Сабақтың тақырыбы:
“ Адам болам десеңіз”
тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Адам болам десеңіз тарауын
қайталау арқылы
оқушылардың білімін бекіту.
2.Оқушылардың ой өрісін сөздік қорын дамыта
отырып ауызекі сөйлеуде ,байланыстырып
сөйлеуге төселдіру,ашық еркін сөйлеуге баулу.
3.Адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңіре
отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу,қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,
ойын элементтерін пайдалану ,АКТ,
топпен жұмыс тұрғасынан ойлау ,ұжымдық жұмыс, жеке
оқушылармен жұмыс.
Көрнекі құралдар: слайдтар, Абай суреті, нақыл сөздер,
қазақша он екі жыл атауы .
Сабақтың мазмұны:
Ұйымдастыр кезеңі
І.Сәлемдесу: Үлкенге де “сіз”
Кішіге де “сіз”
Сәлем бердік сіздерге
Ізетпенен “біз”
Психологиялық хал ахуал туғызу : (Шаттық шеңберін
құрып оқушылар бір біріне тілектерін айту)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ой қозғау стратегиясы бойынша
Сұрақтар қою.
Сұрақ: Біз осы уақытқа дейін қандай тарауды оқып біттік?
ІІІ.Оқушы білімін жан жақты тексеру:
Мағынаны “тану” стратегиясы бойынша Не? Қайда? Қашан? Интелектуалды шоу ойын элементтерін қолдана отырып “Адам болам десеңіз” тарауын толық қайталау.
Оқушы білімін бекіту :
Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Тест сұрақтары:
Бөлімді қайталауға арналған тест
1.Оқиғасы « Тазалық-денсаулық кепілі » деген мақалға құрылған шығарманы ата?
А) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады? Ә) Ы. Алтынсарин. Салақтық
Б) М.Гумеров.Көк кептер. В) Ж.Кәрбозин. Жиырма тиын
2. « Ұйқышылдық- жаман әдет » деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?
А) Ж. Кәрбозин. Жиырма тиын Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтайды?
Ә) Ы.Алтынсарин. Салақтық В) Е. Ерботин. Даңғой
3. « Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда » деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?
А) Е. Ерботин. Даңғой Б) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтайды?
Ә) Ш.Смаханұлы.Тәкаппар В) Ә.Дүйсенбиев. Атай
4. « Өркөкірек, мақтаншақ » сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата.
А) ұйқышыл Б) салақ
Ә) еріншек В) тәкаппар
5. « Даңғой » сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата.
А) еріншек Б) мақтаншақ
Ә) ұйқышыл В) салақ
6. « Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді » деген мақалаға қатысы бар шығарманы ата.
А) Ә.Дүйсенбиев. Атай Б) Ы. Алтынсарин. Салақтық
Ә) Ж. Кәрбозин. Жиырма тиынВ) Қ.Жұмаділов. Ұзынсары
7. М.Гумеровтың әңгімесінде көк кептерді атқан кім?
А) Балалар Б) Аймаған
Ә) Көрші әйел В) Нүсіпбек
8. Наурыздың ұзақ күндері қалай аталады?
А) Мамыр Б) Ұзынсары
Ә) Наурыз В) Сәуір
9. Жұмбақтың шешуін тап: Қырға кілем жайылды.
А) Ағаш Б) Қозы-лақ
Ә) Қызғалдақ В) Мал
10. « Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті » деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?
А) Қыс Б) Жаз
Ә) Көктем В) Күз
Тест жауаптары :
1.Ә
2.Б
3.А
4.В
5.Б
6.Ә
7.В
8.Б
9.Ә
10.Ә
Кесте толтыру.
Менің бойымдағы ұнамды қылықтар
Менің бойымдағы ұнамсыз қылықтар
Үйге тапсырма:
Менің досым тақырыбына
әңгіме жазу.
Бағалау:
Бағалау