Оқушылардың білім деңгейін тексеру.Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу, танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту, адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Бақылау диктанты.»
Күні:17.03.2017ж
Пәні:қазақ тілі
Тақырыбы: Бақылау диктанты.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру.Оқушыларға диктант жаздыра отырып, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу, танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту, адамгершілікке, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі:диктанттар жинағы
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
-Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ Мақсат қою кезеңі. Бүгінгі сабақта біз диктант жазамыз. Диктант жазуға дайынбыз ба? Ондай болса жұмысты бастамас бұрын есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық:
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Сөйлем қандай әріптен басталады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ІІІ. Білімдерін тексеру: Диктант мәтінін мұғалім 2 рет дауыстап оқып, қиын сөзді тақтаға жазады.
Әйгерім апа
Біз атаммен бірге Әйгерім апаның үйіне талай барғанбыз.Сонда алты қанатүйдің төрінде көзі мейірімді бір ақсақал отыратын.Ол жазық маңдай ,қара торы ,кеуделі кісі еді.Ата бізді құшағын жайып қарсы алатын,маңдайымыздан сүйетін.Ол Абай ата.
Біз Әйгерім апамның үйіне баруға үнемі асығатынбыз.Әйгерім апа сас сабырлы кісі еді.Тез қимылдай қоймайтын.Әйгерім апа алдымен кереге басына байыптап көз салады.Төсектің бас жағында тұрған сандыққа қарайды.Бешпетін алады.Жан қалтасын қарайды.Бір шумақ кілті сылдыр ете түскенде,біз қатты қуанамыз.Әйгерім апа сандықты ашып,бізге тәтті үлестіретін. (88 сөз)