Просмотр содержимого документа
«А дыбысы мен әрпі»
1 «Ә»сынып
15.09.15 ж
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: А дыбысы мен әрпін таныстыру, дыбысына байланысты сөздерді білугеүйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлықтарын дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сыпайылыққа, көркем жазуға тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
Көрнекіліктер: суреттер, әріп үлгілері.
Сабақтың барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң, досым!
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын!
II.Үй тапсырмасын тексеру
№1 жазу дептері, 16- бет. Әріп элементтерін көркем жазуға арналған жаттығуларды аяқтап келу
III.Жаңа сабақ
Ертегімен бастау
-Ертеде бір Аю болыпты. Ол балды өте жақсы көреді екен. Бірде балды көп жеп қойып, оның тісі қатты ауырады. Сонда Аю көршісі тоқылдаққа келіп жәрдем сұрайды. Сонда тоқылдақ оған:
-Аузыңды аш, тісіңді көрсет, - дейді. Аю:
-А – а – а – деп аузын кең ашады. Осы кезде Тоқылдақ оның ауру тісін жұлып алады. Аю бірден тынышталып, риза болып, рақметін айтып, өз үңгіріне кетеді.
-Аю аузын ашып қандай дыбыс шығарды?
-А – а –а, - деп бұл дыбысты кезек – кезек және хормен айтып жаттығады.
-А дыбысын әндетіп те, созып та, айғайлап та айта аламыз. Айтқанда ешнәрсе кедергі жасамайды(тіл, тіс, ерін). Осылай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс деп атаймыз. Бұл дыбыс мынадай әріппен таңбаланады, - әріп таңбасының баспа және жазба үлгісі көрсетіледі.
-Алма сөзін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
20 – беттегі суреттер бойынша арба, аққу, ананас, анар сөздерін буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау.
Дәптермен жұмыс
№1 жазу дәптері, 17 – бет.
IV. Сабақты бекіту
3 қатарға А дыбысынан басталатын мысал айтып,сөйлем құрату.