kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4-сынып ?дебиеттік о?у ?.?айырбеков «Ана тілі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сынып ?дебиеттік о?у ?.?айырбеков «Ана тілі» О?ушылар?а ?лтты? болмысымызды? белгісі,хал?ымызды? асыл ?азынасы ана тілімізді? ??діретті к?шін,?асиетін т?сіндіру.Шы?армашылы? де?гейлерін дамыту.?йымдастыру б?лімі.?й тапсырмасы тексерілді.Жа?а саба? кезінзе «Ой ?оз?ау» с?ра?тар ?ойылды.Автор?а т?сінік берілді.О?улы?пен ж?мыс жасалды.Поэзия минутына о?ушылар ?ле? жолдарын жат?а айтты.Д?птермен ж?мыс жасалды.?й?асын тап ойыны ?ткізілді.?орытындылай кезінде тест ж?мысы алынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4-сынып ?дебиеттік о?у ?.?айырбеков «Ана тілі» »

Күні:-------------

Сабақтың тақырыбы:Ғ.Қайырбеков «Ана тілі»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға ұлттық болмысымыздың белгісі,халқымыздың асыл қазынасы ана тіліміздің құдіретті күшін,қасиетін түсіндіру.

2.Шығармашылық деңгейлерін дамыту.

3.Өз тіліне деген сүйіспеншілігін оятып құрметтеуге,қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер,автордың суреті,қажетті тірек сызбалар,Қазақстанның физикалық картасы

Пәнаралық байланыс: дүниетану,бейнелеу,қазақ тілі.

Түрі:жаңа материалды меңгерту сабағы ,топтастыру.

Әдісі: мәнерлеп оқу,түсіндіру,шығармашылық жұмыс,сұрақ-жауап,күрделі тапсырмалар.

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі


Ана тілім мақтанышым,елдігім,

Ана тілім күш-қуатым,өрлігім.

Қиянатқа ешқашанда төзбейтін

Ана тілім мәңгі өлмес ерлігім.

Сурет-суретшілердің тілі,ән-әнші,музыканттардың тілі,сөз ақын-жазушылардың тілі болып есептеледі.Олардың әрқайсысы өз тілінде туған жеріміз жайлы,оның қазына байлығы,салт-санасы,табиғаты және тағы басқа кереметтері жайлы жеткізіп отырады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалар,Ы.Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» ойын арқылы пысықтап алайық

«Қызықты жетілік»

1.Ыбырай Алтынсарин кім?

2.Асанға мінездеме бер.

3.Үсенге мінездеме бер.

4.Үсен үйрікті қалай ұстады?

5.Венн диаграммасын сызу.

6.Асанның шегіртке жинауы.

7.Еліне ама-есен оралуы.

ІІІ.Жаңа сабақ кезеңі

«Ой қозғау».Тіл туралы ойлар,сұрақтар:

-Тіл туралы заң қай жылы қабылданды?(1997 жылы 11-шілдеде)

-Тіл дегеніміз не?

-Біз қай тілде сөйлейміз?(қазақ тілі)

-Қазақ тілін тағы қалай айтуға болады,неліктен?(ана тілі,ана сүтімен дарыған)

-Мемлекеттік тіл дегенді қалай түсінесің?

-Балалар,тіл туралы бекер сөз қозғаған жоқпыз.,бүгін Ғ.Қайырбековтың«Ана тілі» өлеңімен танысамыз.Өлеңнің мазмұны ашып,негізгі айтылар ойды анықтап,ана тіліміз-қазақ тілін қадірлеп,құрметтеуге,өзгелерге насихаттауға үйренеміз.

Авторға түсінік

Ғ.Қайырбеков (1928-1994) қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданында туған.Қазақтың көрнекті ақыны.Оның«Алматы бесік» т.б көптеген өлең жинақтары бар.

Оқулықпен жұмыс

«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп тізбектеп оқи отырып, мазмұнын түсіндіру.

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,

Мейлі көктің ақ бұлтына жармастым.

Сонда-дағы сен қалмассың көкейден,

Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.

(Дүниені шарлап жүрсе де адам қаншалықты білімді, мәдениетті болған сайын өз ана тілін құрметтеуі тиіс. Өз ұлтын адал пейілімен сүйгіш ақын тілегі де, мүддесі де сол).

Бар қазақтың арман, көлі, өзені.

Тау қиясы жалпақ, жазық кезеңі.

Сайрап, сөйлеп тұрған жоқпа қазақша,

Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке.Ақын кең байтақ жері, байлыққа толы екенін сүйсініп, тіл тозбайды,ол мәңгілік ұрпақтан ұрпаққа жалғасады деп жырлайды.)

Сенде емес пе солардың бар ажары,

Орман үйі, бұлағының таза әні.

Гүл, бәйшешек, көкорайдың жұпары,

Жақсы қысы, жомарт көктем, жаз айы.

(Қазақстан Республикасы-бай өлке. Сол байлықтың ажарын кіргізетін тіл-қазақ тілі, табиғат әсемдігін де жырлайды.)

Ана тілім күшім менің, қуатым,

Жырым сендік жүрегімнен туатын.

Тауысар ма ырысыңды, қорыңды

Тізелесіп қатар жазса мың ақын.

(Ана тіліміздің байлығы мен қуаттылығы жөнінде ақын ерекше толғанып, байлықты ысырап етпей үнемдеп жұмсауға бағыт берген.)

ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.

-Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?

-Енді мемлекеттіктің басты белгілерінің – тіл. Өзіміздің туған тіліміз ана тіліміз-қазақ тілі.

-Адам қаншалықты көп біліп, биіктен көрінсе де, ана тілін ұмытпау керектігі жөнінде өлеңнің қай шумағында айтылған? (1-шумағында)

-Қазақстан өлкесі бай өлке екендігі жөнінде ақын не дейді?(2-шумағында)

-Сол байлықтың ажарын кіргізетін не? Ол жөнінде өлеңнің қай жолдарында айтылған?(3-шумағында)

-Қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалайша шабыттана жырлайды?(4-шумағында)

Поэзия минуты Ербұлан Асар

Дәптермен жұмыс

1.Бейнелі сөздерді тауып жазу.

2.«Ажар» сөзіне синоним сөздер тауып жазу.

3.Бәйшешек ,жұпар сөздерін қатыстырып,сөйлем құрап жазу.

4.«Ана тілін арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте----» өлеңін аяқтап жазу

V ІІ. Ұйқасын тап ойыны.
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
.......... болмаса,
Болмас еді жыр, әнім

Қазақ тілім - өз тілім,....
Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың – мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым дара тілім.

Айналайын халқымнан,
Айналайын даңқыңнан.
............ бағасы,
Қымбат екен алтыннан.

Құндағында бесіктің,
......... үйрендім.
Сол арқылы бой жазып,
Азамат боп өсемін


Күрделі тапсырма: «Тілге деген құрмет-елге деген құрмет» деген нақыл сөздің өлеңге қандай қатысы бар?

-Барлық халықтардың өз тілін үйренуге және дамытуға,тілді қалай құрметтесе елді де солай құрметтеу керектігі.

VІ «Шығармашыл орта» стратегиясы:

1.Ана тілін қалай құрметтеу керектігі жөнінде әңгімелеу.

2.Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.

VІІ.Қорытынды.

1.Кімнің қандай шығармасымен таныстың?

2.Өлең ұнады ма? Өлең несімен ұнады?

3.Ана тілін қалай құрметтеу керек деп ойлайсыңдар?

Тест

1.Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?

а) қазақ тілі ә) орыс тілі б)ағылшын тілі

2.«Өнер алды-қызыл тіл» кімнің нақылы?

а) Шәкәрім ә) Абай б)Шоқан

3.Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?

а)тіл ә)ой б)қол

4.«Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі өз тілім»-деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?

а) ӘбілевД,«Туған тілім» ә) Қайырбеков Ғ.«Ана тілі» б)ӘлімбаевМ.«Ана тілім!»

5.Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?

а)қол ә) ой б) тіл


Үйге тапсырма:Өлеңді мәнерлеп оқу. Тілге байланысты нақыл сөздер жинастыру.

Бағалау
























Тест

1.Ақынның ана тілі деп отырғаны қай тіл?

а) қазақ тілі ә) орыс тілі

б)ағылшын тілі


2.«Өнер алды-қызыл тіл» кімнің нақылы?

а) Шәкәрім ә) Абай

б)Шоқан


3.Сөйлеу және қарым-қатынас құралы не?

а)тіл ә)ой б)қол


4.«Туған тілім-бабам тілім-өз тілім!

Туған тілім-анам тілі-өз тілім!

Туған тілім-далам тілі-өз тілім!

Туған тілім-адам тілі өз тілім»-деген жолдар кімнің өлеңінен алынған?


а) ӘбілевД,«Туған тілім» ә) Қайырбеков Ғ.«Ана тілі»

б)ӘлімбаевМ.«Ана тілім!»


5.Тіспен түйгенді не шешеді деп ойлайсың?

а)қол ә) ой б) тіл































Сабақтың тақырыбы: М.Мұқатаев. Бабаларым,рахмет сендерге!
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, мазмұнын жүйелі түсінуге ықпал жасау. Қазақ тілінің қасиетін, құдіреттілігін өлең бойынша ашу арқылы оқушыларды таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылардың ой белсенділігін арттыру, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың міндеті: 1. Оқылған шығарма туралы өз пікірін, ойын айтып, оны дәлелдеуге, эмоционалдық қарым – қатынасын көрсете білуге үйрету.
2. Сюжеттің композициялық бөліктерімен танысу, өлеңнен табиғат суреттерін тауып, сезіне білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі иллюстративті, сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың ережесі:
1. Ұйымшылдықпен қатысу.
2. Бірін – бірі тыңдау.
3. Сұрақтарға нақты жауап беру.
4. Белсенділік таныту.
5. Ойын жүйелі жеткізе білу.

ІІ. Қызығушылықты ояту

-Біздің ана тіліміз қай тіл?

Өз тіліңді қалай дәріптер едіңдер?

Ой қозғау.
Ана тілі сөзіне түрлі ассосациялар ойлау.


Тұрмыс тілі білім тілі

Отбасы тілі ана тілі ойды жеткізу тілі

Қуанғанымды жеткізеді ойды жеткізу тілі

Өлең айтамын жазу тілі

Үй тапсырмасын тексеру.

1.Өлеңді жатқа айту.
2.Өлеңде ана тілі қандай көркем сөздермен дәріптелген?

3.Тіл туралы жазған ақындарды естеріңе түсірііңдер?

4.Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ҮІІ. Жаңа сабақ
А) Автор туралы қысқаша мағлұмат.Бір оқушы шығып,М.Мұқатаевтың өмірбаяның айтады.

1-слайд

Оқулықпен жұмыс
Ә) Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.
Өлеңді іштей оқу, танысу.
Сөздікпен жұмыс

Данте

Моцарт

Сыныпты 2-топқа бөлеміз.

1-топ«Аңызшылар» Ұраны:

2-топ«Тарихшылар» Ұраны:

Тапсырмалар

1.тапсырма

1-топқа: Еліміздің егемендігі,тәуелсіздігі үшін аттары тарихқа басылған батырларымызды білесіңдер?

2-топқа :Еліміздің қазіргі жетеістіктері.
2.Аңыз әңгімелерді айту.


Сергіту сәті

Поэзия минуты

Ойтолғау:«Бабаларым, рахмет сендерге!

Қорытынды
Ә) Ана тілің - ертегің,
Ана тілің - өркенің.
Ана тілің – ертеңің,
Қадірле ана тіліңді,
Жүрегіңнің бөлшегін!

ХҮ. Үйге тапсырма:
а) Өлеңді мәнерлеп оқу. ә) «Ақын өлеңінен алған әсерім.» шығарма жазу.
ХҮІ. Оқушыларды мадақтау, бағалау.






Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев Түнгі қонақ
Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру;

2.Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

3.Оқушыларды тәртіптілікке,адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ой – қозғау, пікір алысу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: техникалық құрал, адасқан жолдар ойыны, аңыз.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

-Топтастыру арқылы «қонақ» сөзіне түсініктеме беру.

-Қонақжай адамды қалай танисыңдар?

-Сен өзіңді қонақжай деп есептейсің бе?

































































Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4-сынып
Тақырыбы: Компас. Бердібек Соқпақбаев
Мақсаты: Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Компас» атты шығармасымен таныстыру.
Міндеттері: Түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау;
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Оқушылар шағын топ құрамында өзара қатынасқа түседі,сенім және сыйластық дағдыларын қалыптастыруға ат салысады. Топ мүшелерінің бәрі де оқу материалын меңгеруін қадағалайды,бір-біріне көмек көрсетеді.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

3. Қызығушылығын ояту.

Көк аспанда - Күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін

Көк аспанда күн күлсін

Жерге ұдайы нұр қүйсын!


(Психологикалық дайындық)

-Сәлеметсіздер ме,балалар!Біз тағы да өзіміздің кең жарық сыныбымызда отырмыз.Бұл жерде отыруларыңның құпиясын білемін!Себебі сендерге білім алу ұнайды.Білім арқылы өзіңді, адамдар ды айнала қоршаған ортаны,ғарышты,әлемді танисыңдар,өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар,қоғамға қызмет етесіңдер.

І.Үй тапсырмасын тексеру

1.«Бабаларым рахмет сендерге » атты өлеңнің жатқа айту.

2.Ана тілі туралы мақал-мәтелдер айту.

І І.Проблеманы айқындау кезеңі

Компас деген не?естігендерін бар ма?Біз оны қай уақытта пайдаланамыз.

Компас — жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті керсетіп тұрады. Қобдишаның сыртқы дөңгелегі градустарға белінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.) әріптері жаэылған. Компастардың мынадай түрлері болады магниттік компас 2.механикалық немесе гироскоптік компас 3.радиокомпас астрокомпас.

Ендеше біз бүгін Бердібек Соқпақбаевтың «Компас

Авторға түсінік Б.Соқпақбаев

1.Өмірбаяны

2.Шығармалары

Оқулықпен жұмыс

Тізбектеп оқу

Жоспар құру.

1.Ауданнан Қанатқа компас әкеп беруі

2.Қанаттың мақстануы.

3.Қанат жейдесін киіп жатқанда төс қалтасынан сусып түсіп қалуы.

4.Боданның компасты тауып алуы.

5.Балалардың тоғайға барып бүлдірген теруі.

6.Боданның өкінуі.

7.Суға лақтыруы.

8.Боданның өкінуі

Тыныштық сәті

Балалар денелерін түзу ұстап,бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланыа отырыңдар.Көздерің жұмуына да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныстап,айналадағы барлық тіршілік иесі сендерді аялап,қоршап,қамқор болып жатқанын сезініңдер.Тұла бойларың жақсылыққа,махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңдар.

Тапсырма. Оқушылардың «сандықтан» алынған сұрақтарға ауызша жауап беру тапсырылады. (Сұрақты мұғалім алдын ала жазып дайындап, «сандыққа» салып қояды)

1.Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

2.Балалар қайда барды.

3. Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
4). Бодан компасты не істеді?

5.Оның орнында болсан,не істер едің?
Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс
-Оның өзін-өзі ақтамақ болған жерін дәптеріңе жаз.
«Сау басына сақина тілеп» деген қандай мағына береді? Осы сөйлемді әңгімеге қатыстырып айтып көр.
2. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойыңды жаз. «Егер мен болсам ...»
Жариялау Әр топтан бір оқушы тұрып, өз жұмысын сыныпқа оқып береді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеру үшін жинап алады.

Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық.
Өтірік айтып жағынғанша, Шыныңды айтып жалынғаның артық
Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу

. Қорыту. Бодан компасты не істеді? Оның орнында болсаң, не істер едің? Мына мақалдарды толықтырып жаз.

Кері байланыс (1мин.). мұғалім оқушылардың сабақ туралы пікірлерін келесі сұрақтар арқылы айқындайды:

  • Сабақтың тақырыбын жақсы меңгердім деп ойлайсың ба?

  • Сабақ ұнады ма?

  • Бүгін алған білімдеріңді өмірде қалай қолданасың?




































Справочники

Уроки

Доклады







































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
4-сынып ?дебиеттік о?у ?.?айырбеков «Ана тілі»

Автор: Маликова Кугаршин Бексултановна

Дата: 06.03.2015

Номер свидетельства: 182800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?дебиеттік о?у "Маужырап бар?ыт ?о?ыр к?з" орта  мерзімді жоспар "
    ["seo_title"] => string(69) "diebiiettik-ok-u-mauzhyrap-bark-yt-k-on-yr-kuz-orta-mierzimdi-zhospar"
    ["file_id"] => string(6) "132741"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416404300"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Егіншілік д?ст?рі."
    ["seo_title"] => string(20) "ieghinshilik-d-sturi"
    ["file_id"] => string(6) "283246"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453808597"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Саба? та?ырыбы "Т?бірлес с?здер""
    ["seo_title"] => string(29) "sabaktakyrybytubirliessozdier"
    ["file_id"] => string(6) "271199"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451400635"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства