) Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып Бір тұнығып алайық. 5- арал. Алтын балықтың келесі тапсырмасы , Б әрпін жазу. Тақтаға жазбаша түрін жазып көрсету.Ауада жазу. Дәптерге бастырып жаздыру.Өте жақсы балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадық. Дәптермен жұмыс. - б дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға жаттығу жұмысын ұйымдастыру. Суреттер астындағы алғашқы буындарын жалғастырып, сөз құрап жазу. - Б – сөздің басында және ортасында келеді. Бағдаршам жасыл көзін жағып, бақаның жүруіне рұқсат береді. Дәптердегі бос жолдарға жазба жұмыстары жүргізіледі. ІІI. Ой толғаныс. 6- арал. «Орнын тап» ойыны. 2 – қатар жарысады. Б...... б... Бақа, арба Балапан, қарбыз Бота, асқабақ Бағдаршам, көбелек Балық, шыбын Борсық, жолбарыс т. с. с. - Бүгін біз сонымен қай дыбысты үйрендік? - Б дыбыс мен әрпі. - «Б» дыбысы қандай әріп? Рефлексия. - мұғалім сұрағына жауап бердің бе? - басқа оқушылардың жауаптарын толықтырдың ба? - тапсырманы орындадың ба? Өзіңнің бөлмеңді сипатта. Бағалау. Мадақтау. |