1 -тапсырма. Балалар мына көріністен не байқадық. Қандай дыбыс естідік. Ненің даусы. -Бақа. Жарайсыңдар, осы бақа сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр. -Б б дыбысы. Бүгін біз Бб дыбысымен танысамыз.(Баспа және жазба түрімен таныстыру).Б дыбысы дауыссыз дыбыс. Сөз басында және ортасында кездеседі. Балалар бақаға көмек керек сияқты бәріміз көмектесіп жіберейікші. Ол судан жағаға шығып кетіпті. Қайтадан үйіне оралу үшін біз тапсырма орындауымыз керек. Тапсырма былай екен балалар, бақбақ сөзіне дыбыстық талдау жасауымыз керек. (бір оқушы тақтаға, қалған оқушы орнында орындайды). Балалар мына суретке қараңдаршы бақбақ гүлі қиындыққа тап болған сияқты, біз бақбақ гүліне көмектесіп жіберейік. 2-тапсырма. Дидактикалық ойын: "Буынға буын қос". Ба, бу,бо,бұ. Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінін дамыту. Сөздерді оқыту: Оқулықпен жұмыс. қа та бө Ба бо рік лық лат кө Ас қа бақ---бақ ша---ша бақ---бақ бақ Б б дыбысынан келетін сөздер білеміз бе? Жарайсыңдар балалар, біз бақбақ гүлін гүлдендіріп қайтадан әдемі қалпына келуге көмектестік. Бақбақ гүлі табиғаттың қай бөлігіне жатады? Сергіту сәті. Оқылым: Мәтінмен жұмыс №1«Бор неден жасалады? Бор-түсі ақ біркелкі ұсақ түйірлі кальций корбанатынан құралған шөгінді жыныс. Жұптық жұмыс: №2 Берілген сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогты сыныптасыңмен рөлге бөліп оқы. -Бор неден жасалады? -Саған кімнің сөзі ұнады? Дәптермен жұмыс. Қосымша тапсырма: Болат, балықшы сөздеріне дыбыстық буындық талдау жасауды жұптық жұмыс түрінде ұйымдастыру. Сабақтың соңында «жоғалған әріптер» ойынын ойнату арқылы Б б дыбысын еске сақтауға ықпал жасау. |