kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін ?зі тану "Мені? ?стаздарым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Мені? ?стаздарым

??ндылы? д?рыс ?рекет 

Саба?ты? ма?саты: О?ушыларды? сыйласты??а, е?бекке, білімге ??штарлы?ын арттыра отырып д?рыс ?рекет жасау?а ?йрету

Саба?ты? барысы: ?йымдастыру кезе?і С?леметсі?дер ме мені? аяулы достарым. Мен барлы?ы?ды жанымдай, бауырымдай жа?сы к?ремін ж?несыйлаймын.О?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын саба??а аудару.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін ?зі тану "Мені? ?стаздарым"»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:Алматы облысы Алакөл ауданы Еңбекші орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі

Тақырып: «Менің ұстаздарым»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Сыйластық, құрмет, ұстаздарды бағалау, оқуға қызығушылық

Мұғалiм:Шарахметова Алия Баймуханбетовна

Класс:2 Оқушылар саны:21



Сабақ мақсаты: оқушылардың сыйластыққа, еңбекке, білімге құштарлығын арттыра отырып дұрыс әрекет жасауға үйрету.

Міндеттері:

* Білімнің, еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

* Оқушылардың ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеу.

*Оқушылардың мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, оқуға деген қызығушылығын арттыру.



Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

-Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіңдер ме, менің аяулы достарым. Мен барлығыңды жақынымдай, бауырымдай жақсы көремін және сыйлаймын – деп оқушылардың көңіл – күйлерін көтеру мақсатында сабаққа қызығушылықтарын арттыру.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлеу

Талдау.

1) Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

2) Қандай сезім пайда болды?

3) Нені елестете алдыңыз?



Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген №7 сабақ «Өнерлі жігіт» аңыз әңгіменің мазмұнын сұрақ арқылы ашу.

Оқушылардың өнер туралы ойларын білу үшін мынандай сұрақтар қойылады.

  • Әл-Фараби жігіттің қандай өнерін көрді?

  • Жігітке ұстаз нені үйреткісі келді? Неліктен?

  • Жігіттің ұстазға еруінің себебі неде?

  • Жігіттің үлкен ғалым болуына кімнің көмегі тиді деп ойлайсыңдар?

  • Білімнің оқушыларға қандай пайдасы бар? Себебі?


Балалардың жауаптары тыңдалады.

Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз. «Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады»


Абай Құнанбаев

Оқушылардың өз ұстаздарына деген сыйластық қарым – қатынасын дамыту мақсатында дәйексөздің мәнін ашып, оқушылардың түсініктерін тереңірек толықтыру.

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)


  1. Әңгiмелеу.

Ұстаз бен шәкірт

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.

Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:

– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.

– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.

Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.

Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.

  • Ұстазы шәкіртінің бойынан қандай шабытын байқады?

  • Бұлбұлдың бойынана қандай сенімділікті байқадыңдар?

  • Ата-ана мен ұстаздың арасындағы әңгіме не жайлы?

  • Ұстаз Бұлбұлдың іс-әрекетінен дер кезіңде кемшілігін коруінің себебі неде?

  • Ұстаздың қатал талабына шыдау керек пе?Неліктен?

  • Бұлбұл бойындағы жаман қасиеттерден қалай арылды?

  • Бұлбұлдың орнында болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңдер?


Талдау барысында оқушының бойындағы шабытын шығару үшін ұстаздың шеберлігі, көрегендігі және дер кезінде оқушылардың құндылықтарының дамытуға назарын аудару.


Енді, ұстаздың бойындағы қасиеттерін анықтау үшін «Үзілмейтін түйін» сергіту – жаттығуын жасау. Жаттығу шарты бойынша «Ұстаз» сөзінде қанша әріп болса, сол әріптердің алғашқы дыбысына сын есімді келтіре отыра түйін жасау. Мысалы: бірінші әріп «Ұ» - ұлағат т.с.с



  1. Шығармашылық жұмыс, жеке жұмыс.


Тапсырма: «Менің-ұстазым» тақырыбына шағын шығарма жазу.



  1. Топпен ән айту.

Ұстазым, менің ұстазым



Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.



Қайырмасы:



Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!



Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің.



Қайырмасы:



Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!



  1. Үй тапсырмасы.

№ 8. 51 – 52бет. Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары» Дәптерден №7 сабақ



  1. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі сабақта қандай құндылықтар көргеніміз жайлы жүрегіміздің түбіне сақтап қояйық. Сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет. Көздеріңді ашуға болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
?зін ?зі тану "Мені? ?стаздарым"

Автор: Шарахметова Алия Баймуханбетовна

Дата: 11.05.2015

Номер свидетельства: 210128

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Менің ұстаздарым"
    ["seo_title"] => string(18) "mienin_u_stazdarym"
    ["file_id"] => string(6) "356874"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478634067"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "?стазым мені? "
    ["seo_title"] => string(15) "u-stazym-mienin"
    ["file_id"] => string(6) "147750"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1419484657"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "Жалпы білім беретін мектепте өзін-өзі тану пәнін психологиялық - педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету"
    ["seo_title"] => string(80) "zhalpy_bilim_bierietin_miektieptie_ozin_ozi_tanu_p_nin_psikhologhiialyk_piedagho"
    ["file_id"] => string(6) "353579"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1477850881"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(173) "«Ұстаз аты мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып» ұстаздар күніне арналған әдеби- сазды бағдарлама"
    ["seo_title"] => string(80) "u_staz_aty_m_n_ghilik_zhadymda_k_alar_zhan_g_yryp_u_stazdar_kuninie_arnalg_an_di"
    ["file_id"] => string(6) "378583"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484236395"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(93) "Баяндама  "О?ушы мен м??алім арасында?ы ?арым-?атынас""
    ["seo_title"] => string(48) "baiandamaokushymienmugalimarasyndagykarymkatynas"
    ["file_id"] => string(6) "269943"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1450958237"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства