Күні.
Тақырыбы: « Ана өмірдің гүлі»
Мақсаты: Баланың анаға деген құрметті сезімін, сүйіспеншілігін арттыру. Ананы қадірлеуге, еңбегін бағалай білуге,адамгершілікке, туган елді, отбасы мүшелері құрметке бөлеп, ардақтауға тәрбиелеу.Жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту.Әсемдікке, әдептілікті түсіне білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту.
Көрнекілігі: Тақырып, гүлдер,шарлар,көгершін макеті
Өткізу әдісі:
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ақ жаулықты әжелер, ұстаздар.
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы,жүздеріңіз жарқын болсын. Біздің мектепалды даярлық тобының аналарымызғеа арнаған «Ана-өмір гүлі» атты мерекге қош келдіңіздер.
1 Даниал: Жігіттер мында не болып жатыр?
2 Бексұлтан: Неге ата-аналар жиналды екен?
3 Мақсат: Бүгін не мереке ме?
4 Ерасыл: Әрине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қыздар қайда?
5 Данияр: Ой, қыздарды қайтесіңдер, Олардың бәрі бұзық қой.
6 Ғалымжан: Қыздар бұзық емес, олар ерке
7 Батыр: Қыздар бізге керек
8 Рысбек: Онда қыздарымыз қайда екен?
9 Есбол: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар
10 Райымбек: Онда қыздарымызды шапалақпен ортаға шақырайық
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгінгі билер,
Көтерілсін қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазір Гулдер биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер
Би: «Гулдер биі»
Балалардың аналарына арнаған тақпақтарына кезек берейік.
Даниал Сыйлаймын мен жырымды,
Саған арнап жаттаған.
Мейрамыңыз бүгінгі,
Құтты болсын Ақ анам!
Диана Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Рысбек Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда
Жанайым Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін
Данияр Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан сипап мен,
Құлыншағым күні дейтін
Жүргізуші: Әсем, әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай келесі ән әжелердің құрметіне арналады.
«Жақсы көрем» әні
Жүргізуші: Немере деген балдай ғой
Тәттілігі шайдай гой
Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын. Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер. «Әже мен немере» көрінісі.
Немересі: Әже, әже айтыңызшы не іздеп жүрсіз? Бір нәрсе жоғалтып алдыңыз ба?
Әжесі: Иә, балам жастық шағымды іздеп жүрмін
Немересі: Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой әже.
Әжесі : О, жаным, менің жастық шағым сен екенсің ғой!
Жүргізуші: Келесі кезекте баларамыздың Тақпақтарын тыңдап көрейік.
Бексұлтан Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші Наурызбен
Фатима Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.
Есбол Менің әжем, ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Жазира Аялаған анамыз,
Саялаған панамыз
Шынары боп өсеміз,
Шырағы боп жанамыз.
Бөкенбай Айналайын, Анашым
Аялайсың, бағасың
Қайтып мені көргенше,
Шын сағынып қаласың.
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз
Сүйікті аналар сіздерге арнап жігіттерімізі «Сарбаздар» биімен ортаға шақырамыз.
Балалардың аналарға арнаған тақпақтарын тыңдап көрейік.
Ерасыл: Құтты болсын ардақты ана,
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған,
Қуанышты мерекең.
Малика: Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
Ғалымжан : Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым
Жүргізуші: Ән көңілдің ажары дегендей келесі кезекте
Даниалдың орындауында «Оқуда озат боламын» әнімен ортаға шақырайық.
Томирис: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Райымбек : Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Еркеназ: Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып
Ақ анашым, аппағым
Өзің жайлы тақпағым.
Мақсат : Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!» -деп жатпаған
Келесі кезекте бүгінгі ардақты аналарымыздың мерекесіне арналған «Ақ мамам» әнін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым
Жүрегіммен мәнгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің
Сен дархансың, сен жомарттсың, данасың -деп бүгінгі шағын мерекелік концертімізді аяқтаймыз.Отбастарыңыз аман болсын. Тамашалағандарыңыз көп рахмет.
Енді балаларымыздың өз қолдарымен жасаған гүлдерін қабыл алыңыздар.
Аналарға гүл тарату.