2 клас?а "Зат есім та?ырыбына" арнал?ан саба? жоспары
Просмотр содержимого документа
«2 класс. ?аза? тілі "Зат есім"»
Қазақстан, Ақтөбе қаласы
Благодар орта мектебі
Исабекова Айманкүл Шайкуловна
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Мақсаты: 1.Зат есім туралы түсінік беру, жаттығулар орындай
отырып, білімдерін қалыптастыру
2. Білімге деген қызығушылығын, ойлауын дамыту.
3. Зейінді, ұқыпты болуға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: үлестірмелер, сөзжұмбақ
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. Психологиялық дайындық.
Күлімде күн күлімді.......
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 374- жаттығу
ІІІ. Өткенді пысықтау. Қандай сөз таптарын білесіңдер?
Топтау
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Зат есім деген не? Қандай сұрақтарға жауап береді.
Ережені айту.
Ү. Жаңа сабақ.
Сөздік диктант жазу
Алма, кітап, орындық, қарындаш, қала, келе жатыр, оқыды, оқушы, білім, ойнады.
Осы сөздердің ішінен Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын бір сызыкпен сызыңдар.
300-жаттығу сөзжұмбақ шешу, сұрақ қой.
375-жаттығу
Кім ? Не? Сұрағына жауап беретін сөздерді табу.
Ақыл- тозбайтын тон, Шешен сөз бастар,
Білім – таусылмайтын кен. Батыр қол бастар.
Ережені меңгерту. Хормен оқыту
ҮІ . Бекіту.
377-жаттығу не? сұрағына жауап беретін сөзді қойып жаз.
үреді. ұлиды. қарқылдайды. мияулайды.
378-жаттығу кім? не? сұрағына жауап беретін сөздерді топтастырып жаз.
Үлгі. Кім? – сатушы, ...
Не? - кітап, ...
Бүгін не өттік? Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің сұрақтары?
379-жаттығу дәлелдеу, 380- жаттығу сөзжұмбақты шешу.
Кітап сөзіне 5 жолды өлең құрастыру
1. Кітап
2. Қызық
3. Оқимыз
4. Кітап - білім бұлағы.
5. Оқулық
ҮІ. Үйге тапсырма: 380- жаттығу «Қыста», бағалау.