Оқушылар белгілі тапсырмаларды орындай арқылы жаңа сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтай алады.Өткен шақ, келер шақ етістіктерді еске түсіреді. Арнайы логикалық тапсырмалар арқылы логикалық қабілеттерін жетілдіреді.
Білімділік: Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
