kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауатты жазу, әдетте бастауыш сыныптарынан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.

         Диктант-тілді оқытудағы жүргізілген жоба жұмыстарының негізгісі. «Диктант»- оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол- мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік береді.

        Диктанттың бірнеше түрі бар: бақылау диктанты, өздік диктанты, шығармашылық диктанты, әріп диктанты, буын диктанты және тағы басқалар. Бұлардың әрқайсысы бір- бірінен көздеген мақсаты мен орындалу тәсіліне, көлеміне, кезеңіне қарай ерекшеленеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы»








ДИКТАНТТАР

ЖИНАҒЫ




Дайындаған: Аппасова РС

15 Ақмешіт орта мектебі










2011 ж.




Алғы сөз


Сауатты жазу, әдетте бастауыш сыныптарынан басталатыны белгілі. Ұсынылып отырған бұл жинақ сауаттылыққа апарар жол басы әрі оның өлшемі болып табылады.

Диктант-тілді оқытудағы жүргізілген жоба жұмыстарының негізгісі. «Диктант»- оқушының естігенін ойша түсініп, іштей қайталай отырып өздігінен жазуы деген ұғымды білдіреді. Ол- мұғалім мен оқушы арасындағы еңбек жемісінің көрсеткіші. Диктанттан мұғалім әр шәкірттің білімімен қоса оның жауапкершілігін, ұқыптылығын, адалдығы мен өздігінен жұмыс істей білуі тәрізді басқа да көптеген сапаларын анықтап, оларды жүйелі түрде қалыптастыру мен орнықтыруға мүмкіндік береді.

Диктанттың бірнеше түрі бар: бақылау диктанты, өздік диктанты, шығармашылық диктанты, әріп диктанты, буын диктанты және тағы басқалар. Бұлардың әрқайсысы бір- бірінеен көздеген мақсаты мен орындалу тәсіліне, көлеміне, кезеңіне қарай ерекшеленеді.

Диктанттардың ішіндегі ең күрделісі- бақылау диктанты. Бұл арнаулы дәптерге жазылып, бағасы журналға қойылады. Оған арнайы сағат бөлінеді. Ал қалған түрлері жалпылама үйрету диктанттары делінеді. Үйрету диктанттары сабақ жоспарында белгіленіп, кейде бір сабақ үстінде олардың екі түрін де жүргізуге болады.

Бақылау диктантының мақсаты екі түрлі.

а)тақырыптық бақылау диктанты.

ә)тоқсандық немесе жылдық бақылау диктанты.

Тақырыптық бақылау диктанты белгілі бір өтілген тақырыпқа байланысты оқушылардың білімдерін сынау мақсатында алынады.

Тоқсандық бақылау диктанты тоқсан ішіндегі немесе жыл бойында өтілген материалды қамтиды.

Бақылау диктанты мөлшерінің кестесі


Сыныптар

Бірінші жарты жылдықта

Жыл аяғында

1

1 сынып


25-30 сөз

2

2 сынып

30-35 сөз

35-40 сөз

3

3 сынып

40-50 сөз

50-65 сөз

4

4 сынып

65-70 сөз

75-85 сөз


Мен диктант жаздырғанда бақылау диктантына екі сағат бөлемін. Бірінші сағатында ертеңгі болатын диктантқа дайындық жүргіземін. Онда сол тарауға байланысты өтілген материалдарды қайталап, грамматикалық талдау жүргізуге дайындаймын. Жазылуы қиын сөздерді жаздыртып, сөздік жұмысын жүргіземін. Екінші сағатында диктант жаздырамын. Диктантты тексерген кезде былай бағалаймын



1-4 сыныптарда диктанттарды бағалау кестесі


Баға

1-2 сынып

3 сынып

4 сынып

«5»

қатесіз графикалық 1 қате

қате жоқ

қате жоқ

«4»

1-2 қате 1 түзету

1 қате 1 түзету

1 қате 1 түзету

«3»

3-5 емле қате 1 түзету 2 тыныс белгі

3 қате 1 түзету

2 қате 1 түзету

«2»

5 қате 3-4 түзету жұмыс ұқыпсыз жаз.

4-5 қате 1-2 түзету

4-5 қате 1-2 түзету


Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар:

1. Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екені (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.

2. Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

3. Диктанттың қай түрі болсын мәтін орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.

4. Мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта- зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.

5. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән- мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.

6. Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.

7. Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырады.

8. Ең соңында оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлеріжинап алынады.


Үйрету диктанттарының маңызы

Үйрету диктанттарының аты, мазмұны, көлемі әр түрлі болғанымен, олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: таныту, үйрету, жаттықтыру, дағдыландыру, меңгерту. Сондықтан үйрету диктанттарында қолданылатын әдіс- тәсілднр көбіне ыңғайлас, ұқсас болады. Үйрету диктанттары негізінен жаңа ғана өтілген немесе екі- үш күн бұрын өткен материалдарға тән ерекшеліктерді жете меңгертуге ыңғайлы әрі тиімді болып келеді. Мұнда мұғалім қай оқушыға қандай сұрақтар қоятынын алдын- ала ойланып, әдіс- тәсілдер мен көрнекіліктерді соған орай пайдаланғанға ғана еңбек нәтижелі болмақ, яғни сыныптағы оқушылардың білім олқылықтарын дәл танып жұмыс жүргізу мұғалімнің ізденгіштігі мен байқампаздығын көрсетеді.

Үйрету диктанттарының тағы бір ерекшелігі- оқушыларды ойлануға, ізденуге, өз ойларын салыстыру әдісі бойынша дәлелдеп айта білуге және өз беттерімен жұмыс істей білуге төсілдіреді. Бұл оқушыларды құлшындырып, өз ісіне деген сенімділігін арттырады.

Қысқасы, үйрету диктанттары оқушыларды сауатты жазуға ғана баулып қоймайды, алған білімін сыннан өткізіп, тұрақтандыруға, мәнерлеп оқу машығын қалыптастыруға көп септігін тигізе


Әріп диктантын жаздыру мақсаты мен

оған қойылатын талаптар

Әріп диктантын жаздырудағы мақсат- өтілген дыбыстар мен әріптерді меңгеріп, олардың бір- бірінен айырмашылықтарын (айтылуы мен жазылуындағы фонемалық және таңбалық айырмашылықты) аңғарту. Сонда дауыст, дауыссыздарды естілуінен айырып, айтылуы ұқсас дыбыстардың әріптерін қатесіз жазтын болады.

Әріп диктантына мынадай талаптар қойылады:

1. әріп диктантын үйрету диктанттарының басқа түрлері сияқты сыныптардағы ең жақсы оқитын екі оқушыға алдымен түсіндіріп алып, соңынан оларға тақтаға жаздыру әдісімен бастау керек;

2. жазылатын әріп қай дыбыстың таңбасы екендігін, дауысты болса, себебін, жуан, жіңішке түрге бөлінуін, дауыссыз дыбыстардың дауыстылар сияқты буын құрамайтынын және жеке айтылмай, тек дауыстыға қосылып қана айтылатындығын таныту қажет;

3. әріпті жазуға, көзбен көруге болатынын, олар оқылатынын және бас әріп, кіші әріп (жазылу емлесі) болатынын білдіру керек;

4. өткен әріптерге жаңа әріптің ұқсастығы мен өзіне тән айтылу, естілу сияқты фонемалық өзгешелігін әрбір оқушы саналы түрде түсініп, жаттанды болған дәрежеде айта білгенге дейін сабақ сайын қайталату қажет;

5. дәптерлеріндегі сурет, сызық, әріптердің бөліктері, әріп, буын, сөз, сөйлем, т.б-бәрінің де әдемі, таза, ұқыпты, көркем жазылуын дағдыға айналдыру қажет.


Буын диктантын жаздыру мақсаты мен

оған қойылатын талаптар


Әріп диктанттарын өздігінен жатқа жазып төселген оқушыларға сол әріптерден құралған буын диктантын жазу аса қиындық келтірмейді. Диктанттың бұл түрі оқушылардың буынды толық меңгеруіне көмегін тигізеді. Өйткені олар буын диктантын жазу үстінде дауыстының жалғыз тұрып та, басқа дауыссыздармен бірігіп келіп (а, ша, а-са) буын құрайтын және дауыссыз дыбыстардың буын құрамайтынын түсіндіруімен бірге, әріптерді бір- бірімен жалғастырып жазуды үйренеді. Буында неше дыбыс пен әріп барын ажыратып дағдыланады. Дыбыс, әріп, буын сөздерінің мағыналарын саналы түсінетін болады.

Буын диктантында да оқушылар естіген буынды іштей қайталап, онда қанша және қандай әріптер бар екенін білген соң ғана жазуға кіріседі.

Буын диктантын оқушылар а, ш, с, л әріптерін жазып біраз дағды алғаннан кейін бастаған дұрыс. Өйткені оқушылар бұған дейін кеспе әріптер мен кеспе буындардан тақтада, буын кассаларында сөз құрау дайындығынан өтеді.


Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен

оған қойылатын талаптар

Сөз диктанты- әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат- оқушыларға сөздің белгілі бір ұғым беретінін түсіндіру. Сондықтан оқушылар бұған дейін сыныпта толық мағыналы бір немесе екі- үш буыннан құралған сөздер мен сөз тіркестерін кеспе әріп пен буындардан құрастырып, оларды әріп пен буынға ажыратып үйренген ( сал, лас, шаша деген сияқты өтілген дыбыстардан құралған сөздерді санамалап айтуға жаттығуы қажет). Өйткені оқушылар әріп пен буын диктанттарын дұрыс жазып, сөздердің мағынасын түсініп дағдыланбайынша, бірден сөз диктантын өз дәрежесінде сауатты жазып кете алмайды.

Бұл диктантта әрбір сөздің мағынасы түсіндіріліп, неше буын мен әріптен құралып тұрғаны (әрине, көбіне оқушылардың сөздік қорына әлі еніп болмаған: оқулық, әліппе, дыбыс, буын, сөз, сынып, парта, сөйлем сияқты т.б. терминдер) ауызша талданады.

Мұнда да оқушылар өздері естіген әрбір жеке сөздің нақтылы мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп, түсіндіре жазады. Сонда ғана олар жеке сөздерді, әріпті тастап кетпей, артық әріп жазып қоймай, немесе әріптердің орнын алмастырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз көркем жазуға дағдыланады.


Сөйлем диктантын жаздыру мақсаты

мен қойылатын талаптар


Сөйлем диктантын жүргізудегі негізгі мақсат- оқушыларға сөйлемді танытып, оны жана сөздерден құрай білуге төселдіру. Мұғалім сөйлем диктантынжүргізген сайын сөйлемнің ннеше сөзден құралғанын, бірінші сөздің бас әрпінене басталып, сөйлемге енген әрбір сөздің бір- бірінен бөлек жазылып, соңынан нүкте, сұрақ, леп белгілерінің біреуі қойылатынын ауызша талдаттырып алған соң жаздырып үйретеді.

Қорыта айтқанда, әліппе кезеңінде жүргізілетін үйрету диктанттарының міндеті- оқушыларды үйренген әріп, буын, сөз, сөйлемдердің сауатты, әдемі, көркем етіп жазу мен дұрыс сөйлеуге жаттықтыру. Егер олардың әрқайсысын өз кезінде үздеп жаздыртып дағдыландырса, кейінгі жүргізілетін жазу жұмыстарының барлық түрлерін (диктант, мазмұндама, шығарма) оқушылар қиналмай, еркін жаза алатын болады.


Көру диктанты


Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.

Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын-ала аумақты қағазға үлкен етіп жазылып, ілулі тұрғаны дұрыс. Оны оқушылардың 2-3 рет асықпай оқып шығуына, естерінде сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып немесе жинап қояды. Оқушылар көрген, оқыған сөздерін немесе мәтінді естеріне түсіріп, өз беттерінше дәптерге жазады.


Өзіндік диктант

Диктанттың бұл түрінінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер мен жатталған тақпақтарды, жұмбақтар мен жаңылтпаштарды естеріне түсіріп, өздігінен ойланып отырып жазады. Мұғалім өзіндік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды. Сонда оқушылар үйден шала жаттаған өлең, жұмбақты, жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келетін болады.



Шығармашылық диктант

Диктанттың бұл түрі- үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, стиль, әдіс- тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерінің көрсеткіші. Сондықтан бұл диктант шолу, қорытындылау, қайталау сабақтарында жиі жүргізілсе, шәкірттер ескерту, бақылау диктанттарына сенімді даярлықпен келеді.


Сөздік диктант


Сөздік диктанты сабақтың кез келген уақытында жазылады. Оған оқушылар жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, омоним, антоним сөздер және жазылуы қиын байырғы сөздер алынады. Мәтіннің көлемі 1-сыныпта 6-8 сөзден, 2 сыныпта 8-12 сөзден, 3 сыныпта 12-15 сөзден, 4 сыныпта 15-20 сөзден аспауы керек. Сөздік диктантын көру, өздік диктанттары ретінде де мұғалімнің ауызша айтуы бойынша да жаздыруға болады. Ол мұғалімнің еркінде.


Терме диктанты


Диктанттың бұл түрі кез келген ережеге негізделіп жұргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқымастан бұрын қандай ережеге көңіл аудару керектігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады.


Ескерту диктанты


Бұл диктант көлнмі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген мәтіндер бірін- бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап, толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.



Бақылау диктанты

Бұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдары қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Диктант үшін 1-сыныпта 20-25 сөзден, 2-сыныпта 35-40 сөзден, 3-сыныпта 50-65 сөзден, 4-сыныпта 75-80 сөзден құралған қысқа сюжетті мәтін алынады да, көлемі жөнінен де, мазмұны тұрғысынан да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіледі:

а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;

ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін көрсетеді;

б) егер диктант мәтіні және сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тыңдап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды. Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды;

в) оқушылар диктантты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім мәтінді бастан-аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап отыруы керек.

Ескерту. Диктанттардың қай түрін жазғанда да оқушылар, көркем жазу мен грамматикалық талдауға жаттыққандық, төселгендік көрсетуі керек. Бұл- шәкірттер білімін бағалаудағы бірінші шарт. Сондықтан көркем жазу- сабақтың көркі де, грамматикалық талдау- сабақты барлық жағынан жандандыратын күш.








1 – сынып

Әліппе кезеңі

Көру диктанты


а ааа ААА Аа


Дыбыстық диктант


а, т. А, Т, Аа, Тт


Буындық диктант


  • ат, - та, ( - ата, - тат)


Сөздік диктант


Ат, ата, апа, атта, апат.


Буындық диктант


  • ат, -ап, - на, - па, - та.


Көру диктанты


Аа, Тт, Нн

Ата, нан, апа


Терме диктант


«Н» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Ана, атта, апа, тана, ат, нан, ата, апта.

Дыбыстық диктан т

Өткен әріптерді пайдаланып буын құрастырып жазыңдар.

н, ғ , а , т, п.


Терме диктант

«Т» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Ата, аға, таға, өрік, төл, ата.


Сөздік диктант

Апта, тат, атта.


Терме диктант

« У» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Ауа, ара, ау, науа, парта, ауна, апар.


Дыбыстық диктант

Өтілген әріптерді пайдаланып үш сөз құрап жазыңдар.

а, т, п, ғ,н,л,у,ш,р.


Көру диктанты

Анар, алаша, ал.

А, Т, П, Ғ, Ш.

Сөздік диктант


Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Шапан, шар, алаша, таға.

Бақылау диктанты


Құрамында т,о әріптері бар үш сөз ойланып жаз.

Аа, Тт, Пп, Нн, Ғғ, Рр, Лл, Шш, Йй, Оо, Ққ.

Сөздік диктанттар


1. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

Шапан, қарға, тара, қала.

2. Асты сызылған сөзді буынға бөліп жаз.

Қарағай, ноқта, шағала.

3. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

а) Ойла, шала, қайла, ойна.

ә) Айла, шана, ру.

б) Ауна, шапан, ат.

в) Аға, апа, ата, ана.

г) Ағай, ай, қара, қар.

ғ) Ру, шала, топ, Тана.


Терме диктант


  1. «М» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Арпа, мақта, оймақ, шағала, май, қаймақ.

  1. «Қ» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Тамақ, май, оймақ, ноқта, қарағай.

  1. «Н» дыбысы бар сөздерді теріп жазыңдар.

Қанат, адам, ер, ноқта, қамшы, нар, шана.


Бақылау диктанты

Өткен әріптерді еске түсіріп жазыңдар.

Ат – адамға қанат. Ата, ат тағала.


Қар

Асты сызылған сөзді буынға бөл.

Қар. Айнала аппақ қар.


Орман

Дауысты дыбыстың астын сызыңдар.

Орман қандай тамаша! Айнала мал.


Дыбыстық диктант


1.Өтілген әріптерді пайдаланып, үш туыстық атауды білдіретін сөздерді жазыңдар.

2. Өтілген әріптерді пайдаланып, кісі аттарын жазыңдар.

а) а, т, п, н, ғ, р, л, у, ш, й, о, қ, м, с, ы, д, ж, ұ.

ә) А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У, Ш, Й, О, Қ, М, С, Ы,Д, Ж, Ұ.

б) Шара, Марат т.б.


Көру диктанты

1.Кісі аттарын тауып, астын сызыңдар.

Досан, торғай, Айша, қамшы, қымыз, Қанат, уық.

2. Осы сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Бауырмал, ынтымақ, шапағат, қанағат.





Сөздік диктант

1.Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Ынтымақ, Отан, бауырмал, ырыс, тымақ.

2.«Ж» дыбысының астын сызыңдар.

Жайна, жайлау, айтыс, сынып, жер.

3.Дауысты дыбыстың астын сызыңдар.

Жорға, жылқы, шылбыр, шапағат.

4.Буынға бөліп жазыңдар.

а) Ақыл, ынта, шабыс, қамшы.

ә) Домбыра, ру, ұл, ұрпақ, қоныс.

б) Ұлан, салт, ұрпақ, бұрым.

в) Қасық, сылдырмақ, бұлақ, құс, ұшақ.


Терме диктант

1.Жылқыға байланысты сөздерді теріп жаз.

Балапан, жабағы, торғай, құлын, қолғап, құнан.

2.Оқу құралдарын теріп жазыңдар.

Алаша, қалам, алма, қарындаш, доп, тамаша, арпа.

3.«Ж» дыбысынан басталатын сөздерді теріп жазыңдар.

Қар, жаңғақ, шаңырақ, алаң, жаңқа, тары, жол.


Көру диктанты


1.Қар еріді, су ақты.

Күндер туды шуақты.

( Е. Өтетілеуұлы)

2. Добым, добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

(Ұ. Есдәулетұлы)

3. Алма бағы жайнаған,

Бұлбұл құсы сайраған.

( Н.Әлімқұлұлы)

4.Жайнаған сансызқаласы,

Жайқалған жомарт даласы.

( Қ. Шаңғытбайұлы)







Дыбыстық диктант


Өтілген әріптерді пайдаланып үш сөз құрастыр.

а, ғ, у, ш, о, қ, м, с, ы, д, б, ж, ұ, ң, е, і, ә, и, з.


Сөздік диктант

  1. «Е» дыбысының астын сызыңдар.

Еңбек, кеспе, ел, ер, келешек, Елбасы, кереге.

  1. Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.

Жиен, кимешек, кесте, ою, ықылас.

  1. Асты сызылған сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

Домбыра, тәуелсіз ораза, қазақ, сезімтал, айт.

  1. Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.

Қазақстан, шежіре, қайыс, Президент, шаңырақ.


Өздік диктант

  1. Өтілген әріптер мен буындардан сөз құрап жазыңдар.

  2. Өтілген әріптер мен буындардан туыстық атауларды білдіретін сөздерді жазыңдар.

  3. Өтілген әріптер мен буындардан үй құстарының атын құрап жазыңдар.

  4. Құрамында й,ң, әрпі бар алты сөз жазыңдар.


Дыбыстық диктант

  1. Өтілген әріптерді пайдаланып бір сөйлем жазыңдар.

Қ,ө,ж,ң,д,ш, р, і, з, б, я, ю.

  1. Осы әріптерді пайдалаланып үш кісі атын жазыңдар.

И,ұ,н,л,а,т,у,қ,м


Буындық диктант

Осы буындарды пайдаланып бес сөз жазыңдар.

-Ел, -әр, -ер, -ай, -ың, -іс, -бен,-да, -ті, -тім, -жай, -тан.


Көру диктант

Үкі

  1. Жорықта соқырмын

Ұша алмай отырмын.

Оқушы болсам мен

Түнімен оқырмын.

(Бәкір Тәжібайұлы)

  1. Қолына қайыс пен

Алды да сыдырғы

Атамыз байыппен

Таспаны сыдырды.



  1. Қыс келді

Аппақ қар

Күз емес

Батпақтар

Көктемде

Гүлдейді

Әдемі

Бақпақтар.

Жаз келсе

Жайқалар

Ағашта

Жапырақтар.

Дәркенбай Шоқпарұлы

( «Ұлан» газетінен)

  1. Жақсы кітап «Әліппе»,

Үйрететін әріпке.

Қуыршақпен қоштасып,

«Әліппемен» достастық.

(Нұрхан Жанайұлы)

  1. Кітаппен жаңа танысқан

Кетік тіс, бұйра кекілді.

Қоңырау үні алыстан

Шақырып тұрған секілді.

(Т.Тәжікеев)

Бақылау диктанты


Кітап

Кітап-білім бұлағы.

Кітапты жыртпай ұста.
(6 сөз)


Көктем

Көктем келді. Күн жылынды. Әжем наурыз көже пісірді.

(8 сөз)

Атам

Атам далада отыр. Немересі қасында отыр.

(6 сөз)

Жапырақ

Күн жылынды. Жапырақтар бүршік жара бастады.

(6 сөз





Қыс

Қаңтар –қыс айы. Қар қалың жауды. ( 6 сөз)



Көктем

Көктем келді. Күн жылынды. Жер көгерді. Күн күркіреді.Құстар келе бастады.

( 11сөз)


Торғай

Балалар тоғайға барды. Олар жеміс терді. Тоғайда жеміс көп.

( 9 сөз)

Сөздік диктант

Халық, емхана, дәріхана, дәмхана, мұражай, фирма, ұстахана, асхана, халат, жейде, жүген.



Терме диктант

  1. Кісі аттарын теріп жазыңдар.

Қарындас, Қайрат, шопан, Серікбай, сиыр, Жамбыл, қой, Қуаныш, туысқан, Жеңіс, үй, Құлтай.

  1. Төл аттарын теріп жазыңдар.

Қайың, құлын, қаз, бұзау, алаң, лақ, жоспар, қозы, теңіз, көбелек.



Буындық диктант

а, т, п, н,ғ, р, л, у, ш, й, о, қ, д, м, б, с, ы, ж, ұ, ң, е, к, і, ә, и, з, ө, я, ю, х, ф, э,щ, ц, ч, ь, һ, е, в, г, ү.



Өздік диктант


  1. Жуан және жіңішке естілетін үш сөз жазыңдар.

  2. Құрамында й, ң әріптері бар алты сөз жазыңдар.

  3. Үш буынды үш сөз жазыңдар.






Қазақ тілі

СӨЙЛЕМ, СӨЗ, ДЫБЫС, ӘРІП

Бақылау диктанты


Қыста

Қыс келді. Түн ұзара бастады. Қар қалың жауды. Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Балалар қардан аққала жасап ойнады.

(22 сөз)


Тапсырма :

Соңғы сөйлемдегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сыз.




Төбешік

Күн суық. Балалар жылы киінген.Өздері сергек және көңілді.

Себебі қыстың ауасы таза. Олар қардан жасалған төбешікте шанамен сырғанақ теуіп жүр. (22 сөз)


Тапсырма:

Дауыссыз дыбыстарды тауып, астын сыз.


Көру диктанты


Ақ қоян

Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян.

Қанша берсең қалыңға,

«Қорқағым» деп ат қоям.


Тапсырма :

Қоян сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?


Жұмбақ

Табаныма байладым.

Қос таяқпен айдадым.

Бұл не? ( Шаңғы)







Жаңылтпаш

Көк тырна,

Көп тырна,

Тыраулап

Көп тұрма.

Тапсырма:

Тырна сөзінде неше дыбыс бар?



Шығармашылық диктант

1.Пияз, мен, аршыдым.

2. Қияр, Досан, турады.

3. Әжем, текеметке, жүргізді, аю.



Сөздік диктант

  1. Қоңырау, шаң, шаңғы, қалың, сіңлі, сіріңке, аңшы, әңгіме.

Тапсырма:

Ң әрпінің астын сызыңдар.

  1. Ұқыпты, бұлбұл, жұмысшы, үкі, үйрек, күндіз, ұят, Үміт.

Тапсырма:

Ұ, Ү әрпінің астын сызыңдар.

  1. Орындық, өшіргіш, көз, отырғызды, өлшеді, оймақ, өсімдік, ойыншық.

О,Ө әрпінің астын сызыңдар.



БУЫН

Бақылау диктант

ТАҢАРТЕҢ

Мен ерте тұрамын. Төсегімді жинаймын. Терезенің желдеткішін ашамын. Денемді шынықтырамын. Содан кейін жуынамын. Орамалмен сүртінемін. Киімдерімді киемін. Тамағымды ішемін. Мектепке барамын. (21 сөз).

Тапсырма.

Мектепке сөзін буынға бөл.


КӨКТЕМ

Күн жылынды. Қар ери бастады. Күн батты. Кешке жақын күн суытты. Біз кешке малды қораға қамаймыз. Қойлар түнде қорада түнейді. Күндіз сырттқа шығады. ( 25 сөз)

Тапсырма:

Мектепке сөзін буынға бөл.



ҚҰСТАР

Балалар түлі құстарды біледі. Оларды қанатты достар деп атаймыз. Олдар шыбын-іркейлерді жейді. Сөйтіп адамға көп пайда келтіреді. Қыста құстарға қамқарлық жасау керек. (24 сөз)

Тапсырма:

Балалар, қамқолық сөзін буынға бөліп жазыңдар.

ҚАЙЫҚ

Көтем келді. Арықтардан су ақты. Балалар тақтайдан қайық жасады. Ол әдемі болды. Қайықты суға жіберді. Ол жүзе жөнелді. Балалар қайықтың соңынан жүгірді. (23 сөз)

Тапсырма:

Арықтардан, қайықтың сөзін букынға бөліп жазыңдар.



Сөздік диктант

Мына сөздерді, буынға бөліп жазыңдар.

  1. Дәрігер, жапырақ, сауыншы, кітап, мұғалім, терезе, кезекші, ыдыстар.

  2. Оқулық, өшіргіш, көзілдірік, қоңырау ұқыпты, мектеп, оқушылар,дәптерлер.

  3. Шүберек, күндіз, құлақ, қағаздар, түлкі, арыстан, киім, найзағай.


Көру диктант

БҰЗАУ

Бұзауым бұзық,

Мінезі қызық.

Маңдайы күйді,

Қазанды сүзіп.

Тапсырма:

Бұзауым сөзін буынға бөліп жаз.


Заттың атын білдіретін сөздер

Бақылау диктант

ГҮЛ

Оқушылар мектеп алдына гүл екті. Марат жер қазды. Айман гүл бастады.

Тапсырма:

Заттың атын білдіретін сөздің астын сызыңдар.






КЕШ

Кеш болды. Құстардың үні басталды. Аңдардыі да дауысы естілмейді. Тауықтар мен үйректер ұйқыға кірісті. Қой мен сиырлар да шырт ұйқыда. Тек бақалар ғана бақылдайды.

Тапсырма:

Заттың атын білдіретін сөздің астын сызыңдар.


АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ

Күн жылынды. Ағаш отырғызу басталды. Балалар мектепке жиналды. Тұрсын мен Сәуле шұңқыр қазды. Серік пен Берік алма мен алмұрт көшеттерін отырғызды. Ләйлә су тасыды. (26 сөз)



Шығармашылық диктант

  1. Жинады, егін, мол, колхозшылар.

  2. Ұстады, Әлімхан, ұшырған, түлкі, бүркіт.

  3. Кітап-бұлағы, білім. Оқы оны көп.


Сөздік диктант

  1. Әке, шеше, ата, әже, аға, іні, қарындас, әпке, сіңілі, нағашы, жиен, туысқан.

Тапсырма:

Не? Сұрағына жауап беретін үш сөз жазыңдар.

  1. Дәптер, қарындаш, кірап, өшіргіш, қаламсап, циркул, пенал, әліппе.

Тапсырма:

Кім? Сұрағына жауап беретін үш сөз жазыңдар.

Көру диктант

«ҚУЫРМАШ» ойыны

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Мына жерде май бар,

Мына жерде қатық бар,

Мына жерде қытық бар.


Тапсырма:

Заттың атын білдіретін сөздің астын сызыңдар.


Заттың қимылын білдіретін сөздер

Сөздік диктант

  1. Оқыды, жазды, ойнады, биледі, жүгірді, шапты, күлді, ұшырды.

  2. Айтты, бояды, қақты, ұрды, сүртті, жинады, тұрды, көмектесті,һ.

  3. Маңырады, кісінеді, мөңіреді, ұлыды, боздайды, қабады, тоқыды.




Бақылау диктанты


Жаңбыр

Бүгін күн ыстық болатын. Ауылдың жанындағы тоғайда бүлдірген өте көп өсетін. Айжан мен Ақсәуле бүлдірген теруге тоғайға барды. Бір кезде күн бұлттанды. Жаңбыр сіркіреп жауа бастады. Қыздар тез үйлеріне қайтты. (30 сөз)


Тапсырма:

  1. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

  2. Соңғы сөйлемді буынға бөліңдер.




Сенбілік

Мұғалім сенбілік болатынынын айтты. Барша жұрттың тегін еңбек ететінін түсіндірді. Әр сыныпқа тапсырмалар берілді. Ағаштардың діңін ағарттық.Арықтарды тазарттық. Мектеп алаңын сыпырдық.

Тапсырма:

  1. Заттың қимылын білдіретін сөздің астын сызыңдар.

  2. Мұғалім, мектеп деген сөздерді буынға бөліңдер.



Тең ойын

Балалар үйдің маңындағы алаңға жиналды. Жарас үйден аяқ добын алып шықты. Екі топқа бөлініп доп ойнады. Алғашқыда Жарастың тобы жеңді. Соңынан Мұраттың тобы жеңді. Ойын екі топқа бірдей тең аяқталды.


Тапсырма:

  1. Не істеді? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

  2. Соңғы сөйлемді буынға бөліңдер.









Көру диктанты


Жаңылтпаш

Былтыр бүлдірді,

Бұл жылы бүлдірді.

Бүлдіргіштігін бүлдірді.

Тапсырма:

  1. Заттың қимылын білдіретін сөздерді тауып, астын сызыңдар.

  2. Бүлдіргіштігін деген сөзді буынға бөліңдер.



Заттың сынын білдіретін сөздер

Сөздік диктант

  1. Тәтті, ащы, тұщы, қызық, кең, тар, терең, саяз.

  2. Ала, жирен, торы, сұйық, аласа, биік, күрең.

  3. Ақ, қара, үлкен, кіші, төмен, жасыл, қышқыл, қызғылт.


Шығармашылық диктант


Мен ….. алма жедім. Сорпаның тұзы ……. . Кәкеннің әжесі …….

ертегі айтып берді. Зәуренің …… көйлегі бар.


Бақылау диктанты


Егіз лақ

Сәкеннің көк ешкісі егіз лақ туды. Оған Орынтай қуанып жүр.

Лақтың бірі қара, бірі көк. Көк лақтың жүні бұйра. Лақтар тез аяқтанды. Қара лақ үлкен болып өсті.


Тапсырма:

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.






Қымыз

Қымыз – дәмді сусын. Ол биенің сүтінен жасалады. Қымыздың қышқылтым дәмі тілді үйіреді. Оның шипалық қасиеті де мол. Жайлауда ішкен дәмді қымыз – денсаулыққа өте пайдалы. Атам мен әжем қымыз ішкенді ұнатады.


Тапсырма:

  1. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

  2. Түйенің сүтінен жасалатын сусынның атын жаз.


Көру диктанты


Көрсең ғой Серікті:

Келбетті , көрікті.

Ақылды, көрікті.

Таныр ең шеберді.

Тапсырма:

Сын есімді тауып, астын сызыңдар.


Заттың санын білдіретін сөздер

Сөздік диктанты

1.Бір, төрт, он, жиырма, екінші, алтыншы, бесінші, оныншы.

2. Үш, жеті, сегізінші, он бірінші, жүз, алты жүз, сегіз жүз, қырық бес.

3. Алты, тоғыз, үш жүз, бес мың, жеті жүз, отыз бес, он жетінші.


Бақылау диктанты


Отбасы

Талғат биыл бірінші сыныпқа бардвһы. Өзі жеті жасқа толды. Оның әкесі отыз алты жаста. Анасы жиырма алтыға толды. Балабақшаға баратын қарындасы төрт жаста. Бәрінің ортасында жетпіс беске шыққан әжелері бар.

Тапсырма:

  1. Заттың санын білдіретін сөздердің астын сыз.

  2. Мына цифрларды сөзбен жаз. 6, 10, 20, 100.




Ойын

Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны.Ойын тақтайшасында он сегіз ұя бар. Әр ұяға тоғыз құмалақтан салынады. Ойынға екі адам қатысады.Тоғызқұмалақ – спорт ойынының бір түрі.


Тапсырма:

1.Заттың санын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.

2. Неше? деген сұраққа жауап беретін сөздерді нешінші? деген

бір бірінші

екі ………

бес ………

отыз алты ……….

Көру диктанты


Бес алған Асанға Үш алған Хасанға

Бес алма. Үш алма.

Төрт алған Досанға Екі алған Бошанға

Төрт алма. Неше алма?!


Тапсырма:

Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тап.


Сөйлем

Бақылау диктанты


Ою

Менің әжем әсем сырмақ жасаудың шебері. Ол түрлі оюлар ояды. Маған да үйретіп отырады. Әжем сырмаққа қызыл жасыл, сары оюлар салды. Оның жасаған сырмағы әдемі болып шықты. Сырмақ маған ұнады.

Тапсырма:

Мәтінде неше сөйлем бар? Сөйлем санын жақша ішіне цифрмен көрсетіңдер.






Мойыл

Мойыл - дәрілік өсімдік. Қабығы қоңыр. Гүлдері ақ түсті болады. Дәрі жасау үшін мойылдың гүлі мен жемісін пайдаланады. Мойылдан жасалған дәрімен көз, өкпе ауруларын емдейді. Мойылдың гүлін көктемде, жемісін күзде жинайды.


Тапсырма:

  1. Мәтінде неше сөйлем бар? Төртінші сөйлемде неше сөз бар? Жақша ішіне цифрмен жазып көрсет.

  2. Өзің білетін дәрілік шөптің атын жазыңдар.


Өздік диктанты

  1. Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазыңдар.

  2. Бауырсақ, шаңырақ, құлақшын сөздерін буынға бөліп жазыңдар.

  3. Бір сөйлем ойлап жазда, сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.



Терме диктант

Ағайынды балалар

Асқар мен Болат ағайынды. Олар мектепке барады. Оларда жаңа портфель бар. Портфельге оқу құралдары салынған.


Тапсырма:

  1. Бас әріппен жазылатын сөздердің астын сызыңдар.

  2. Тасымалдауға болмайтын сөздерді жазыңдар.

  3. Үш буынды сөздерді теріп жазыңдар.







2 – сынып

1 – сыныпта өткенді қайталау

Сөздік диктант

  1. Алма, бұйым, әңгіме, мұнай, орман, сұлы, өзен, уылдырық, жусан, мыс.

  2. Теңіз,түлкі, ұйқы, айран, жеміс, үйеңкі, қырман,аспан, бақша, көбелек.

  3. Тақта, мақта, тауық, қауын, қайың, қоңырау, балық, жаңалық.


Тапсырма:

  1. Уылдырық, айран, қоңырау деген сөздерді буынға бөліп жаз.

  2. Жуан дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек, жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бір бөлек жаз.

Көру диктанты


Құрт

Томпайтып ұртты,

Сорамыз құртты.

Жасайтын оны

Тек қазақ ұлты.

Е. Елубаев

Тапсырма:

  1. Өлеңді жатқа жаз.

  2. Томпайтып сөзін тасымалдап жаз.


Терме диктанты


Шатастырып кебісті

Екі қария керісті.

Бір – біріне кейісті,

Ақырында келісті.

Тапсырма:

  1. Бір дыбысы өзгеріп тұрған сөздерді теріп жаз.

  2. Өзгерген дыбыстың астын сызу, сөздердің мағынасын түсіндір.


Бақылау диктанты

Күз

Міне, қыркүйек айы туды. Күз болды. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауады.Күн көзі сирек көрініп, аз жылытады.Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп қалған. Құстар жылы жаққа ұша бастады.

Тапсырма:

Ағаштардың, құстары деген сөздерді буынға бөл.





Көру диктанты


Дыбыс және әріп

Үкі күндіз көрмейді, түнде көреді. Құндыз суда жүзеді. Бүркіт түлкіні алыстан көреді.


Сөздік диктант

1. Шаян, тұяқ, саяз, аялдама, баяу, ұялшақ, баяндама, аяқ, бояу, тақия.

2. Аю, ою, сарғаю, көркею, жымию, қою, баю, азаю, шалқаю, жиюлы

3. Сыйлық, тыйым, мойын, тиін, киім, мейіз, қайыс, мүйіз, қайық.


Шығармашылық диктант

  1. Құстарға, жасадым, мен, ұя.

  2. Мия, биыл, өсті, бітік.

  3. Саябырсыды, жаңбыр, таңға, жуық.

  4. Әнуар, оянды, ерте.



Бақылау диктанты

Қоға

Қоға сулы жерлерде өседі. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Қоғаның тамыры жуан болады. Онда крахмал мен қант көп болады. Қоға шаруашылыққа да пайдалы. Оны үйдің төбесін жабуға пайдаланады. Сабағы мен жапырағынан түрлі төсеніштер, себеттер жасалады.


Тапсырма:

Шаруашылыққа деген сөзді буынға бөл.


Құс та досымыз

Айжан терезеден сыртқа қарап тұрған. Терезе алдында торғайлар шүпірлеп жүр. Ол терезені ашып, нанның уағын қойды. Құстар оны әп –сәтте жеп қойды. Айжан құстарға күнде жем беріп тұрды. Ақыры құстар оның алақанынан жем жейтін болды.


Тапсырма:

Алақанынан, наның деген сөздерді буынға бөліңдер.








МӘТІН

Шығармашылық диктант

МАҚАЛ

Е...бекті... на...ы тәтті,

Жалқауды... жа...ы тәтті.

Көп түктенің орнына н, ң, м әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

Сәрсе...бек-сыныбымыздың оқу озаты. Жексе...бі күні хайуанаттар бағына бармақшамаз. Күшіне се...бе, адал ісіңе сен.


Көру диктант

Батырлар аттасы балалар

Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,

Сүйікті болып қалды аттар.

Олар аттас қаншама

Сәби бар, шәкірт, солдат бар.

Тапсырма:

Өлеңнен кім? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


Бақылау диктант

ҚИҚАР КӨЖЕК

Орманда бір топ көжек қуаласып ойнап жүр. Біреуі қиқар екен. Ол қуалау ойынына қатыспады. Кешікпей олар жидек теруге шықты. Қиқар көжектің жүруі баяу. Ол басқа көжектерден кейін қалды. әуелі орман ағаштары сиректеу еді. Кейін жиіленді.

Ақыры көжек қиқарлығынан адасып қалды. (4 сөз).

Тапсырма:

Көжектің сөзін тасымалдап жаз.


БҰҒЫ

Бұғы-сиырға ұқсас мал. Оның мүйізі бұтақша тармақтанып өседі. Олар суыққа төзімді. Қыс кезінде қарға батпай жүру қиын. Ал солтүстік бұғылар қарға батпай жүре алады. Сондықтан олар көлік ретінде пайдаланылады. Бұғылар мүк пен қынаны жейді. Қыста қуатты, жалпақ тұяғымен қарды теуіп жайылады. (42 сөз).


Тапсырма:

Бұтақша, тұяғымен сөзін буынға бөліп жазыңдар.






СӨЙЛЕМ

Шығармашылық диктант

Күзде оқушылар.. барады. Мектепте ... басталады ... жылы жаққа қайтып жатыр.


Көру диктант

ЖАҢЫЛТПАШ

Сыныпта ақ бор бар.

Көк бор бар.

Көп бор бар.


Тапсырма:

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.

МАҚАЛ

Білікті бірді жығар.

Бімілді мыңды жығар.

Тапсырма:

Қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


Бақылау диктанты

АҚСАРЫ

Құстардың түрі өте көп. Сен, ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсаймай ма? Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары-жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді. (34 сөз).


Тапсырма:

    1. сұраулы сөйлеидердің астын сыз.

    2. мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.

    3. соңғы сөйлемді сызбамен көрсет.

САРЫШҰНАҚ

Сарышұнақ-кеміруші жәндік. Ол інін егіс маңына жақын жерден қазады. Астық дәндерімен қоректенеді. Кейбір құстар сарышұнақты аулайды. Соның бірі қарақұс.

Сарышұнақтың іні құстардан сақтануға ыңғайлы. Ол інінен алысқа кетпейді. Інінен шықса болды, жыртқыш құстар сап ете қалады. (36 сөз)


Тапсырма:

1. Мәтінде қанша сөйлем бар?

2.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызып көрсет (2-3) сөйлемді алуға болады.


СӨЗ. СӨЗ ҚҰРАМЫНА

Сөздік диктанты

  1. өнер, сәбіз, ойыншық, әйнек, қарбыз, көкөністер, қағаз, аула, жол, үйрек, кітапхананы, дәптер.

  2. Ащы, ыдыс, жәшік, шаңғы, сызғыш, қарындаш, коньки, сыйлық, қасық, дүрбі, тиін, бүркіт.

  3. Ұқыпты,ұят, үйрек, үздік, уақыт, жазу, тау, уәде, бау, жуан, Сәуле.

Тапсырма:

  1. 4-5 буынды сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

  2. Берілген сөздерден басқа ы, і әріптері бар үш сөз ойлап жазыңдар.

  3. Жуан у дыбысының астын бір, жіңішке ү дыбысының астын екі сызықпен сызыңдар.


Өзіндік диктант

Қар еріді, су ақты,

Күндер туды шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

Тапсырма:

Негізгі түбір сөздерді тауып, астын сызыңдар.



Оқимыз да білеміз,

Көңілге әбден түйеміз.

Жерден байлық табамыз,

Көкке қанат жазамыз.

Тапсырма:

Соңғы екі жолдағы сөздерге жалғанған қосымшалардың астын сызыңдар.


Шығармашылық диктанты


  1. өседі, көкөністер, бақшада.

  2. жатады, қарбыз, қияр, сәбіз, оған.

  3. жеу керек, оларды, жуып.

  4. көп, дүкенде, көкөністер.








Бақылау диктанты


Кеш

Кеш түсті. Түн қараңғы. Ай сәулесінен жер бетіне жарық түседі.Құстардың үні басылды. Аңдардың да даусы естілмейді. Тауықтар мен үйректер де ұйқыға кірісті. Қой мен сиырлар да шырт ұйқыда. Тек бақалар ғана бақылдайды. (33сөз)


Тапсырма:

  1. Үні, үйректер, ұйқыға, құстардың сөздерінің түбір мен қосымшасын бөліп жазыңдар.

  2. Бақылдайды деген сөзді буынға бөліп жазыңдар.


Оюшы

Әлия жасынан –ақ ою оюды үйренуге құмарланды. Оның апасы текеметтің түрін оюшы еді. Кейде түс киіздің де оюын ояты. Апасы Әлияға жұмсақ сымды мүйіздеп июді, ол арқылы қағазға сызық түсіруді, сызықтан ділдеп қиюды үйретті.

Әлия дағдылана келе өрнекті оюдан сызды. Атақты оюшы болды. ( 43 сөз)

Тапсырма:

Текеметтің, оюдан сөзінде сөздің түбіріне жалғанған қосымшаны табыңдар.

СӨЗ ТАПТАРЫ. ЗАТ ЕСІМ

Сөздік диктант

  1. Кезекші, сызғыш, үйректер, оқыды, биле, үйге, көкшіл, айдай, жібектей, жұмысшы, өнерлі, сыйлық.

  2. Теңізші, ойыншық, ағаштар, ақша, білгіш, ауылда, досым, ұшты, сауыншы, мүсінші, терезені, қаздар.


Тапсырма:

Сөздің түбіріне жалғанған қосымшаны табыңдар.


Көру диктанты


Әжем-күйші, Ісі-нұсқа,

Әпкем-биші, Әкем-тұста.

Асқан шебер, Үй салады.

Атам-күйші. Жаз бен қыста.


Тапсырма:

Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді атаңдар.




Шығармалық диктанты

  1. Кітап, досың, сенің.

  2. Оқы, оны, көп.

  3. Болат, ұстады, балық, қармақпен.


Бақылау диктанты

ҚҰТЖОЛ

Марат пен Мұраттың әкесі бір қара күшік алып келді. Оған Құтжол деп ат қойды. Мұрат Құтжолға сүт құйып, тамақ бере бастады. Марат болса, күшіктің маңынан да жүрген жоқ. Күшік Мұратқа үйреніп, соңынан жүгіріп ойнайтынды шығарды. (35 сөз)


Тапсырма:

Жалқы есімдерді табыңдар.


ҚОЙДЫҢ ПАЙДАСЫ

Қой-өте пайдалы мал. Қазыр оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүнінен фабрикада түрлі маталар тоқылады. Терісінен былғары илейді. Одан аяқ киім, тон тігіледі. Қой етінен көптеген тамақтар, консервілер даярлайды. Сүтінен ірімшік, сыр, май өндіреді.(35 сөз)


Тапсырма:

Соңғы екі сөйлемді зат есімдердіңғ астын сызып, сұрақтарын жақша ішіне жазыңдар.


ДАНИЯР

Түн. Көкте жұлдыздар жымыңдайды. Толған Ай даланы күндізгідей жарқырап тұр. Даниярдың екі көзі аспанда. Бір кезде төбесінен гуілдеп ұшақ ұшып өтті. Оның көк, қызыл шамдары жанып барады. Болат құс бір сәтте көзден таса болды. Данияр ұшақтың соңынан ұзақ қарады. (40сөз)


Тапсырма:

Соңғы екі сөйлемдегі зат есәмдердің астын сызып, сұрақтарын жақша ішіне жазыңдар.









ЕТІСТІК

Сөздік диктанты

  1. Тікті, оқыды, оқып отыр, ойнады, тіге бастады, ойнап жүр, келді, жүрді, келе жатыр, жүзді, көріп жүр, жүзіп келе жатыр.

Тапсырма:

Дара етістікті бір бөлек, күрделі етістікті бір бөлек жазыңдар.

  1. Кісінейді, мөңірейді, ызыңдайды, үреді, қаңсылайды, маңырайды, шықылақтайды, боздайды, боталайды, бұзаулайды, құлындайды, төлдейді.

Тапсырма:

Жуан естілетін сөздерді бір бөлек, жәңәшке естілетін сөздерді бір бөлек жазыңдар.


Көру диктанты

КҮШІГІМ

Қозы-лақты бағады,

Қылығымен жағады.

Жоғалса мал өрістен,

Іздеп жүріп табады.


Тапсырма:

Не істейді? Деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


МАҚАЛ

Торғай жаңбыр жауса, баласын қорғайды.

Бұршақ жауса, басын қорғайды.


Тапсырма:

Не істейді деген сұраққа жауап беретін сөздердің астын сызыңдар.


Шығармалық диктанты


Мұғалім сабақ түсіндірді

Оқушы кітап ойнайды

Оқушылар дойбы не істеді? оқыды

Балалар би биледі.










Бақылау диктанты


ҚАР

Боран таң ата таластады. Ақша қар қуанышы Тұраш пен сапашты тысқа еріксіз жетеледі. Олар шаналарын алыпр далаға шықты. Дәукен қарт ауланы басып қалған қарды күреп жатыр екен. Екі бала қартқа көмектесті. Лезде кең аулы қардан тазартылды. Тұраш пен сапаш енді Аяз ата соғуға кірісті. (44 сөз)

Тапсырма:

Дара етістіктің астын сызыңдар.


САҚШЫ САУЫСҚАН

Ашық жерде бөдене балапандарын жайып жүр еді. Күн жылы. Шөп қалың. Бөденелер алаңсыз.

Қарағайдың бұтағында сауысқан отырған. Ол шықылықтай бастады. Бөдене жан-жағына қарады. Жер бауырлап түлкі келеді екен. Бөденелер ұшып, бұтақтың басына қонды. Түлкі сауысқанға ыза болды.


Тапсырма:

Күрделе етістіктің астын сызыңдар.


СЫН ЕСІМ

Шығармашылық диктант


Мен... алма жедім. Сорпаның тұзы ... . Кәрімнің әжесі ... ертегі айтып берді. Зәуренің ... көйлегі бар. Біздің мектеп ... .


Тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.


Көру диктанты

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпірқосақ асылды.

Тапсырма:

Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді теріп жаз.





ЖҰМБАҚ

Төрт бұрышты,

Қатты.

Дәмін татсаң,

Тәтті.

Тапсырма:

Заттың саның білдіретін сөздердің астын сызыңдар.


Сөздік диктант

  1. Үлкен, қоңыр, жасыл, домалақ, қышқыл, күлгін, сопақ, ұсақ, тәтті, кіші, дәмді, ірі.

  2. Сұлу, әдемі, көркем, көрікті, ажарлы, ащы, тұщы, боз, тар, кең.


Бақылау диктанты

КӨБЕЛЕК

Жаз. Шабындықта түрлі гүлдер жайнап тұр. Көбелектер гүлден гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге қонады. Сары көбелек сары гүлге қонады. Көк көбелек көк гүлге қонады. Мұның мәні бар. Бір кезде қарлығаш ұшып келеді. Ол көбелектерді таба алмай қойды. Өйткені көбелектердің түсі гүлдердің түсімен бірдей. Көбелектер өзін жаудан осылай өорғанады. (50 сөз)


Тапсырма:

Сын есімдердің астын сызыңдар.


МЕКТЕП БАҒЫ

Құрылысшылар бізге былтыр жаңа мектеп салып берді. Мектебіміз екі қабатты үлкен болды. Сынып бөлмелері кең әрі жарық. Есік, терезелері көк сырмен бөялған. Терезелер биік. Мектеп маңына жасыл ағаштар мен түрлі гүлдер отырғыздық. Гүл алаңын жасадық. Айнала арқылы орындықтар қойдық. Қазір мектебіміздің айналасы көкпеңбек болып құлпырып тұр. (46 сөз)


Тапсырма:

Сын есімдердің астын сызыңдар.








САН ЕСІМ

Сөздік диктант

  1. Сандарды сөзбен жазыңдар: 5,7,13,19,20,35,58,76,100,514,114.

  2. Есептік сан есімді ретті сан есімге айналдырып жазыңдар: бір, үш, бес, тоғыз, отыз, қырық, елу, алпыс жетпіс, сексен, тоқсан, жүз.



Көру диктанты


МАҚАЛ

Емініп тапқанның

Екі көзі шығады.

Еңбекпен тапқанны,

Екі бүйірі шығады.

Тапсырма:

Сан есімдерді табыңдар.


ЖҰМБАҚ

Төрт саусағы сүйір,

Өзі шөпке үйір. (А...).


Тапсырма:

Сан есімдерді табыңдар.


Шығармашылық диктант

  1. бітірді, Қанат, сыныпты, үздік, биыл, екінші.

  2. сыныпта, отыз, бар, біздің, оқушы.

  3. Қайрат, орта, жеті он, мектептегі, жасында, бітірді.



Бақылау диктанты


МЕНІҢ АТАМ ЕКЕУ

Мен екінші сыныпта оқимын. Менің екі атам бар. Біреуі-әкемнің әкесі. Екінші-анамның әкесі. Үлкен атам тоқсан бес жаста. Кіші атам сексен жетіде. Үлкен атам әлі қайратты. Ол көбіне жаяу жүреді. Мен секілді асықпайды. Кейде мені қасына ертіп алады. Көп ертегі айтып береді. Менің атам екеу. Мен бақытты немеремің (52 сөз).


Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңдар.





ТӨЛЕГЕН БАТЫР

Майданда Төлеген автоматшылар ротасына барды. Төлеген төрт күн соғысты. Төрт күннің ішінде ол талай жауды жайратып салды. Ұрыстың төртінші күні жау қатты шабуыл жасады. Біздің ерлер қайыспады. Төлеген ротаның ең алдына жатты. Бір кезде ол бүйірінен жақындап келген жау офицерін көрді. Төлеген атып жіберді. Бұл оның соңғы оғы еді. Осы кезде Төлегеннің озіне оқтиді. (57 сөз).




Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңдар.


ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ


Бақылау диктанты



ҚҰЛЫН

Атам жайлаудан құлынды бие мініп келді. Мен құлынның қасына жақындауға қорықтым. Біраздан кейін тәуекелге бел будым. Құлын менен үркіп, біраз жерге ұзап барып, осқыра қарап тұрды. Қайта келіп есік алдындағы шелекті иіскелей бастады. Құлын шөлдеген екен. Мен оған шелекпен су бердім. Құлын суды ұзақ ішті. Осылайша екеуіміз достасып кеттік. (50 сөз)













3- СЫНЫП

2- сыныпта өткенді қайталау


Сөздік диктанты

1. Мая, таяқ, шаян, тұяқ, саяз, баяу, Сая, Жансая, ұялшақ, Ғалия, тақия, қария.

2. Аю, ою, оюшы, көркею, есею, тою, қараю, еңкею, күшею, тыңаю, молаю, жымию.

Тапсырма:

Я, ю әріптерінің астын сызыңдар.


Көру диктанты


Күз келді. Жапырақтар сарғайды. Оқушылар мектепке келді.

Тапсырма:

Кімдер? Нелер? cұрақтарына жауап беретін сөздің астын сызыңдар.


МАҚАЛ

Ішің ауырса, аузыңды тый,

Көзің ауырса, қолыңды тый.

Тапсырма:

Аузыңды, қолыңды сөздерін буынға бөліп жазыңдар.


Шығармашылық диктанты


1.Шөп, әкем, маялады.

2.Өзен суы, молаяды, көктемде.

3.Ғ, дауыссыз, дыбыс, ұяң.

4.Оқушы, Әлия, озат.


Бақылау диктанты


Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. Бұлбұлдардың әсем даусы естілмейтін болды. Досымен ажырасатын сағат таянғанына жабырқады ма? Бозторғай да әндетіп сайраудан қалды. Қаздар мен тырналар жылы жаққа кетіп жатты. Бозторғай өзі ұя салған жеріне алғыс айтуға келді. Бозторғй мекенімен қоштасты. (41 сөз).

Тапсырма:

Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.




ҚАЙТПАЙ ҚАЛҒАН ҚАРЛЫҒАШ


Асан ерте тұрып, терезеден сыртқа көз жіберді. Айнала аппақ қар. Киінді де, тысқа шықты.

Күрек алайын деп қораға кірді. Есік маңдайшасында бүрісіп отырған қарлығашқа көзі түсті. Өзі асыраған қарлығаш. Атасы кигізген сақинадан таныды. Бұл жайды атасына айтты. Қарлығаш қанатынан жараланыпты. Оны үйде күтіп ұстауға тура келді. Сөйтіп Асан кішкене досын қамқорлыққа алды. (51 сөз).

Тапсырма:

Қарлығаш, қамқорлыққа сөзін буынға бөліңдер.


ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП


Сөздік диктант

1.Электр, экран, экипаж, вагон, вокзал, трамбай, фонтан, телефон, футбол, жираф, лифт, автобус.

Тапсырма:

Э, в, ф әліптерінің астын сызыңдар.

2.Чемодан, чемпион, ащы, тұщы, плащ, цирк, циркуль, хат, хабар, халық, қаһарман, жиһаз.

Тапсырма:

Ч, ц, щ, х әріптерінің астын сызыңдар.


Көру диктанты

Келбетінде ұлылық,

Даладан кең пейілді.

Ана деген- жылылық,

Ана деген- мейірім.

Тапсырма:

Өлеңді буынға бөліп,көшіріп жазыңдар.


МАҚАЛ

Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

Тапсырма:

Етістіктің астын сызыңдар.


Шығармашылық диктант


Мектеп биік

Сынып қандай? кең

Парта кішкене

Үй үлкен.



Бақылау диктант


ҚАСҚЫР МЕН ҚОЯН

Қасқыр мен қоян жолдас болыпты. Екеуі бір- біріне тиіспеуге және тапқан- таянғандарын бөліп жеуге келісіпті. Осылайша көп уақыт өтеді. Қыс түседі. Олар үңгірлерінен ұзап шыға алмайтын болады. Көлденең табыс жоқ. Екеуі жинаған азықарын жеуге кіріседі. Қасқыр озбырлығын білдіреді. Өзі тамақтың ең жақсысын тоя жеді. Қоянды ескеру, аяу болмады. Қоян байғұстың көнбеске лажы жоқ. (50 сөз).

Тапсырма:

Я әрпі бар сөздердің астын сызыңдар.


ӘЖЕМНІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІ

Ағайым Хамит соғыс майданына кетті. Хафиза жеңгей, Халима үшеуміз ферма шөбін тасуға шықтық. Біз үш шана шөпті тез тиеп алдық. Бірақ жаяу боран қатая, қаһарлана түсті. Біз фермаға әрең жеттік. Мен үйге келісімен ауырдым. Ыстығым көтерілді. Маған әжемнің ертегілері жәрдемдесті. Әжем жиһан қаһарман батырлар туралы бірнеше ертегі айтып берді. Ол ертегілер аурудан тез жазылуыма көмектесті. (58 сөз).

Тапсырма:

Х, Һ дыбыстарының астын сызыңдар.

СӨЙЛЕМ. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ


Көру диктанты

Бүгін сыныпта Айжн кезекші. Ол терезені ашты. Гүлдерге су құйды.

Тапсырма:

Әр сөйлемде неше сөз бар екенін табыңдар.


Көрсін біздей балғынды.

Көңілденсін ел енді.

Шырқатайық ән- жырды,

Шырқатайық өлеңді.

Тапсырма:

Өлеңнің соңғы жолын буынға бөліп жазыңдар.


Өздік диктант


Орман, қайың, үйеңкі, емен, қарағаш, сәмбітал, найзағай, ақ жаңбыр, кемпірқосақ, таза ауа, жарқырап.

Тапсырма:

Осы сөздерді қтыстырып, шағын мәтін құраңдар. Қалаған бір сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.



Шығармашылық диктант

1.Шөп, кім, қозыларға, берді.

2.Тақтаны, кезекші, ме, сүртті.

3.Таза, ауа, қандай.

4.Аққала, балалар, жасады, қардан.

Тапсырма:

Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазыңдар. Тиісті тыныс белгілерін қойыңдар.


Бақылау диктанты


ҚЫС ХАБАРШЫСЫ

Қараша- қыс хабаршысы. Бұл айда қара суық күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз тұра бастайды. Күн қысқарады. Қою қараңғы түн ұзарады. Тау бастарын қар басады. Қыс ызғары күшеюге айналады. Қою бұлт қанатын жаяды. Оқушылар алғашқы тоқсан қорытындысына әзірленеді. Олар сабақты жақсы үлгнріммен аяқтауға тырысады. Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс ызғары сезіліп тұрады. Қараша- күздің соңғы айы. (55 сөз).

Тапсырма:

Ю, я әрпі бар сөздердің астың сызыңдар, сол сөздерді буынға бөліп жазыңдар.


АҢШЫ САМАТ

Сегіз жасар Самат көлге тартты. Көл ауылдан едәуір алыс еді. Онда құс өте көп болатын. Саматтың ойы- үйрекке тұзақ құру. Ол көлге келді. Су бетінде үйреек қаптап жүр. Самат қунып кетті. Дереу көлдің жиегіне тұзақ құрды. Өзі қалың шөптің арасына жасырынып жатты. Көп уақыт күтті. Тұзаққа үйрек түспеді. Сматтың шыдамы таусылды. Ол тұзағын жинап алды. (57 сөз).

Тапсырма:

Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.


КИІК

Қысқы демалыс кезі болатын. Марат отардағы атасының үйіне келді. Атасы таңертең немересін кештеу оятты. Екеуі отарды қора маңындғы шөмелерге үйірді. Үйге кіріп шай ішті. Біраздан соң қойды көруге далаға шықты. Екеуі қызықтың үстінен түсті. Қойлардың арасында үш киік жүр. Мараттың дала сұлуларын алғаш көруі еді. Ол әсем жануарларға сүйсіне қарай берді. Ол киіктерге қатты қызықты. (56 сөз).

Тапсырма:

Соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.



СӨЗ. СӨЗ ҚҰРАМЫ

Сөздік диктант

1.Бірлік, үлкендік, сауатты, көрме, есті, батырлық, желсіз, аңшы, іскер, кезекші, оқыды, үйректер, сауыншы.

2.Орындық, теңізші, етікші, сауықшыл, іскер, көлшік, қалалық, оқулық, ұшқыштар, жыршы, күйші, әнші, басшы, жылқышы, сыйлы.

3.Балықшы, көкшіл, ұшты, түсінді, егінші, қыздар, биші, айдай, көрікті, жібектей, ағаштар, тоқымашы, мүсінші.

Тапсырмма:

Түбір сөздерді қосымшадан сызықшамен бөліп жазыңдар. Бұл сөздерге қосымшаның қай түрі жалғанған?


Көру диктанты


Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Тапсырма:

Өлеңдегі түбір күйінде айтылған сөздерді тап.


ЖАҢЫЛТПАШ

Жалқаудың жалқауланғаны-

Жорта аңқауланғаны.

Тапсырма:

Қосымшалы сөздерді табыңдар.


Шығармашылық диктант


Көп нүктенің орнына бастауыш болатын сөзді тауып жаз.

...шықылықтайды.

...қаңқылдайды.

...сайрайды.

...ұлиды.

Бұлар жай сөйлемнің қай түрі екенін айтыңдар.

...сабақ оқытты.

...етік тікті.

...егін екті.

...мал бағып жүр.

Бұлар жай сөйлемнің қай түрі екенін айтыңдар.






Бақылау диктанты

БАЛАПАНДАР

Ағам маған бір шұбар тауық, оның артынан ерген алты балапанын береді. Олар бізге тез үйреніп кетті. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі де арасында жеп жүрді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандар үлкейіп қалған еді. Алтауы бір- бірінен айырылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі бірігіп сол балапанды іздейді.


ДОСТАР

Зейін бақта жүр. Қарақат бұталардың сыртына мойнын созып қарап қояды. Бұқпантайлап ілгері жылжиды. Кішкентай денесімен бүрісіп отыра қалады. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң- шошаң етеді. Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерлерге үйір болып кетті. Бала торғайлардың бақтан кетпегенін ұнатты. Құстар адамның айнымас досы ғой. (61 сөз).


СӨЗ ТАПТАРЫ. ЗАТ ЕСІМ


Сөздік диктант

1.Қауын, жайын, шай, арай, сусын, суық, баула, жауыр, тәуекел.

2.Пірім, үйір, биік, жиі, кимешек, киелі.

3.Сыйластық, тыйым, жиын, жайын, қират, тиін.

Тапсырма:

Сөздерді буынға бөліп жзыңдар. И, й, у дыбыстары дауысты болс, астын- бір, дауыссыз болса, астын екі сызыңдар.


Көру диктанты

Анаң- күнің, жүрегің.

Әкең- өмір тірегің.

Сен- бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын!

Тапсырма:

Кім? Не?сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.







ЖАҢЫЛТПАШ

Шалғы шап,

Шөп шап.

Шөп шапсаң, көп шап.

Тапсырма:

Не? Сұрағына жауап беретін сөздің астын сыз.


Шығармашылық диктант


ҰЙҚАСЫН ТАП

Тастан- тасқа секірген,

Шұнаңдап ойнап есірген.

Құйрығы келте- шұнақ,

Оның аты-.....


Теңбіл түсті, өзі ширақ,

Ұзын мойын, ұзын сирақ,

Білгің келсе, аты-.....


Мүйізі тік

Қойдан биік.

Оның аты-.....


Тоны түкті түрпі,

Оның аты-.....


Бақылау диктанты

ҚОС ҚАРЛЫҒАШ

Қатты ұйықтап кетіппін. Бір кезде шошып ояндым. Ол былай болды. Бетімді әлдекім әлсін- әлсін желпіп отырған сияқты. Көңілім оянса да, көзім ұйқыда болып жат бердім. Қарлығаштардың шиқылдағаны естілді. Көзімді ашып, айналға қарадым. Қара шұбар жылан ұяғ өрмелеп барады екен.

Мен бұдан әрі тұра алмадым. Таяқпен жыланды салып қалып едім, ол сылқ етіп жерге түсті. (63 сөз).

Тапсырма:

Зат есімдердің астын сызыңдар.








КӨМЕК

Гүлнар мен Нұрсәуле бір аулада тұрады. Бір сыныпта оқиды. Бір күні олар стадиондағы спорт жарысына қатысты. Сол жолы Гүлнар қапылыста қатты жығылып, аяғын жарақаттап алды. Ал Нұрсәуле ауру жолдасына күнде барып тұрды. Ол Гүлнарға өтілген сабақтарды түсіндірді. Үйге берілген тапсырмаларды екеуі бірге дайындады. Нұрсәуле Гұлнардың сабақтан кейін қалмауына жолдастық көмек көрсетті.( 56 сөз).


ЕТІСТІК

Сөздік диктант

Үңгірлерді, үтіктеп жатыр, құйылды, үсіп кетті, үнемдеді, ызыңдап тұр, үлледі, бұйрды, ісіп кетті, ұмытты, жаза алмады, түгендеді, сіңіп кетті, ұқтырды.

Тапсырма:

Дара етістікті бір бөлек, күрделі етістікті бір бөлек жазыңдар.


Терме диктант

Табиғат, қонып отыр, сүңгіді, боран, аңдыды, құрылды, күманднды, алқап, ұлыды, кеуде, қуанды, аялады,қыңқылдайды, оқушы, иіді.

Тапсырма:

Етістіктерді теріп жаз.


Шығармашылық диктант

1.Қорықпа, ұмыт, құлшынба, төбелеспе, үңгіле, шытынама, жайыл, түрт, кескілеме, сұғар, жүгір, жағалама, сүй, сілкілеме.

Тапсырма:

Болымды етістіктерді бір бөлек, болымсыз етістіктерді бір бөлек жазыңдар.

2.Сәуле мектептен... . үйде анасы жалғыз отыр екен. Сәуле үстел басына ... . Қолына кітабын ... . Ертегі оқи ... . Анасы қызына ... .


Көру диктанты

ҚОРЫҚШЫ


Құстың тілін біледі,

Аңның тілін біледі.

Шөптің мыңын біледі,

Түгендеп ол жүреді.

Тапсырма:

Етістіктің астын сызыңдар.


МАҚАЛ



Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Тапсырма:

Болымсыз етістіктердің астын сызыңдар.


Бақылау диктанты


ЖОЛАУШЫ

Күн батты. Жолаушы атының басын тартты. Ат тоқтады. Жолаушы ат үстінде тұрып алысқа көз жіберді. Көз ұшында жылтылдаған от көрінді. Жолаушы солай қарай бұрылды. Аспанды жымыңдаған жұлдыз қаптады.

Жарқырап ай туды. Жолаушы оттан көз жазбай келеді. Алдынан көл шықты. Көлдің жағсында бірнеше кісі отыр. Олар от жағып, тамақ пісіріп жатыр. Жолаушы олардан жөн сұрасып тұр. (55 сөз).

Тапсырма:

Етістіктің астын сызыңдар.


КІРПІ

Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың ұшар бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бірнеше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп, қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе күткендей телміріп отыр.

Біз кірпілерге қарап тұрмыз. Ағаштың бастарынан кепкен саңырауқұлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты арқасындағы инедей тікендеріне шаншып алды. Осылайша інінің ішіне тасып жүр. (64 сөз).

Тапсырма:

Етістіктің астын сызыңдар.


АЮ ЖӘНЕ БӨРЕНЕ

Орман аралап келе жатқан бір аю бал арасына кез болыпты. Оның ағаш басындағы бал арасын жегісі келіпті. Ол ағашқа өрмелеп ұяға жақындайды. Бір бөрене кедергі жасайды. Балға ұмтылған ол бөренені итеріп жіберді. Бөрене қайта серпіліп аюдың басына сарт ете түсті. Қара күшке сенген аю бар пәрменімен қайта итерді. Бөрене аюдыц қатты екпінімен қайта ұрады. Оның құлағы шыңылдап құлап түседі. (60 сөз).





СЫН ЕСІМ


Сөздік диктант

1.Қу, ескі, тар, кең, ақ, қоңыр, адал, сұлу, семіз, тәуір, таяз, терең, жуас, тентек.

2.Жұқпалы, шоқпардай, көйлекшең, әуесқой, ұрыншақ, жылжымалы, жалақор, дәмді, сіңімді, жылаңқы.


Көру диктанты

ЖҮН БОЯУ

Ақ түбітті көбіне,

Ашық көкке салады.

Қызыл, сары, көгі де,

Көздің жауын алады.

Тапсырма:

Сын есімнің стын сызыңдар.

МАҚАЛ


Сулы жер құрақсыз болмас,

Таулы жер бұлақсыз болмас.

Тапсырма:

Сын есімнің астын сызыңдар.



Шығармашылық диктант

Үстел аласа

Орындық қандай биік

Шкаф жаңа

Тақта қара


Бақылау диктанты


РИЗАЛЫҚ


Айнала тып- тыныш. Жер бетін тегіс ақ қар басқан. Асқар мен Қанат жалғыз аяқ жолға түсіп, сабаққа келе жатыр. Жылтылдаған ақша қар көз қарықтырады.

Екеуі бірін- бірі қуалап, қар лақтырысып келеді. Күн бұлтты еді, түтеген долы боран басталды. Жаңа ғана мүлгиіп тұрған дүние лезде өзгере қалды. Екеуі мектепке қарай жүгіре жөнелді. Сол кезде жаңғырыққан дауыс естілді. Олар сүріне- қабына дауыс шыққан жаққа жүгірді. Бұл ызғырық боранд жаурап жылап отырған Нұрлыбек екен.




Балалар оны үйіне әкеліп, әжесінің қолына тапсырды. Әжей риза болып екеуінің бетінен алма- кезек сүйді. (80 сөз).

Тапсырма:

Сын есімдердің астын сызыңдар.


АҚБӨКЕН


Ақбөкендер ен даланы мекендейді. Олар топ- тобымен жайылады. Суаттан су ішеді. Кәрі ақбөкендер қарауыл қарап, қауіп төнсе, пысқырып дыбыс береді. Сол кезде олар жел қуған қаңбақтай жөңки жөнеледі. Ақбөкендер сырттай қарағанда қойға ұқсайды. Бөлекшелігі тұмсығы жалпақтау, басы үлкен. Артқы аяқтарынан алдыңғы аяқтары қысқалау. Көздері мөп- мөлдір. Ақбөкен өте сақ. Байыз таппай, жүре жайылады. Аса қатты шошынған кезде суаттан безіп, апталап, су ішпей жүреді. (63 сөз).

Тапсырма:

Сын есімдердің астын сызыңдар.


ШЫРШАЛЫ ТОҒАЙДА


Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте қараңғы тоғайға келіп кірдік. біздің қараңғы тоғайдан неғұрлым кешікпей шығып кеткіміз келді. Тап- тар соқпақ көрінді. Біз осы бір кішкентай ғана соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде дем алмақ болып жата қалдық. Көзіміз ілініп кетіпті. Бір кезде иттің үргені естілді. Ит қып- қызыл түлкіні қуып жүр екен. (66 сөз).

Тапсырма:

Сын есімнің астын сызыңдар.

Терме диктант


Мөлдір бұлақ,

Ақ құлдырап.

Майда құрақ,

Тұр сылдырап.


Гүлді көктем,

Қызық неткен!

Соны қуып кетейін,

Сонау қырға жетейін!

Тапсырма:

Сын есімдерді теріп жазыңдар.




САН ЕСІМ


Сөздік диктант


1.Үш, тоғыз, төртінші, алпыс, қырық бес, бір мың тоғыз, төрт жүз, бесінші, алты жүз жеті, тоқсан бес, мың сегіз жүз бес.

2.Алтау, алпысыншы, миллион, тоқсан тоғыз, отыз бірінші, жиырма сегізінші, қырық жеті, жүз отыз бес, жеті жүз жетпіс жеті, сексен.

3.Алпыс жетінші, жетпісінші, сексен үшінші, мың жиырмасыншы, тоқсан сегізінші, он жетінші, тоқсан тоғызыншы, он үшінші.



Көру диктанты

ЖАҢЫЛТПАШ

Бір жыңғылда,

Бір мың гүл.

Бір бұлбұлда,

Мың бір жыр.

Тапсырма:

Сан есімнің астын сызыңдар.



МАҚАЛ


Білгенің- бір тоғыз,

Білмегенің- тоқсан тоғыз.

Тапсырма:

Сан есімнің астын сызыңдар.


Терме диктант


Мөлдір, жеті, бес жүз бес, сызғыш, кесінді, жүздік, екі мың отыз, үшбұрыш, тоқсан сегіз, қырық тоғыз, алты жүз тоқсан бір, сәуле, қисық, қырық бес.

Тапсырма:

Сан есімдерді теріп жазыңдар.


Інім жеті жаста, мен он бір жастамын. Ол бірінші сыныпта, мен төртінші сыныпта оқимын.

Тапсырма:

Сан есімдерді теріп жазыңдар.





Шығармашылық диктант

МАҚАЛ

... ала болса, ауыздағы кетеді,

... түгел болса, төбедегі келеді.


МАҚАЛ

Бір кісі қазған құдықтан

... кісі су ішеді.


Бақылау диктанты

АЙЖАН МЕН АРМАН

Арман биыл төртінші сыныпта оқиды. Қарындасы Айжан екінші сыныпта. Екеуі де оқу озаттары. Айжан сурет салғанды ұнатады. Арманның да қолынан келмейтіні жоқ. Бірақ, қазір ғана біреуімен ойнап- күліп отырса, лезде ренжісіп қалады. Мамасы қызметіне кеткенде Арманға тапсырмаларын беріп кетеді. Арман дүкеннен нан әкеледі. Бұзаулы сиырға су беріп, шөп салады. Мамаларының айтқанын орындап болғаннан кейін Айжан сурет салып, Арман кітап оқиды. (59 сөз).

Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңдар.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ

Жамбыл Жабаев мың сегіз жүз қырық алтыншы жылы ақпан айында дүниеге келген. Оның әкесі Жабай, шешесі Ұлдан баласының атын өздерінің ата- қоныстары Жамбыл тауының атымен атаған. Жамбыл он төрт жасынан бастап биік дәрежеге көтерілген. Біріншісі- айтыс. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Екіншісі- ұзақ жырларды жатқа айту. Ол жүз жасаған- ақын. (65 сөз).

Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңдар.


ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ

Бақылау диктанты

ТҮЙЕ

Қазақ даласында орыстар шөл кемесі деп атап кеткен түйелер өте көп болған. Олар қос өркешті және жалғыз өркешті болып бөлінеді.

Түйе шөлге өте шыдамды жануар. Оны жазда тәулігіне бір- ақ рет, ал күзде және қыста жақын маңда суат болмаса екі- үш тәулікте бір- ақ рет суарады. Бұл жануар су таңдамайды.

Су таза ма немесе тұрып қалған ба, кермек пе, әлде ащы ма немесе мүлдем бүлініп кеткен бе оған бәрібір. (68 сөз).

Тапсырма:

Жануар сөзіне дыбыстық талдау жаса.





4- СЫНЫП


3- сыныпта өткенді қайталау


ДЫБЫС ЖӘНЕ ӘРІП. СӨЙЛЕМ


Сөздік диктант

Алам, бұйым, әңгіме, мұнай, үй, уылдырық, сұлы, өзен, орман, жусан, мыс, топырақ, алмұрт, ірімшік.

Тапсырма:

Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.


Таңертең, тыныштық, көгершін, бәйшешек, орақ, тұяқ, үйеңкі, ырыс, береке, қылыш, өлке, бауыр, сарымсақ, уық.

Тапсырма:

Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.


Көру диктанты

ЖАҢЫЛТПАШ

Іске тіл ілесе алады,

Тілге іс ілесе алмайды.

Тапсырма:

Әр сөзде неше дыбыс бар, және неше әріп барын айтыңдар.


Шығармашылық диктант

Қара ша... ан, ат. ...іл сүйегі, сұрап ... іл. Биік ...ау, бітпес ...ау. дос емес, қа..., қа... мойынды. Ке...ек тас, ке...ек сенікі.

Тапсырма:

Көп нүктенің орнына қатаң, ұяң дауыссыздардың тиістісін қойып жазыңдар.


Терме диктанты

Күз түсті. Күн суытты. Тұман түсті. Ағаш жапырақтары сарғайып, жерге түсті. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Жңбыр жауды. Дала көңілсіз.

Тапсырма:

Жалаң сөйлемдерді теріп жазыңдар.


Таң бозарды. Таңғы тыныштық орнады. Сәлден соң көкжиек арайланып, күн шығып келе жатты. Көшеде дамдар жүре бастады.

Тапсырма:

Жайылма сөйлемдерді теріп жазыңдар.





Бақылау диктанты

БИДАЙ КӨЖЕ

Әуес екеуміз Ақлима әжейге көмектесеміз. Әжей келінің ішіне шашыратқылап су құяды. Бидайды қалай түю керек, келсапты қалай ұстау керектігін үйретуден жалықпайды. Бидайды күзеп болған соң әжей ақ дорбасын жайып тастап, бидайды ұшыра бастайды. Содан соң қазанға салып, су құйып, астына бабымен от жағады. Қазанның бетін қаппен қымтап жабады. Көже қайнап, дайын болғанда құрт езіп қосады. Суыған дәмді көже- шөл қандыратын қасиетті сусын. (63 сөз).

Тапсырма:

Бидай, көже- сөздеріне дыбыстық талдау жасаңдар.


КҮШІК ПЕН МЫСЫҚ

Есік ашылып кетті. Үйден жүгіре шыққан сары мысық есік алдына шоқиып отыра қалды. Аула мен қора маңына көз тікті. Сарайдың сыртындағы күркесінде кішкентай сабалақ күшіктің бұйығып ұйықтап жатқанын көрді. Бұл күшік сары ала мысықтың досы. Оянып кеткен күшік мысықты көре сала қасына жүгіріп барып бірін- бірі қуаласып ойнай бастады. Үйдің иесі күшікке тамақ құйып шақырды. Күшік қасына келген мысыққа, мен тамақ ішіп болған соң тағы да қуаласпақ ойнаймыз деп ымдады. (70 сөз).

Тапсырма:

Алғашқы сөйлемде бастауыштың встын бір, баяндауыштың астын екі сызықпен сызыңдар.


БУЫН ҮНДЕСТІГІ

Сөздік диктант

1.клуб, ферма, ария, рейтинг, йирк.

2.балл, грам, кросс, киловатт.

Тапсырма:

Әр қатардағы сөздерге жалғау жалғап жазыңдар. Қалаған үш сөзге сөйлем құраңдар.


Өздік диктант

МАҚАЛ- МӘТЕЛДЕР

1.Биік төбеге шықсаң, көзің ашылар.

2.Жақсымен сөйлессең, көңілің ашылар.

3.Талапты бала талпынған құстай.

4.Пайдасыз білім- жауынсыз бұлт.

5.Өнер лды- қызыл тіл.

Тапсырма:

Жуан дауыстылардың астын бір, жіңішке дауыстылардың астын екі сызыңдар.


Шығармшылық диктант

Қазақтың тұрмыс- тіршілігінде төрт түлік малдың орны ерекше. Сондықтан балалардың аттарында да түлік атаулары жиі кездеседі.

Мысалы:

Тапсырма:

Мәтінді аяқтап жазыңдар. Адам аттарындағы буын үндестігіне түсінік беріңдер.


Бақылау диктанты

ҚОРҚЫТ АТА

Ғлымдардың зерттеуінше, Қорқыт ата осыдан бір мың екі жүз жыл бұрын өмір сүріпті. Осынша уақыт бойы ел есінен шықпай, аңыз- әңгімелері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасқандай ол кісінің қандай қасиеті бар.

Италиядағы Ватикан архивінде мынадай дерек бар: Расул пайғамбар заманына жақын кезде Сырдария бойында Қорқыт деген ер болыпты. Ол оғыз ішінде барлық елді өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Бәрі одан кеңес сұрап, ол не бұйырса, соны қабыл етеді. (68 сөз).

Тапсырма:

Зерттеуіне, қасиет, пайғамбар, оғыз, кеңес сөздерін буынға бөліп, мағынасын шыңдар.


ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІ

Сөздік диктант

1.Сейсенбай, Құрманғазы, Ақерке, Ақжайық.

2.Ақбай, Топайкөк, Есжан, Ботакөз, Құрасбек, Бақытгүл.

3.Клубтан, Махмұтовқа маркетингке, менеджменттен.

Тапсырма:

Әр қатардағы сөздерді оқып, олардың құрамындағы дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпалын ажыратыңдар.


Шығармашылық диктант

ЖҰМБАҚТАР

1.Бантигі бар басында,

Бір құс жүр үй қасында.

(тауық).

2.Қалпағынан бу шыққан,

Тұмсығынан су шыққан.

Ішегін өрт жайлаған,

Ал қарыны қайнаған.

(самаурын).

Тапсырма:

Жұмбақты шешіп, үндесетін сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызыңдар.





Өздік диктант

Құрақ, бұлақ, тарақ, лақ, мұрат, тұлып, құлып, күрек, жүрек, серік, көмек сөздерінің соңғы дыбысы қандай қосымшалардың әсерінен өзгеретінін жазыңдар, мысалдар бойынша дәлелдеңдер.


Бақылау диктанты

БЕЙМАЗА АЛИ

Жазу жайына қалды. әлиді жұбатпақ болам, жалынамын. Түсіндіріп айтқан болам. Түсінбейді. Ұрсып едім, бір сәтке томсырайып, тынышталып қалды. Сонан соң мен бөлмеге кіріп, қаламды қолыма алған кезде әніне қайта бастады.

Түске дейінгі уақыт осымен өтті. әли де ойнамайды, не жатпайды. Сыртқы есіктің алдында, бағанағы бір орында көз жасы тарам болып, әжесін іздеп, тынбай жылайды. (60 сөз).

Тапсырма:

Мәтіннен құрамындағы дауыссыз дыбыстары өзара үндесіп айтылатын сөздерді табыңдар.


СӨЗ ТІРКЕСІ, СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ СӨЙЛЕМ
МҮШЕЛЕРІ

Сөздік диктант

1.Тез оқу, ерте тұру, асықпай жазу, төмен түсу, оңға бұрылу, түрікше сөйлеу, кейін жылжу, жазда бару, дереу бастау, үнемі ойлау.

2.Жұмысқа бару, сабаққа дайындалу,жарысқа қатысу, үйге келу, дөңге шығу, суға шомылу, далаға шығу, малға қарау, үйірмеге жазылу, кезеккке тұру, беске оқу, керекке жарату.


Көру диктанты

Күн боратып басылды

Айнала түгел ашылды.

Күн батты да, тарыдай,

Көкке жұлдыз шашылды.

Тапсырмма:

Сөз тіркестерін табыңдар.


Шығармашылық диктант

Қар жауды. Айнала тегіс аппақ. Аңшылар аңға шықты. Аң көп.

Тапсырма:

Хабарлы сөйлемді сұрауды және лепті сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.


Жалғыз,отыр,Жақып,қарт. Келді,немересі,Бақытжан,оның. өзінің,білетін,атасына,айтты,өлең, тақпақтарын. Зеріккені,Жақып,қарттың,басылды.

Тапсырмма:

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.


Бақылау диктанты

ӘЖЕЙ МЕН БАЛАЛАР

Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде жалғыз басты сырқат әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан үйде жалғыз болмайды. Оған күн құрғатпай жақын жердегі мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық- түлік сатып әкелді. Қыздар дәмді тамақ жасап берді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жіберді. Соғыс жылдары ел басынан өткен қилы- қилы оқиғалар жайындағы әжейдің қызық әңгімелерін шәкірттер ынтыға тыңдайды. (66 сөз).

Тапсырма:

Жалғыз басты, күн құрғатпай деген тіркестердің мағынасын түсіндіріңдер. Осы әңгіменің негізінде қысқаша мазмұндама жазыңдар.


МАҢҒЫСТАУ

Маңғыстау түбегінің Қарақия, Қауынды өңістерінде болашағы мол саз қоры бар. Қатты желдің әсерінен тау кендерінің жалаңаштанып қалуынан түзілетін ақ түсті, ақшыл сұр, күлгін, қызғылт, сарғыш болып кездесетін өте тығыз тас, тастақты саз қабаты. Кен қалдықтарында жұқа қабат, бөлек- бөлек ұя, үлкен жиынтық күйінде де кездеседі.

Бұл саз, мұнай, газ, ұңғылардың бұрғылау кезінде аса қатты тұз қабаттары кездескен жағдайда өте қажет. Оны ерітінді күйінде қолдану, бұрғылау жұмыстарына кететін материалдарды 10-15 есе азайтады. (72 сөз).


СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАСЫ

Сөздік диктант

Ата- ана, үлкен- кіші, ел- жұрт, бала- шаға, қора- қора, іші- сырты, мая- мая, үйір- үйір, арба- арба, бұрқ- сарқ, жер- су, құрт- құмырсқа, ой- шұңқыр, бел- белес, тау- тас, жақсы- жаман, екі- үш, ескі- құсқы, ауыл- аймақ, жылы- жұмсақ, әрлі- берлі, жеті- сегіз, он- он бес.

Көкжиек, бұзаыубас, Жетіқарақшы, Сарыағаш, ақсақал, ақтас, алтыбақан, бірқазан, кемпірауыз, көксерке, ақбөкен, тасбақа, ешкім, ешбір, бірнеше, шекара, қосаяқ, Темірқазық, асқабақ, қырықаяқ.


Шығармашылық диктант

1.Маңдай тері де... төгілді, астық та ... болды (мол, көп).

2.Құлын жортпас құла ..., ел арқасы ... не іздедіңдер? (тұз, қиян).

3. ... тау мен ... шыңдар қол бұлғаап алыста қала берді (асқар, биік).

Тапсырма:

Көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөздердің тиістісін жазыңдар.







Көру диктанты

МАҚАЛ

Жомарт дос көбейтеді,

Сараң мал көбейтеді.

Тапсырма:

Қарсы мәндес сөздерді табыңдар.


МАҚАЛ

Көре- көре көсем болады,

Сөйлей- сөйлей шешен болады.

Тапсырма:

Қос сөздердің астын сызыңдар.


Бақылау диктанты

ТЕҢІЗ КӨГІНДЕ

Біз түн жамылып, сапарға аттандық. Жерде де, көкте де атыс. Тарс- тұрс еткен артиллерия үні. Жалт- жұлт еткен отты сәулелер бірде үстіңнен, бірде астыңнан жарқылдап өтіп жатыр. Төменде тәкаппар теңіңз көсіліп, ешбір қорқыныш сезбегендей, маңғаздана түсіп, тып- тыныш жылжып барады. Ал біз болсақ, қатты қорқып келеміз. өйткені, теңіз үстінен ұшқанымыз бірінші рет. Егер құлап түссек, теңіз түбіне бір-ақ кеттік деп ойлаймыз. Үн- түнсіз қиян- кескі атыстың арасымен көкті шарлап ұшып келеміз. Теңіздің бетімен біраз ұшқан соң, шетіне қарай ауысып, тіке Қырымға бет алдық.

Тапсырма:

Қос сөздердің астын сызыңдар.


БІР КҮНГІ АЙҚАСТА

Партизандар орман ішіне қарай жылжыды. Жолдасым Әлім арқалап келеді. Түн ортасында қатты жел тұрды. Жиектегі ағаш бұтақтары теңіз толқынындай шайқалады. Бір кезде аспанды қою қара бұлт басты. Ариынша селдете жауын құйды. әлсін- әлсін күн күркірейді. Найзағай жарқылдайды. Партизандар сонда да тоқтар емес. Жаралы жолдастарын кезек- кезек арқалаған бойы алға жылжып келеді. Жүріс өңбеді. Жауын басылмады. әбден шаршаған партизандар қалың қарағайдың бауырына тығылды. Екі- үш жігіт қарағай қабықтарынан күркелер жасалды. Оларға алдымен жаралыларды орналастырды.

Орман іші көзге түртсе көргісіз қараңғы. Маңай толған қанды балақ жау. Дауыстап сөйлеуге де шама жоқ.

Тапсырмалар:

Қос сөздердің астын сызыңдар.







СӨЗ ТАПТАРЫ. ЗАТ ЕСІМ

Терме дикктант

Жамбыл, он, түзу, көлеңке, бұйрық, кесу, жасау, дәнекер, жұмысшы, үлкен, ойлы, әркім, жапсарлар, дидар, алқап, қалпақты, кітапқұмар, жақсы, сөзшең, ұяң, нағыз, жазба, кел, кеме, үйреншікті, бор, берік, айна, айқын, жұмыр, қатты, ерік.

Тапсырма:

Зат есімдерді теріп жаз.


Өздік диктант

1.Әнші, қобыз.

Тапсырма:

Берілген сөздерді септеп жаз.

2.Ұста, биші, күйші.

Тапсырма:

Сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.


Шығармашылық диктант

1.Жүз... жүйрік, мың... тұлпар шығады.

2.Шегіртке ... қорыққан егін екпес.

3.Жақсы ...- шарапат, жаман ...- кесепат.

Тапсырма:

Көп нүктенің орнына шығыс септік жалғауларының тиістісін қойып жаз.


Бақылау диктанты

КЕШҚҰРЫМ

Айнала өрт қызылға боянып жалындаған күн көкжиектің кенересіне ілінген кешқұрым шақ. Соның арасында қозы маңырап, тай- құлын жарысып, бұзау- тайынша мөңіреп, ауыл сырты ызың- шуға бөленген. Ауылдың осынау қызығына қарап Майтөбенің басында үш- төрт қария отыр. Батқан күннің шапағы астында анадайда доп қуып жүрген балаларға анда- санда көз қиықтарын салып қояды.

Дәл осы сәтте киіктіңм асығындай қара баланың аяғына доп ілінді де, қарсы қақпаға қарай зымырай жөнелді. Оның шапшаңдығына көз ілеспейді. өзін қуып келе жатқан ұзынтұра шаңын да көрсетпеді. (76 сөз).

Тапсырма:

Қозы сөзін септеп жазыңдар.


БӘЙГЕ

Үлкен бір тойда бәйге болды. Сабыр торыға мініп шапты. Басын ақ шыт орамалмен байлап алды. Төреші бәрін қатар тұрғызып, қолындағы жалаушасын сілкіп қалды. Дала дүбірлеп кетті. Сәйгүліктер сатыр- сұтыр шаба жөнелді. Көк ала шаң аспанға көтерілді. әуелгіде топтары жазылмады. Сосын жүйріктер



суырылып алға шыға бастады. Атының көзін шаң баспас үшін мойнын жел жаққа бұрды. Иен далада қиқулап келеді. Бәрінің үміті- бәйгенің алды. Жол- ұзақ, жиырма бес шақырым.

Үш ат суырылып алға шықты.

Жұлдыздай аққан Торы қарақшыдан бірінші болып өтті. (78 сөз).

Тапсырма:

Төреші сөзін жіктеп жаз.


ЕТІСТІК

Сөздік диктанты

1.Қиып тұрмын, көміп отырмыз, суарып жүрсіңдер, өткізіп жүрміз, түгендеп отыр, тоңып отырсыздар, ұйымдастырып жүр, ұмытып отыр.

2.Отырды, шапалақтады, бұйырды, ауыстырды, үйірді, тіміскіледі, қауіптеніпті, күңіренді, айырылыпты, дабылдатты, бәсекелесті, титықтады.


Көру диктанты

Өзім күтем өзімді,

Екі етпеймін сөзіңді.

Шашылғанды жинаймын,

Еңбегіңді сыйлаймын.

Тапсырма:

Етістіктердің астын сызыңдар.

ЖАҢЫЛТПАШ

Үш кісі ішік пішті,

Бес кіші ішік пісті,

Қанша кісі ішік пішті?

Тапсырма:

Етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңдар.


Шығармашылық диктант

Таран, өсір, шеш, жуын, түзе, жық, қоректен, жадыра, күлімсіре, көтеріл, той.

Тапсырма:

Етістіктерді келер шақ етістіктеріне айналдырып жазыңдар.












Бақылау диктанты

ҰРШЫҚ

Кішкентай Салтанат демалыс кезінде ауылдағы әжесіне барды. әжесінің ертелі- кеш ұршық иіретінін байқады. Салтанатқа әжесі өз ісін үйретті.

Демалыс аяқталды. Салтанат қалаға қайтатын болды. әжесі немересіне ұршық сыйлады. Оған қоса бір бжүн берді. Салтагат ұршық пен жүнді өзімен бірге алып кетті. Ұршықты күніне бір мезгіл иіріп тұрды. Жүн таусылды. Салтанат мұны айтып, ауылға хат жазды. әжесі бір жолаушыдан жүн беріп жіберіпті.

Салтанат ұршықты жақсы иіретін болды. Ол биялай, шұлық тоқыды. Апасы оны мақтады. (74 сөз).

Тапсырма:

Ұршық сөзін септеп жаз.


ШАПАҚ

Керім сурет салып отыр. Үлкен сурет дәптерінің бір беті қып- қызыл. Түймедей дөңгелектен жан- жағына найзадай ұзын- ұзын қызыл жолақтар тарамданыпты. Оның астында көлденең көлбеген өркеш- өркеш тау сұлбалары көрінеді. Ол да қызыл.

Керім ештеңеге алаңдамайды. Мойнын иығына қарай сәл тұқыртып алған. Бүкіл ынтасы қағазда.

Тәтесі Жамал інісінің зеректігіне таңғалды.

Керімнен үлкен болса да, күн шапағының кереметін әлі байқамай жүргеніне іштей өкінгенін Жамал інісіне сездіоген жоқ. өзі де оәға шомды. Сол көріністі көруге ынтықты. (70 сөз).

Тапсырма:

Салып отыр сөзін жіктеп жаз.


СЫН ЕСІМ

Сөздік диктант

1.Мықты, сақ, сұңғақ, сазды, әсем, сылбыр, көңілсіз, ынталы, биязы, келбетті, тапқыр, әділетті, жайлы, ақылды.

2.Сары ала, қара, қыр мұрынды, ақ құба, бұйра шашты, қара қоңыр, жып- жылы, көк ала, топ- толық, шоп- шолақ.


Шығармашылық диктант

... аспан, ...нан, ... дос, ... тақтай, ... сызық, ... түс, ... киім, ... жер, ... топырақ, ... ою, ... қария, ... ат.

Тапсырма:

Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңдар.







Терме диктант

Әдемі көйлек, қатты тас, қалың шілік, сұр бұлт, жарық жұлдыз, қарлы боран, ерке қыз, көңілді кеш, салқын су, қоңыр тақта, қою түтін, шөл дала, тәтті тағам, кең бөлме.

Тапсырма:

Сын есімдерді теріп жазыңдар.


Көру диктанты

АЮ

Тауға шықсаң- қалың қар.

Сайға түссең- қалың қар.

Шырша үсті қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

Тапсырма:

Сын есімдерді табыңдар.


МАҚАЛ

Білімді мыңды жығар,

Білекті бірді жығар.

Тапсырма:

Сын есімдерді табыңдар.


Бақылау диктанты

АҚПАН

Жылдың аязы қатты, бораны аздау айы- ақпан. Бұл да жан- жануарлар қыстан қатты қысылады.

Ақпан айының жылы күндерінде қар ептеп еріп, түнде қатып, қатқақ болады. Қар астындағы тышқандар жұқа мұзды тұмсықтарымен бұзып шығады. Малшылар малды жылы қорада ұстайды. Далаға күн жылығанда шығарады. Диқандар көктемге әзірленіп, қарбалас жұмыс басталады. Техника құралдарын жөндеуден өткізеді. Қар астында қалған өсімдік дәндерін түйе құлақ сұр тышқан, кейде құстар тауып жейді. Оңтүстікке күн жылы шырай білдіріп, күндіз қар ери бастайды. Бұл көктемнің белгісі. (77 сөз).

Тапсырма:

Сын есімнің астын сызыңдар.










ТУҒАН ӨЛКЕ

Нұржан атасының үйіне ауылға келді. Дала табиғатының мұншалықты сұлу екендігін енді байқады. Үй жанында сылдырап өзен ағып жатыр. Қызылды- жасылды кең алқап- бәрі- бәрі Нұржанның көңілін баурап алды. Ол тау құшағынан арайланып шығып келе жатқан күнге қызыға қарады.

өзен жағасындағы көк шүйгінге қозы- лақтарды жайды. Табиғат туралы өлең де шығарды. Туған өлкенің қадірін түсінді.

Нұржан қалаға қайтты. Достарына өзінің көрген- білгендерін айтып берді.(62 сөз).

Тапсырма:

Сын есімдер бар сөз тіркестерін теріп жазыңдар.


САН ЕСІМ

Терме диктант


Сұйықтау, төрт- бес, алпыс- жетпістей, бес, қызғылт, еден, отыз- елу, бір- бірден, көл, төл, нөл, үш миллион алты жүз алпыс бес, жеті, қайың, мың жеті жүз, тоқсан үш, он төрт.

Тапсырма:

Сан есімдерді теріп жазыңдар.


Көру диктанты

ЖҰМБАҚ

Салтанат болса екіде,

Бақытжан да екіде.

Екеуін қоссаң, шырағым,

Саматтың жасы шығады.

Саматтың жасы нешеде?

Шешуі: 4-те

Тапсырма:

Дара сан есімдердің астын сызыңдар.


Екі қолды қосқанда,

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспандап

Ұшады емес пе?

Тапсырма:

Дара сан есімдердің астын сызыңдар.








Шығармашылық диктант


Сенің отбасыңда неше адам бар?

Өзің нешедесің?

Бір жылда неше ай, неше апта, неше тәулік бар?

Бір метрде неше сантиметр бар?

Тапсырма:

Сұраққа жауап беріп, сан есімдердің астын сызыңдар.




Бақылау диктанты

СІЛЕУСІН


Сілеусін таулы, орманды жерлерде мекендейді. Ол- ірі тұлғалы мысық тұқымдас хайуанат. Реңі біркелкі болмай, теңбіл- теңбіл болып келеді. Құйрығы шолақ. өте епті, ағашқа өрмелеп шығып, бірінен екіншісіне секіре алатын күшті жыртқыш. Дене тұрқы тоқсан екіден бес сантиметрге дейін жетеді. Ал салмағы сегіз- он бес килограмм болады.

Сілеусін жемін сақтықпен оңтайлы кездерді аңдып жүріп аулайды. Көбінесе құр мен ақ қоянды қорек етеді. Кейде елік пен бұғыға да шабуыл жасайды. Олар орман мысықтарын да аулайды.

Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңдар.


ДИНА


Дина тоғыз жасының өзінде-ақ атақты күйшілердің күйін нәшіне келтіріп тартқан. әйгелі Құрманғазы күйші қызды арнайы іздеп келіп, батасын берген.

Сол Дина тоқсан жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таңғалдырған.

Бір мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы Дина Алматыға тұңғыш келеді. Ол өнерін бүкіл республикаға паш етеді.

Дина- қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із салған біртуар дарын иесі. Оның күйшілік өнерінің бастауы Құрманғазы мен Дәулеткерейден басталады. Екі ұлы күйшінің өнерінен тел суындай Дина- өзіндік өрнегін тапқан күйші. (77 сөз).

Тапсырма:

Сан есімдердің астын сызыңғдар.






ҮСТЕУ. ШЫЛАУ. ОДАҒАЙ

Сөздік диктант

1.Кеше, жуырда, соңыра, енді, бүрсігүні, жаздыгүні, қыстыгүні, күздігүні, жазда, қыста, күзде, көктемде, былтыр, жылда, таңертең, кещке, әлгінде, әлдеқашан, бұрын, ерте, кеш, соң.

2.Бәрекелді, түу, әттең, япырай, пай-пай, ойпыр-ай, қап, ойбай-ай, ей, әй, ой, тіфу, ай-ай, мәссаған, ау, алақай, уһ, шіркін-ай, тәйт, шөре-шөре, құру-құру, моһ-моһ, ауқау-ауқау, кәк-кәк.


Көру диктанты

ЖАҢЫЛТПАШ

Дәптерім дәптер-ақ,

Жоғалтқан «Қап!» дер-ақ еді.

Қажетке көп жарар еді,

Алі де көп жері ақ ед.

Тапсырма:

Одағай сөздерді табыңдар.


ЕЛ МЕН ЖЕР

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да

Туып өскен ел қымбат.

Тапсырма:

Шылаулардың астын сызыңдар.


Шығармашылық диктант

Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қойып жаз.

Қос ана ғой көк ... жер!

Береке ... байлық бөккен жер.


Тәтті ұйқыға батырдым,

Ормандар ... бақтырды.

Тапасырма:

Шылаулардың астын сызыңдар.


Әттең, ойпырай, ой, оу, мәссаған, әй, қойшы.

Тапсырма:

Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құра.






Бақылау диктанты

АҚҚУ

Мен шыққан төбе онша биік емес. Мен төменге көз салдым. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күні көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп жүр. Көлдің қамыс жақ жиегінде қоңыржай қасқалдақтар жүзіп барады. Үп еткен жел жоқ. Көл суы мөлдіреп жатыр.

Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Қос сұлу құс қанаттарының сабысына қайран қалып тұрмын. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.

Тапсырма:

Үстеудің астын сызыңдар.


СЫЛТАУ

Кетуге тура келді. Оғагн себепкер- Нұртазаның үйі. Оның өзі де, баласы да. Туыстары да Мұстафаның үйінен шығуға мені үздіксіз азғырды. Сондағы айтары- бурыл бие мен оның құлыны. Бұл- менің ең жанды жеріме тиетін сөз.

Мұстафаның үйінен кетудің себебі табыла қалды. Мұстафаның баласыц Ғаббаспен арамызда кикілжің бола беретін. Мен оған соқтыға беретін болдым. Мұстафа маған болысады. Мен үшін оны талай рет сабады да.

Бір күні Ғаббасқа қиынсыз соқтыққанымызды көрген Мұстафа мені шапалақпен жаққа тартып қалды. Сылтау табылды. Мен үйден шыға жөнелдім.

Тапсырма:

Шылаудың астын сызыңдар.


САБАҚ

Аянның үйіне ауылдан атасы келді.

-Әй,Аян,-деді мамасы,- мен тамақ әзірлейін. Сен жүгіріп барып дүкеннен нан әкеле қойшы!

Аян тез оралды.

-Ой,нан жаман екен, бір-ақ бөлке алдым,-деді ол үйге кірген бетте.

Сонда диванда отырған атасы:

-Тәйт,олай деме! Бұл сөзді кімнен естідің? Нанның жаманы болмайды. Шикі, күйген, ашығаны болады. Оған наубайлар кінәлі. Бұдан былай жаман нан дегенді айтпа, балам.

Тапсырма:

Одағайдың астын сызыңдар.




ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Ш. Әуелбаев, М. Молдатаева. Сауат ашуға арналған дикдактикалық материалдар.

  2. Қ. Мырзалиев, М. Жұмабекова. Ана тіліне арналған дидактикалық материалдар.

  3. Б. Баймұратова, Р. Ізғұттыновна. Ана тілі хрестоматиясы.

  4. Г. И. Уәйісова, Ә. Е. Жұмабаева. Қазақ тілі оқулығы.

  5. Қазақ тіліне арналған дидактикалық материалдар.

  6. «Айгөлек» журналы.

  7. «Балдырған» журналы.

  8. «Бастауыш мектеп» журналы.

  9. «Бастауыш сыныпта оқыту» журналы.

10. Қазақ тілі әдістемесі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы

Автор: Аппасова Рыскуль Сагимбаевна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390265

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "«Бастауыш сыныптар?а арнал?ан  диктанттар жина?ы» "
    ["seo_title"] => string(53) "bastauysh-synyptarg-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y-1"
    ["file_id"] => string(6) "195296"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1427891426"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "бастауыш сыныптар?а арнал?ан диктанттар"
    ["seo_title"] => string(42) "bastauysh-synyptarg-a-arnalg-an-diktanttar"
    ["file_id"] => string(6) "300636"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1456765356"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР?А АРНАЛ?АН ДИКТАНТТАР ЖИНА?Ы "
    ["seo_title"] => string(51) "bastauysh-synyptarg-a-arnalg-an-diktanttar-zhinag-y"
    ["file_id"] => string(6) "189319"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426865897"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "1 сынып ?шін       "Ба?ылау ж?мыстары жина?ы""
    ["seo_title"] => string(35) "1synypushinbakylauzhumystaryzhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "322128"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1461511654"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Дикданттар жинағы" 1-4 сыныптар"
    ["seo_title"] => string(32) "dikdanttar_zhinag_y_1_4_synyptar"
    ["file_id"] => string(6) "438442"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510509233"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства