kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ана-өмірдің гүлі» ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
  2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ана-өмірдің гүлі» ертеңгілігі»

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ана-өмірдің гүлі»

Тәрбие сағат мақсаты:

  1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

  2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

  3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу

Тәрбие сағат көрнекілігі: Мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, халайық, өнер сүйген,

Көрермендер көңілге көп ой түйген.

Құттықтаймыз арулар, аналарды,

Сый тартайық әсем ,ән тәтті күймен.

Жыр арнайық оларға жігері ассын,

Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.

Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,

Нұр арнайық қуатын беріп жастың.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, дайындық тобының кішкентай ханшайымдары! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз.

Кім сендерді балалар сүйетұғын

Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай

Сендер үшін дамылсыз жүретұғын.

-Ол кім?

1- Оқушы:

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп, еркелетіп, аяладың.

Лебізіңе алғысты айта келе,

Ән жырымды қабыл ал аналарым.

2-оқушы:

Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңа жауқазындай құлпырған,

Балғын шақты біз бақытты балалар!

3-оқушы:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би –биленіп, әнде бүгін шырқалар!

4-оқушы:

Анам менің аялап, әлдилеген,

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген.

Дәмім кетпес ақ сүтім аузымдағы,

Қалайша ұмытамын бал татыған.

Анашым алдыңызда қарыздармын,

Өтеуден оны ешқашан қарыздармын.

Ананың баласына махаббаты,

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы.

5-оқушы:

Жая десем, жал беріп,

Шекер десем, бал беріп.

Аялап мама емізген,

Аяулы анам аман бол.

6-оқушы:

Алтын анам жасынан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған.

Сабақтан шаршап келгенімде,

Бал сөзі-жаным деген, сая маған.

7-оқушы:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған.

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

Жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі кешімізді сәл ерекешелеу өтсек па деген оймен аналар мен қыздарының арасында сайыс ұйымдастырдық. Енді сіздерді сайысымызды тамашалауға шақырамыз. Олай болса, алдымен сайысқа қатысатын аналарымызды қол шапалақтап ортаға шақырайық.

Сайыстың шарттары:

  1. Сәлем-сөздің атасы

  2. Мақалды жалғастыр

  3. Әртүрлі жағаяттарға шешім табу

  4. Дәм-думан

  5. Сән-сайыс

8-оқушы:

Құрметтейік, о, адамдар аналарды,

Бізді өмірге әкелегн даналарды.

Сесебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істеліп әр қадамды.

9-оқушы:

Ақ сүтінен жаралаған,

Ақ сүтінен нәр алаған.

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз!

10-оқушы:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанаам.

11-оқушы:

Ардақты анам, асылым,

Теңдігіңді жырлаймын.

Жырымның ең асылын

Мерекеңе сыйлаймын.






12-оқушы:

Құтты болсын, ардақты анам,

Асыл анам, мерекеңі.

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең.

13-оқушы:

Әжемді мейрамымен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

«Әжетай, сені жақсы көремін»-деп,

Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Жүргізуші:

Енді сайысымызды бастайық,.

Өнер қуып аналар өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Бәске түскен аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін. «Сәлем-сөздің атасы» деп басталатын 1-ші кезегімізді бастаймыз. Әр топ бір ерекешеліктерін көрсете отырып, тақпақ ретінде ма, өлең ретінде ма таныстырып өтеді.

Балалар: «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен!»

Жүргізуші:

«Мақал-сөздің мәйегі»-деп даналар ,

Білмегендер мақалды артта қалар.

Мәнін ұғып жаттап алған аналарымыз,

Бүгінгі күн алдарыңда дараланар-деп, 2-ші сайысымызды бастайық.

14-оқушы:

Үн қатасын бал тілімен,

Еркелеймін әр күнімен.

Құттықтаймын анашым,

8-наурызбен!

15-оқушы:

Бізді өсірген анашым,

Еңбегіңіз зор екен.

Құтты болсын анашым,

Құтты болсын мерекең.

16-оқушы:

Сағындым мамық қолыңды,

Күтемін сенің жолыңды.

Сен үшін ана өмірден,

Қиюға бармын өмірді.

17-оқушы:

Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кіреді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен,

Құттықтаймыз бәріміз.

18-оқушы:

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыны өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

19-оқушы:

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында.

Күн алыста , ал анам,

Ылғи менің қасымда.

3-сайыс:Ә ртүрлі жағдаяттарға шешім таба білу.

«Шөжелерім» биі.

Жүргіуші:

Аналарымыздың , әжелеріміздің қолынан келмейтін өнері жоқ. Олар тігеді, пішеді, астың түр-түрін жасайды. Топтағы қыздарымызда аналарына еліктеп, түрлі өнерге ыңғайлы.

Сайыс: «Дәм-думан»

«Ас-адамның арқауы»-бәрі білер,

Тағамның алуан түрін білесіңдер.

Бүгінде қыздарымыз әкепті асты,

Даярлаған өз қолымен, ол бір өнер.

20-оқушы:

Мерекеңмен өзіңді,

Құттықтаймын балашың.

Арнап айтқан әнімді,

Қабыл алшы анашым.

21-оқушы:

Мамам менің, ақ мамам,

Менсіз таңым атпаған.

Менсіз күні батпаған,

Мен ұйықтамай жатпаған.

22-оқушы:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін.

23-оқушы:

Айналайын анашым,

Асқар таудай панасын.

Бір өзіңе арнаймын,

Сөздерімді бар асыл.

24-оқушы:

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Ұланды ана қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

25-оқушы:

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

26-оқушы:

Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқырап жүреміз.

Ананы сыйлаймыз,

Айтқанын тыңдаймыз.

Жүргізуші:

«Адам көркі-шүберек» деген екен,

Қазірде сән үлгілер керек екен.

Әр арудың өз бейнесі өзгеше,

Сыр шертеді талғамы, бөлек елден-деп , сән сайысына келіп жеттік. Ендеше, сайыскерлерімізге 10минут уақыт береміз. Аналары қыздарына әртүрлі заттардан өз талғамдарымен киім тігеді.

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін.

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге,

Қол соғып қарсы алайық «жорға» биін.

Би: «Қара жорға»

Әділ қазы алқасы,

Әділден берсін бағасын.

Жеңіске жеткен қыздардың,

Өркендей берсін талабы.

Жүргізуші:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат –шадыман болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламатта болыңыздар!
































Благодар орта мектебі









Тәрбие сағаттың тақырыбы:

«Ана-өмірдің гүлі»





Өткізген:Айтжанова А.Ж















2014жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Ана-өмірдің гүлі» ертеңгілігі

Автор: Айтжанова Ақмарал Жеткергенқызы

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 385796

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Ана- ?мірді? г?лі" ерте?гілігіні? сценариі"
    ["seo_title"] => string(48) "ana-omirdin-ghuli-iertien-ghilighinin-stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "305961"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458032109"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Ана-?мірді? шуа?ы. "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-4"
    ["file_id"] => string(6) "192136"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427426909"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Ана-өмірдің гүлі"
    ["seo_title"] => string(17) "ana_omirdin_ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "396627"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488295249"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) ""Ана - өмірдің шуағы""
    ["seo_title"] => string(21) "ana_omirdin_shuag_y_1"
    ["file_id"] => string(6) "403012"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490367280"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства