kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

паииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамдар не үшін еңбек етеді?»

Тексерілді:

Мектеп: №5мектеп-лицей Мерзiмі: № 1сабақ

Тақырып: Өзін-өзі тану, өмірді тану

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, кішіпейілділік, ізгілік.

Мұғалiм: Алшора Д.Б.

Сынып: 4 а,б Оқушылар саны:

Сабақ мақсаты: : өзін-өзі тану өмірді тану екендігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

  • 4-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану»пәнінің мазмұнымен таныстыру;

  • адамгершілік құндылықтарын білуге,өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;

  • адамгершілікке,кішіпейілдікке,ізгілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, А3қағазы

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау. Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге,олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар өздеріңнің таныс ауылдарыңды бақылап, бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Өзіңді өзің танысаң –істің басы»

Ш.Құдайбердіұлы

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


Әңгiмелесу

Мұғалім сыйы

Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық

Баяғы өткен заманда бір патша өмір сүріпті. Ол көршілес елдің ақылгөй дана адамына менің екі адамымның достығын сынап берші депті. Бір адамның түрінің сиқы жоқ, үсті басы кір қожалақ екен, ал екіншісі болса келбетті, маржандай тістері бар хош иіс шыққан жағымды адам екен. Қарт келбеті келіскен адамды сый құрметке бөлеп, моншаға жібереді. Ал түрі сыйықсыз,үсті басы кір қожалақ екінші адамды қасына шақырып:
– Сені ұнатып-ақ едім, бірақ ана моншаға кеткен досың сен туралы көп жаман нәрселер айтты. Сен де қаласаң маған оның жаман тұстарын айтып берші, -дейді.
Ол болса жолдасына шаң жуытпай, ол туралы еш жаман сөз айтпады. Қарт қалай тырысса да, мақтаудан басқа ештеңе айттыра алмапты.

Екінші досы моншадан қайтып келгенде, қарт оны да сынамақ болып қасына шақыртты. Біраз мақтау сөз айтқан соң:
-Ана досың айтып берген жаман мінездерің болмаса жап жақсы жігіт екенсің,- депті.
Сөйтсе әлгі ашуланып, жолдасы туралы қайдағы жоқты айтып, жамандай бастайды.
Қарт біраз тыңдаған соң:
-Доғар балам, кімнің кім екенін енді білдім. Сен жамандаған жолдасыңның түрі кір қожалақ сыйықсыз болса да, сенің ішің сасыған, кір екенсің,-депті.


-    Ертеде кім өмір сүріпті?

- Патша неліктен қарт адамның даналығына мұқтаж болды?

- Қарт адамның даналық айласы іске асты ма?


-    Сұлулық дегенді қалай түсінеміз?

- Адамды не сұлу етіп көрсетеді?

- Сен өз бойыңда қандай қасиеттердің болғанын қалайсың?



Шығармашылық жұмыс

Оқушылардың түрлі түсті жүрекшелер арқылы үш топқа топтастырамын.

1-топ.Отанға деген сүйіспеншілік

2-топ.Табиғатқа деген сүйіспеншілік

3-топ.Отбасына деген сүйіспеншілік тақырыбында жоба қорғау


7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова


8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға №2 сабақ Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқу.


9.Сабақтың қорытынды сәтi.

Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдық?

Смайликтер арқылы көрсету








































Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: № 2сабақ

Тақырып: Білімге құштарлық

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: шыдамдылық, табандылық, ізденімпаздық.

Мұғалiм:

Сынып: 4 Оқушылар саны: /



Сабақ мақсаты: Оқушылардың білімге құштарлығын арттыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • білім,даналық ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту;

  • білімге,оқуға қызығушылықтарын дамыту;

  • шыдамдылыққа, табандылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

2.Психологиялық дайындық

«Жақсы тілек-жылы жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтады

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға Қ.Толыбаевтың «Құштарлық» әңгімесін оқу.

  1. Талапты баланың біліиге деген құштарлығын қалай аңғаруға болады?

  2. «Оқу-инемен құдық қазғандай жинайтын қазына» дегенде нені түсінесіңдер?

  3. Баланың бойынан өздеріңе ұнайтын қандый жақсы қасиеттерді көрдіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.



5.Әңгiмелеу (сұхбат). Білімнің адамға пайдасын түсіндіру мақсатында әңгімелесу жүргізіледі. С.Баязитовтың «Мақал мәнісі» атты өлеңін оқушылармен қосылып айту.


Мақал мәнісі


«Кітап-білім бұлағы,

Кітаппен достас мәңгілік.

Білім-өмір шырағы».

Жадыңа білім жаңғырып,

Осы мақал мәнісі

Оятар сана сезімді.

Қалай,- деп інім сұрады.

Танырсың жатты,өзіңді,

Болғың келсе білімді,

Ашарсың сөйтіп көзіңді.


  • Автор немен достасуға кеңес береді?

  • Білімді неліктен өмірдің шырағына теңейді?

  • Білімнің адам өміріне қандай пайдасы бар?

  • Білімді өз бойларыңа қандай жолмен жинақтауға болады деп ойлайсыңдар?


6.Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың білімге құштарлықтарын байқау мақсатында «Жалғасын тап»атты ойын-жаттығу ұйымдастыру.Мұғалім мақал –мәтелдің бас бөлігін айтады,оқушылар жалғастырады.

1.Білімнің басы – бейнет,соңы....

2.Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің......

3.Өнер – ағып жатқан бұлақ,

Білім –жанып....

4.Тіліңмен жүгірме,....т.б

5. Кітап-білім бұлағы ,

.....................................



8.Топпен ән айту.

Ұстазым
Тыңдағанған көңілдегі толғамымды
Шындаған тәрбием мен талғамымды
Өмірдің маған сыйы деп білемін
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды
Табылған балапан ем ұядағы
Қырандай жетілдірдің қиядағы
Ұстазға деген ыстық сағынышым
Бір әнге қалай ғана сия алады
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде
Өнердің мен білмейтін қатпаларын
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым
Ұстазым менің
Қамқорым едің
Баулыған осы өнерге
Жүрегің дархан
Өзіңнің арқаң
Биікке шықсам егерде


9.Үй тапсырмасы.

№3 сабақ Асан мен Үсен ертегісін оқу.


10. Қорытындылау сәтi.

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді





Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: № 3 сабақ

Тақырып: Ойлы бала озар

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: адамгершілік, төзімділік, қарапайымдылық.

Мұғалiм:

Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /



Сабақ мақсаты: Ойлы баланың оза жүретіні түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • терең ойдың,ойлаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • ойлай білу іскерліктерін дамыту;

  • адамгершілікке, төзімділік, қарапайымдылыққа. тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, А3қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Асан мен Үсен ертегісін оқу.

  • Асан мен Үсен қандай жағдайға тап болады?

  • Асан мен Үсен қалай тамақ тауып жейді?

  • Асан мен Үсен өз үйлеріне қалай жетеді?

  • Асан мен Үсеннің қандай қасиеттерінде айырмашылығы бар?

  • Төзімді болудығ адам үшін маңызы қандай?

  • Сенің қарапайымдылық танытқан кезің болды ма?

Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Терең ой-асыл іс

Абай

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Мейірімді бала

әңгіме



Ауылға Әділет деген бір бала ата – әжесінің қолына жазғы демалыста қыдырып барады. Әділет болмысынан қарапайым, сабырлы, ұқыпты, жақсылық жасауға ұмтылатын, мейірімді, білуге жаны құмар, үлкендерді сыйлайтын бала еді. Ата – әжесін жанындай жақсы көретін. Ол келген ауылдың жан – жағы жасылға оралған, тамаша керемет табиғат көрінісіне бай, мөлдіреген бұлағы мен тау-тасы бар ғажап мекен болатын. Көршілес үйде Әділеттің өзімен құрдас бір бала ата – анасымен бірге тұрады. Ауылға келген соң бала есік алдына шығып, айналасына қараса, топырақ үстінде ойнап жатқан балаға жақындап, танысады. Әлгі баланың аты Сәбит екен. Сәбит көрші ауылдан қонаққа келген бала екен. Екеуі дос болып, бірге ойнайды. Міне, біраз уақыттан кейін бұлардың жанына көрші бала қосылады. Балалармен танысып өзін таныстырады. Аты Ғабит екен. Үшеуі мәз мейрам болып кешке дейін ойнайды. Ғабиттің ата – анасы бір шаруаларымен шығып, тез арада үйіне кіреді. Ата-аналары жол жөнекей дүкенге соғып, үйлеріне біраз заттан алып келе жатады. Әлгі Ғабит ата – анасын елемей, ойынын жалғастырып ойнап жатады. Әділет алдарынан жүгіріп шығып, сәлемін беріп, көмектесуге асығып келіп, бір дорбаны көтеріп арттарынан ілесе кетеді. Әділетке риза болған Ғабиттің ата – анасы алғыс айтып, тәтті ұсынады. Ғабит өзінің қылығынан дұрыс әрекет жасамағын сезініп, төмен қарап үйге қарай беттейді.



    • Әділет кімнің үйіне келді?

  • Көрші ауылдан келген бала кім?

  • Ғабиттің ата – анасы неліктен риза болды?



  • Адамды қалай танимыз?

  • Жақсы іс неден туындайды?

  • Сенің жасаған жақсылықтырың?




6.Шығармашылық жұмыс

Балаларды түрлі түсті жүрекшелер арқылы үш топқа топтастыру,сабақ соңында сол жүрекшеге парталасына тілек жаздыру, оны тілек ағашына жапсырту). Ойын «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды?» Осы сөз үлкен етіп жазылып көрсетіледі .Мұғалім басқы сөзі жазылған парақ береді, оқушы ойланып жалғастырып жазуы керек. - Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.) - Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.) - Құстарды ...........................(атуға болмайды.) - Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.) - Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.) - Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерді..............................(қамқорлау керек.) - Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)


7.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова



8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.


9.Сабақтың қорытынды сәті


жүрекшеге парталасына тілек жаздыру, оны тілек ағашына жапсырту






Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: № 4 сабақ

Тақырып: Менің сыныбым-менің ұжымым

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, шыншылдық, қарапа йымдылық

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • ұжымның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • өзара татулық,сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • мейірімділікке, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, А3қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Психологиялық дайындық

Өрмекшінің торы


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға сынып ұжымындағы қарым-қатынастар туралы түсінік беру мақсатында М.Гумеровтың «Күмән»әңгімесін оқу.Балаларға сұрақтар қойылып жауаптар тыңдалады.

1.Әңгімеде оқиғадан сынып оқушыларының қандай жақсы қасиеттерін көруге болады?

2.Олардың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қалай жоюға болады?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Ұжым болу-бақыт

Ә.Табылдиев

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Кешірімді бұлбұл» ертегісі

Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын», –деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.

– Кет қазір, менің бағымнан! –дейді жолбарыс қаһарланып.

  • Біраз сайрасам қайтеді? –депті бұлбұл жалынып.

Жолбарыс:

– Мен саған сайрағанды көрсетейін! –деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір-екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қоярға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

–Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.

–Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным-ай! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:

–Жүріңіз, мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді мүйізімен оп-оңай суырып тастайды, – деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.

–Менің мүйізім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіңе бойлаған найзаны да алып береді, – деп, аюдың үйіне алып барады. Аю мән-жайға қаныққан соң:

–Е, мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.

–Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып-ақтастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, – депті піл.

Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған

мән-жайды түсіндіреді.

Қолтырауын:

–Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол– өте мейірімді құс. Барып өтін, оп-оңай алып тастайды, – депті. Бәрі жиналып, бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм-мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын-сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.

Мәтін бойынша сұрақтар қою:

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Бұлбұлдың ұзақ уақыт ән салуының себебі неде?

Құндылық бойынша сұрақтар қою:

  • Жақсыны көре білу не үшін қажет?

  • Татулық екі немесе үш адамның арасында болатын қасиет пе?

Бауырмалдық өз бойыңда бар ма?





6.Шығармашылық жұмыс

Жағдаятты талдау Оқушылардың сынып ұжымы туралы пікірлерін білу мақсатында жаттығу-ойлану жүргізіледі.

1-жағдаят:Сенің сыныптас құрбың спорттық жарыстан «бас жүлде» алып жеңіспен оралды.Қуанышында шек жоқ.

2-жағдаят: Сыныптасың «Білімнің биік шыңы» атты сайысқа қатысып жеңіліп қалды.Ол қатты ренжулі.

3-жағдаят: Сынып балалары ылғи тәртіпсіздік жасайды.Осылары үшін кезекші сынып оларды «Кірпі»газетіне шығарды.Балалардың жауаптары тыңдалады.





7.Топпен ән айту.

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.




8.Үй тапсырмасы.

«Арман мен ақыл»өлеңін оқу


Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi

Оқушылар сабақтан әсерлерімен бөліседі.







Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: № 5 сабақ

Тақырып: Менің арманым

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: табандылық, ұстамдылық, жауапкершілік.

Мұғалiм:

Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /


Сабақ мақсаты: Оқушылардың армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • арман ұғымы туралы түсінік беру;

  • балалардың ойын,қиялын дамыту;

  • табандылыққа, ұстамдылыққа, жауапкершілік тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, А3қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар оқулықта берілген мәтіндерді кезектесіп оқиды.

  • Өлең неліктен «Арман мен ақыл» аталған деп ойлайсыңдар?

  • Білімнің арманға қандай қатысы бар?

  • Өздеріңнің қандай армандарың бар?

  • Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Арманға қалай қол жеткізуге болады?

Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз.

Арман-адамға қанат

Халық даналығы


2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Екі соқа


Екі соқа ұста көрігінде тұрды. Олардың түрлері бірдей екен.

Соқаның біреуін шаруа арбаға жегіп егін алқабына алып кетті.

Жұмыс істеген соқа жарқырап, сұлуланып кетті.

Екі соқа қайтадан сарайда кездескенде бір – біріне таңдана қарады. Жұмысқа пайдаланылмаған соқа таттанып кеткен екен.

Ол құрбысына қызғана қарап:

  • Сен қалай сұлуланып кеткенсің, сырын айтшы. Мен осы өз бұрышымда тұрғанда еш қиындық көрген жоқпын, маған жақсы еді, - дейді.

  • Сен жұмыссыздықтан түрің бұзылыпты, ал мені еңбек көркейтті – дейді.

Даналық:

Еңбектенсен - көркейерсің.

  • Екі соқаның айырмашылығы неде?

  • Соқа неге қызыға қарады?

  • Соқаның сұлулығының сыры неде?

  • Адамның ішкі дүниесі (әлемі) сыртқы түріне қалай әсер етеді?

  • Танымайтын адам туралы сыртқы түріне қарап қорытынды жасауға бола ма? Неліктен?



Шығармашылық жұмыс

«Менің арманым» тақырыбында ой толғау жазу



8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова

 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

 2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен  көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)



9.Үй тапсырмасы.

Өсиет әңгімені оқып келу


Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерді жүрегімізде сақтайық



Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзiмі: №6 сабақ

Тақырып: Ата-баба өнері

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Қамқорлық,адалдық,ізеттілік.

Мұғалiм:

Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /



Сабақ мақсаты: оқушыларға ата-баба өнерінің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

  • ата-баба –өнері,соның ішінде ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылын түсіндіру;

  • қазақ халқының ою-өрнек өнеріне қызығушылықтарын арттыру;

  • Қамқорлыққа,адалдыққа,ізеттілікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі, А3қағазы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтінмен жұмыс ретінде оқушылардың назарына , ою-өрнектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру үшін өсиет әңгіме ұсынылады.

-Дүрияның Ыдырысқа айтқан сөздері туралы қандай пікір айта аласыңдар?

-Ыдырыстың ою-өрнек өнерін үйренгендігінің қандай көмегі болды?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Еңбек-өнер өрісі

Өнер –өмір жемісі

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Туған жер туралы жыр

(қалмақ ертегісі)

Адам баласына туып- өскен өлкеден қымбат ештеңе жоқ. Адам ғана емес, барша жан иесі – аң-құс туған жерін аңсап сағынады екен.

Ежелгі заманда қалмақтар қытай императорына өзгеше сый – әнші құс сыйлапты.

Император ғажайып құсқа жұмақтың төріндей жағдай жасапты. Күн сайын таңертең император құстың ән салуын күтеді, бірақ құс үнсіз отыра береді. «Таза ауаға үйренген құсқа сарай іші қапырық болар» деп, торды салқын баққа апаруын әмір етеді. Бақта жібек жапырақтары жасыл сәуле шашады. Сұлу гүлдердің жұпар иісі бұрқырайды. Әйткенмен құс бұл арада да тырс еткен дыбыс шығармайды. «Мына бақтан артық жер бар ма, менің күтімімнен артық күтім бар ма? Енді неге ән айтпайды?» деп ойланады император.

Ол бүкіл даналарын жинап ақыл сұрайды.

Данагөй бір апта толғанып, жауап қайтарады.

  • Елден ел, жерден жер аралатып алып жүріңіздер... Мүмкін, сайрап кетер, - дейді.

Император құсты алып, өз игілігіндегі өлкені үш жыл тынбай жүреді. Ақыры, бір шөлді жерге жетеді. Нөкерлер алтын торды сексеуілдің бұтағына іліп, өздері ұйқыға кетеді.

Алаулап атып келе жатқан күн шапағы шөл даланы нұрға бөлейді. Осы кезде құс сілкініп, қанатын жазып жібереді. Жан-жағына көз тастап, баяу қалқытып ән сала бастайды.

  • Бұл жер біздің құсымыздың туған өлкесі екен,- дейді ойға батқан император. Кенет үш жыл бойы көрмеген астана байтағы есіне түседі.

  • Тордың қақпағын ашып, құсты қоя беріңдер! – деп нөкерлеріне жарлық береді.

Сонда құс туған жерін мадақтап мың ән шырқапты.


• Император құсқа қандай жағдай жасады?

• Барлық жасалған жағдайларға құстың көндікпеуінің себебі неде?

• Ақылгөй даналардың кеңесінен кейін құсты сайратуға қандай әрекет жасады?

- Императордың адалдығын қалай көре аламыз?

- Құстарға зиян келтірмеу үшін адамдар не істеу керек?

- Өзің құстарға қамқор болып жүрсің бе?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.


«Күн», «Бұлт», «Жүрек», «Жұлдызша» арқылы топтастыру.

Жоба қорғау

І топ: «Ата салтыңа адалдық»

ІІ топ: «Қазақ халқының өнері»

ІІІ топ: «Салт – дәстүр туралы не білеміз? »



8.Топпен ән айту.

Қазақы дастарқан

Ей,халайық,халайық

Бар өнерге салайық.

Уайым қайғы жоқ болсын,

Қуанышың көп болсын.

Қайырмасы:

Дастарқан-ау,дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Берекелі дастарқан,ей(2 рет)

Жақсы келсе құт болар,

Жаман келсе,жұт болар.

Жолаушымыз біз деген

Асыл мұра іздеген.

Қайырмасы:

Айналайын ағайын

Үміт отын жағайын

Уайым қайғы жоқ болсын

Қуанышың көп болсын.

Қайырмасы:


9.Үй тапсырмасы.

№7сабақ 41 бет Б.Үсенбаевтың «Жүрегімнің бөлшегі» өлеңін оқып келу.



10.Соңғы тыныштық сәтi , қорытындылау.

-Ата-бабаларымыздың ою-өрнекті текқана әсемдік үшін жасамайтынын білдік.Ою мазмұнына үңілсек өмір сырын,тарихын оқи алатынымызды түсіндік.Ата-бабамыздың осындай құнды өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жетуі үшін біз де өз үлесімізді қосуға тиіспіз.Оның адам өміріндегі мәнділігін өзімізден кішілерге жеткізу,жасалу жолдарын үйрету-біздің де парызымыз.Ол үшін біз еңбектенуіміз керек.









Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзімі Сабақ №7

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Тілім -менің тірегім

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық, кішіпейілділік, шынайылық


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілге деген құрмет туралы ұғымдарын кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

-оқушыларды жанашыр болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы кішіпейілділік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды жанашырлыққа, кішіпейілділікке, шынайылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

«Жақсы тілек-жылы жүрек» арқылы бір-біріне жақсы тілектерін айтады


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

№7сабақ 41 бет Б.Үсенбаевтың «Жүрегімнің бөлшегі» өлеңін оқып келу.



Тіл жоқ жерде-ұлт жоқ

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


  1. Әңгімелесу Мұғалім сыйы


СОЛ ТІЛМЕНЕН ДҮНИЕНІ АТТАДЫМ
Сол тілменен дүниені аттадым,
Таптым бүкіл тіршіліктің атауын.
Жатты онда уыз сүті ананың,
Жатты онда аманаты атаның.
 
Сол тілменен махаббатқа тіл қаттым,
Сол тілменен талай гүлді жырлаттым.
Сол тілменен сәбилерді сөйлетіп,
Талайлардың көз жастарын құрғаттым.
 
Сол тілменен аспан көрдім, жер көрдім
Сол тілменен көгершінге жем бердім.
Сол тілменен дүниеден кетемін,
Сол тілменен дүниеге мен келдім.
                                                                  С.Мәуленов

  • Тіл кімнің аманаты ?

  • Тіл арқылы не істей алдым дейді автор?

  • Тіл арқылы нені кқруге болады?

  • Тілге деген құрметті қалай көрсетеміз?

  • Ұлт үшін, адам үшін тіл маңыздылығы қандай?

  • Өз тіліңе деген құрметті қалай көрсетіп жүрсің?
     


Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс

Әр оқушы тіл туралы білетін мақал-мәтелдерін жазады


Үйге тапсырма

№ 8 сабақ 43 бет С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқу.


  1. Топпен ән айту

Анамның тілі

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның; тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Анамның; тілі - айбыным менің,
Анамның; тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.



Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көзеріңізді ашуға болады. Рахмет!











Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Мерзімі: Сабақ №8

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Мен елімнің азаматымын

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: бауырмалдылық, ұлтжандылық , отансүйгіштік


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз елінің азаматы болу туралы ұғымдарын кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

-оқушыларды бауырмал болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы ұлтжандылық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды бауырмалдылыққа, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

5-тыны еске түсіру.

  1. Татулық

  2. Тыныштық

  3. Тәртіп

  4. Тазалық

  5. Талап


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

№ 8 сабақ 43 бет С.Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқу.


Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


  1. Әңгімелесу Мұғалім сыйы



Қазыбек би жайлы әңгіме

Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:

- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:

- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.

Қаз дауысты Қазыбек тұрып:

Келінің керіске сай болса,

Қызың сумақай болса,

Сол үйдің берекесі түгел кетеді,

— Әйелің жақсы болса,

Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.

Әйелің жаман болса.

Досың сенен безініп,

Үйіңнен кетер қонағың, -

- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.

- Әйелің қабағын түйіп керілсе,

Шай құйып беруге ерінсе,

Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:

- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:

- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.

- Ал, не жаман?

- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.

депті.

Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.

  • Қаз дауысты Қазбек би неліктен қарияға кезікті?

  • Қарияға Жәнібек қандай сұрақ қойды?

  • Неліктен қарияның жауабына риза болды ?

  • Ынтымақтастық ортаны қалыпастыра алып жүрсіз бе?

  • Әр адам шырақ болып жана ала ма?

  • Ар, намыс, парасаттылық қай кезде адам бойынан орын алады?
     


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Балаларға үш тапсырма беріледі.

  1. тапсырма «Туған жерім-тірегім»

  2. тапсырма «Аяулы өлкем»

  3. тапсырма «Елімді мақтан етемін»

Осы тақырыптарға сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, адалдық тұрғысынан әңгіме жазып, оқиды.


Үйге тапсырма

№ 9 сабақ 48 бет «Сыпайы қоян» ертегісін оқу.


  1. Топпен ән айту

«Атамекен » өлеңін айту.

Сөзін жазған Қ. Мырза Әли

Әнін жазған Е.Хасанғалиев

Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Айдарымнан сипап өткен самалды,

Қазағымның алақаны деп білем.



Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.



Жасыл жайлау –түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем.

Асқар тауың аспанымен таласқан,

Қазағымның мәртебесі деп білем.



Қайырмасы:

Қайда жүрсең атамекен,

Көкейінде жатады екен.

Күннің өзі ұясына,

Қимай оны батады екен.


Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көзеріңізді ашуға болады. Рахмет!









Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзімі: Сабақ №9

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Жақсы сөз-жанға қуат

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: жанашырлық, қарапайымдылық, сабырлылық.


Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы сөз жанға қуат болатындығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;

  • жанашырлыққа, қарапайымдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу,оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


«Жағымды сөздер»

•           Мақсаты: өзін-өзі  одан әрі ашу,   өзін-өзі  тану,  өзінің  және айналасындағылардың  психологиялық  мінездемесін  анықтау және талдау  іскерлігін  дамыту.

•           Қатысушылар  шеңбер бойымен  отырады.  Жүргізуші жағымды сөздер  айта отырып,  кез-келген біреуге  доп лақтырады. Допты алған ойыншы  шеңбердегі  қатысушылардың  кез-келгенін  таңдайды да,  оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың  бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Сабақ барысын талқылау:

3.Үй тапсырмасын тексеру

№ 9 сабақ 48 бет «Сыпайы қоян» ертегісін оқу.


  • Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

  • Жылы сөздер арқылы қандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсыңдар?


4.Дәйексөз.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады

Науаи

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалімнің сыйы

Шынайы сүйіспеншілік

(В.А.Сухомлинский)

Бір ананың жеті қызы болыпты. Бірде ол алыста тұратын ұлына кетеді.Үйге бір аптадан кейін оралады. Үйге кірісімен қыздары бірнен соң бірі шешесін қалай сағынғандарын айта бастады.

-Мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым, - деді біріншісі.

-Мен сені бір тамшы суды аңсаған шөлдей күттім,-деді екіншісі.

-Мен мамасын сағынып жылаған кішкентай балапандай болып жыладым,-деді үшіншісі.

-Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын,-деді төртіншісі.

-Сен менің түсіме раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің,-деді бесіншісі.

-Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым,-деді алтыншысы.

Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол шешесінің аяқ киімін шешіп, аяқтарын жуу үшін су әкеліп берді.

-Ананың неше қызы бар?

- Анаалысқа қайда кетеді?

- Қыздары аналарын сағынғандарын қалай жеткізді?

- Отбасымызға қаншалықты жанашырлық танытып жүрміз?

- Өз сүйіспеншілігімізді қалай білдіреміз?

- Ата-анаңды қуанышқа бөлеген кездеріңді айтып бер?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын-жаттығу Оқушылардың сабақтан түйген ойларының бекітілуі мақсатында ойын-жаттығу ұйымдастыру.Балалар 3-топқа бөлінеді. Шағын диалог-көрініс құрастырып көрсетуі тиіс.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.

3-топ:Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.


8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова



9.Үй тапсырмасы.

«Екі дос»әңгімесін оқу.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Балалар жылы сөздер шеңберін құрады.Мұғалімнен бастап,барлық оқушы қолдарын өз жүрегінің тұсына апарып,іштей жақсы сөздерді айтып,сол сөздерді жүрегінен алып,қолының уысына салып,барлығы ортаға жиналады.Уысындағы жылылықтарын бір-біріне сыйға тартып,алақандарына салады.




Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Мерзімі: Сабақ №10

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Адал достық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, қарапайымдылық, шыншылдық.


Сабақ мақсаты: Оқушыларды адал дос бола білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу


Міндеттері:

  • адал достықтың мәнін түсіндіру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға адал достықтың мәнін түсіндіру мақсатында «Екі дос»әңгімесін оқу.

  • Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

  • Сендердің де адал достарың бар ма?

  • Олардың адалдығын қай іс- әрекеттерінен байқадыңдар?


Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)



5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Екі дос.

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дем алады.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбашыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбашысна:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің қимас нәрсең қажет ,-дейді қолбасшы.

-Ол да болсын,алыңыз да, досымды босатыңыз,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досын ерти қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

  • Тұтқиылдан шабуылдаған жаудың шарты қандай?

  • Досын құтқару үшін жасаған әрекеті?

  • Қолбасшының айтқан ойы қандай?

  • Қандай адам сенімге ие болады?

  • Досыңа шынайы жақсылық жасаған сәттерің болды ма?

  • Өз адалдығыңды қалай көрсетер едің?




  1. Шығармашылық жұмыс

Синквейн әдісімен дос бес жолды өлең

Синквейн француздың «бес» деген сөзінен шыққан, яғни бес жолды өлең жазу әдісі.
- Бірінші жолда - тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
- Екінші жолда - тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
- Үшінші жолда - тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
- Төртінші жолда - 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
- Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз

Мысалы:
1. Күй.
2. Әсерлі, құдіретті.
3. Мұңайтады, балқытады, тербентеді.
4. Күй – адам сезімінің көрінісі.
5. Өнер.



7.Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні» Сөзі:О. Әубәкіров, әні:Ш. Қалдаяқов



8.Үй тапсырмасы.

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында «Сурет» әңгімесін оқу.


9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушыларға адал досқа тән қасиеттерді айтқызу.

Балалар шеңберге тұрып,сыныптас достарына ақ тілек,ізгі ниеттерін кезектесіп айтып шығады.






Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №11

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Ашу –дұшпан, ақыл-дос

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұстамдылық , шыншылдық, сабырлылық


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ашудың дұшпан, ақылдың дос екендігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

-оқушыларды ұстамды болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды ұстамдылыққа , шыншылдыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы


- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:

- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру .

№11сабақ 58-59бет Ж.Дәуренбековтың «Сурет » оқып келу.


Дәйексөз

Ақыл-адам көрігі,ақылдың сабыр серігі

М.Әуезов

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


  1. Әңгімелесу Мұғалім сыйы

  «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).


Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.

  • Сұрақтар:
    - Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
    - Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  • Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

  • Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Мен ашуды қалай жеңемін?

Ой бөлісу



Үйге тапсырма

№ 12сабақ 62-63бет В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқып келу


  1. Топпен ән айту.

Балдәурен

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.


Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көзеріңізді ашуға болады. Рахмет!








Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №12

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Қуаныш-жан шуағы

Құндылығы: сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік , шыншылдық, сабырлылық


Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жан шуағы қуаныш екендігі туралы ұғымдарын кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу .

Міндеттері:

-оқушыларды мейірімді болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды ұстамдылыққа , шыншылдыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

«Жылдам фото»

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру .

№ 12сабақ 62-63бет В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» мәтінін оқып келу


Дәйексөз

Қуаныш-өмір шаттығы

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


  1. Әңгімелесу Мұғалім сыйы

«Балалардың көз қуанышы» 
Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп,құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырлап аққан бұлақтың үні естіледі. 
Ал биік қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді елестеді. 
Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт ана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген айтып, әлденелерді жеткізген болды. 
Олар осылай бір сағатқа жуық әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлкм қақта. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қақаны келді. «Міне, қазір көктем екен», -деп ойлады бала. 
Біреудің көзіндегі жасты тыйып, жүзінде күлкі ойнату қандай қуаныш! 


Кішкентай бала табиғаттың сұлулығын неліктен байқамады?
Сендердің ойларыңша қарт ана балаға не айтты?
Айналасындағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті? 


Шығармашылық жұмыс

«Менің қуанышты сәттерім» тақырыбында әңгіме жазу



Үйге тапсырма

№ 13сабақ 67-70бет «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін оқып келу


  1. Топпен ән айту.

Армансыз күнім болмайды

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды


Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


Соңғы тыныштық сәті

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көзеріңізді ашуға болады. Рахмет!









Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №13

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Кешірім мен келісім.

Құндылық:. Сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімділік,сабырлылық,ұстамдылық


Сабақ мақсаты: Оқушыларды келісім мен кешірімде өмір сүруге үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • кешірімділік,татулық,бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

  • шынайы достық қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • кешірімділікке,сабырлылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбымен танысып,оның мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісін айтып беру.

Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Сендерде осындай жағдайлар болды ма?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық

М.Әуезов

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Кешірім

Р. Әбілқадырова

Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:

  • Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.

  • Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.

  • Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?

  • Жоқ екілік емес. Одан да жаман..

  • Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.

  • Апа, айтайын дегенім, аула сыпыратын атайға барсам деймін. Халін біліп кешірім сұрайын.

  • Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.

Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.

- Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.

  • Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?

  • Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?

  • Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 



6.Шығармашылық жұмыс.


Жағдаяттарды талдау

-Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындаған ренішті ақылға жеңдіріп,кешірім сұрап,өзара тіл табысып,жарастыққа жетуді өзара келісім дейді.

  1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды.Досан Қалиға ренжіп , кетіп қалды.

  • Сендер Қалидың орнында болсандар не істер едіңдер?


  1. Мадина Жанардан айнасын сұрады.Досының көңілің қимай Жанар айнасын берген еді, айнаны сындырып алды.

  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?




8.Топпен ән айту.

Көңілді күн


Сөзі: У.Бекетов Әні: И.Нүсіпбаев


1.Теріп едік жемісін сезім бақтың,

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан тойынның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.


Қайырмасы

Бүгін қандай тамаша көңілді күн,

Көңілді күн 3 – рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп келгенімде

Қуандың ау балаша мені көріп.


Қайырмасы

Бүгін қандай тамаша көңілді күн,

Көңілді күн 3 – рет

Сені қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол, жан досым!



9.Үй тапсырмасы.

М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып келу.


10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан алған барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көзеріңізді ашуға болады. Рахмет!





Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №14

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Ортақ іс табысы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: татулық, жауапкершілік, адамгершілік

Сабақ мақсаты: оқушыларға ортақ іс табысқа жетелейтіндігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • ынтымақ,бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

  • бірлесіп жұмыс істей білу іскерліктерін дамыту;

  • татулыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушыларға бірлік ұғымының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады. М.Төрежановтың«Көп біріксе -береке» әңгімесін оқып беру.

1. Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсындар?


2. «Көп біріксе-береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады


Сабақ барысын талқылау:

4.Жағымды пікір айту.

Дәйексөз

Келісіп істесе,көп іс бітеді.

Құтып

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Адам өз ортасына сыйлы,ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген жаңа ақпаратпен таныстыру.




6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын -жаттығу

Айтылған ойды бекіту үшін «Күш -бірлікте» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

Достықтың мәнін түсіндіру және балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Мына өлең жолдары,қимылдарымен екі рет қайталанады:

Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)

Бір,екі,үш..... (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)

Желбіре жалауша!(Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)

Достықта біздің күш!(Қолдарын ішке қарай бүгеді.)




7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ребусты шешу.



7.Топпен ән айту.

. «Достар» әні

Сөзін жазған: Фариза Оңғарсынова

Әнін жазған: Айжігіт Асанов

Уақыт ұзақтығы: 00:03:46

Ақ, қарамыз, сарымыз,

Тату доспыз бәріміз.

Достық жайлы ән салып

Шырқатайық кәне біз.



Қайырмасы

Жүзімізге қараңыз

Бал-бұл жанған баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат анамыз.



Күннің нұрын сүйеміз

Қырдың гүлін сүйеміз

Бізді ойнатып тәтелер

Күлдіргенін сүйеміз.



Қайырмасы

Балдырғанбыз арай-жүз

Бал-бұл жанып қараймыз

Ойыншықтар біздерде

Көп болғанын қалаймыз.



Таласпаймыз біз бірақ

Отырмаймыз тұнжырап

Қуысамыз көгалда

Жүреміз біз құлдырап.

Қайырмасы

Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз

Біз мәңгіге достармыз

Біз мәңгіге біргеміз.



8.Үй тапсырмасы.

Төле би туралы аңызды оқу.


9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Шаттық шеңберін құру. «Білуге құштармыз» деген өлең жолдарын кезекпен оқу.

Білуге құштармыз,

Қаламды ұстармыз.

Ұшатын ұядан,

Балапан құстармыз.


Тезірек өсеміз,

Сөйлеуге шешенбіз.

Жұмбақты жасырып,

Жұмбақты шешеміз.







Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №15

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Құрметтей білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қарапайымдылық, адамгершілік, ізеттілік


Сабақ мақсаты: Оқушыларды құрметтей білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

-құрмет,сыйластық әдептерінің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

- ізетті қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

- қарапайымдылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2. «Жылдам фото»

Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.

Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Құрмет ұғымының мәні түсіндірілуінің мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. «Үш пайғамбар»кітабынан Төле би туралы аңызды оқу.


  1. Данагүл адамдарға қандай құрмет көрсетті?

  2. Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасындар?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Кісіге екі дүниеде пайдалы нәрсе-ізгі іс немесе мінезі түзулік

Жүсіп Баласағұн

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.



5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Ана құдіреті

Баяғы заманда бір патша өмір сүріпті.Кімге жақсылық жасаймын, жұмаққа барар жол кайда?-деп көп ойланыпты. Көп ойланып, ақыры бір көпті көрген данышпанға келіпті. Данышпан: «Әуелі анаңа жақсылық жаса!»-депті. Ол анасына зәулім үй салып, ішкені алдында ішпегені артында,барлық жағдайын жасапты. Тағы да данышпанға келіп: «Анама жақсылық жасадым, енді кімге жақсылық жасайын» - депті. Данышпан: «Тағы да анаңа жаса!»-депті. Патша анасын Меккеге жаяу арқалап үш барып,үш келіпті. Ол данышпанға: «Мен сияқты ешкім анасына жақсылық жасамаған шығар. Мен анамның алдындағы парызын өтеген шығармын»- депті.Сонда данышпан: «Сен анаңның түн ұйқысын төрт бөліп, бір-ақ рет емізгенін ғана өтедің.Бейіш ананың табынының астында. Ары қарай да анаңа жақсылық жасай түс!»-депті.

  • Патшаны қандай ой толғандырды?

  • Патша кімнен ақыл сұрады?

  • Данышпан қандай кеңес берді?



  • Қандай істер адамды бақытты етеді?

  • Жақсылық жасау үшін қандай күш керек?

  • Таза ойға не жетелейді?



6.Шығармашылық жұмыс.

Стикерлерге жазылған «Жақсылық», «Адалдық», «Мейірім», «Қуаныш» сөздері арқылы төрт топқа бөлінеді. Әр топ 1 шумақтан алып, бос орындарға сөздер қойып, өлең шумағын құрастырады.


Күн шуағы .................

Жер бетіне ..................

Балаларға бақытты

Сәулелері ...................


Күліп атқан ..................

Әрбір күнім ..................

Таңмен бірге .................

Жүрегімде .....................


Нұр сыйлайды ...............

Жүрегіме, .......................

Апарады біздерді

Бақытты .........................


Қуанышпен .....................

Жаңа таңды......................

Таңмен бірге ...................

Өсіп келе .........................


Күн шуағы арайлы

Жер бетіне қарайды.

Балаларға бақытты

Сәулелері тарайды.


Күліп атқан ақ таңнан

Әрбір күнім басталған.

Таңмен бірге бүр жарар

Жүрегімде жақсы арман.


Нұр сыйлайды тағы да

Жүрегіме, жаныма.

Апарады біздерді

Бақытты әлем бағына.


Қуанышпен күн сайын

Жаңа таңды атырдым.

Таңмен бірге жыл сайын

Өсіп келе жатырмын.


8.Топпен ән айту.

Ана-әке

1) Жанашырым - ана, дара шыңым- ана

Бар асылым - ана, шуағымсың.

Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке

Қорғанымсың- әке, шырағымсың.

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.

Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

2) Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген маған айкүнімсің.

Қамқорларым дана, сүйенішім дара,

Әке менен ана байлығымсың.

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.


Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке

Қайырмасы:

Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана - мен сені меккеге апарамын

Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың.


Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын

Әке - мен сені меккеге апарамын

Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке



9.Үй тапсырмасы.

«Жақсылық пен жамандық»ертегісін оқу.


10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Сонымен бүгінгі сабақта айналадағы адамдарды құрметтеу ұғымы туралы түсініктерімізді кеңейттік.Ата салтын ардақтап,үлкенді құрметтеп,халықты сыйлай білу-инабаттылықтың,адамгершіліктің белгісі. «Халықтың қартын сыйлауы-елінің салтын сыйлауы» дегенді ұмытпай жасы үлкендерді құрметтеп,салтымызды ардақтай білейік!







Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №16

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Жақсылық жасай білейік

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, ұстамдылық .


Сабақ мақсаты: Оқушыларды жақсылық жасай білуге үйрете отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- адамгершілікке, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Жақсылық пен жамандық»ертегісін оқу.

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақыт та, бақ та қонбайды. 
Ж.Баласағұн

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.



5.Әңгiмелеу (сұхбат)

«Кешірімді бұлбұл» ертегісі

Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын», –деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді.

– Кет қазір, менің бағымнан! –дейді жолбарыс қаһарланып.

  • Біраз сайрасам қайтеді? –депті бұлбұл жалынып.

Жолбарыс:

– Мен саған сайрағанды көрсетейін! –деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кіріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір-екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қоярға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады.

Оны көрген қарға:

–Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды.

–Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным-ай! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып:

–Жүріңіз, мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді мүйізімен оп-оңай суырып тастайды, – деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады.

–Менің мүйізім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіңе бойлаған найзаны да алып береді, – деп, аюдың үйіне алып барады. Аю мән-жайға қаныққан соң:

–Е, мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын.

Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті.

–Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып-ақтастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, – депті піл.

Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған

мән-жайды түсіндіреді.

Қолтырауын:

–Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол– өте мейірімді құс. Барып өтін, оп-оңай алып тастайды, – депті. Бәрі жиналып, бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм-мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты.

Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын-сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды.

Мәтін бойынша сұрақтар қою:

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Бұлбұлдың ұзақ уақыт ән салуының себебі неде?

Құндылық бойынша сұрақтар қою:

  • Жақсыны көре білу не үшін қажет?

  • Татулық екі немесе үш адамның арасында болатын қасиет пе?

  • Бауырмалдық өз бойыңда бар ма?


6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды геометриялық фигуралар арқылы екі топқа топтастырамын «Жақсылық жасау әр адамның парызы»

«Жақсылық-жан азығы» тақырыбында жоба қорғау




Топпен ән айту.

Армансыз күнім болмайды

1)Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды


Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


2) Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Қ-сы;

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды


9.Үй тапсырмасы.

Б.Әділовтың«Қанат пен Жанат» әңгімесін оқу.


10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

Оқушылар қосылып Б.Бағайдың«Жақсылық жерде қалмайды» атты өлеңін оқиды.


Жақсылық жерде қалмайды


Жақынды ,досты аяла, Жайдары жүзбен жарқыра,

Қанатың сонда талмайды Қатыгез болсаң- сол қайғы.

Барынды жұрттан аяма, Қайырымды бол халқына,

Жақсылық жерде қалмайды. Жақсылық жерде қалмайды.





Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №17-18

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Талаптыға нұр жауар

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік .


Сабақ мақсаты: Оқушыларға талапты балаға нұр жауатындығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері :

- талаптанудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру;

- шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- адамгершілікке, жауапкершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың мәнін ашу мақсатында Б.Исаевтың «Мен талапты баламын» атты өлеңін оқиды.

  1. Адам талаптану арқылы қандай жетістікке жете алады деп ойлайсындар?

  2. Өзіңе қаншалықты талап қоясың?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз.

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл»

Ш.Құдайбердиев

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.



5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Талапты бала көбірек білсем,үйренсем деп армандайды.Құштар болған нәрсеге,арманына жетпей қоймайды.Адам қойған талабына жету үшін шыдамдылық,ұқыптылық танытып,көбірек еңбектенуі керек.Бала білім,өнерді үйренуге талаптанады.Сондықтан да ақын Ш.Құдайбердиев аталарың:

«Талаптан да білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,өнерсіз болады ақыл тұл»,-деп айтқан болатын.




6.Шығармашылық жұмыс.

Балалар шығармашылық жұмыс бойынша талапты балаға тән қасиеттерді тауып айтып береді.

Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш,талантты,жалқау,ұқыпты,қабілетті,еңбекқор,өнерлі,әдепті,сабырлы,табанды.


7. Дәптермен жұмыс

  • Талапты баланы неліктен құсқа теңейді?Сол туралы өз түсініктерін жазу.



8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» әнін қосылып айтады.



9.Үй тапсырмасы.

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінді оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. -Талабы бар адам білімді,өнерді үйреніп меңгереді.Ұлы Абай аталарың айтқандай талап-бес асыл істің бірі.Сол асылды бойымызға дарыта білейік.
















Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №19

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Ақылды тыңдай білу де өнеге

Құндылық: Ақиқат.

Қасиеттер: шыншылдық, жауапкершілік, сабырлылық


Сабақ мақсаты: Оқушыларды ақылды тыңдай білуге үйрете отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

  • ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;

  • ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;

  • шыншылдыққа, жауапкершілікке, сабырлылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2. “Мен –ғажаппын!”

      Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

      Мысалы:

      - Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

      - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

      - Мен ғажаппын, мен кереметпін.

      - Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу.

Балалардың пікірлерін білу үшін сұрақтар қойылады.

-Балаларына айтқан әке өсиетінінің мәні неде?

-Балалардың әке сөзін тыңдай білгеннің арқасында қандай дәрежеге жете білгендері туралы өз ойыңды білдіріп көр.


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

«Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең.

Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең

Халық мақалы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Данышпан атаның ақыл-кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру:

  1. Адамдарға ізет білдіріңдер!

  2. Түсінбегенді сұрап алыңдар!

  3. Айтылған сөзге мән беріңдер!

  4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар!

  5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер!

  6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер!



6. Шығармашылық жұмыс.

Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін жазу.


8.Топпен ән айту.

«Біз- өмірдің гүліміз» әні: Б.Ғайзатов, сөзі: Ә.Дүйсенбиев



9.Үй тапсырмасы.

Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқу


10.Қорытындылау

-Бізге үлгі-өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл-өсиеттерін, даналық сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн.






Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №20

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Өзімшілдік пен көпшілдік

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, бауырмалдық,ұстамдылық.


Сабақ мақсаты: Оқушылардың бойында өзімшілдік пен көпшілдік қасиеттерін ажырата білуге үйрете отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

  • «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру;

  • өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

  • мейірімділікке, бауырмалдыққа,ұстамдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып сол жағындағы сыныптасының үш жақсы қасиетін айтады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту.

Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары тыңдалады;


  1. Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?

  2. Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма? Қандай шешім қабылдадыңдар?

  3. Көпшіл болудың сен үшін маңызы қандай?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл

Абай

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


Әңгiмелеу (сұхбат)


Жүрек жақындығы


Ұстаз өз шәкірттерінен сұрады:

- Неліктен адамдар жанжалдасып, айқайласады?

- Өйткені олар өздерін ұстай алмайды, - деді біреуі.

- Егер адам жаныңда тұрса оған айқайлаудың қажеті не? – деді Ұстаз. Бір – бірімен жай сөйлесуге болмай ма?

Шәкірттері түрлі жауап ұсынса да, Ұстаздың көңілі толмады.

Ақыры ол былай деп түсіндірді:

- Адамдар бір – біріне көңілдері толмай, дауласқанда олардың жүректері алшақтайды. Осы қашықтықты толтыру үшін және бір – бірін есту үшін оларға айқайласуға тура келеді.

Олар қатты ашуланса, қаттырақ айқайлайды.

- Ал адамдар бір – біріне ғашық болса қалай болады?

Олар айқайламайды, керісінше жай сөйлеседі, өйткені олардың жүректері өте жақын болғандықтан, ара қашықтық та кішкентай.

Ал сүйіспеншілік тереңдеген сайын сыбырласудың да қажеті болмайды.

Олар бір – біріне қарағаннан – ақ сөзсіз түсініседі.

Бір – бірін жақсы көретін адамдар бірге болғанда осылай болады, - деді Ұстаз.

Сондықтан, біреумен ренжіскенде, өз жүректеріңе бір – бірінен алшақтауға жол бермеңдер, бір – біріңнің араларыңды алыстататын сөздер айтпауға тырысыңдар. Өйткені ара қашықтық алыстағаны соншалықты, кейін қайтуға жол таба алмайтын күн тууы әбден мүмкін.


  • Ұстаз шәкірттеріне қандай сұрақ қойды?

  • Шәкірттерінің жауабы қандай болды?

  • Ұстаз шәкірттеріне қалай түсіндірді?

  • Адамдар арасындағы қарым- қарым қатынаста неге мән беру керек?

  • Өзің көпшілікпен қалай тіл табысар едің?



6. Шығармашылық жұмыс.

Сергіту сәті

  • Домбырам күмбірлеп,(сол қолын жанына көтеріп домбыра тартады) күй шерте аламын.

  • Бұрала би билеп, (екі қолын кезекпен көтеріп, би қимылдарын жасайды.)

  • Сурет те саламын (қылқалам ұстаған қимылын көрсетеді.)

  • Ұқсатып кілемге,(ауада төртбұрышты сызады)

  • кесте де тігемін (ине ұстап, тігін тіккен қимыл жасайды.)


Дәптермен жұмыс:

Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды.


8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова

 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

 2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен  көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)




9.Үй тапсырмасы.

«Қойшы Қаһарман» ертегісін оқу.



10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен қашық болайық.







Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №21

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Батылдық пен өжеттік

Құндылық:сүйіспеншілік

Қасиеттер: шыншылдық, батылдық,ұлтжандылық.


Сабақ мақсаты: оқушылардың батылдық пен өжеттік туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері :

  • батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

  • шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;

  • шыншылдыққа, батылдыққа,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2. “Мен –ғажаппын!”

      Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.

      Мысалы:

      - Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.

      - Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.

      - Мен ғажаппын, мен кереметпін.

      - Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.

«Қойшы Қаһарман» ертегісі.

Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:

1.Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар?

2.Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

3.Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?

4.Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?

5.батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?


Сабақ барысын талқылау:

4. Дәйексөз

Батыл болмай, батыр болмайды

Халық нақылы

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.


5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Ертеде бір жолбарыс ұйықтап жатса үстінен бір тышқан өте беріпті. Оянып кеткен жолбарыс тышқанды ұстап алып, сығымдап, өлтіруге айналады.

Жаны қиналған тышқан еңіреп жылап тұрып:

О, тақсыр! Өзіңе айтатын арызым бар. Мені өлтіре көрме. Күнәмды кешіре гөр.

Білместік өтті басымнан. Тірі жүрсем мен де саған пайдамды тигізермін, – деп жалбарыныпты.

Сонда жолбарыс бармақтай тышқанның сөзіне қарқылдап күліп:

–Мен жолбарыспын! Күшім де мығым. Сен шырпы сындыра алмайтын тышқансың.Сонда да қалжыңың қызық екен. Мына түріңмен сен маған қалай қызмет етпексің? Дегенмен, әзілің ұнады. Босатайын, бар, бара ғой, – деп тышқанды қоя беріпті.

Тышқан:

–Жолбарыспен дос болдым! – деп мақтанып жорғалай жөнеліпті.

Өмір деген қарама-қайшылыққа толы емес пе? Күндердің күнінде жолбарыс тоғайда жортып жүргенде мойны аспалы тұзаққа ілініп қалыпты. Қанша бұлқынса да босана алмай қиналыпты. Жолбарыстың гүрілдеген дауысын естіген тышқан жетіп барыпты.

Жолбарыс қинала:

– Ей досым, мынаның бір амалын жасашы, – деп көмек сұрапты.

– Қазір, қазір... – деп зыр жүгіріп жүріп, тұзақтың жібін тісімен қырқып үзеді.

Тышқанға разы болған жолбарыс:

– Рахмет, досым. Бұл жақсылығыңды өмір-бақи ұмытпаймын, – деп қайталай беріпті.

Иә, ажал тырнағынан алып қалған бармақтай тышқанға жолбарыс осылай разы болған екен.


  • Жолбарыс тышқанды не үшін жібере салды?

  • Тышқан досына қандай көмек көрсетті?

  • Бармақтай тышқанға жолбарыс қалай разы болды?

  • Батылдық адамға қаншалықты маңызды?

  • Өзің батылдық танытқан кезің болды ма?




6. Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.

Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан, Отанын сүйетін, қайсар және т.б.



Топпен ән айту.


«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова

 1.Бал-балалық,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман.(2 рет)

 2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.(2 рет)

 3.Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен  көркейсін,

Ұлы Отаным,тілегім сол менің де.(2 рет)



9.Үй тапсырмасы.

«Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.


10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Батылдық-адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.Жағымды әуен тыңдалады.










Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №22

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: еңбекқорлық, жауапкершілік, табандылық.

Сабақ мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлық пен еріншектік туралы ұғымдарын кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;

еңбекке қызығушылықтарын арттыру;

еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, табандылыққа тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру.

Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі.

Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою.

1.Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер

2.«Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер.

Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді:

-Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді.


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап


Абай

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Мұғалім сыйы

Екі соқа


Екі соқа ұста көрігінде тұрды. Олардың түрлері бірдей екен.

Соқаның біреуін шаруа арбаға жегіп егін алқабына алып кетті.

Жұмыс істеген соқа жарқырап, сұлуланып кетті.

Екі соқа қайтадан сарайда кездескенде бір – біріне таңдана қарады. Жұмысқа пайдаланылмаған соқа таттанып кеткен екен.

Ол құрбысына қызғана қарап:

  • Сен қалай сұлуланып кеткенсің, сырын айтшы. Мен осы өз бұрышымда тұрғанда еш қиындық көрген жоқпын, маған жақсы еді, - дейді.

  • Сен жұмыссыздықтан түрің бұзылыпты, ал мені еңбек көркейтті – дейді.

Даналық:

Еңбектенсен - көркейерсің.

  • Екі соқаның айырмашылығы неде?

  • Адамның ішкі дүниесі (әлемі) сыртқы түріне қалай әсер етеді?

  • Танымайтын адам туралы сыртқы түріне қарап қорытынды жасауға бола ма? Неліктен?



Шығармашылық жұмыс.

Еңбек

Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек –кезек жоғары көтереді.)

Мұның аты-еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.)

Мұның аты-Еңбек. (Екі қолын жаяды.)

Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.)

Әзірленсең-Еңбек.

Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.)


Дәптермен жұмыс:

1-тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар. Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту.

2-тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу.

«Еңбек- ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы».

«Адал еңбек, алғыр ой-анық досың біліп қой»

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.



Топпен ән айту.

Қос қарлығаш

Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбаев
Сазгер: Нұрлан Еспанов
Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш көктемде,
Қанат қағып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге?
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар.
Ерте өшкен үмітімді,
Қайта жақтыңдар.
Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,
Ұя салса ауласына басқаның.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерін туған жерге өңделген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе екен сендерден.
Қайырмасы:




Үй тапсырмасы.

«Әдемі әже» әңгімесін оқу.


Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық-еріншектік. бұл әдет- бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай атамыз 38-қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек.Әуелі-надандық, екінші-еріншектік, үшінші-залымдық,-деген екен».









Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №23-24

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: «Төзім мен табандылық» Құндылық:  Ақиқат  

Қасиеттер: жауапкершілік, шыншылдық, ұқыптылық


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам бойындағы төзім мен табандылық ұғымының маңызын түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: -оқушыларды шыншылдыққа үйрету; - оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту; - оқушыларды жауапкершілікке, шыншылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу;


Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі Оқу құралдарына назар аудару. 5Т; тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық

2. Үй тапсырмасын тексеру №24 сабақ 113 –беттегі Д. Әлімжановтың «Төзім» өлеңін жаттап келу.

- Ардақты дос –серігің, Арымайтын төзімің. –деген өлең шумағындағы сөздерді қалай түсінесіздер? - Төзімді жан қиындықты қалай жеңеді?

-Саналы жан болу үшін не істеу керек? - Адамның бойында өмірде өз орнын табу үшін қандай қасиеттер болуы парыз ?

- Табанды, шыншыл адам қандай болады?

- Өздеріңіздің қаншалықты жауапкершіл, ұқыпты екендігіңізді қалай көрсете алып жүрсіз?


3.Дәйексөз

Ақиқатты тек ақылды көздермен ғана көруге болады

Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын. - Дәйек сөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер ?


Сергіту сәті. (Қимыл қозғалыспен жасаймыз) Біз бақытты баламыз, Күндей күліп жанамыз. Бар әлемді шын сүйіп, Өзгешеміз, дарамыз. Қиындықтан қашпаймыз, Табандылық танытып. Қамқор болып баршаға, Үміттерін ақтаймыз.

4. Мұғалім сыйы

Абай мен Әбіш


Наушабай дейтін кісі жол жүріп келе жатып, Абайдың үйіне түсіпті. Жайғасып отырған соң ол:

-Абайжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма? - деп сұрапты. Абай сәл ойланып отырыпты да:

-Менің Әбдірахман деген балам бар еді. Оны тоғыз жасында Семейдегі орыс мектебіне оқуға бердім. Оны бітірген соң, Петербургке жібердім. Қыс оқып, жаз демалысқа үйге келді. Сұрастырып байқасам, оқуы жақсы көрінеді. Баламның алымдылығын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып:

-Қалқам Әбіш, осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма? - деп сұраған едім. Ол іркілместен:

-Ақ зат асыл ғой, - деді.

-Неге, қара зат асыл емес пе? - дедім мен. Әбіш бетіме қарап күлді де:

-Қараны қалай асыл дейсіз? - деді.

Мен:–Біріншіден, адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе? - дедім,

Бірақ көздің ағы көрмейді, ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді. Қараның асылдығына осы дәлел.

Екіншіден, қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне жазған қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден, жас шақта адамның сақал-шашы қара болады. Осыған байланысты жас күнде адамда ақыл, білім, қайрат көп болады. Қартайғанда шаш-сақал ағарады. Ал, адамда ақыл, білім, қайрат та азаяды, сондықтан ақтан қараны асыл ма деп ойлаймын, - дедім.

Сонда Әбіш: -Оның бәрін қалай білдіңіз? - деді. -Ақылмен білдім, - дедім мен.

 -Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!  Екіншіден, ақыл - нұр, жарық зат. О да аққа ұқсамай ма? - деді. 

Мен баламның тауып айтқан сөзіне риза болып, маңдайынан иіскедім.

-Наушабай Абайға қандай сұрақ қойды? - Абай баласы Әбдірахман туралы не айтты? -Абай баласы Әбдірахманың жауабына неге риза болды?

-Адамға өмірде алдына қойған мақсатына жету үшін не қаже ? -Өз ісіңе жауапты болудың ғажайыбы неде? - Сіздер өз істеріңізге қаншалықты тиянақты, ұқыптымын деп ойлайсыздар? 5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс Оқушыларды 4 топқа топтастырып (геометриялық фигуралар арқылы , барлығының екінші бетінің түсі бірдей, формалары да бірдей), «Біз қандаймыз?» тақырыбында жоба қорғау беріледі

6. Топпен ән айту. 

Ақ көгершін

Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

1.Ақ көгершін, көгершін, 
Қолқанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт, ел үшін. 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп 
Көз алмастан

Ұшырамын қолымнан.

Қ-сы:

Ел тілегін алып ұш, 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш, 
Мұхиттың арғы жағына.


2.Көзін сенен алмайды 
Ақ ниеті бар адам. 
Ақ қанатың талмайды 
Әділеттен жаралған. 
Тыныш бейбіт өмірдің 
Белгісі боп қанат қақ. 
Әлемге ортақ көңілдің 
Қайт шыңына қонақтап. 
Қ-сы:

Ел тілегін алып ұш, 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш, 
Мұхиттың арғы жағына.

7.Үйге тапсырма

«Әдемі әже» әңгімесін оқу. Сабақтың қорытынды минуты.

Айтылған жақсы ойларды ой елегінен өткізіп жүрегімізге сақтап алайық.

- Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) оқулық, видео










Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №25

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Сабыр түбі – сары алтын

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шыдамдылық, адалдық, шыншылдық


Мақсаты: Сабырлық туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға сабырлықтың мәнін түсіндіре отырып, шыдамдылық қасиеті туралы түсінік беру;

  • Оқушылардың бойында адалдық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интербелсенді тақта, аудиотаспа, кеспе қағаздар, баяу әуендер,слайд

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. 5Т.



Үй тапсырмасын тексеру.

Сабақ №25. «Асыл шөп» әңгімесі. Ы.Алтынсарин

Зылиқа мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты. Зылиқа аһлеп-уһлеп, шаршадым деп, Батима күліп, әзілдесіп келе жатты. Сонда Зылиқа айтыпты:

  • Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбендегі

жәшіктің ауырлы да менің басымдағыдан кем емес. Өзің де менен күшті емессің.

  • Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір асыл

шөп салдым, -депті Батима.

  • Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді

жеңілдетейін, - депті Зылиқа.

  • Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал

іздегің келсе, аты «сабыр» деген, - депті Батима.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Зылиқа мен Батима қайда бара жатты?

  • Батима жүгін жеңілдетітін қандай шөп туралы айтты?

Құндылық бойынша сұрақтар?

  • Батиманың көңілді жүруінің себебі неде?

  • Сабырлы адам деп қандай адамдарды айтамыз?

  • Өзіңді шыдамдымын деп санайсың ба?


Дәйексөз:

«Ақиқат – адалдықтың бастауы» Нақыл сөз

Қыздар 2 рет, ұлдар 2 рет және барлығы бірге 2 рет қайталап айтады.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіздер?

Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз

Өсіп өніп толамыз

Күнге қарап, табынып,

Сабырлы да боламыз!


Мұғалімнің сыйы:

«Елеместің адамгершілігі» ертегісі

Елемес мейірімді, адал, еңбекқор еді. Елемес жәомеңкені аралап келе жатып, алдында жатқан бір әмиянға көзі түседі. Әмиянды жерден көтеріп алып:

- Мынау кімнің әмияны? Кім жоғалтты? – деп жар салады. Бұл сөзі естіген жәрмеңкеде жүрген қала жұрты аңтарылып, Елемеске қарап қалады. Осы кезде Елеместі қоршап тұрған адамдардың арасынан бір қария шығып:

- Мен жоғалттым. Оның ішінде менің өмір бойы жинаған алтын теңгелерім бар еді. Оларды әйелім тігіп берген гүлді орамалдың ішіне түйіп қойғанмын.Балам, әмиянды ашып көрші,-дейді қария.

Елемес әмиянды қарап тұрған жұрттың көзінше ашады. Расында да, ішінде гүлді орамалға түйілген алтын теңгелер бар екен.

Жоғын тапқан қария қуанып, Елемеске алғысын айтады.


Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Елемес жәрмеңкеде не тауып алады?

  • Әмиянның шынымен де қариянікі екенін қалай біледі?

  • Қария Елемеске не үшін алғыс білдіреді?

Құндылық бойынша сұрақтар:

  • Мәтіндегі Елеместің адалдығын қай ісінен көре алдық?

  • Күнделікті өмірде адалдықтың маңыздылығы?

  • Өзіңді шыншылмын деп айта аласың ба? Неліктен?


Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

(карточкаларда түрлі суреттер берілген, келесі жағында күн немесе ай сөзі жазылған, сөздер арқылы 2 топқа топтастыру)

І топ – «Сабырлы бала» сөзіне ассоциация жасау

ІІ топ – «Шыдамды бала» сөзіне ассоциация жасау.


Топпен ән айту. Ақ көгершін Өлеңі: Н. Баймұхамедов
Әні: А. Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін, 
Қолқанат құс сен едің. 
Бар, кезіп қайт, ел үшін. 
Кең дүниенің көлемін. 
Әділеттің құсы деп, 
Көз алмастан жолыңнан, 
Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш, 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш, 
Мұхиттың арғы жағына.

Көзін сенен алмайды 
Ақ ниеті бар адам. 
Ақ қанатың талмайды 
Әділеттен жаралған. 
Тыныш бейбіт өмірдің 
Белгісі боп қанат қақ. 
Әлемге ортақ көңілдің 
Қайт шыңына қонақтап. 

Ел тілегін алып ұш, 
Адамзаттың бағына. 
Қара бұлтты жарып ұш, 
Мұхиттың арғы жағына.


Үйге тапсырма:

№26 сабақ, мәтін «Бұлақ сылдыры»

Дәптерде №2 сабақ 1,2 тапсырма


Қорытынды минуты

Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы ойларыңызды жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңыздар!





Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №26

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа

Құндылық:Ақиқат

Қасиеттер: адалдық , мейірімділік, адамгершілік


Сабақ мақсаты: Оқушыларды жақсылықтан жақсылыққа ұмтылдыра отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері :

  • жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

  • жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;

  • адалдыққа , мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


Үй тапсырмасын тексеру.

№26 сабақ, мәтін «Бұлақ сылдыры»


  • Керуеннің алдынан қандай адам кездеседі?

  • Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • Сендер солай жасай алар ма едіңдер?

  • Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?

Осы әңгімеден қандай ой түйіндеуге болады?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Халық нақылы

Қыздар 2 рет, ұлдар 2 рет және барлығы бірге 2 рет қайталап айтады.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіздер?


5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Екі ит туралы аңыз”

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, арпалысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі бері осы иттер үнемі атасының үйі алдында арпалысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.
Жасы 70-ке жеткен атасы немересіне күлімдеп қарады да:
«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.
— Ненің таңбасы?
— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?“деп сұрайды.
Атасы балаға қүлімдеп қарап:
"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!"




6.Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың білім-біліктерін шыңдау үшін шығармашылық тапсырма береді.Тапсырма бойынша балалар көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып мақал-мәтелдерді оқиды.

Жақсы - ..........

Әлемге бірдей.

.......үлгісі

Жанып тұрған ......

......- ортақ,.....-ортақ,....-ортақ.

Жақсы келді дегенше,

.....келді десейші.

......нышпанын

Алып келді десейші.


7.Топпен ән айту.

«Біз өнерпаз баламыз» әні:Ө.Тұрманжанов,сөзі: Ж.Меймандосов



8.Үй тапсырмасы.

«Атаның өнегесі» әңгімесін оқу.


9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды.


Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №27

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, жауапкершілік


Сабақ мақсаты: Табиғатқа қамқорлық көрсету туралы түсінік бере отырып , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.


Міндеттері:

Оқущшыларды табиғатқа деген мейірімділікке үйрету;

Оқушылар бойындағы қамқорлық қасиеттерін дамыту.

Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

Үй тапсырмасын тексеру.

№ 27 сабақ «Атаның өнегесі» Ә.Табылдиев


  1. «Жол жүрсең жоралығыңды сақта» дегенді қалай түсінеміз?

  2. Сендердің ойларыңша қиянат жасамайтын адам қандай болады?

  3. Қиянат жасамау арқылы біз қамқорлық сезімін көрсете аламызба қалай?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйек сөз.

Мың шыбық шаншып, өсірсең, халқыңа орман салғаның,

Халқыңа орман салғаның – өзіңе қорған салғаның.

Халық даналығы

Қыздар 2 рет, ұлдар 2 рет және барлығы бірге 2 рет қайталап айтады.

Дәйексөзді қалай түсінесіздер?


Әңгiмелеу.

ңыз әңгіме: Үзілген гүл

   Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әнгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып үй сыртындағы қыратқа шығып кетті.

    Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрді де, жанына келді.

    -Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді қырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты:

« Табиғатты қорғау керек» деп...

    -Сен оларды қорғаудын орнына, өсіп тұрған орнынан үзіп әкелдің ғой.

    - Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан...

Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйгеауысып:

    -Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. -Табиғатта не нәрсе болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шыңар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді.

     Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашын сипап:

     -Бұларды енді орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, - деді.

     Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.

 

-Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеп үйінің маңына отырғызды?

-Анасы оған қандай кеңес берді?

- Табиғатқа өз қарым қатынасыңды қалай білдіресіңдер?

-Табиғаттың  адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өзің табиғатқа кандай қамқорлық жасадың?


Шығармашылық топпен жұмыс.

1 топ. «Табиғат сұлулығы –адам сұлулығы»

2 топ .«Табиғатты аяла-қамқорлықты аяма» тақырыбында жоба қорғау


Топпен ән айту

Ертегілер Әлемі

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін,

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы көркем,

Әдемі еді неткен,

Құстары сөйлейді,

Бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер,

Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер,

Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,

Әр гүлде бір арман,

Таусылмайтын тәтті,

Сыя келіп жатты

Жан біткеннің бәрі маған.




Үй тапсырмасы.

28 сабақ

«Табиғат-ана»

А.Мырзағұлова

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.

Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.



Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №28

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жомарттық, кеңпейілділік


Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат және қамқорлық адами қасиеті

туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Табиғатқа қамқорлық жасау түсінігін қалыптастыру

  • Табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту

  • қамқорлыққа, жомарттыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

Үй тапсырмасын тексеру.

А.Мырзағұлованың «Табиғат-ана» әңгімесін оқу және 1-2 тапсырманы орындау

- Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенде нені түсінесіңдер?

- Табиғат-ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

- Сендер таьиғат-ананың көріктене түсуіне қандай үлес қосасыңдар?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз.

«Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға, ал болашақ ұрпақтан қарызға алдық» Халық даналығы

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады.

Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Екі түп алма ағаш /аңыз әңгіме/

      Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашының көшеті түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындықтарын сұрайды. Сондабіріншісі

-Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, -дейді. Ал екіншісі болса:

-Маған бәрібір, сіздің онсыз да бақта басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан мені, не түспеуі де міндетті емес. Орын болмаса, басқа алма ағаштарының қасына еге салыңыз, – дейді.

Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді. Адамдардар да оған аса мән беріп қарай бермейді.

-Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыз?

Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өлең жұмбақтардың шешуін тауып, табиғат мезгілдеріне сай қандай қамқорлық жасауға болатынын айту


  1. Топпен ән айту.

«Бала тілегі» өлеңін айту


  1. Үй тапсырмасы.

Э.Шимнің «Көктем иісі» әңгімесін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.




Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №29

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Жер - Ана

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, мейірімділік


Сабақ мақсаты:Жер ұғымының дұрыс әрекет құндылығы ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:

  • Жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

  • Жерге қамқорлық жасау қарым-қатынастарын дамыту

  • Жерді қадірлеуге, қорғауға тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Бала көктем иісін қалай сезінді?

  • «Көктемнің иісі дегенді сендер қалай түсінесіңдер?»

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Баптағанға-жер жомарт» Халық мақалы

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады.

Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Жер ана туралы мысал»

Ертеде жер кіршіксіз таза болыпты. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары болатын. Ол барлық жер бетіндегі тіршілік иелеріне, жануарларға, құстарға, жәндіктерге пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған бар сүйіспеншіліктерін арнап, жанашырлықпен қарады. Күндердің бір күнінде Табиғатадам пайда болды. Ол құдыретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыратын, ол ән айтқанда онымен бірге аспан мен жел қосылып ән шырқайтын. Жер-ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді. Жер-ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды. Адамдар Жер- ананың кім екенін ұмытты, ал Табиғатадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды. Адамдар өздерінің қажеттіліктері үшін жерді жыртты, егін екті, одан пайда тапты. Тамақ іздеп, олар жердің мәпелеп өсірген өсімдіктері мен жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң алтын мен басқа қазба байлықтарын іздеп Жер- ананың денесін ойып, шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттер қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтыларды құрту үшін қуатты қаруларды пайдаланып, соғысты. Ал Жер - ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде. Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал Табиғатадамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер- ана мен Табиғатадамның сүйіспеншілік дастаны өкінішпен аяқталуы мүмкін.

Сұрақтар:

  1. Жер- ананың бастапқы қалпы қандай болған?

  2. Адам ұрпағы Жер – ана мен Табиғатадамның риясыз сүйіспеншілігін жалғастыра алды ма?

  3. Жер -ана неге адамдарға ашуланды, ол неден үміттенді?

  4. Адамдар неліктен қатыгез болып кетті, одан құтылар жол бар ма?

  5. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?

  6. Ана мен жердің қандай ұқсастықтары бар?

  7. Табиғатқа жасалынған залал қиянатқа жата ма?

  8. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?  



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқулықтағы суретті пайдаланып, оқушылар екі топқа бөлініп, төмендегі тақырыптарбойынша өз ойларын білдіріп, топтастыру жасайды.

  1. «Жердің қасиеті» 2. «Жерге қамқорлық»


  1. Топпен ән айту.

Өз елім

1. Келгенде көктемі, көңілін гүл басқан

Шырағы көктегі, жұлдызбен сырласқан

Қ- сы

Өз елім менің, өзегім менің

Жырыма қосып жүремін

Төрім деп менің

Жерім деп сенің

Соғады мәңгі жүрегім


Түлегі сендер, тілегі сендер

Тірегі сендер сол елдің

Назары сендер

Базары сендер

Ажары сендер сол елдің


2. Ақ күмбез астығы, асқар боп өрлеген

Жалынды жастығы, жүлдені бермеген


3. Бұзылмас қамалың, батыры уақыттың

Тербеген самалы, бесігін бақыттың


  1. Үй тапсырмасы.

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.






Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №30

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Су-өмір көзі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, үнемшілдік


Сабақ мақсаты: Су ұғымының дұрыс әрекет құндылығы ретіндегі мәнін ашу

Міндеттері:

  • Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

  • Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту

  • қамқорлыққа, жауапкершілікке, үнемшілдікке тәрбиелеу

Ресурстар: бейнетаспа, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу

- Сендер бұлақ басындағы жазуды қалай түсінер едіңдер?

- Әңгімедегі үш жігіттің айтқандарынан судың қандай қасиеттерін білдіңдер?

- Адамдар судың қандай жақсы қасиеттерді, әрекеттерді үйрене алады деп ойлайсыңдар?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат» М.Хакімжанова

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады.

Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Табиғат – ана»

А. Мырзағұлова

    Табиғат - ананың  Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейрімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

   - Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан – жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

   - Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде Табиғат – ана:

   - Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен.

Сұрақтар: -

  1. Табиғат – ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?

  2. Балалар, табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Сендер табиғат – ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?




  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
«Жер» тобы: Жерге еткен жақсылық жерде қалмас.
«Су» тобы: Су - ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі.
«Ағаш» тобы: Аялы ағаш — саялы.
«Ауа» тобы: Туған жердің ауасы да шипа.
Тапсырма: «Адамға жер, су, ауа, ағаштың қажеттілігі» тақырыбы бойынша сурет салу.


  1. Топпен ән айту.

Қос қарлығаш

Сөзін жазған: Бақытжан Ауданбаев
Сазгер: Нұрлан Еспанов
Бір күн келіп алмастырып бір түнді,
Көктем келіп айналамыз құлпырды.
Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз,
Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш көктемде,
Қанат қағып жеткенде,
Қандай сезім жетеледі туған мекенге?
Тағып алып ақ тұмар,
Жұлдыздай боп ақтыңдар.
Ерте өшкен үмітімді,
Қайта жақтыңдар.
Қос қарлығаш, қияқ қанат достарым,
Қанатымен тілгілеген аспанын.
Тілгіленіп қалар еді-ау жүрегі,
Ұя салса ауласына басқаның.
Қайырмасы:
Қос қарлығаш тағдырларын тең бөлген,
Тірліктерін туған жерге өңделген.
Әрбір адам туған жерін сүюді,
Үйренсе екен, үйренсе



  1. Үй тапсырмасы.

М.Аяғанованың «Табиғатпен тілдесем» өлеңін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.




Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №31

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, мейірімділік


Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат, денсаулық, табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру

  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту

  • қамқорлыққа, жауапкершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

М.Аяғанованың «Табиғатпен тілдесем» өлеңін оқу

- «Табиғаттан ешқашан қаша алмайсың

Әуел баста егіз боп жаралғансың» деген өлең жолдарынан нені түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Табиғатқа тазалықты тарту ет» Р.Сәтімбеков

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады.

Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Өсиет әңгіме»

  • Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

қушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: Өзің тұратын ауылдың (қаланың) экологиялық ахуалын түзету үшін не істер едіңдер? Плакат жасау.

1 – топ: «Жер»;

2 – топ: «Ауа»;

3 – топ: «Су»;

4 – топ: «Топырақ».


  1. Топпен ән айту.

«Міне, үлкен азамат» С.Мәуленовс

Шынықтырып денені, Отыр алғы партада,

Тісін жуып тазалап. Міне, үлкен азамат.

Мектебіне келеді, Ойнамайды орынсыз

Міне, үлкен азамат. Үйдің ішін мазалап.

Орамалы қалтада, Кездессеңіз оны сіз

Үсті-басы таза, бап. Дейсіз үлкен азамат.


  1. Үй тапсырмасы.

Н.А.Рыжованың «Алтын балық» ертегісін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.




Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №32

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қамқорлық, денсаулықты сақтау, тазалық


Сабақ мақсаты: Оқушылардың табиғат, денсаулық, табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру

  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту

  • Табиғатты, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

Үй тапсырмасын тексеру.

Н.А.Рыжованың «Алтын балық» ертегісін оқу

- Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

- Ертегідегі жағдайларға қазіргі қандай жағдай ұқсайды?

- Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Мың шыбық шаншып, өсірсең, халқыңа орман салғаның, халқыңа орман салғаның, өзіңе қорған салғаның» Халық даналығы

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады. Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Таза бұлақ» Ы.Алтынсарин

  • Бұлақтың мөлдірлігі неде?

  • Адамның мөлдірлігін қалай байқауға болады?

  • Өздерің қайсы жолаушының пікірін қолдайсыңдар?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар екі топқа бөлініп, І-топ алтын балық кездеспеген уақыттағы, ІІ-топ кездескеннен кейінгі табиғаттың суретін салады


  1. Топпен ән айту.

Тазалықты сақтайық,

Табиғатты баптайық.

Бізге деген пайдасын,

Жақсылықпен ақтайық.


  1. Үй тапсырмасы.

Ә.Табылдиевтің «Аппақ бала» әңгімесін оқу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.



Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №33

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Денсаулық – өмір негізі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, салауаттылық, тазалық


Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

  • Денсаулығын күту іскерліктерін дамыту

  • жауапкершілікке, салауаттылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа, өлең

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

Үй тапсырмасын тексеру.

Ә.Табылдиевтің «Аппақ бала» әңгімесін оқу

- Анасы Асанға тазалықты қалай түсіндірді?

- «Тазалық-денсаулық кепілі» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Күн тәртібі мен еңбек-денсаулық кепілі» Халық даналығы

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады. Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).


Бір патша ауырып жатқанда сарайындағы емші оған ем ретінде  «Денсаулық» салатын жасап жеуді ұсынады.  Ал, салат құрамы мынандай екен: «Тыңдай білудің тамырын , тіл табысудың жапырағын салыңыз, жан тазалығы мен сенім жемісін қосып,бәрін сабырлықтың ыдысында сақтап, күнде  пайдаланыңыз» - деген екен.

Сұрақтар:

  1. Емшінің сөзінен кейін патша  емді өмірінде  қалай  қолданады деп ойлайсыңдар?

  2. Ал, балалар, қалай ойлайсыз, бұл салат пайдалы ма екен?

  3. Ал, балалар, бұл салатты өз өмірімізде пайдалансақ, бұл біздің дұрыс жасағанымыз ба?

Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес: 
• Ұстанымың –салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта; 
• Денсаулығыңды жастайыңнан сақта; 
• Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды бол, мазасыздық пен әбіржу жүрекке күш түсіреді; 
• Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал-олар сенің өміріңдегі басты құндылықтар; 
• Өзіңе қызықты, рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал; 
• Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан; 
• Уайым-қайғыға берілме, көңіл күйіңді түсірме; 
• Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс нәрсе – зиянды; 
• Жаның мен тәніңді мұқият тыңдай біл, оны сезін, зертте, сырына үңіл, үніне құлақ сал. 


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Тапсырма:
1 – топ: «Денсаулық».

  1. Сырқат - тән жарасы,
    ... - жан жарасы. (қайғы)

  2. Аурудың жақсысы жоқ,
    ... тәттісі жоқ. (дәрінің)

  3. Арақ ішті дегенше
    ... жолға түсті де. (азғын)

  4. ... шымыр боларсың. (шынықсаң)

2 – топ: «Болашақ»

  1. Жақсыдан ...,
    Жаманнан жирен. (үйрен)

  2. ... жолама,
    Жетелейді молаға. (есірткіге)

  3. Ауырып ем іздегенше,
    ... жолын ізде. (ауырмаудың)

  4. Салауатты өмір - ... көңіл. (көтеріңкі)

3 – топ: «Салауат»

  1. ... шырықты бұзады. (шарап)

  2. Әзәзәіл қоздырады,
    Арақ .... (тоздырады)

  3. Жол жеті түнде,
    Арақ ... ... адастырады. (тал түсте)

Арақ алдымен күлдіреді,
Күлдіріп отырып .... (бүлдіреді)


  1. Топпен ән айту.

Балдәурен.

«МузАрт» тобы.

Балдәурен көктем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусым,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер.

Тербеліп билеп, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.


Қайырмасы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанатын самғаумен.

Көңілдің ұшырып, аққуын,

Балауса, бал бұлақ, бал дәурен.


Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тоя ма көзің, балдәурен кезің,

Бақыт-ау, бақыт?

Даламдай дархан, тауымдай биік,

Өмірге сұлу.


  1. Үй тапсырмасы.

«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендерін жазу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.




Бекітемін:

Мектеп директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______________

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзімі: Сабақ №34

Мұғалімі: Сыныбы: 4 Оқушылар саны: /

Тақырыбы: Үйренгенім көп менің

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, адамгершілік


Сабақ мақсаты: Оқушылардың үйренгендерін саралай отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  • Жақсы істердің маңыздылығын түсіндіру

  • Үйренгендерін өмірде қолдануіскерліктерін дамыту

  • сыйластыққа, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Ресурстар: әңгіме, үнтаспа, өлең

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өзін-өзі тану» пәнінен үйренгендерін жазу

  • Өзін-өзі тану пәнінен не үйрендіңдер?

  • Достарыңа, сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:


  1. Дәйексөз

«Үйренгенің өзіңе жақсы» Халық даналығы

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі қосылып айтады. Мағынасын түсіндіру


  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

«Өзін- өзі тану туралы» бейнекөрініс

  • Бейнекөріністен қандай ой түйдіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Олар топ болып тапсырмаларды орындайды.

  1. «Ең жақсы көретін қасиеттерің»

  2. Сұрақтарға жауап

  3. Адами қасиеттер жазылған жүрекшелер


  1. Топпен ән айту.

Ұстазым, менің ұстазым

(с. А.Шамкенов, ә. Ә.Еспаев)


1. Тұлғаңды арманыма ұксатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде, әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.


Қайырмасы:Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.


2. Зердемді сен ашпасаң не етер едім,

Өмірден сыбағасыз өтередім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.


Қайырмасы: Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.



3. Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім.


Қайырмасы:Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым.


  1. Үй тапсырмасы.

Жазғы демалыста жасаған жақсы, ізгі істер туралы жазу


  1. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Туған елінің тамаша жерлерін көз алдарына елестетеді. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.





























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Адамдар не үшін еңбек етеді?

Автор: Әмитова Айдана Едігерқызы

Дата: 16.01.2020

Номер свидетельства: 536032

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Дүниетану пәні. Сабақ тақырыбы: Адамдар не үшін еңбек етеді? 3- сынып"
    ["seo_title"] => string(66) "dunietanu_p_ni_sabak_takyryby_adamdar_ne_ushin_enbek_etedi_3_synyp"
    ["file_id"] => string(6) "480268"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1539190607"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Адамдар не үшін еңбек етеді?"
    ["seo_title"] => string(30) "adamdar_ne_ushin_enbek_etedi_4"
    ["file_id"] => string(6) "569353"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1609853560"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Е?бек т?бі - береке "
    ["seo_title"] => string(23) "ien-biek-tubi-bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "203467"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429502171"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "4 "г" сынып о?ушылары "Шал?ан" ертегісін сахналауы"
    ["seo_title"] => string(55) "4-gh-synyp-ok-ushylary-shalk-an-iertieghisin-sakhnalauy"
    ["file_id"] => string(6) "292636"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455298744"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) "Адамдар не үшін еңбек етеді?"
    ["seo_title"] => string(28) "adamdar_ne_ushin_enbek_etedi"
    ["file_id"] => string(6) "535782"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1579029428"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства