Просмотр содержимого документа
«Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"»
Сабақтың тақырыбы: «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы
Сабақтын мақсаты:Бауыржан батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып,мәтінді өз бетімен оқып,талдап шығуға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтиже: Халықтың өміріндегі ұлттық құңдылықтардың дәріптелуіне мән бере отырып,мәтінді идеялық жағынан талдау.Отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке ,қамқорлыққа,ұлттық дәстүрімізге бала көзқарасын қалыптастыруға,сана сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері.
Сабақтың көрнекілігі:батырдың портреті,альбом,жазушы туралы және батырдың өзінің кітаптарының ұйымдастырылғанкөрме топтау сызбасы.
-Иә,балалар ,жақсы адамдар жанымызда жүргенде оның жақсылығы айтылмай,ол мүлде байқалмай да қалуы мүмкін.
Мысалы:батырларды мақтан етеміз.Сендер қандай батырларды білесіңдер? (Тақтаға тізбектеліп жазылады).
Ал біз бүгін Кеңес Одағының батыры,жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя »кітабынан үзінді оқимыз.
Кесте сызылып жазылады:
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім
- Бауыржан туралы не білгілерін келеді?
Өмірбаяны
1910 жылғы 24 желтоқсанда казіргі Жамбыл облысының Жуалы ауданында, “Көлбастау” ауылы, «Мыңбұлақ» алқабында дүниеге келген. Евгеневка селосында бір жыл орысша оқып сауат ашқаң, ол Әулиеата қаласында бастауыш, Шымкент қаласында жеті жылдық мектеп бітірген. 1928 жылдан Жуалы аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы, аудандық милиция бөлімінің бастығы болып қызмет істеген. Б.Момышұлы 1932 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, азаматтық борышын өтеп қайтқаннан кейн Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді. 1936 жылы Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты бітірген соң әскер қатарына қайта алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының орынбасары, ал 1941 жылы Қазақ республикалық әскери комиссариатының нұсқаушысы болды. Ұлы Отан соғысы басталысымен 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене ат салысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Батальон командирі ретінде Москва түбіндегі шайқасқа қатысып, 5 рет жау қоршауын бұзып өтіп, ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Бұрынғы 316 шы, кейінгі Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болды, соғыстың соңғы жылдарында осы дивизияны басқарды. Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше козге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды. Оның каһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы Александр Бек «Волоколам тас жолы» (1942 ж.) кітабын жазды. Жалпы Б.Момышұлы өзі басқарған әскери болімдермен 207 рет белді-белді шайқастарға қатысып, осы шабуылдардың бәрінде жеңіске жеткен каһарман.
Мағынаны таныту: Ендеше біз бүгінгі батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелікті оқимыз. Тақтада плакат ортасына сөзі жазылады да,оқушыларды жұмысы жинақталады.
Бауыржан
Момышұлы
Кеңес одағынын батыры Ақын
Халық хаһарманы
Даңқты қолбасшы
Ұлт мақтанышы
Айбынды әке
Әңгімені талдау кезіңде жеті атаны білу,үлкенді сыйлау,сөз тыңдау,ата дәстүрін құрметтеу,сияқты дәстүрлерге мән беру.
ІІІ Ойтолғаныс:Оқушылар «Біз жеті атамызды білемізбе?» сауалына жауап береді.