kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аттанайық бала шақтан, болашаққа" кластан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар өлең, тақпақ айтты. Білімдерін көрсетті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«бастауышпен коштасу 2015»



Тақырыбы: Аттанайық бала шақтан, болашаққа.


М: Тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді уйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аттанайық бала шақтан, болашаққа» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!!!

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер!!! Бүгін бәріміз үшін ерекше күн. Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді музыка әуенімен ортаға шақырайық!!!

Мейірімді дос іздесең,

Сыныптан біздің табылар.

Қамқорлықты жаны сүйген,

Айғанымдай бала бар.


Өзі кіші болғанмен,

Оны батыр деседі.

Есептеуден ауызша,

Бірінші Ернұр шешеді.


Ұқыптылық бар бойына дарыған,

Әлия біздің сыныптағы мақтаныш.

Ауданға барып, орын алып жараған,

Ойласаңдар, бұл не деген қанша күш!


Талапты, әрі үлгілі

Тәртіпті ғана біледі.

Жұлдыз біздің осындай,

Әрдайым өзі сабақта

Әдепті боп жүреді.


Жауаптылықты сезінген,

Кішкентай бала кезінен.

Ақылды сөзді естисің,

Динараның әрбір сөзінен.



М: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын алты жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап «Әлліппемен қоштасу», дәстүрлі наурыз тойлары, «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы». Мәнерлеп оқу сайыстарымен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сынып аралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталғаны сөзсіз. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағыда есейгелі отыр. Ендеше білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса балаларымызға сөз берейік.







1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ.

Әніменен жырына тарландарым сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.


2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер.

Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.


1-2 жүргізушілер: Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!!


1-жүргізуші:

Көрінетін биіктен асқақ іспен

Баулитұғын білімге жас кішіден.

4-жыл бойы біліммен сусындатқан

Қоштасқалы күн келді бастауышпен.

Бастауышты халық та дәріптеген

«Білім көзі» деген сөз анық екен.

Өйткені бастауышта балаң шыбық

Ең алғаш танысады әріппенен.

- Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4-сыныптың «Аттанайық бала шақтан болашаққа» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!


2-жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,

Мұндай күн болған сірә қаншаңызда?

Қол соғып, қошеметпен шақырайық

4-сыныпты ортамызға.


1-жүргізуші: Иә, бүгін бізде үлкен қуаныш. Себебі біз білім бастауы бастауышпен қоштасқалы тұрмыз.


2-жүргізуші: Сенің мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезің есіңде ме?


1-жүргізуші: Иә, Біз алғаш мектепке келгенде әліпбидегі әріптерді танымадық, оларды бірге қосып оқып, жаза алмадық. Осының бәрін үйреткен «Әліппе» оқулығы емес пе?


2-жүргізуші: Иә, «Әліппе» оқулығы бізге көп нәрсені үйретті. «Әліппе» арқылы әріптердің бәрін танып, оқи алатын болдық. Ал, балалар, тағы басқа нені үйрендік?


(Оқушылар айтады)


М: Өте жақсы, балалар. Ендігі кезекті сендердің білімдеріңе берсек қайтеді. Тақтадан ұяшық таңдау арқылы сұрақтарға жауап береміз.


( Оқушылар жауап береді)


М: Әрине, балалар, тақырыптар мен сұрақтарды 1сағ-та барлығын қамту мүмкін емес. Ең бастысы бірнеше сұрақтарға жауап алып, білімдеріңді тексеріп көрдік. Келесі кезекті оқушылардың өнерлеріне берейік.


1-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,- деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып , 42 әріпті танытқан, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын не айтар едің, Динара?


2-жүргізуші: «Ұстаз!»Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жас жеткіншектер де бір адамға қарыздар.

Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны адамзат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек. Әр шәкіртін өз баласынан

кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен ұстаз еңбегі шексіз.


1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Динара, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.


2-жүргізуші: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: « Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!



(Оқушылар тақпақ айтады)


1-жүргізуші: Хор: «Ұстазым»


(Оқушылар тақпақ айтады)


2-ж: Жұлдызды « Алғашқы ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.


(Тақпақ Әлия)


1-ж: Хор: «Мектебім»


2-ж: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген,-дегендей әкенің орны бөлек.


1-ж: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.


2-ж: Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!


1-ж: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін.


Келесі кезекті Ернұр мен Динараның «Қос бәйтерегім» Әніне береміз


2-ж: көркем сөз- «Ана» оқитын Жұлдыз


1-ж: Жұлдызды өзбек биімен ортаға шақырайық.


2-ж: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу - мінездің күн-шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы, - дей келе Айғаным мен Әлияны «Ұстазым» әнімен ортаға шақырамыз.


1-ж: Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді ортаға біз шақырып,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.


Қыздардың орындауында « Қазақ биі»


2-ж: Қыздарды Жастар биімен ортаға шақырамыз.


1-ж: Өтті сенде қызық шағым,

«Бастауышым- балбұлағым»

Қоштасар күн жетті, міне,

Қимастықпен қол бұлғаймыз.

2-ж: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе,

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.

Шәкірттер, тыңдаңыздар ұстаз сөзін

Сіздерге арнап айтар тілегін де,- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз.

(Ұстаз тілегі)

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік- шәкірттерім ертеңіне.

Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.


М: Келесі құттықтау сөзді 4-сынып оқушыларының ата-аналарына береміз.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Аттанайық бала шақтан, болашаққа" кластан тыс шара

Автор: Жанқылышева Амангүл Зейноллақызы

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 403039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства