Просмотр содержимого документа
«1 сынып "?ліппемен ?оштасу"»
«Әліппемен қоштасу»
(Сахнада «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады).
Мұғалім: Ерте , ерте , ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен. «Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді,өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің , өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенің жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
(1 оқымысты):Мереке апай -Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
(2 оқымысты):Мағзипа апай -Оның дұрыс екен, әріптес. Біздің балалар жақында білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кешін өткізеді гой.
(1 оқымысты): -Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін. Өте қызық болады.
(2 оқымысты): -Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінің айтып хабарлайық.
(1 оқымысты): - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы Әліппемен қоштасу кеші «Жерде» болады.
(2 оқымысты): -Уа, «Бұлт» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
(1 оқымысты): -Армысыздар , аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз!
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ!
Бүгінгі жыр әніміз!
(2 оқымысты):
Әліппені бітірді балаларың.
Әліппеден нәр алған даналарың.
Өзі оқып жазатын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
(1 оқымысты):
-Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Оқушылар хормен:
Көз салып қараңызшы бойымызға ,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасар тойымызға,
(2 оқымысты): Біз бүгін барлық ғылымның атасы Әліппені бітіріп, қоштасқалы тұрмыз. «Әліппені» зор құрметпен ортаға шақырайық.
Оқушылар хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.
Әліппе: Қарлығаш
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар ата-ана,
Болашаққа жол бастар.
Әліппең келді ортаға.
(1 оқымысты): Ал, балалар біздің құтты қонағымыз әліппеге өлеңдер сыйға тартайық.
Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отырған еді, шешесі қасына отырып, ақыл айтты: Анасы: Диляра:– Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімді жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден далаға лақтырып тастады да: Қызы: Арайлым:- Апа, осы қиқымның еш нәрсеге керегі бола қалмас? Диляра:- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді шешесі. Осылайша олар терезеден далаға қарап сөйлесіп отырғанда манағы мақтаны жел көтеріп ұшырып кетеді де, оны бір торғайдың іліп алып, тістеп ұшып кеткенін байқайды. Қыз анасынан: Арайлым:- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? – деп сұрады. Диляра:- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөзімнің келгенін. Сол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деп түсіндірді анасы.
8-оқушы: Санжар
Мектебің мынау, классың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
9-оқушы: Аселя
Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын.
«Әліппе» атты кемемен,
Кеземін білім мұхитын
10-Оқушы: Асет
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты
Білімнің тегін қазатын
11-оқушы: Аружан
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты.
«Әліппе» сырын ашатын
Рахмет ұстаз алғашқы
Оқушылар хормен «Мұғалім ол біздің» әнің орындайды.
(1 оқымысты): -Балалар, ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан кім?
Оқушылар хормен: Ыбырай Алтынсарин
(2 оқымысты): -Әліппенің атасы кім?
Оқушылар хормен: Ахмет Байтұрсынұлы
(1 оқымысты): -Біздің қазақ тілінде қанша әріп бар?
Оқушылар хормен: 42 әріп бар
(2 оқымысты): -Дыбыстар қалай бөлінеді?
Оқушылар хормен: дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.
Әліппе: Ал,балалар сендермен қоштасар сәтте келіп жетті,сендер болашақта өте ақылды, тәртіпті, еліміздің бетке ұстар азаматтары болатындарыңа сенемін. Мен енді кетейін сау болыңдар!
Әліппені шығарып салу (оқушылар хормен: Сау болыңыз! )
Мұғалім: Біздердің өнер білімдерімізді көріп , «Әліппе» Риза болып кетті. Енді біз бұдан былай басқа оқулық оқитын боламыз. (Есік қағылады, Ана тілі кіреді).
Ана тілі: Айгерім апай
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Сәлеметсіңдер ме?! Балалар. Сендер «Әліппе» пәнің жақсы оқыпсыңдар, «Ана тілі» пәнің жақсы оқисыңдар ма? –иә
Мұғалім: Өздеріміз білетін өлең, тақпақтарымызды айтып берейік.
15-оқушы: Арайлым
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
16-оқушы: Қ.Рахат
Ұлтын сүйген баламын
Ұлтым тілі анамның
Қазақ тілі ортақ тіл
Тілімнен ой аламын
Ана тілінің оқушыларға әкелген тапсырмалары.
Жұмбақтар:
Мүлгіп тұрған бақ тыныш
Ораныпты ақ күміс (Орман)
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)
Аяғы түйеге ұқсайды
Құс болса да ұшпайды (Пингвин)
Тықылдатып таңдайын
Тәулік бойы қағады. (Сағат)
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ. (Қарға)
Қолыңмен тиме
Үсті толған ине (Кірпі)
Күндіз бәрі қашады
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (Жарқанат)
Іші жұмсақ, сары қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)
Оқушылар: «Қара жорға» биін орындайды.
Мұғалім: Рахмет «Ана тілі». Біз ана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз. Енді сіз бізбен бірге болыңыздар.
Осы оқушылардың арасында Қазақстанымыздың келешегі, болашағы мемлекетіміздің келешек президенті, депутаттары, халық қалаулыларыда бар. Олар қандай мамандықтың иесі болмасын келешекте егеменді еліміздің- Қазақстан Республикасының нағыз азаматы болатындарына үлкен сенім артамыз!!!