kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана - өмірдің шуағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сіздерге зор денсаулық, мол байлық тілеймін. Осындай сайттар көбейе берсін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана - өмірдің шуағы»

Тақырыбы: Ана өмірдің шуағы.

Көрнекіліктер: Түрлі – түстір шарлар, суреттер, 8 наурыз жазылған плакаттар, мақал-мәтелдер.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Асылан: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.



Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

Қарақат: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер. Бүгін біз көктемнің алғашқы мерекесі күні 8 – наурыз аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!



Асылан: Құрметті әжелер, қадамдарыңызға гүл бітсін, сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.8 наурыз әжелердің де мерекесі.

Асылай:

Әжем менің, ақ әжем

Аппақ әжем, пәк әжем

Басқалардай емессіз

Сүйкімдісіз ақ әжем.

Адиля:

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсаң кешірген

Шөлдедіңбе, дана әжем

Шай қайнатып берейін

Балдай тәтті бал әжем!

Заттыбек:

Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді.

Қажет болса бәріне.

Нұрайна:

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Қажым:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі.

Қандай ғажап күлкісі.

Хор: Ән: Менің анам алтын сенің анаң

Қарақат: Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Аманияз:

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

8-ші наурызбен.

Дильназ:

В добрый день Восьмое марта

Мамам нашим шлем привет!

«Мама» - слово дорогое,

В слове этом жизнь и свет

Есік қағылып көк көйлек киген Ару көктем кіріп келеді.

Ару көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтыр келіп кеткенмін.

Көзін ашып бұлақтың,

Түбіне тал еккенмін.

Гүл боп қырда егілем,

Дән боп жерге себілем.

Жаңбыр болып жауам да,

Нұр боп көктен төгілем.

Шуағын төгіп әлемге.

Жылуын күннің әкелем.

Табиғаттың төсіне тіршілігін сыйлаймын.

Асылан: Амансың ба, Ару көктем? Ұлан – байтақ жерімізге қош келдіңіз. Шуағыңды шаттандырып, нұрынды мол төгебер.

Көктем: Аяулы аналар, әжелер, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!

Қарақат: Ал, Ару көктем біздің балаларымыздыңарналған өлеңін қабыл ал.

Радмир:

О, Алақай балалар

Шақырады далалар

Көктем келді гүл алып

Құстар келді жыр алып.

Қасиет:

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз.

Той күні бір - бірден

Анамызға сыйлаймыз.

Осман:

Балдай тәтті баламыз.

Ақыллдымыз данамыз.

Аналардың мейрамын

Бірге қарсы аламыз.

Ибрахим:

Аялаймыз анамызды,

Құрметтейміз бағамыз.

Сіздер үшін аналар,

Шырқап әнге саламыз.

Әлихан:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

Айару:

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді,

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Арай:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Үміт:

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Асылан: 8 наурыз қыздардың да мерекесі.



Абдурахман:

Біз қыздарды сыйлаймыз,

Шаштарынан тартпаймыз.

Мерекемен құттықтап,

Қыздарменен ойнаймыз.

Нұрсылтан:

Кетті қыс ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар.



Қарақат: Олай болса биге кезек берсек қыздардың орындауында.

Би: «Тентегім»

Асылай, Дильназ, Үміт, Арай, Қасиет, Адиля.



Асылан: Ойын: «Өз баласын тап»

Ойынның шарты: Ойынға оқушылар шығады. Балалар шеңберде тұрады. Ата-ана ортаға шығып көзін байлайды. Оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу.



Қарақат: Ойын: «Аналар мерекесіне игі іс жасау»

Ойынның шарты: ойынға 8 ер бала қатысады. Екі командаға бөлінеді. 1 ші оқушы жерде жатқан ұсақ түйек шашылған қағаздарды қоқыс шелекке салу. Қоқыс шелекті орнына қою. 2 ші оқушы үстелдің үстіне дастарқан жаю. 3 ші оқушы дастарқан үстіне құмыра қою. 4 ші оқушы үстел үстіне кампит қою.



Асылан: Көрініс: «Бір ананың алты қызы»

Бір ананың алты қызы болыпты бірде ол алыста тұратын ұлына кетіп қалады. Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары анасын қалай сағынғандарын айтады.

Асылай: Мен сені күн сәулесін күткен көкпар гүліндей сағындым.

Дильназ: Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім.

Адиля: Мен анасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым.

Арай: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.

Айару: Шие бағын іздеген бұлбұлдай жолыңды қараумен болдым.

Үміт: үндеген жоқ ол анасының аяқ киімін шешіп аяғын жуу үшін су әкеліп берді.

Анасы: Мен сендерді қатты сағындым балапандарым. Енді ешқашан ажырамай бірге боламыз.



Қарақат: Ойын: «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Ойынға оқушылар шығады. Ортаға 5 отырғыш қойылады. Музыка әуен ойнатылады. Оқушылар отырғыштан айналып билеп жүреді. Музыка әуен тоқтап қалған бойда балалар отырғышқа отырып қалуы керек. Қалып қойған оқушы ойыннан шығады. Ойынның соңында қалған оқушы жеңімпаз.

Асылан: Ойын: «Өз баласына жылы лебіздерін айту»

Ойынның шарты: Екі оқушы отырғышта отырады. Аналар әр қадам аттау арқылы өз балаларына жылы лебіздерін айтады.



Қарақат: Би: «Вальс» Көктем әні



Асылан:

Сүйкімді ғой балалар

Өнерлі ғой баршасы

Міне, осындай қойылым

Көрсетті мектепалды даярлық - 5 топ



Қарақат: Аналар мен әжелер! Сіздерді мектепалды даярлық-5 тобының сүйкімді балаларымыз әрқашан аман болсын!



Асылан: Бүгінгі 8 – наурыз мерекесіне арналған ертегілігіміз аяқталды. Ендігі кезекте сөйлеушілерге беріледі.





















Ғани Мұратбаев атындағы орта мектеп















Тәрбие сағаты



Тақырыбы: Ана - өмірдің шуағы







Топ тәрбиешісі: Аралова Г

Мектеп алды даярлық–5топ













Атырау қаласы




















































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ана - өмірдің шуағы

Автор: Аралова Гүлсезім Қылышпайқызы

Дата: 13.12.2016

Номер свидетельства: 369332

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ана - өмірдің шуағы""
    ["seo_title"] => string(21) "ana_omirdin_shuag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "403012"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490367280"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сынып са?атыны? та?ырыбы: "Ана-?мірді? шуа?ы""
    ["seo_title"] => string(46) "synyp-sag-atynyn-tak-yryby-ana-omirdin-shuag-y"
    ["file_id"] => string(6) "312974"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459422167"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Ана - ?мірді? шуа?ы " "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-5"
    ["file_id"] => string(6) "195227"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427885414"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Ана – ?мірді? шуа?ы."
    ["seo_title"] => string(17) "anaomirdinshuagy1"
    ["file_id"] => string(6) "320806"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461149890"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства