kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашық сабақ қазақ тілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін таныту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ қазақ тілі»



Бекітемін:

Күні: 17.10.2018ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, құрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
2. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
3. Тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, қайталау, салыстыру, ізденушілік.

Сабақтың көрнекіліг: Интерактивті тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық:

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын, мына бейнетаспаға мұқият қарайықшы.

- Бейнетаспадан нені көрдік?

(Қызылорда қаласы туралы.)

  • Өте жақсы! Биыл біздің қаламызға неше жыл толды?

  • 200 жыл

  • Қаламыздың тарихи аттарымен топқа бөлеміз.

Балалар өздеріне ұнаған түстерді алады, парақша артында Ақмешіт, Перовск, Қызылорда сөздері болады. Сол атаулар бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ. Ақмешіт

2-топ. Перовск

3-топ. Қызылорда

Балалар өзіміздің туған қаламызға деген құрметімізді сабақ барысында көрсететін боласыңдар, сабақта қаламыздың тарихи жерлеріне саяхатқа шығамыз. Әр жердің өз тапсырмаларын орындаймыз.

Алыстан ат арытып келген меймандарын қарсы алатын вокзалдың өзі 1900-1905 жылдар аралығында Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылғаннан кейін салынған. Қызылорда облысының барлық ауданы темір жолдың бойында орналасқандықтан аудандардағы вокзал құрылысының тарихы сол жылдармен тұспа-тұс келеді.

Бірінші баратын жеріміз «Темір жол вокзалы»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1- тапсырмасы

«Миға шабуыл» өткен тақырыптар бойынша сұрақтар
- Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге болады?
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыштың дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелердің ережесін айт.

ІІІ. Жаңа сабақ

1). 2-тапсырма. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын білу үшін, біз сеңдермен осы адасқан әріптердің ішінен тақырыбымызды табу керекпіз.

«Мюнстерберг әдісі»

Артклуотрнкосөйлемніңлдцладжудклрбпюолдлдждмбюдарамммүнділпвпкгдпжәнеьььмаььтроачлтлікдншгкпарокүрделікөеьвденшкмивжаремлесімпркмүшелерігулыьапосто

Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстырып оқып, қарамен жазылған сөйлем мүшелеріне сұрақ қой. Не байқадың?

Аптада жеті күн бар. Бір жылда он екі ай бар.

Айгүл мектепке келді. Дулат үйге келе жатыр.

Ақ көбелек гүлге қонды. Ақ сары балапан сүйкімді-ақ.

Бірінші бағандағы сөйлем мүшелері бір ғана сөзден жасалған. Ал екінші бағандағы сөйлем мүшелері екі сөзден жасалған.

Ереже: Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасала береді.

Жеке бір сөзден жасалған сөйлем мүшесін дара мүше деп атайды: Марал мектепке келді.

Екі не одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесін күрделі мүше деп атайды: Марал мектепке келе жатыр.

2) Екінші баратын жеріміз Айтбай мешіті .

Айтбай мешіті Қызылорда қаласында орналасқан сәулет өнері ескерткіші. 1878 жылы Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген.

3) 1-тапсырмасы, жеке жұмыс, дәптермен жұмыс. Көркем жазу Ққ Қазақстан Қызылорда қазақ Қайрат

«Кім жылдам?» ойыны. Суретті сөзбен жазып, сөйлем құрастырып, сөйлемнен дара, күрделі мүшелерді табу.

Дәрігер, құс, оқушы.

Дәрігер ауруды емдеп отыр. Құс аспанда ұшып жүр. Айдос Батырұлы- оқушы.

4). 2-тапсырмасы. Топпен жұмыс. «Біздің тақырып»

1-топ. Жаңылпашты оқып, жатқа жаз. Күрделі мүшені тап, оның қай сөзбен байланысқанын сызбамен көрсет.

Толағайдың торы ала аты бар.

Толағай, торы ала атыңды тағалатып ал.

1-топ. Мәтінмен жұмыс. Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болып тұрғанын дәлелде.

Мамықтай майда қар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып, қалқып келіп түсіп жатыр. Ауаның да салқын, сергек лебі шарпып өтті. Қосман атын жетелеп қойына қарай аяңдады.

Жауған қарды елең қылмай қой-ешкілер жайылып жүр. Жоталарына бір еліден аппақ қар тұрған.

Иесіне жауап қатқандай қара ала лақ маңырап қоя берді. Өзге қойлар да жерден басын алып, бақташысына қарады.

3- топ. Ешкі малын сипаттап жаз. Құраған мәтініңдегі сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

5). Сергіту сәті «Бір әріптің ізімен» Ооо Ттт Ккк Жжж Ддд Ммм
Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты. Талғат тырмамен тырмалады. Жазира жазықта жүгірді. Мәлік машинаны майлады.

6). Келесі баратын жеріміз- Қорқыт Ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіш-кешені

Ескерткіш Қызылорда қаласы, Сырдария өзенінің жағасында, ойшыл,  пәлсапашы, ақын және сазгер Қорқыт бабаға арналып тұрғызылған. Ескерткіш өзінің көлемдік – кеңістіктік жобалауы жағынан монументальдық пішінімен ерекшеленеді. Авторы – Жаркен Исмағұлов. Биіктігі – 12 м. Биік етіп көтерілген тұғырға орнатылған үш қырлы бөлік ішкі ойығы арқылы  қобыз бейнесін көрсетеді. Ортасында желмаяға мінген Қорқыт Ата қобызымен бейнеленген.

7). 1- тапсырмасы. Жұптық жұмыс. «Ойлан, ізден» ойыны

1-топ, сәйкестігін тап.

Дара мүше Бала орманға барды.

Күрделі мүше Болат қағаздан кеме жасады.

Көшеттерді суаруға он бір бала бөлінді.

Қызыл ала көбелек гүлге қонды.

Орман желмен тербеледі.



2-топ. Сөйлемдерді аударып, толықтырып жаз

Бүгін (среда). Мен (в школу ) барамын. Мектепте (урок) оқимын. Бізде (сегодня) бес сабақ. Қазақ тілі сабағында (я) қазақша сөйлеймін. 



3-топ «Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)

2-тапсырмасы ҰЖ «Венн диаграммасы» арқылы сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін салыстырады.

Дара сөйлем мүшелері күрделі

Бір сөзден екі не одан да көп сөзден

Кейбір оқушылар: сөйлемнің дара мүшесі

Ашық сұрақтар:

  • Сөйлем дегеніміз не?

  • Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

  • Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

  • Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

  • Сөйлемнің дара , күрделі мүшелері дегеніміз не?

Рефлексия .

Қаламыздың 200 жылдығында ерекше тарихи жерге барып таныстық. Сабақтан алған әсерлеріңді «Жетістік қақпасы» арқылы бағалайық.

Жетістік қақпасы» әдісі .

Егер бүгінгі сабақ кезінде қызығушылығымды сезініп, мағлұмат жинасаңдар алтын медалді қақпаның ішіне;



Егер бүгінгі сабақтан әлі де сұрақтарым бар десеңдер күміс медалді қақпаның оң жағына;



Егер бүгінгі сабақтан кейбіреуін ғана ажырата аламын десеңдер қола медалді қақпаның сол жағына орналастырады.



  • Мақсаты: жаңа сабақты қаншалықты меңгергендерін, сабақ соңында оқушылар жетістік қақпасының қай тұсында тұрғанын белгілейді.

ІҮ. Қорытынды















«ВЕЕР»

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып тапсырады.



«Диаманта»

Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші және соңғы жолдары қарама-қарсы мәнде болуы қажет. Мағыналары қарама-қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.

1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;

2 – бірінші зат есімге екі сын есім;

3 – бірінші зат есімге үш етістік;

4 – зат есімді екі сөз тіркесі;

5 – екінші зат есімге үш етістік;

6 – екінші зат есімге екі сын есім;

Мысалы:

қала

үлкен, көне

салынады, өседі, гүлденеді

танымал қала, кішкентай ауыл

асырайды, дамиды, қалыптасады

әдемі, туған

ауыл




























-

 

 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашық сабақ қазақ тілі

Автор: Дуйсенбекова Бибизада Бердибековна

Дата: 16.03.2019

Номер свидетельства: 503225

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(103) "Ашық сабақ "Қазақ тілі" “Сөйлем мүшелерінің байланысы ”"
    ["seo_title"] => string(52) "ashyk_sabak_kazak_tili_soilem_mushelerinin_bailanysy"
    ["file_id"] => string(6) "505243"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1553855894"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Ашық сабақ "Қазақ хандығының құрылуы""
    ["seo_title"] => string(41) "ashyk_sabak_k_azak_khandyg_ynyn_k_u_ryluy"
    ["file_id"] => string(6) "460658"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520165969"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Ашық сабақ "Қазақтың зергерлік бұйымдары""
    ["seo_title"] => string(46) "ashyk_sabak_k_azak_tyn_zierghierlik_bu_iymdary"
    ["file_id"] => string(6) "449199"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1515647891"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Ашық сабақ "Қазақ халқының құрылуы""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_k_azak_khalk_ynyn_k_u_ryluy"
    ["file_id"] => string(6) "408436"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491918800"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Ашы? саба? "Азы? т?лік д?кенінде""
    ["seo_title"] => string(30) "ashyksabakazyktulikdukienindie"
    ["file_id"] => string(6) "262486"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449337546"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства