Сабақтың көрнекілігі: Абай суреті,жаз мезгілінің суреті.
Пәнаралық байланыс: дүниетану пәні
Сабақтың барысы: 1. Психологиялық дайындық.
-Әрбір адам
-Туысым,жақыным.
Әрбір сөзің
-Адалдық,шыншылдық.
Әрбір ісің
-Өзара көмек
Әрбір сабақ
-Оқу,үйрену,ұлағат.
2.Үй тапырмасын сұрау.
А)Бетпақдала мәтініне 10 сұрақ дайындап келу,сол сұрақтарға жауап беру және «Табиғатым –тал бесігім»тақырыбына әңгіме жазып келуге берілген.Оқиға желісі бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұны сұралады.Жазып келген әңгімелері тыңдалады.
Ә)Бекіту.-Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
Б)Бағалау.
3.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
А)-Бетпақдалада не туралы суреттеледі?
-Табиғатта неше жыл мезгілі бар?
Ә)Ой қозғау.
«Жаз» дегенде көз алдымызға не елестейді,не келеді?
Қағаз бетіне түсіру.3-4 оқушыға оқыту.
Б)-Жаз туралы бірнеше сөздер жаздық.Назарымызды мына суретке аударайық.Жаңағы сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрайық.
В)Сендер жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер.Ал,енді Абай атамыз қалай суреттеген екен ,соны білгілерің келе ме?-Ол үшін Абай атамыз жайлы білетіндерімізді ортаға салайық.
-Абай кім?
-Ол қашан ,қайда дүниеге келген?
-Ол қазақ халқын неге шақырды?
-Оның жыл мезгілдеріне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?(«Жазғытұры»,Қыс, Күз өлеңдерін еске түсіру.)
-Көктем келсе,біз Абайдың сөгілген бұлтын,ойнаған найзағайын еске аламыз.Күз болса,біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз.Қыс түссе,біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз.
4.Жаңа сабақ.
А)Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Ә)таныс емес сөздерді түсіндіру.Сөздік жұмысы.(ауызша)
Б)Іштей оқыту.
В)Тізбектей оқыту .
Г)Дәптермен жұмыс.Сөздік жұмысын жазу.Күркіреп-өзеннің ағып жатқандағы дыбысы.Шұрқырап-кісінейді.Шалғын-қалың шөп.Жоны-арқасы.Ыңқылдап-тойынғанның белгісі.
Сергіту сәті.
Д)Мазмұнын ашу.
-Өлеңде жазғы табиғат қалай бейнеленген?Төрт түлік малдың тіршілігіне тоқталыңдар.Жазғы жайлау қалай бейнеленген?-Басқа қандай ақын –жазушылардың «Жаз»туралы өлеңдерін білесіңдер?
5.Жаңа сабақты бекіту.
«Ұйқасын тап» ойыны.
Жазды ыстық ...
Сайраңдап ...
Суына ...
Күніне ...
6.Қорытынды.
-Кімнің өлеңімен таныстық?-Онда не туралы айтылған
Үйге тапсырма беру: Өлеңді жаттау.Абай суреттеген жаз бейнесінің суретін салу.