Білімділік:Оқушылардың сын есім туралы алған түсініктерін кеңейте отырып,
сөйлем ішінен сын есімдерді тауып,сұрақ қоя білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Сын есімнің түрлерін бір-бірінен ажырата алуға үйрету.Ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Әрбір істі саналы түрде орындауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сызбалар. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық Жарқырап күн же ашылды,
Айналағ нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз,
Қайырлы күн болсын,
Әрқашан күніміз сәтті болсын.
Мұғалім: Оқушы: - Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат. - Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің? Тірлік, тілек, адамдық. - Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық. - Олай болса, балалар сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық. - Бүгінгі сабағымыз «Бақытты сәт» деп аталады. Бірінші сәт: Ережені қайтала: 1. Сын есім дегеніміз не? 2. Сын есім сұрақтарын ата. 3. Негізгі сын есім деген не ? 4. Туынды сын есім деген не? 5. Негізгі сын есімге мысал келтір. 6. Туынды сын есімге мысал келтір. Екінші сәт: «Бір сын есімге көп зат есім жаз» Үшінші сәт: «Көңілділер мен тапқырлар» Көктем қандай көңілді, Күміс жаңбыр төгілді. Мөлдір аспан ашылып, Күннің көзі көрінді. Тапсырмалар: 1.Өлеңді жаттау. 2.Дәптерге жазу. 3.Сын есімдерді табу. 4. «Көңілді» сөзін сөз құрамына талдау. 5. «Күміс жаңбыр төгілді» сөйлем мүшесіне талдау. Сергіту сәті
Төртінші сәт: «Сын есімге зат есімнің лайықтысын жаз» Өнерпаз шопан түйінді бала жүйрік суретші әуесқой ой таңдаулы адам сөзшең ат Тексеру жұмысы :Өнерпаз бала, түйінді ой, жүйрік ат, әуесқой суретші, таңдаулы шопан, сөзшең адам. Сын есімдерді сөз құрамына талдау. Бесінші сәт: «Мақал-мәтелдерден сын есімдерді тап» ауызша. 1.Өтірік сөз өрге баспас. 2.Еріншек адамның ертеңі бітпес. 3.Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар. 4.Жалған сөз - жанға қас, Жалқау қойшы - малға қас. Алтыншы сәт: «Көсемділікке ұмтылу» 1.Қандай сұрағына жауап беретін сын есім (жақсы ) 2.Заттың түсін білдіретін сын есім. (қызыл) 3.Қандай жолдас болады? (жаман ) 4.Бөлме қандай болады? (кең ) 5.Алма қандай болады? (сары ) 6.Қай сұрағына жауап беретін сын есім. (шеткі ) 7.Жемдеп тұрған мал қандай болады? Жетінші сәт: Тест сұрақтары. «Беске жету» 1.Сын дегеніміз не? А) заттың аты Ә) заттың түрі Б) заттың қимылы 2. Сын есім сұрақтарын көрсет. А) қандай? қай? Ә) қанша? неше? Б) не істеді? қайтті? 3. Туынды сын есімді көрсет. А) сулы, күшті, білгіш Ә) таза, әдемі, сұлу Б) ақ, сары, көк 4.Сын есім нені білдіреді? А) атын, орнын, мөлшерін Ә) түсін көлемін, сапасын Б) аумағын, көлемін, орындалғанын 5. Сын есімді тап. А) келді Ә) он Б) әдемі Қорытындылау.