kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логикалы? тапсырмалар.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Нурма?анбетова Фарида ?айыр?ожевна Директорды? бастауыш класс ісі ж?ніндегі орынбасары,бастауыш класс м??алімі Логикалы? тапсырмалар. ?сынылып отыр?ан Логикалы? тапсырма 4-сыныпта?ы ?аза? тіліні? ба?дарламалы? мазм?нын тере?детіп ме?гертуді к?здейді.Білімні? беріктігін ?амтамасыз ету ?шін,баланы? шы?армашылы? ?абілетін дамыта т?су ?шін,о?ушыны? дарындылы?ын тану ?шін ?аза? тілі п?нінен логикалы? тапсырмалар?а баса назар аударылды. Берілген тапсырмаларды орындауда о?ушылар ?з беттерімен ізденеді,о?ушыны? ой ?рісін ке?ейтіп есте са?тауын дамытады,бай?а?ышты?ын ?алыптастырады,эвристикалы? ?абілеті шы?далады.О?ушыны? ?зіндік пікір айтып оны ?ор?ай білуіне м?мкіндік жасалады. Теориялы? білімдерін ке?ейтіп,оны практикада ?олданылуына ы?пал етеді.Логиканы? дамуы ?здігінен ізденіп ж?мыс жасауына м?мкіндік береді.Логикалы? тапсырмалар о?ушыны? интеллектуалды? де?гейін к?тереді. Логикалы? тапсырмалар о?ушыны? жас ерекшелігін ескере отырып ??растырылды. Тапсырма Берілген с?здерді алфавит ретімен жаз. А) Семей,Астана,?ара?анды,?скемен. ?) ?сем,Сырым,Райг?л, айбек Б) ?алам,д?птер, ?шіргіш, сыз?ыш А) __________________________________________ ?) __________________________________________ Б__________________________________________ Дыбысы жо? болса да, Алфавитте орны бар. О?ылмайтын жазса да, ?ай белгі ол табы?дар. Шешуі _______ ____ У-дыбысыны? жазылуы У-?рпі кейде дауысты,кейде дауыссыз дыбысты білдіреді. Уыс–дауыссыз, ?йткені дауыстыны? алдында т?р. Су?а -дауысты дыбыс,екі дауыссызды? ортасында т?р. Тауы?-екі дауыстыны? ортасында келсе, дауыссыз дыбыс. У дыбысына біткен ?имылды білдіретін с?здерге у дыбыс ?осыл?анда екі у жазылады. Мысалы:Жуу,?уу,буу Тапсырма Берілген с?здердегі у ?андай дыбыс екенін айт. У?зір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, з?улім, о?у, ?урай, ?ауын, кесу, уы?, сатушы, уыс. Дауысты : __________________________________ Дауыссыз : __________________________________ Тапсырма ?ле? жолдарынан ?ата? дауыссыз дыбыстарды тап.Оларды? неліктен ?ата? дыбыс екенін д?лелде. Тапсырма Берілген екі сурет бойынша екі б?лек ??гіме ??ра.??ра?ан ??гімелері?де ?андай ??састы? ж?не ?андай айырмашылы? болды,ол неге байланысты? Тапсырма Д?мді ш?пті та?да?ан, Д?мді ш?пті тол?а?ан. Да?дысынша Дуада?, Даланы еркін шарлда?ан. Шырмал?ан шырмауы?, Ш?пірлеп шы?ыпты. Шілдеде су ішпей бір ауы?, Шытынап б?та?ы сыныпты ?кпелеп ?уып, К?шкен ауылды. ?кпем ?шті, ?кшем ауырды. Жа?ылтпаштарды тез ?айтала ж?не жаттап ал.?ай дыбысты? к?п ?айталан?анына назар аудар. *?зі? де дауыссыз дыбыстар?а жа?ылтпаш ??ра. * М?тін бере отырып ?ателерін тап?ызу,жазылуы к?рделі с?здермен ж?мыс жасату,іздендіру. Орфографиялы? с?здікпен ж?мыс жасау. * С?зж?мба? ??рату,шештіру. * Т?бірлес с?здерден картотека тергізіп жасату Анаграмма «К» ?рпіне 1. Кісіні? аты 2. ?я салмайтын ??с 3. Жан?ыш пайдалы ?азба 4. Та?ам т?рі 5. . білім б?ла?ы 6. Жер ?азатын ??рал 7. ?ыста ?йы?тайтын жануар 8. Спорт т?рі 9. Ж?рдем жасау 10. Машина, автобус, трамвайды? жалпы атауы Тапсырма К?п н?ктені? орнына тиісті ?ріптерді ?ой. …ор, …иклон, …ертеж, т?…ы,Гау.ар, … адиша,жи…аз, …оккей, ?а….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка,кон.ерт,стан.ия,.ифр,.абар. Тапсырма ?,? дыбыстарына мысал келтір. Мысалы:?ядан,?йге,?мытша?,?йірсек. * Мына с?здерді? жазылуын есі?де са?та! Т?рбиелейді,да?дысынша,баулиды, к?гілдірі,баулуда?ы. Тапсырма Ж?мба?ты о?ып, шешуін тап. ?орада емес сарайда, Аспанда емес то?айда. Отында жо? кйеде, Жыл?ыда жо?,т?йеде. ?ырда емес,сайда бар, ??нанда жо?,тайда бар. Б?л ж?мба?ты шешетін Тап?ыр бала ?айда бар? ?ай ?ріп?.. Тапсырма 1.Берілген ?ле? жолдарынан ілік септігіні? жал?ауын тап. К?зімні? ?арасы, К??ілімні? сарасы. Бітпейді іштегі ?ашы?ты? жарасы. 2. К?п н?ктені? орнына н,? ?ріптерін ?ойып,к?шіріп жаз. Адамны.,ананы.,?оша?аны.,ала?анны.,ауылды.,сананы.,жаманны.,т?нні.,?олымны., сезімі.,атаны.,баламны.,о?ушымсы.,перзентімні.,балапаны.,арманымны. С?йлем С?йлем бірнеше с?здерден ??ралады.С?йлем ая?тал?ан ойды білдіреді.Айтылу сазына ?арай ?ш т?рі болады.С?йлемнен со? не н?кте (.),не с?рау белгісі (?),не леп белгісі (!) ?ойылады. Тапсырма Ж?мба?тар Сидам ая?,?зын мойын: Та? ?аласы? к?рсе? бойын. Тілі-?зын,жемі-тікен, Мейірбан жуас айуан екен. (Керік) М?йізі бар т?мсы?та, ?те ?атал мінезі. Ая?тары ?ып-?ыс?а, Сом денелі а? ?зі. (М?йізт?мсы?) Алша?-алша? басады, ??йры?ында шаша?ы, А? біткен одан ?ашады. (Арыстан) Ж?мба?тарды? шешуі не туралы?Олар туралы баяндап бере аласы?ба? Тапсырма «Бал?ара?ай,омарташы,?ана?ат,?сынылатын» с?здеріндегі ?ріптерді пайдаланып,с?здер ??рау ?лгі: «Бал?ара?ай» с?зіндегі ?ріптерді пайдаланып,с?здер ??рау (Бал,?ара?ай,?ара,бала,а?ай,ара,ай,?ар,бал?а,Арай,?ар?а,ла?,арал.) Тапсырма Т?уелсіздік жастар рухы ап келген, ?аза?ыма ба?ыт берген,ба? берген. Т?уелсіздік мерекеміз б?гінгі, М??гілікке орын алшы на? т?рден. ?ле?дегі ой?а назар аударып,?ара с?збен баяндап бері?дер.?андай дыбыстар ?ндесіп т?р,неліктен деп ойлайсы?? Тапсырма «?й?асын тап» 1. ?зінше ноян, ?ор?а? кім. (?оян) 2. Алмастан тыным, Шабады. (??лын) 3. Бата алмас т?лкі, ?сті тікен. (кірпі) 4. Айбат шегер алыстан, А? патшасы. (арыстан) *?здері? де осы ?лгіде ойын ??растырып келі?дер. Дидактикалы? ойын Ма?саты:Зат есім туралы т?сініктерін ке?ейте отырып,балаларды? сенсорлы? ?абілетін (сипап сезу,иіс сезу,д?м сезу) дамыту. Ойын шарты: О?ушыны? к?зі байланады.?орапшаны? ішінен т?йме,бор,бет орамал,алма, ермексаз,са?ина т.б заттарды о?ушылар кезек-кезек к?зі байланып т?р?ан о?ушы?а ?статады. О?ушы баланы да,затты да д?рыс таба білу керек. Ж?мба? шешу Белі ?ылдай, ке? ??рса?, Ж?мыскер ж?ндік соны тап. (??мырс?а) Ызы?дауын ?оймайды, ?ан?а ?мірі тоймайды. (Маса) Ас к?рсе-а? болды жалайды, Ауру содан тарайды. (Шыбын) Ж?мба?ты? шешуінен нені а??арды?, олар туралы не айта аласы?? Тапсырма Т?ра?ты тіркестерді? ма?ынасын балама с?здермен ашы?дар. ?лгі:Аузына ??м ??йылды-аузын ашпау. 1. Ж?лдызы ?арсы - 2. К?з ?ырын салу – 3. ??рдай жор?алау – 4. Д?ние есігін ашу – 5. Жаны м?рныны? ?шына келу – 6. Ат тонын ала ?ашты – 7. Тас бауыр – Тапсырма ?айсысы зат есім,?айсысы етістік? Жа?ын ?алды к?мбе, Б?л жерге оны к?мбе! Тапсырма С?йкестендіру тесті 1. ?андай? 1. таза 2. ?ай? 2. а?ылды 3. Негізгі сын есім: 3. ?ара 4. Туынды сын есім: 4. ойлы Сан есім. Затты? санын,ретін білдіретін с?здерді сан есім дейміз. ?анша? Неше? алты,жеті,он бір. Нешінші? бірінші,оныншы Нешеу ? екеу,жетеу. Дара сан есім:он,алты. К?рделі сан есім: он бес,жиырма сегіз Есептік: бір, екі, ?ш Реттік: бесінші, алтыншы. Тапсырма ?ле?ді о?ып, сан есімдерді? астын сыз. Он сауса? Жал?ыз сауса? тіпте де, ?стай алмас жіпті де. Екі сауса? бірікті, Ине ?ол?а ілікті. ?ш сауса?ым орамды, Ж?гіртеді ?аламды. ?нерлі екен он сауса?, ?ала салса?, жол салса?. 2. ?ле?ді ?ара с?зге айналдыр. Тапсырма Лексикалы? ойын. К?п н?ктені? орнына сан есімді ?ойса? ма?ал толы? шы?ады. Білімді... жы?ады, білекті... жы?ады. ..ауыз с?зді? тобы?тай т?йіні. Етістік Заттарды? ?имылын,іс-?рекетін білдіретін с?здерді етістік дейміз. Не істеді? Келді. ?айтті? Кісінеді. Не?ылды? ?шты Негізгі етістік:біл. Туынды етістік: шеге+ле,сап+а Дара:о?ы,кел. К?рделі етісітік: о?ып отыр,келе жатыр. Болымды етістік: айт,бар,ж?р Болымсыз етістік: айтпа,барма,ж?рме. Тапсырма Орны ауыс?ан с?здерден с?йлем ??рап жаз. 1.Айжан,бара жатты,М?рия,мен,ферма?а.2.Оларды?,?ша ж?нелді,бір,?йрек,алдынан.3.?ш?ан, жерге,олар,?йрек,келді.4.?яда, жатыр, жері, ж?мырт?а.5.Олар,алмады, ж?мырт?аны. Етістіктерді тап. Оларды? т?бірін, ?осымшасын тауып, ма?ыналы? т?ріне ажырат. Со??ы с?йлемдегі с?здерді? байланысын сызба ар?ылы к?рсет. Тапсырма Ма?алдарды т?сініп о?ып,болымсыз етістіктерді тап. ?сер жасты? алдын кеспе, Тапсырма Заттарды? ?андай ?рекеті бар? ?лгі. Ары? суы- сылдырап,к?лімдеп,ж?гіріп,ойнап,ат?ылап,шуылдап,ойна?тап,жарыса а?ады. Комбайн- орады,жинайды,шабады. М??алім- айтады,т?сіндіреді,о?иды,с?райды,?йретеді. Бозтор?ай-шо?иды,теріп жейді,сайрайды, ?шады. Жел- Бала- Тапсырма Жо?алса да аты?, Жо?алмасын аты?. Шашты олай ?рме, То?ыз ?рме ?амшыны, Б?тен кісіге берме. Ж. К?рім?ызы. Тапсырма К?п н?ктені? орнына тиісті с?зді жазы?дар. 1.Мирас ….2.Анасы ж?мыс?а …3.Балалар… ж?р екен. 4.Назира … келді. Керекті с?здер: келді, кетті, ойнап, мектептен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логикалы? тапсырмалар. »

Нурмағанбетова Фарида Қайырқожевна

Директордың бастауыш класс ісі жөніндегі орынбасары,бастауыш класс мұғалімі

Логикалық тапсырмалар.

Ұсынылып отырған Логикалық тапсырма 4-сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді.Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін,баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін,оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді,оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады,байқағыштығын қалыптастырады,эвристикалық қабілеті шыңдалады.Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп,оны практикада қолданылуына ықпал етеді.Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

Логикалық тапсырмалар оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Тапсырма

Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей,Астана,Қарағанды,Өскемен.

Ә) Әсем,Сырым,Райгүл, айбек

Б) Қалам,дәптер, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________


Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.

Шешуі _______ ____

Тапсырма

Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.


«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.


Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................


У-дыбысының жазылуы

У-әрпі кейде дауысты,кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.

Уыс–дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.

Суға -дауысты дыбыс,екі дауыссыздың ортасында тұр.

Тауық-екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.

У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы:Жуу,қуу,буу

Тапсырма

Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.


Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

Тапсырма

Кестені толтыр.

Дауысты у Дауыссыз у

Тулақ Уәзір

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

Я, ю, ё әріптерінің жазылуы


я=й+а

ю=й+у

ё=й+о


я,ю,ё -әріптердің дауысты дыбыстар.Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

Тапсырма

Сөз жұмбақты шеш.




я

Кісінің аты


я


Кісінің аты



я


Шөп




Шөп




я


Жәндік аты



я


Адамның дене мүшесі


Ф, В - дыбысының жазылуы.


В - ұяң дауыссыз дыбыс

Ф- қатаң дауыссыз дыбыс.

Бұл дыбыстар сөздің барлық буынында келеді.

Ч,щ,ц,х,һ –қатаң дауыссыз дыбыстар.


Қызықтырып бізді,

Ағам чертеж сызды.

Біздің туған шаһарда,

Тұрады көп қаһарман.

Циклон- ол дауыл,

Көрді соны ауыл.

Зообақта көп хайуане,

Келген бәрі қайдан?!

Ащы тамақ ауыр,

Тұщы тамақ тәуір.

Қ. Мырза Әли

Тапсырма

Өлең жолдарынан қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.Олардың неліктен қатаң дыбыс екенін дәлелде.


Тапсырма

Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра.Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды,ол неге байланысты?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тапсырма

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлдаған.

Шырмалған шырмауық,

Шүпірлеп шығыпты.

Шілдеде су ішпей бір ауық,

Шытынап бұтағы сыныпты

Өкпелеп қуып,

Көшкен ауылды.

Өкпем өшті,

Өкшем ауырды.

Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал.Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар.

*Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра.

* Мәтін бере отырып қателерін тапқызу,жазылуы күрделі сөздермен жұмыс жасату,іздендіру. Орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау.

* Сөзжұмбақ құрату,шештіру.

* Түбірлес сөздерден картотека тергізіп жасату

Анаграмма «К» әрпіне

К





К





К





К





К





К





К





К





К





К





  1. Кісінің аты

  2. Ұя салмайтын құс

  3. Жанғыш пайдалы қазба

  4. Тағам түрі

  5. ... білім бұлағы

  6. Жер қазатын құрал

  7. Қыста ұйықтайтын жануар

  8. Спорт түрі

  9. Жәрдем жасау

  10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы,Гау...ар, … адиша,жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка,кон...ерт,стан....ия, ....ифр, ...абар.

Тапсырма

ұ,ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы:Ұядан,үйге,ұмытшақ,үйірсек.

* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді,дағдысынша,баулиды, көгілдірі,баулудағы.

Тапсырма

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Қорада емес сарайда,

Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ кйеде,

Жылқыда жоқ,түйеде.

Қырда емес,сайда бар,

Құнанда жоқ,тайда бар.

Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?

Қай әріп? ........

Тапсырма

1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің сарасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

2. Көп нүктенің орнына н,ң әріптерін қойып,көшіріп жаз.

Адамны...,ананы...,қошақаны...,алақанны...,ауылды...,сананы...,жаманны...,түнні...,қолымны..., сезімі...,атаны...,баламны...,оқушымсы...,перзентімні...,балапаны...,арманымны....

Тапсырма

Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?

Ж П Н Д Б Р Н Р -

А а а і ә

С Б Р У З Ж Б Қ ,

Е а а ы а ы

Ш Л Р М З Г Л Н Д

А ы а е і і е

Б У Р Н Ж З П ,

А ы а ы

Ш Н Д Т Л П Ж Т -

І і е о ы о ,

К Н Қ З Н С Б Р ,

А а ы а ы а

Қ Р К Қ П П И Д -

О е ы а а

Л Н Р Т М М Х Л Қ ,

А а а а а ы

Сөйлем

Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Айтылу сазына қарай үш түрі болады.Сөйлемнен соң не нүкте (.),не сұрау белгісі (?),не леп белгісі (!) қойылады.

Тапсырма

Берілген сызба бойынша сөйлем құра.

________ __________ __________ .

__________ __________ __________ ?

__________ __________ __________!


Тапсырма

Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

1.Біз баққа бардық. 2.Сәуле үшінші сыныпта оқиды.3.М.Әуезов 1897 жылы туған.4.Абай–ұлы ақын. 5.Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма

Жұмбақтар

Сидам аяқ,ұзын мойын:

Таң қаласың көрсең бойын.

Тілі-ұзын,жемі-тікен,

Мейірбан жуас айуан екен. (Керік)

Мүйізі бар тұмсықта,

Өте қатал мінезі.

Аяқтары қып-қысқа,

Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық)

Алшаң-алшаң басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады. (Арыстан)

Жұмбақтардың шешуі не туралы?Олар туралы баяндап бере аласыңба?

Тапсырма

«Балқарағай,омарташы,қанағат,ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып,сөздер құрау

Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып,сөздер құрау

(Бал,қарағай,қара,бала,ағай,ара,ай,қар,балға,Арай,қарға,лақ,арал...)

Тапсырма

Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,

Қазағыма бақыт берген,бақ берген.

Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі,

Мәңгілікке орын алшы нақ төрден.

өлеңдегі ойға назар аударып,қара сөзбен баяндап беріңдер.Қандай дыбыстар үндесіп тұр,неліктен деп ойлайсың?

Тапсырма

«Ұйқасын тап»

  1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім... (қоян)

  1. Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

  1. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

  1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.

Дидактикалық ойын

Мақсаты:Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып,балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу,иіс сезу,дәм сезу) дамыту.

Ойын шарты: Оқушының көзі байланады.Қорапшаның ішінен түйме,бор,бет орамал,алма, ермексаз,сақина т.б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да,затты да дұрыс таба білу керек.

Жұмбақ шешу

Белі қылдай, кең құрсақ,

Жұмыскер жәндік соны тап. (Құмырсқа)

Ызыңдауын қоймайды,

Қанға өмірі тоймайды. (Маса)

Ас көрсе-ақ болды жалайды,

Ауру содан тарайды. (Шыбын)

Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың?

Жұрнақтар ойыны.

Қай жұрнақ жүр жайлауда?

Көп шалғынды қойнауда.

(сиыршы, қойшы,жылқышы,сауыншы)

Қай жұрнақ жүр құрылыста?

Қызып алған жұмыста.

(тас қалаушы,сылақшы,сүргілеуі)

Бір жұрнақ бар затқа қосылса,

Оның сапасына,сынына айналады.

(ат-ты,көрік-ті,еп-ті,қоным-ды...)

Шарада.

Бұрыл десем тезірек,

Түбірін тауып алдағы.

Ыс-ты жалға басына,

Пішініңді сал дағы,

Жаңа ұғымды табасың,

Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)


Бір ақынның атында

Үш буын мен екі сөз.

Үш дауысты тірегі,

Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)


Етістікке ал деген,

Қоссам өлім жазасын.

Ертегіден,аңыздан,

Оны тауып аласың. (Ал-дар)

Сәйкестендіру тесті

1. Кім? 1.Сәкен,Ертіс,Байшұбар

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы,ана

4. Нелер? 4. әндер,құстар

5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар,аналар

6.Жалпы есім түрі: 6. Қобыз,ән,құс

Тапсырма

Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашыңдар.

Үлгі:

Аузына құм құйылды-аузын ашпау.


  1. Жұлдызы қарсы -

  2. Көз қырын салу –

  3. Құрдай жорғалау –

  4. Дүние есігін ашу –

  5. Жаны мұрнының ұшына келу –

  6. Ат тонын ала қашты –

  7. Тас бауыр –

Тапсырма

Суретке қарап,әңгіме құрап,сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз.



_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма

Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып,мағынасын аш.

Мәз болады болысың

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.

Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.

Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Өлеңнен таңдап алынған сөз

Түсініктеме

Болыс

Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...







Тапсырма

«С»-дан басталатын сегіз сөз.

Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:

1.Сұйық зат

2.Зат немесе құбылыс атауы

3.Дақыл атауы

4.Жеміс аты

5.Қарудың аты

6.Жоғары оқу орнының оқушысы

7.Өсімдік атауы

8.Студентке төленетін айлық

С


С



С




С





С






С







С








С










Тапсырма

Қайсысы зат есім,қайсысы етістік?

Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!

Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

1. Қандай? 1. таза

2. Қай? 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. қара

4. Туынды сын есім: 4. ойлы

Тапсырма

Тақырыпқа сай,тілдік қорын молайтуға,сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы:Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты,сонымен байланысқа түсетін сөздер.

Кәрі емен,селдір селеу,бұйра тал,шашақты қарағай,желекті сасыр,сұлу қайың,қайыспас емен, топтанған тобылғы,боз қараған,бұйра көкпек,иісті жусан,шашылған ши,мөлдіреген долана.


І топ Бала ..........................................................................................

ІІ топ Құс ..........................................................................................

Сан есім.

Заттың санын,ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Қанша? Неше? алты,жеті,он бір.

Нешінші? бірінші,оныншы

Нешеу ? екеу,жетеу.

Дара сан есім:он,алты.

Күрделі сан есім: он бес,жиырма сегіз

Есептік: бір, екі, үш

Реттік: бесінші, алтыншы.

Тапсырма

Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.

Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш

Тапсырма

Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________

Тапсырма

Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.


Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.

Етістік

Заттардың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Не істеді? Келді.

Қайтті? Кісінеді.

Неғылды? Ұшты

Негізгі етістік:біл.

Туынды етістік: шеге+ле,сап+а

Дара:оқы,кел.

Күрделі етісітік: оқып отыр,келе жатыр.

Болымды етістік: айт,бар,жүр

Болымсыз етістік: айтпа,барма,жүрме.

Тапсырма

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Айжан,бара жатты,Мәрия,мен,фермаға.2.Олардың,ұша жөнелді,бір,үйрек,алдынан.3.Ұшқан, жерге,олар,үйрек,келді.4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.5.Олар,алмады, жұмыртқаны.

Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.

Тапсырма

Өлеңнен адамның қимыл–қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.

Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап...

Жай жүргенде бір күні,

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз

Түсініктеме

Орнықпайды суылдап.


Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.








Тапсырма

Он дара етістік жазыңдар.Біріншісі-бір,екіншісі-екі,үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.


Ек
























































Тапсырма

Мақалдарды түсініп оқып,болымсыз етістіктерді тап.


Өсер жастың алдын кеспе,

Өсер ағаштың басын кеспе.

Тапсырма

Сәйкестендіру тесті


1. Не істеді? 1. сапа

2. Қайтті? 2. оқып отыр

3. Неғылды? 3. айт,бар

4. Негізгі етістік 4. барма, жүрме.

5. Туынды етістік 5. оқы, кел.

6. Дара 6. оқыды

7. Күрделі етісітік 7. кісінеді.

8. Болымды етістік 8. ұшты

9. Болымсыз етістік 9. қаз

Тапсырма

Заттардың қандай әрекеті бар?

Үлгі.

Арық суы- сылдырап,күлімдеп,жүгіріп,ойнап,атқылап,шуылдап,ойнақтап,жарыса ағады.

Комбайн- орады,жинайды,шабады.

Мұғалім- айтады,түсіндіреді,оқиды,сүрайды,үйретеді.

Бозторғай-шоқиды,теріп жейді,сайрайды, ұшады.

Жел-

Бала-

Тапсырма

Антонимін тауып жаз.



К

Е

Ң







А

Р

А

З







Ж

А

Қ

С

Ы







Ж

А

Й

П

А

Қ







Е

Л

Г

Е

З

Е

К









Тапсырма

Жоғалса да атың,

Жоғалмасын атың.

Шашты олай өрме,

Тоғыз өрме қамшыны,

Бөтен кісіге берме.

Ж. Кәрімқызы.

Тапсырма

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.

Жылы ____________ Биік___________________

Ақ ________________ Үлкен__________________

Жуан _____________ Ойық__________________

Тапсырма

Логогриф

1.Табиғаттың атауына қоссаң,

Егер бақаны

Ыстық жерде

Жәндік болып жатады. (тас-бақа)

Жоғарыда тұрағы,

Бәрін ойлап тұрады.

Қоссам егер бір буын

Кітап, журнал шығады. (бас-па)

Тапсырма

Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.

Оқушы келді.Жаңбыр жауды.Жел тұрды.Күн суытты.

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.

1.Мирас … .2.Анасы жұмысқа …3.Балалар… жүр екен. 4.Назира … келді.

Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.


Метаграмма


1.Ұ-дан бастасаң,темір түйген шебермін,

З-ны қоссаң,білім саған беремін. (...)

2. Әсем жермен,ұлы дүбір думанмын,

Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын. (...)

3. Бұйырсаңыз,етістік боп кетеді,

С-ны қоссаң,айқасатын алаңда ол өтеді. (...)


Я, Ё, Ю дыбысы.


  1. Жаңылтпашты оқы.

Ою ою ойым бар-ды,

Ойналмастан ойын қалды.

Орындалмай ойымдағы,

Ойылмады ою-дағы.

Орашолақ,

Олақпын ба,

Оя алмадым оюларды.


  1. Жұмбақ шешейік.

Торпақта жоқ,

Қоянда бар,

Шортанда жоқ,

Шаянда бар.

(........................)

Тапсырма

Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құра.

____________________________________________

____________________________________________

3. Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.

Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі.

Тапсырма

Мақал- мәтелдің соңын тап.

1. Әрбір ғалым–хаким емес,әрбір хаким -……………................................

2.Досы жоқпен сырлас,досы көппен……………………................................

3. Шәкіртсіз ғалым-………………………………………...............................

4. Сақалын сатқан кәріден,еңбегін сатқан бала…………............................

Тапсырма

Кері мақалды,нақыл сөзді кім түзейді?

1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес,

Адамның баласы бауырың емес.

2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.

3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.

Қайғысызға жақ бол,қайғылыға сақ бол.

5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.

Ойлан тап.

Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.








Тапсырма

Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып,төмендегі тор көзге лайықты сөз жаз.


к

ө

м

е

К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

К




К

к




к


Тапсырма

«ҒА» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.


ТА

ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


ҒА


Тапсырма

«ҒАҚ» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.


ЖАҢ

ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


ҒАҚ


Тапсырма

Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып,төмендегі баспалдақты толтыр.Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.


ЕК

АЙ

НА



























Тапсырма

Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер.

Үлгі:

Оймақ мыстан не теріден жасалады.Тігіншілер саусағына ине батпауы үшін,кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады.

  1. Оймақ

  2. Саптама

  3. Кебеже

  4. Тошала

  5. Құймақ

  6. Қазы

  7. Күлпара

  8. Қылыш

  9. Қорамса

Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы


Мағынасын ашатын сөз

Түсініктеме

Оймақ


Мыстан не теріден жасалады. Тігіншілер саусағына ине батпауы және кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Логикалы? тапсырмалар.

Автор: Нурма?анбетова Фарида ?айыр?ожевна

Дата: 03.05.2015

Номер свидетельства: 207731

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(181) "Дарынды балалар?а арнал?ан 2-сынып о?ушыларына   берілетін математика п?нінен логикалы? тапсырмалар "
    ["seo_title"] => string(106) "daryndy-balalarg-a-arnalg-an-2-synyp-ok-ushylaryna-bierilietin-matiematika-p-ninien-loghikalyk-tapsyrmalar"
    ["file_id"] => string(6) "216850"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1433164045"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Логикалық тапсырмалар"
    ["seo_title"] => string(22) "loghikalyk_tapsyrmalar"
    ["file_id"] => string(6) "351643"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477243672"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Логикалық тапсырмалар"
    ["seo_title"] => string(21) "logikalyk_tapsyrmalar"
    ["file_id"] => string(6) "490705"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1544757099"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "баяндама "Бастауыш сынып о?ушыларына логикалы? есептерді? пайдасы.""
    ["seo_title"] => string(72) "baiandama-bastauysh-synyp-ok-ushylaryna-loghikalyk-iesieptierdin-paidasy"
    ["file_id"] => string(6) "249250"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1446870882"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "Баяндаманы? та?ырыбы: Баланы? логикалы? ойлауын ойын ар?ылы дамыту"
    ["seo_title"] => string(69) "baiandamanyn-tak-yryby-balanyn-loghikalyk-oilauyn-oiyn-ark-yly-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "248010"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446651047"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства