kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доклад для учителей начальных классов. Прочитала в методсовете.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру.»

Бастауыш сыныпта «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру.


І. Кіріспе: Тәуелсіз елімізді бір мақсат,бір мүдде, бір болашаққа жұмылдырып отырған Елбасымыз өз жолдауында «Біз үшін ортақ тағдыр- бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы »,- деген болатын.

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық. Ендігі жерде байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік елімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

Бұл идеяны жүзеге асыру үшін мектептерде мақсатты түрде тәрбие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барлық оқу пәндерінің тәрбиелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пәндер рухани-адамгершілік қасиеттері мен білім алушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, қазақстандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілікке, ұлттық сана-сезім мен толеранттылыққа бағытталуы тиіс. Бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбие жұмысының негізі, бастауыш мектепте оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Сондықтан ұстаздарымыз күнделікті кез келген пәнді оқыту барысында әрбір сабақта «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылардың бойына сіңіруді естен шығармағаны жөн.

ІІ. Негізгі бөлім: Қазақстан халқына Жолдауында ұлт Көшбасшысы: «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек», - деп көрсеткен болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін оқытуда басым мақсаттарды басшылыққа аламыз. Осы орайда :

  • Бастауыш мектепте «Мәңгілік ел» идеясы бойынша берген білім мен тәрбиемізден не күтеміз?

  • Қандай нәтиже шығады?

  • Оны қалай жүзеге асырамыз? деген сұрақтар туындайтыны анық.

Бұл сұрақтарға жауапты 1-4 сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу арқылы табамыз дегім келеді. Мысалы:

Әдебиеттік оқу пәні  бойынша 2-4 сыныптарда берілген тақырыптар ата-ананы құрметтеуге, елін-жерін сүюге, отансүйгіштік қасиеттерін оятуға арналған. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Үш жүздің билерінің астарлы шешендік сөздерінің негізгі идеясын меңгерте отырып, ата-бабаларымыздың ерліктері мен тауып айтылған шешімдерін балаларға ұғындырып отырамыз. Басты ұстаным -балаларды шыншылдыққа, әділдікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлы ақындары мен жазушыларының шығармалары арқылы оқушы бойына жетіспейтін қасиеттерді дарытамыз. Тек оқулықпен ғана шектелмей, іздену арқылы өздеріне қажетті материалдарды өз бетімен ізеніп, тауып алуға тапсырмалар беріліп отырады. Осы тәсіл арқылы оқушы өз бетімен білім алуға дағдыланады.Мысалы пән бойынша 2-сыныпта оқушыларға ел, ана тілі, отбасы тақырыптарында шығарма, ой-толғаулар жазу, ребус, сөзжұмбақтар құрастыруды, сурет арқылы бейнелеуді үнемі талап етемін. Оқушылар үлкен қызығушылықпен орындайды.

Дүниетану пәнін оқытуда «Қоғам», «Туған елОтан» тарауларында ұлттық құндылық негізінде білім мен тәрбие аса жоғары дәрежеде беріледі. Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғауға, туған жердің өсімдіктері мен жануарларына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеп, оқушы дүниетанымын кеңейтеміз.

Математика пәні оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Математика сабағында қазақтың байырғы қара есептері мен логикалық есептері оқушының жас ерекшелігіне сай пайдаланылады.

Еңбекке баулу, өнер сабақтарын негізгі пәндермен байланыстыра отырып оқытуда оқушы іс-әрекет арқылы білім алады. Өмірге деген, өнерге деген сүйіспеншілігі артады. Өзіне өзі қызмет ете алады. Айналадағы дүниенің қадір қасиетін түсінеді. Өзін тануға мүмкіндік болады.

«Ұлт мұрасы» тәрбие жұмыстарының аймақтық кешенді бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оқушыға тәрбие беруде кез-келген тәрбие сағаттарының негізгі мақсаты оқушы бойына отансүйгіш, имандылық, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруына ықпал ету. Әр сынып сағаттарының өтілу барысын өзгертіп, тақырыптың мағынасына үңілуге, ондағы «Мен не үйрендім? Мен қалай үйренемін? Мен оны қайдан аламын?» сұрақтарына жауапты өз бойынан табуға тарту. 2-сыныпта өткен «Қазақстан –азат елім айбынды», «Отбасым-бақыт мекенім», «Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер», «Жақсы деген немене, жаман деген немене», «Ғасырдың ғажап азаматы» тақырыптарындағы тәрбие сағаттарында балалардың бойында отансүйгіш, имандылық, рухани- адамгершілік қасиеттері артты деп есептеймін.

Сапалы білім мен жақсы тәрбие – ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі процесс. Ол мұғалім қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, ата-ананың отбасындағы тәрбиені ұйымдастыруына байланысты. Бала тәрбиесіне мектеп пен отбасының ықпалы күшті болса, болашақ жас жеткіншектерге берген тәрбиенің нәтижесі де сапалы болмақ.

ІІІ. Қорытынды: Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін
Сен жанбасаң лапылдап,
Мен жанбасам лапылдап,
Аспан қайдан ашылмақ деп - Омар Хайам айтқандай оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуы керек.

Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" идеясын ұстанған мемлекет боламыз.

  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бастауыш мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру.

Автор: Кожагалиева Гульжайнар Набигалиевна

Дата: 11.01.2017

Номер свидетельства: 377988

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – бастауыш мектептегі рухани – адамгершілік тәрбие мен білім негізі."
    ["seo_title"] => string(80) "m_n_ghilik_iel_u_lttyk_idieiasy_bastauysh_miektieptieghi_rukhani_adamghiershilik"
    ["file_id"] => string(6) "403403"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1490524895"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету"
    ["seo_title"] => string(80) "zhalpy_bilim_bierietin_miektieptie_ozin_ozi_tanu_p_nin_psikhologhiialyk_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "353579"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850881"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама"
    ["seo_title"] => string(51) "ekologhiialyk_bilim_mien_t_rbiieni_damytu_baiandama"
    ["file_id"] => string(6) "380306"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1484632899"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства