Сабақ тақырыбы: | Менің қошақаным сүйкімді |
Білімділік: Дамытушылық: Тәрбиелік: | Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жаңа лексикалық атауларды меңгеру. Жаңа тақырып бойынша әртүрлі диалогтық минимумдар арқылы диалог құру мәдениетін қалыптастыру. Қарапайым сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жағымды қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеу |
Сілтеме: | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы,жазу дәптері |
Жетістік критерийлері: | Оқушының төменгі жетістігі \ОТЖ\:жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрады,достарымен сөйлеседі. Оқушының орташа жетістігі\ООЖ\:жаңа атауларды меңгеріп,оларды тілдесім барысында тиімді қолдана алады. Оқушының жоғары жетістігі \ОЖЖ\:тақырып аясында тілдік қарым-қатынас құра алады. |
Негізгі түсініктер: | Қошақан,құлыншақ,сүйкімді. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта,слайдтар, «Жануарлар әлемі» бейнебаяны,уй жануарларының суреттері,үнтаспа,түрлі түсті қарындаштар,фломастерлер,А4 парағы,желімқағаздары. |
Оқыту әдістері: | Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Аквариум» тәсілі,диалог, «Бағдаршам» тәсілі,топтық жұмыс,сергіту жаттығуы. |
Дереккөздері: | Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар,сөздік |
Тапсырмалар: |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу | Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады,сәлемдеседі,жоқ оқушыларды түгендейді. | оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі,Бір-біріне сәттілік,жақсы тілектер айтады. |
Өткен сабақты тексеру | Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді.кемшіліктерді анықтайды,түзетеді,бағалайды. | Тапсырманы айтады,тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. |
Тапсырмалар: |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | оқушының іс-әрекеті |
1.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан «Жануарлар әлемінде» бейнебаянын көрсетеді.-Балалар ,біз нені тамашаладық? Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер? Үй жануарлары қайда мекендейді? Үй Жануарларының жабайы жануарлардан ерекшелігі неде? | Оқушылар бейнебаяннан не көргенін айтады,сұрақтарға жауап береді. |
2.Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. А\Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады.Оларды оқиды,оқушыларға қайталатады. | Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды,мұғаліммен бірге оқиды.Айтылым:Жаңа сөздердің дұрыс айтылуына байланысты ауызша жаттығу жүргізеді. |
| ә\Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқиды,оқушыларға оқытады,жаңа сөздерді қайталатады. | Тыңдалым.Оқылым. Мәтінді тыңдайды,оқиды,жаңа сөздерді қайталайды. |
| б\ «Дұрыс айт!»айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады,бірнеше рет қайталайды. | Айтылым:Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады,қайталайды. |
| 2\Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс.А\Айтылым.Қисынды ойлау қабілетін жандандыру үшін 1-тапсырманы орындатады. | Айтылым:сұрақтарға жауап береді. |
| Ә\Оқылым.Мәнерлеп,дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсырманы орындайды. | Оқылым.Суреттің орнына қажетті сөзді қойып оқиды. |
| Б\Жазылым.Дұрыс,сауатты жазу үшін 2-тапсырманы орындайды. | Жазылым.Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазады. |
| В\ «Сыр сандықтағы» сөздер | |
| 3\Мәнерлеп оқу.Оқулықтағы «Құлыншақ» өлеңін оқып береді.Мәнерлеп оқуға машықтандырады.өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып,қайталатады. | Оқылым. Айтылым. Тыңдайды,өлеңді дұрыс оқуға машықтанады,жаңа сөздерді қайталайды. |
| 4\Сергіту сәті. Үнтаспадан әнді тыңдатады. Мұғалім оқушыларға «Қошақаным қайда екен?» әнін үйретеді. | Мұғаліммен бірге ән айтады. |
3\Ойтолғаныс | «Аквариум» тәсілі бойынша «Менің қошақаным» тақырыбында диалог құрғызады. | Тілдесім.Екеуара бірігіп диалог құрады. |
4\Бекіту | Жазу дәптерімен жұмыс. | Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Тапсырмалар: |
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
5\Бағалау | Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойын айтып,қорытынды бағаны өзі қояды. | «Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады. |
6\Үйге тапсырма | Оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды. | |
7\Рефлексия | Мұғалім түрлі желімқағаздар тартып береді. | Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып,тақтаға іледі. |