kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

мақсаты :балаларды адамгершілікке,патриоттыққа тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасы»»

Тәрбие сағат тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалар.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады. «Әнұран»


Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.


Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941 жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 73 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 73 жылдығы.


Үнтаспадан тыңдау:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді.

Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.


Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.


Соғыс жалмап аға - іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.


Клара

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қанат:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап.
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ.


:
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар
Жиырма сегіз шың болып. (Слайд 28 панфиловшы - батырлар)

_________________________________________________________

Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 366 мыңға жуық қазақстандықтар болған.

Бұл Қазақ халқының 20 %-ы. Оның 601 939-ы соғыс алаңында мәңгілікке қалып қойған.

Қазақстандық жауынгерлердің 528-і Кеңес Одағының батыры, ал 4 –уі Кеңес Одағының Екі дүркін батыры атағын алды.

Олар: Сергей Луганский, Талғат Бегельдинов, Леонид Беда және Иван Павлов.


Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.


Ұлмира:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аты аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.


Дияна:

Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз!


Ерасыл:

Қайтпаған жауынан

Қаһарман Бауыржан

Қан ішер фашисті

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан

Есімде сақталады

Ұрпағы ұмытпайды.

Өмірінен үлгі алады.


_______________орындауында «Шығыстың қос жұлдызы» әні.


- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.


«Соғыстан қатқан солдаттар» әні


Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.


Арылтып жаудан жерінді

Табанға жаншып өлімді

Жеңіспен желпіп өмірді

Оралды ерлер көңілді

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні!



- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.


Мерей_:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға.


Самал:

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.


Бакдаулет:

Жүйрік озар әйгілі

Күні бүгін бәйгенің

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

_______________________________ «Жеңіс күні» әні


Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б. өз жерлестеріміз: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.


1 минут еске алу. (әуен ойнайды.)


Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік.


Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.

Дінмұхаммед:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат
Туып - өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерін қымбат

Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем, көруге асығамын, сағынамын. Мен өз Отанымды өте қатты жақсы көремін! Отанымды көркейтіп, өркендету үшін сабағымды жақсы оқып, көп еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.


Мен ата - бабаның, ата - анамның, туған - туысымның, дос - жарамның үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш - жігерімді салып, уәдемді орындаймын. Мұндай іске біздер, Қазақстанның азаматтары бір - бірімізге көмектесеміз деп ойлаймын. Сол үмітті ақтауға тырысамын, бүкіл күш - жігерімді салып, уәдемді орындаймын және еліміздің барлық жастарын шақырамын.



Жетпіс жылда өтелмей парызымыз,
Туған тілдің алдында қарызымыз.
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай,
Арымызға айтайық арызды біз.


Адель:
Азаттықты аңсаған еркін елміз,
Дос пейілді ұлттарға жаны - көлміз.
Ұшқан құстың қанаты талатұғын
Көк аспанбыз, көсілең - алтын төрміз.

Саят:
Отаным бар, ордам бар мақтанатын,
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын.
Бізді осындай егемен ел болсын деп,
Қазақстанда шығарған жастар атын.


Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? (солдаттар)


Нұрислам:

Шекарада солдат тұр.

Ел бақытын қорғап тұр.

Көңілденсін ағалар,

Амандық хат жолдап тұр.




Ән: «Атамекен» Тәрбиеші:

Осымен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ұлы жеңіс – жасасын!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ Тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасы»

Автор: Кошниязова Ораз Онгаровна

Дата: 01.06.2018

Номер свидетельства: 471816

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ашы? саба? "Дастар?ан басында" "
    ["seo_title"] => string(30) "ashyk-sabak-dastark-an-basynda"
    ["file_id"] => string(6) "194840"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427816529"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Сауат ашу пәнінен"
    ["seo_title"] => string(19) "sauat_ashu_p_ninien"
    ["file_id"] => string(6) "451989"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516721971"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(44) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "301481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929977"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "Ша?ыра?ым шатты?ым та?ырыбында?ы т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(45) "shanyragymshattygymtakyrybyndagytrbiiesagaty1"
    ["file_id"] => string(6) "301482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1456929985"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства