Просмотр содержимого документа
«Адамдар?а жа?сылы? жасай білейік »
Тақырыбы: Жақсылық жасай білейік
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге ой-өрісін дамыту.
Міндеттері:
1.Адам қарым-қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпал ету.
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
І.Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Ұстаздарға құрметпен,
Бас иеміз біз.
IІ.Дәйексөз.
-Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» халық мақалы
III. Мәтінмен жұмыс.
Жақсылық пен жамандық (ертегі)
1.Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
IV. Мақал-мәтелдердің жалғасын тап
V.Тыныштық сәті
Балалар, Махаббат жақсылық әлемінен сиқырлы таяқ әкеліпті. Сиқырлы таяқты бір ермесең болғаны, біз жақсылық әлемінде болады екенбіз. Кім жақсылық әлеміне барғысы келеді? Олай болса, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Бір, екі, үш біз жақсылық әлеміндеміз. Адамдары қандай сыпайы, мейірімді, бір - бірінен қамқорлығын аямайды. Риясыз жақсылық жасауда. Біздің бойымызға да осы қасиеттер даруда. Осы сезімдермен біз де бұрынғы қалпымызға оралайық Көзімізді ашайық. Балалар, енді біз де бір - бірімізден жақсылығымызды аямайық!
VI.Бейнеролик(жақсылық туралы)
VІІ. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»
«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...
«Аю мен тышқан» ІІ топ
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын басып қояды:ъ
-Менің құлағым-сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?
-Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,-деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.
VIII.Сергіту сәті
IX. Шығармашылық жұмыс
Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? Күннің шуағына адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазыңдар.
Х.Қорытынды.
Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір - біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір - біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау - адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
XI. Караоке «Ертегілер әлемі»
XII.Үйге тапсырма.
«Жақсылық жасау – қандай қуанышқа бөлейді» деген тақырыпта шағын әңгіме құрастырып келу.