Сабақтың тақырыбы: Үлкен болған кезімде Сыйлы болам өзім де С.Көбеев. Атасы мен немересі. | Бекітемін: Мұғалімнің аты-жөні:А.Ж.Баймаханова Күні:13.10.2017 жыл |
Сынып: 2 «А» | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: |
Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу. 2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. 2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен санамақтар құрастыру. |
Сабақ нәтижесі: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. |
Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. |
Сабақтың жоспары |
Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері |
Басталуы 5 минут | Ширату Психологиялық дайындық. - Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, мейірімді, жарық, Болып кетер сонда дереу жан – жағым. Мұғалім: - Біз қандаймыз? - Біз көңілдіміз! - Біз қандаймыз? - Біз батылмыз! Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз? Оқушылар: керемет қылып өткіземіз. Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз. -Ата,әке,бала деп 3 топқа бөлу Үй тапсырмасын тексеру. «Аквариум» әдісі арқылы сұрақтар қойып,жауап аламын. | «Күннің жылуы» Тренинг. |
Жаңа білім 10 минут | Білу және түсіну Сәлемдеме. Жұмбақ Айтары мол ғұлама,көп жасаған бұл адам, Әкесі ол әкеңнің,білер оны сұраған.Ол кім? Ата Олай болса,бүгінгі сабақ тақырыбы «Атасы мен немересі» Автор туралы айтамын. Спандияр Көбеев 1878 жылы туып, 1956 жылы 78 жасқа қараған шағында өмірден өткен.Ол Қостанай облысында туған. Балаларға арналған «Үлгілі бала» атты кітабы бар. -Мәтінді өзім оқимын. -Топпен,жұппен,дара оқытамын. Сөздікпен жұмыс Аяқ-үлкен жайпақ тостаған,тостақ. Топпен жұмыс 1-топ:Мәтіннен әкесі мен баласының сөздерін тауып оқы 2-топ:Әңгімеден үлкенді сыйламауды қандай әрекеттерден байқауға болады? 3-топ:Мәтіннен қартаюдың белгілерін ата. | Оқулық, мәтіндер. |
Ортасы 10 минут | Қолдану «Атаның немереге өсиеті» бейне көрініс көрсетіледі. Бейне көріністі қарай отырып,қалыптастырушы бағалауды орындайды. Тапсырма: 1.Суретті мұқият қара. 2.Сурет бойынша бір сөйлем құрастырып жаз. Сергіту сәті Шығармашылық тапсырма 1-топ:Отбасы мүшелерін айтып беріңдер? 2-топ:Отбасыңдағы үлкендерге ең жылы сөздеріңді арна. Ардақты........ Ең сүйікті......... Аса қадірлі................ Ең қымбатты.............. 3-топ:жеті атаны ретімен орналастыр. | |
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут | Бес жолды өлең Ата Ақылды,көпті көрген,қамқоршы Ақыл айтады,еркелетеді,қыдыртады Ата-бәйтерек,біз-жапырағымыз. Қария «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса. Ұлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де. Қорытынды сөз:«Атаңа не қылсаң,алдыңа сол келер» | |
Бағалау 5 минут Кері байланыс 3 минут | Әр тапсырманы орындаған сайын әр топқа мөр басып отырамын.Сабақ соңында санаймын. Ағашқа сабақты түсінгеніне,түсінбегеніне және жартылай түсінгеніне қарай стикер жапсырады. | Мөр Ағаштар, стикер. |
Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс. |
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы Байланыс |
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |