Просмотр содержимого документа
«Байқоңыр. Ғарышқа ұшу»
16.04.2014 1 Ж сыныбы
Сабақтыңтақырыбы : 158-159 жаттығу.Байқоңыр. Ғарышқа ұшу
Сабақтың мақсаты : Өлеңді мәнерлеп оқып,ғарышкер туралы түсінік алады, өзіндік әрекет жасауына ықпал ету.
Әдіс тәсілдер : Топтық жұмыс,сыни тұрғыдан ойлау(ассосация, Джигсо),диалогтік оқыту,Ізденіске итермелеу
Модульдер: ЖЕСО,СТО,ОБжК
Күтілетін нәтиже : Өлеңді мәнерлеп оқиды,Байқоңыр ғарыш айлағы туралы ұғынады,тұңғыш ғарышкер және тұңғыш қазақ ғарышкер туралы біледі,эссе жазуды үйрене бастайды.
Бағалау : Бас бармақты көтеру арқылы
Ресурстар : Юрий Гагарин, Тоқтар Әубәкіров,ғарыш айлағы,ғарыш кемесі суреттері, ребус,фазылдар,маркер,стикер,смайликтер.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгелдеу. Көңіл күй ахуалын қалыптастыру.
Күлім қағып жанарым
Бір,екі,үш деп соғамын.
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен былғайын
Жылы -жылы сөзбенен,
Маңдайымнан сипайын.
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлаймын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын.
Амандасып сенімен
Құшақтасып алайын.
Түрлі-түсті фигуралар арқылы оқушыларды 4- топқа бөлу:
I топ "Достық" III топ "Алғырлар"
II топ "Зеректер" IV топ "Тапқырлар"
II. Негізгі бөлім
Ассосация арқылы балалардың қызығушылығын ояту және жаңа сабақ тақырыбын ашу.
жұлдыз
күн ай ғарыш
Талғат Тоқтар
Юрий Биік
Адам жер
Байқоңыр
III.Мағынаны тану , топтық жұмыстар
"Байқоңыр" Е.Ерботин өлеңін ортаға қойып жұппен ,топпен оқыту.
Өлең оқу критерийлерін еске түсіріп жіберу
Түсініктерін сұрақ-жауап арылы қорыту.
Джигсо әдісі арқылы "Ғарышқа ұшу" мәтінімен жұмыс жасау
Өлең оқуға критерийлер құру
1.Мәнерлеп оқуы
2.Қатесіз оқуы
3.Дауыс ырғағы
"Бас бармақты көтеру арқылы" бағалау.
Сергіту сәті
ІV.Дәптермен жұмыс
158 - жаттығу .Өлеңді оқып шығып,көшіріп жазыңдар.
V.Топтық тапсырма ,суреттердің бөлшектерін тауып құрастыру
ой толғаныс .Кері байланыс арқылы өлең және мәтін мазмұнын қорытындылау.
1) Ғарыш кемесі - Бүгінгі сабақта не үйрендім?
2) Жұлдыз - Тұңғыш ғарышкер кім ?
3) Ғарышкер - Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?
4) Күн- Ғарыш кемесі қайда ұшырылатынын білесің бе ?
VII.Қорытынды бөлім
- Балалар бүгінгі сабақта қандай мамандық жайлы үйрендік ?
- Алдыңғы сабақтарда қандай мамандықтар жайлы білдіңдер ?
- Өздерің өскенде қандай мамандық таңдар едіңдер ?
Рефлексия.Стикерлерге "Бүгінгі сабақтан алған әсерім" жөнінде жазып Қанағаттандым, көңілім толмады белгілеріне апарып жапсырады.