Просмотр содержимого документа
«"Алғашқы гүлдер" ашық сабақ»
Орал қаласы №44 мектеп-гимназия , пән мұғалімі: Қанатов.Н.Қ
Сабақ тақырыбы: Алғашқы гүлдер (аппликация ) Сабақ мақсаты: А) білімділік: оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. Ә) дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау және шығармашылық іскерліктерін арттыру Б) тәрбиелік: оқушыларды талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, талмай еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: әр түрлі техникамен жасалған гүлдер ( оригами), плакат, сұрақ жасырылған жапырақтар, слайдтар, кітапшалар, буклеттер, технологиялық карталар. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б Пәнаралық байланыс: технология, өсімдіктану т. б
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылармен амандасу,түгендеу.
2. Оқушылардың зейінін өзіңе қарату
3. Өткен сабақты пысықтау
4. Жаңа сабақ
5. Жұмысқа қойылатын талаптар
6. Машықтық кезең
7. Сергіту сәті
8 Қорытынды
ІІ. Өткен сабақты пысықтау Өткен сабақта «Балықтарды мүсіндейміз» тақырыбында, оқушыларға теңіз асты әлемінің тамаша көріністерін суреттеу мен әңгімелеу.
1. Кескіндеме дегеніміз не?
Кескіндеме – жазықтық бетіне бояу арқылы салатын көркем шығарма.
2. Графика дегеніміз не?
Графика – бұл қарындаш,көмір таяқшасы,тушь көмегімен штрихтау, бояу арқылы жасалатын туынды.
3. Мүсін дегеніміз не?
Мүсін – көлемді және белгілі бір пішінде жасалған,барлық жағынан айналдырып қарауға болатын туынды.
4. Қолөнер дегеніміз не?
Қолөнер – халық тұрмысында қолданылатын өру,тігу,тоқу,құрастыру,өнер шығармашылығын айтамыз.
5. Сәулет өнері дегеніміз не?
Сәулет өнері – ғимараттардың сыртқы көрнісі.
6. Дизайн дегеніміз не? Дизайн дегеніміз кез келген бұйымның жаңа үлгісін жан-жақты ойластырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Енді жаңа сабаққа көшейік
Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады.
1. Түрлі түсті қағаздардан
2. Мата,былғары,жіптерден
3. Табиғи материалдан яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан
Аппликация дегеніміз не?
Жапсыру арқылы орындалған жұмыстар
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
IV Жұмысқа қойылатын талаптар:
1. жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау
2. жұмысты технологиялық нұсқау картаны көмегімен орындау.
V Машықтық кезең: 1. Қағазды бүктеу арқылы, яғни оригами техникасы бойынша «қызғалдақ» гүлін құрастырамыз.
2. Түрлі – түсті қағаздарды шаршы пішінді етіп қиып аламыз. 3. Қағазды диагональ бойымен бүктейміз.
4. Үшбұрышты қағаздың төбесіне қарай екі бүйір қабырғаларын бүктейміз. Содан кейін бүктелген бөлігін қайта кері бүктейміз. 5. Бүктелген буынның арасын ашып, суреттегідей қалыпқа келтіреміз. 6. Қағаздың кіші ұшын ішке қайырып, қайта бүктеуіміз керек. 7. Ендігі де бүктелген бөліктерді желімдеп, қосамыз. 8. Осы бөліктерді бір – бірімен желімдеп, әдемі гүл шығарамыз. Жұмыс аяқталды.
VI Сергіту сәті Біздер тату баламыз,
Гүл – гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
1. «Адасқан құралдар» Сөздердің орындары ауысып тұрады. - Қарындаш -------------- жазады - Қайшы -------------------- қияды - Өшіргіш ---------------- өшіреді - Желім -------- ------- біріктіреді - Сызғыш ---------------- өлшейді 2.Бейнелеу өнерінің түрлері «жасырған сөздер»
- Кескіндеме
- Графика
- Мүсін
- Қолөнер
- Сәулет өнері
- Дизайн
VIIҚорытынды. Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз.