Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанын,халқын сүюге,табиғатты қызықтап,оны қорғауға әрі әдемілікті,әсемдікті сезіне білуге үйрете отырып,олардың эстетикалық талғамын арттыру.Оқу техникасын (дауыстап, іштей түйініп,дұрыс,шапшаң әрі мәнерлеп оқу)жетілдіру. Мәтіндегі қиын сөздер,сөз тіркестері және көркемсөздердің мағынасын түсіне отырып,тілдік қорын дамыту.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Сәбит Мұқанов, Көкшенің көрінісі. 1. С. Мұқанов кім? 2. Ол кісі қай жылы дүниеге келген? 3. Қандай еңбектерін білеміз? 4.Қандай теңеулерді білесің?
5.Жергілікті қыраттарды ата?
6.Көкшедегі шипа орындары?
7.Көкшенің ең биік жері және ол неше метр?
Сурет
ІІІ.Жаңа сабақ.С.Сейфуллин «Ақсақ киік».
Кіріспе әңгіме.
С.Сейфуллин-революционер,әрі патриот ақын.Ол өз елінің табиғатын,тауларын,жануарларын,құстарын шексіз сүйген.Оларды сүйіп,қорғай білуге арнап, «Көкшетау», «Аққудың айрылысуы», «Қара жер», тағы басқа шығармалар жазған. Сәкеннің табиғаттын нағыз жанашыры екендігін танытатын өлеңдерінің бірі- «Ақсақ киік».
-Біз өткен сабақта киіктің дала жыртқышы касқырдан қалай құтылғаны,олардың ақылдылығы,айласы туралы білсек,бүгін сол киелі,сирек кездесетін,жануарлардың жауынан қалай жәбір көргені туралы танысамыз.
Автордың өмірі мен шығармашылығына тоқталу.
ІV.Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
Мазмұнын түсіндіру.
1-шумақ:
Арқаның бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп өнген Жәндіктің киік деген баласы бар. «Бетпақдала»
2-шумақ. Мергендер дамыл алмай киік атқан, Ауылды қан сасытып топырлатқан. Киікті ойлай ма екен таусылар деп, Азайып бірте – бірте келе жатқан. «Мерген».
3-шумақ: Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты бұл бишара қылған мекен. Бөкенді атып мерген өлтіргенде, Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен? «Бөкен»
4- шумақ: Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Өзге аңға жануарларды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақ бөкенді Адамның баласынан кем көрмедім. «Киіктің сипаты»
5 шумақ:
Кей адам әдет қылған киік атып, Мүйізін пайда қылып шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
6- шумақ:
Сандалып келе жатқан ақсақ киік, Бір тоқтап, анда санда әлді жиып.. Ақ бөкен сахараның ботагөзі,
Атты екен қандай адам көзі қиып. «Ақбөкен.»
Киікті сипаттау.Киік кеуделі,еті тығыз,аяқтары сидам,жіңішке келеді. Тұмсығы шиектеу,дөңес,танау терілері қатпарланып жатады,жүгіргенде таңауы кеңейіп,еркін тыныс алуына мүмкіндік береді.Текелерінде іші қуыс жылтыр мүйізі болады. Ақбөкен жусан мен соран жейді.Жазда солтүстікке,қыста оңтүстікке қарай ауысып отырады.Оның дәмі еті, терісі мен бағалы мүйізі үшін олардың жойылып кету қауіпі туды.Сондықтан өкімет тарапынан қатты бақылауға алынып, «Қызыл кітапқа» жазылған.
Қорықтардың ата. Сурет
-Наурызым,Барсакелмес,Қорғалжың,Марқакөл,Ақсу-Жабағылы, Алматы, Үстірт.
Үстірт қорығы — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық. Маңғыстау облысыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223,3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес қыраттарда орналасқан.
V.Дәптермен жұмыс.
Сөздік.
Мерген-көздеген нысанасына дәл тигізетін адам.
Арқа-кең,жазық дала.
Бетпақдала-жері құрғақ,шөбі сирек,шөп дала.
Бөкен - киіктің басқаша атауы.
Киік - өте сұлу, көздері мөлдіреген әдемі жануар.
Ақ бөкен - сахараның ботагөзі.
Киіктің көзі мөлдіреп тұрады.Дене құрылысы қой мен ешкі малына ұқсас келеді.Еті жеуге жеңіл,денсаулыққа пайдалы.Жейтін қорегі тек қана шөп,таза су ішеді.
VI.Серігіту сәті. Мұғалім:- Балалар, киік киелі жануар екенін сендер айттыңдар. Сондықтанда мен сендерге тек біздің ақын - жазушыларымыз ғана киік туралы жазбағанын, сонымен қатар сазгерлеріміз ән және күй шығарған. Құрманғазы Сағырбай ұлының «Ақсақ киік» күйін тыңдаңыздар.
Құрманғазының «Ақсақ киік» күйінің шығу тарихы.Құрманғазы аяғына оқ тиген киіктің халін өз өміріне балап. «жаралының бәрі жаралы,өмір үшін күресте кімге оқ дарымайды? Сондай жаралыларға арнадым бұл күйді»деген екен.
VII.Шығармашылық жұмыс.
1-топ.Киіктің қандай пайдасы бар?
2-топ.Киікті атқан адамға деген көзқарасың?
3-топ.Табиғатты қорғау деген не?
VIII. Қорытынды сұрақтар.
-Бетпақдаланы неге шөл деп атайды?
-Киік қандай жерді мекендейді?
-Ақын киіктің сұлулығы туралы не дейді?
-Киіктің пайдасы туралы өлеңде не делінген?
-Киіктің қандай пайдасы бар?
-Біздің елімізде неліктен киікті қорғау талап етілді?
IX.Бағалау.
X.Үйге тапсырма.
С.Сейфуллиннің өмір жолы. «Ақсақ киік » өлеңін жаттау.
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы , Манашы орта мектебі, 3-сынып,